Түрлі сайыстар,ойындар,байқаулар; оқырман конференциясы, әдеби талқылау, дауыстап оқу; ақпаратты шолулар, ұсыныс әңгімелер т с. с өткізіледі



жүктеу 26.4 Kb.
Дата25.09.2017
өлшемі26.4 Kb.

№ 2 Балалар кітапханасы

Бүгінде кітапхана М.Горький атындағы орталық кітапхана ғимаратының 1 қабатының 2-бөлмесінде орналасқан. 78,4 шаршы метр. Жас оқырмандарға абонемент, 12 орындық оқу залы қызмет көрсетеді. Кітапхана өз ауданында орналасқан №3, 27ЖОББМ, №28 балалар бақшасы, №11,21,40, Вольдоров бағытындағы мектеп гимназиялары,саз колледжі студенттерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Кітапхананың басты ұстанымы –балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, оқуға деген ынтасын арттырып, қызығушылығын тудыру. №2 балалар кітапханасында 2 кітапханашы жұмыс істейді:




Хайруллина Ақкенже Темірлановна кітапхана меңгерушісі

Кітапхананың 2 маманы да орталық кітапхананың өткізіліп тұратын зерделі кеңестеріне, тренингтерде белсене қатысып, Орал ОКЖ-сі бойынша жаңа технологияларды игеру оқуларына «Компьютерді игеру», «КАБИС», «КазНЭБ» бағдарламасы бойынша білімдерін шыңдады.

Кітапханада жас жеткіншектермен қазіргі заман талабына сай іс-шаралар:


  • әдеби-тақырыптық,кездесу,пікір-алмасы кештері;

  • түрлі сайыстар,ойындар,байқаулар;

  • оқырман конференциясы, әдеби талқылау, дауыстап оқу;

  • ақпаратты шолулар, ұсыныс әңгімелер т.с.с өткізіледі.

Жас оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылын тудыру –кітапхана жұмысының басты бағыты. Бұл бағытта кітапханада Ж.Молдағалиев, Қ.Мырза Әли, Б.Момышұлының т.б. қазақ классиктерінің әдеби мұрасын насихаттайтын әдеби сағаттар, поэзия кештері тұрақты өткізіліп келеді: «Жайықтың ақын қызы» әдеби сағат «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» поэзия кеші, «Қазақ балалар жазушылары» әдеби саяхат, «Қазақтың балалар фольклоры» тұсаукесері, «Аңыз адам» Б.Момышұлы портрет кеші.

Балалар мен жасөпірімдердің ақыл-ой өрісінің дамуына республика көлеміндегі «Мәдени мұра», «Оқуға құштар Қазақстан», «Мемлекеттік тілді дамыту» бағдарламаларының маңызы зор. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында кітапханада «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте!» ұстанымымен айлық өткізу дәстүрге айналды:



  • «Мемлекеттік тіл-ортақ қазына» -кітап көрмесіне шолу;

  • «Туған тілім –бабам тілі-өз тілім» - ертеңгілік;

  • «Тілдер мерекесі –достық берекесі»- тақырыптық кеш;

  • «Бабалар сөзі –даналық көзі»- шешендік сабағы;

Салауаттылық өмір салтын қалыптастыру бағытында:

  • «Дені сау ұрпақ –ел болашағы» ақпарат сағаты;

  • «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»-әңгімелер топтамасы;

  • «Зиянды әдеттер»-дәрігер кеңесі;

  • «Тәні саудың-жаны сау»-тақырыптық картотека

«Кітаппен откен жаз қызық!» - жазғы оқу бағдарламасы (1маусым-1 тамыз);

«Балалар кітабының апталығы» (24-31 наурыз)

«Ашық есік күні» (1 қыркүйек);

«Кешірім айлығы» - бережақ оқырмандарға арналған акция

Абай ескерткіші жанында дәстүрлі өтетін қалалық «Абай оқуларына» кітапхана оқырмандары да ақынның өлеңдерін оқуда шараға қатысты.

«Балаларға соғыс туралы оқимыз» халықаралық акция аясында Ұлы Жеңіс күніне арналған шараға Волдоров бағытындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен өткізілді. Бұл шарада Ұлы Отан соғысы тарихымен танысып, Ұлы Жеңістің маңызын ұғындыру «Ерлік даңқы мәңгі өшпейді», Слава героям вечно жива» кітап көрмесінде соғыс туралы көркем әдебиеттер қойылды. Л.Кассильдің «Главное войско», Л.Кузьмин «Заветное дело» атты соғыс туралы әңгімелері, өлеңдер оқылды.



Халықаралық «Біз соғыс туралы оқимыз» атты акциясында облыстық Х.Есенжанов атындағы ОБЖЖК-ның мамырда акция аясының қорытынды бойынша Ресей Федерациясының Самара облыстық Мәдени Министрлігі, Самара қала облыстық балалар кітапхананың атынан белсенді қатысқан үшін дипломмен марапатталды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет