Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының V конгресі аясында «Жұлдыз» журналының 90 жылдық мерейтойы аталып өтті



жүктеу 20.05 Kb.
Дата05.05.2018
өлшемі20.05 Kb.

Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының V конгресі аясында «Жұлдыз» журналының 90 жылдық мерейтойы аталып өтті.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Еуразия Жазушылар одағы мен «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен,


22-23 қараша күндері Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «ТҮРКІ ӘЛЕМІ ӘДЕБИ ЖУРНАЛДАРЫ РЕДАКТОРЛАРЫНЫҢ V КОНГРЕСІ» өтті. 15 елден 40-қа жуық редакторлар мен жазушылар, ірі мәдениет қайраткерлері шақырылған халықаралық шараға Түрік ынтымақтастық және даму агенттігі (ТИКА) мен Юнус Емре түрік мәдениет орталығы демеушілік жасады.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен соңғы бес жылда дәстүрлі шараға айналған Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының конгресі бұған дейін Түркия, Татарстан, Солтүстік Кипр және Әзірбайжанда өткізілген. Конгрестің мақсаты түркі халықтарының әдеби байланыстарын дамыту арқылы ұлттық тілдегі қазіргі заманғы ақпарат алмасуын жетілдіру, әдебиет саласындағы үздік туындыларды, озық қаламгерлерді анықтау. Шара бағдарламасы бойынша биылғы жылы да әдеттегідей «Түркі әлеміндегі жыл әдебиетшісі» сыйлығын тапсыру рәсімі өткізіліп 2012 жылдың үздік әдебиетшісі атағына Қазақтың көрнекті жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Өркениет» журналының бас редакторы Төлен ӘБДІК иеленді.



2012 жылғы «Астана - түркі мәдениетінің астанасы» мәдени жобасының аясында өткізілген, түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының Ү конгресінде түркі тілдес халықтардың бүгінгі әдеби өміріндегі әдеби журналдардың қызметі сарапқа салынып, «Түркі әлемінің әдеби байланыстары: өткені, бүгіні, келешегі», «Әдебиет және әдеби журналдар», «Әдеби аударма және басылым», «Әдеби басылым және ұлттық тіл» атты мәжілістерде Түркия, Иран, Ирак, Қырым(Украина), Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Татарстан (РФ), Башқұртстан (РФ), Кабардин-Балқар (РФ), Саха-Якутия (РФ), Косова, Солтүстік Кипрдан және Қазақстанның бірнеше қаласынан келген белгілі әдебиетшілер баяндама жасады. Сондай-ақ, жиында «Түркі халықтары әдеби журналдары арасындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері: «Мүмкіндіктер мен қиындықтар» атты дөңгелек үстелдер өткізіліп, көптеген мәселелер қарастырылды.

Конгресс аясында түркі халықтары арасындағы ең тарихы бай, көне журналдардың бірі «Жұлдыз» журналының 90 жылдық мерейтойына құттықтау шарасы өткізіліп, өз құттықтауларын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай, жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртаза,  ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі Академиясының президенті Шәкір Ыбыраев, Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуб Омероглы, Әзірбайжан Жазушылар Одағының төрағасы Анар Рзаев, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин және де «Жұлдыз» журналының бұрынғы бас редакторлары өз лебіздерін білдірді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет