Түркістан аймағының негізгі экологиялық проблемалары



жүктеу 115.02 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі115.02 Kb.

ЖОК 628.511.614.838
ТҮРКІСТАН АЙМАҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Техн.ғыл.докт. О.С.Балабеков

Техн.ғыл.канд. Ә.Т.Мейірбеков

С.Қ.Қоштаева

Р.О.Мейірбекова



Бұл мақалада Түркістан аймағының негізгі экологиялық проблемалары қарастырылған. Атап айтқанда Кентау қаласындағы 155 млн. тоннадан астам кен байыту, 500 тоннаға жуық жылу электр станциясы қалдықтары, тұрмыстық және ауыз су проблемалары.

Ізденіс жұмыстары негізінде жоғарыдағы проблемаларды шешу жолдары берілген.

Оңтүстік Қазақстан облысы биоәртүрлілікті сақтау және үнемді пайдалану жөніндегі 1997 жылғы ұлттық есеп беру анықтамасы бойынша экологиялық қауіп-қатерлігі жөнінен Қазақстан екінші орында тұр. Себебі, Аралдағы экологиялық апат өтінде тұрған бұл облыста алдағы уақытта экологиялық қатердің алдын алмаса, онда ауыз су көздерінің құрғауы және ластануы, атмосфера ауасының ластануы, топырақтың тұздану аймағының кеңеюі, батпақтануы, жерлердің техногенді қуаңшылыққа ұшырап, өсімдік және жануарлар әлемінің экологиялық зардап шегуі әбден мүмкін. Сонымен қатар жердің қазба байлықтарын экологиялық қауіпсіздік шараларын қолданбай, шектен тыс мөлшерде пайдалану қоршаған ортаны адамзаттың өмір сүруіне қолайсыз жағдайға әкеліп соқтыратын өзгерістерге ұшыратуда /1/.

Қазіргі кезде Түркістан экоорталығына жан-жақты әсер етуші факторлар көбейіп отыр. Зерттеу нәтижесінің теориялық маңызы негізінен шағын қала тұрғындарының денсаулық проблемасын комплексті және жүйелі түрде талдап, олардың құрылымымен деңгейінің ерекшеліктерін, денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің ағымын және кейбір себептерінің медициналық демографиялық процестерге тигізетін ықпалы дәрежесінің анықталуында болып табылады. Ағзаға әсер ететін қоршаған орта қолайсыз факторының деңгейі шамадан тыс артқан жағдайда, ағзаның ұзақ уақыт эволюциялық дамуы барысында қалыптасқан физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері, антропогендік факторларға байланысты қоршаған ортадағы зиянды заттардың факторларының жылдам өзгерісіне бейімделе алмайды.

Қазіргі кездегі Түркістан аймағының негізгі экологиялық проблемаларына Кентау қаласында «Южполиметалл» АҚ қарасты кен байыту қалдықтарын сақтау мен №5 жылу электр станция (ЖЭС) қалдықтары күл қоймалары және «Южполиметалл» АҚ қарасты шахтаның суын сорып, сыртқа шығарып тастауды тоқтатқаннан кейінгі, судың жер бетіне көтерілен судағы зиянды заттардың көптігі жатады. «Южполиметалл» АҚ қарасты кен байыту қалдықтарын сақтау қоймасында 155 млн. тоннадан астам, ал күл қоймасында 500 тоннаға жуық №5 жылу электр станция (ЖЭС) қалдықтары шоғырланған. Ол қалдықтар жиі қайталанып тұратын жел әсерінен ауаны, топырақты және суды ластауда.

Кен байыту қалдықтары қоймасының химиялық құрамы 1 кестеде берілген /2/.
Кесте 1

Кен байыту қалдықтары қоймасының химиялық құрамы



SiO2

AL2O3

Fe2O3

CaO

MgO

BaSO4

Pb

Zn

Ag

Sобщ

Cu

27,6

9,0

0,65

40,6

10,4

6,3

0,27

0,41

9 г/т

4,0

0,02

Күл қоймасындағы қалдықтардың химиялық құрамы 2 кестеде берілген.


Кесте 2

Күл қоймасындағы қалдықтардың химиялық құрамы





SiO2

AL 2O3

Fe2O3

CaO

MgO

K2O+

Na2O



SO3

nnn

Негіз модулі

Силикат модулі

52,09

23,2

10,36

12,49

1,47

1,26

0,42

1,96

0,1

1,46

Осы қалдықтардың әсерінен Кентау қаласының төңірегіндегі жерлердің топырағында қорғасын мөлшері өте жоғары деңгейде (87,5-354 мг/кг) екені анықталған. Ауданның оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс ендіктеріндегі топырақтарда қорғасын мөлшерден 1,5-2 есе көп(45,1-69 мг/кг) /3/.

Бұрынғы сараптамаларға сүйенсек, судың құрамында қорғасын нормативтік 0,03 мг/литрден аспаған. Осы нәтижеге сүйенсек Түркістан аймағы тоқырау апаттық зона болып тіркелген (коэффицент 1,2). Екіншіден, судағы қорғасын мөлшері экологиялық болмысты толық сипаттауға жеткіліксіз болып саналады. Үшіншіден, қорғасынның деңгейі топырақта және өсімдіктерде судағыдан өзгеше, топырақта ол жердің қыртысының жоғарғы қабатында (20-30см) жинақталады, жер асты суларына оның толық өтіп кетуі қиын.

Қорғасынның топырақтағы мөлшерінің деңгейін анықтаған материалдың нәтижелерін талдаудан бастасақ, топырақта қорғасынның нормативтік белгіден көп екендігін байқауға болады. Қорғасын мөлшері аудан бойынша 30 елдімекеннің қойма сулары мен ауыз суларында және егін егілетін топырақтарында зерттеулер жүргізілген /3/.

Түркістан ауданы бойынша су көздері мен топырақтағы қорғасын деңгейі 3 кестеде берілген.
Кесте 3


Р/с

Сынама алынған нүктелер

Судағы деңгейі

(мг/л)


Топырақтағы деңгейі (мг/л)

1

2

3

4

1

Түркістан қаласының солтүстік-батыс бөлігінен

0,0014

19,7

2

Түркістан қаласының оңтүстік-батыс бөлігінен

0,0073

42,8

3

Крупская ауылы

0,0250

55,5

4

Амангелді ауылы

0,0160

33,6

5

Жаңа Иқан ауылы

0,0082

45,1

6

Ескі Иқан ауылы

0,0035

46,0

7

Ынтымақ ауылы

0,0006

47,2

8

Шаға ауылы

0,0084

35,8

9

Коммунизм (Яссы) ауылы

0,0110

38,2

10

Шобанақ ауылы

0,0190

25,6

11

Оранғай ауылы

0,0005

43,0

12

Құшата ауылы

0,0040

220,0

13

Бүргем ауылы

0,0037

147,4

14

Кентау қаласы

0,0074

280,0

15

Байылдыр ауылы

0,0190

87,5

16

Қантағы ауылы

0,0650

354,0

17

Атабай ауылы

0,0059

93,0

18

Коммуна ауылы

0,0030

69,0

19

Шипан ауылы

0,0180

65,3

20

Сунақ ауылы

0,0091

84,2

21

Шорнақ ауылы

0,0014

37,3

22

Сауран ауылы

0,0087

57,6

23

М. Горький ауылы

0,0270

46,2

24

Бабайқорған ауылы

0,0086

26,5

25

Абай ауылы

0,0170

25,4

26

Шанхай ауылы (Кентау қаласының төңірегі)

0,0270

258,9

27

Кәріз ауылы

0,0022

52,5

28

Құмтиын ауылы

0,0017

28,4

29

Майдамтал ауылы

0,0015

22,7

30

Қосқорған су қоймасы

0,0190

56,8

Түркістан аймағының топырағы қорғасынмен ластанған, әсіресе Кентау қаласының төңірегіндегі (Қантағы, Бүргем, Құшата) ауылдары мен Кентау қаласының өзін айтсақ болады. Осы жайтті анықтағанда бұл қаланың экологиялық жағдайын жақсы деп қосымша көмектен шығарып тастауға болмайтынына негіз бар. Кентау қаласындағы зиянды болып жатқан қалдық қорында кадьмий, цинк, сынаптың да мөлшері мөлшерден жоғары екендігі анықталған.

Қалдық қоймаларын залалсыздандыру жолдарына қарасақ оның бетін толығымен жауып тастау және оны өндіріс қажетіне пайдалану екендігі мәлім. Ал үлкен көлемді алып жатқан орасан көп қалдықтың бетін толығымен жабу мүмкін емес.Сондықтан оны қажетке жарату өзекті мәселе.

Белгілі мәліметтерге қарағанда кен-байыту, ЖЭС және сол сияқты қалдықтар құрылысқа қажетті шикізат болып табылады /4/ . Осыған орай қалдықтарды құрылыста пайдалануға байланысты бірқатар ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Бірақ, кейбір мәліметтерге сүйенсек ЖЭС қалдықтарының бір жылда пайда болатын мөлшерінің тек 5% ғана пайдалануда.

Жоғарыда берілген қалдықтарды пайдаланудың перспективті жолдарының бірі қалдықтарды өндіріс газдардын тазалауда , адсорбция және абсорбция үрдістерін (су суспензиясы ретінде) қолдана отырып пайдаланады. Сонымен қатар өндіріс газдарын тазалауда пайдаланылған қалдықтардан құрылысқа қажетті заттарды да алуға болады.

Судың ластану мәселесіне келсек, оның ластануын тоқтатудың бір жолы- шахтадағы суды қайтадан сол қуатты электр қозғалтқыштармен соруды жалғастыру және шахтадағы су деңгейін бастапқы қалыпқа келтіру. Шахтадағы суды сорып, сыртқа шығарып тастау кезінде қуатты электр қозғалтқыштарды жүргізу үшін жылына электр энергия шығыны бір миллионға жуық теңгені құрайтын көрінеді, сондай-ақ миллиондаған қаражатты ауаға тастамау үшін ертелі кеш шахта суын сорып сыртқа шығарып тастамай-ақ, қуатты электр қозғалтқыштар шығынына кететін және ауаға тасталынатын миллиондаған қаражатқа қазіргі талапқа сай қала мұқтаждығын қамтамасыз ететін су тазалау кешені салынса, қаланың тұрмыстық және ауыз су проблемасы түгелімен шешімін табары сөзсіз.


Әдебиет


  1. Ж.Е.Дарибаев, С.Қоштаева Түркістан қаласын зиянды заттардан тазартудың кейбір экологиялық мәселелері. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Хабаршы №2, 2004ж.

  2. Ж.Е.Дарибаев, Н.Г.Дарибаева, О.С.Айбабаев. Оценка возможности использования хвостов обогащения Байылдырского Хвостохронилища в пройзводстве строительных материалов, Вестник МКТУ им.Х.А.Ясави № 6, 2005,С.71-74.

  3. Баратова Е.Е. Түркістан өңіріндегі су көздері мен топырақағы қорғасын деңгейін тексерудің нәтижелері. Материалы Республиканской конференции. «Развитие здравоохранения в Туркестанском регионе» С.216-218. г. Туркестан 31.03.2006г.

  4. П.П.Пальгунов, М.В.Сумароков. Утилизация промышленных отходов, М. Строй-издат, 199 0, 352с.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті



ОСНОВНЫЕ ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ

ТУРКЕСТАНСКОГО РЕГИОНА

Докт.техн.наук О.С.Балабеков

Канд.техн.наук А.Т.Меирбеков

С.К.Коштаева

Р.О.Меирбекова

В данной статье приведены основные экологические проблемы Туркестанского региона. К ним относится 155 млн. тонн отходов АО «Ачполиметалл», около 500 тонн отходов теплоэлектростанции, проблемы бытовой и питьевой воды.

В основе исследовательской работы даны пути решения вышеназванных проблем.

Doct.tech.sci. O.S.Balabekov

Kand.tech.sci. A.T.Meirbekov

S.K.Koshtaeva



R.O.Meirbekova
This article examimines themain ecological problems in Turkestan region. Namely above 155 million ton of enrich dressing wastes; about 500 ton of heat power-station wastes, problems of life-water and drinking-water. Being based on research work the ways of solving of above mentioned problems are given in this article.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет