Түсіндірме жазба «Жедел-іздестіру қызметін атқаратын органдардың көлік құралдарын пайдалану Ережесін бекіту туралы»



жүктеу 21.65 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі21.65 Kb.


№ 1 дана
«Жедел-іздестіру қызметін атқаратын органдардың

көлік құралдарын пайдалану Ережесін бекіту туралы»

бірлескен бұйрық жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Жедел-іздестіру қызметін атқаратын органдардың көлік құралдарын пайдалану Ережесін бекіту туралы» бірлескен бұйрық жобасы (әрі қарай – Ереже жобасы), ҚР «Жол жүрісі туралы» Заңының 16-1 бабына және Қазақстан Республикасының «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңының 8 бабы 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкіміне сәйкес, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінде белгіленген тәртіппен бекітілуге жауапты ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгіленген.

Осы Ереже жобасы жедел-іздестіру қызметін атқаратын органдармен (әрі қарай - ЖІҚ субъектілері) келісілген және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде тіркеуге алынады.

Нормативтік құқықтық акті үш тараудан, 31 тармақтан тұрады.



Жобаның бірінші тарауында негізгі ұғымдар келтірілген, атап айтқанда, пайдалану ерекшеліктері, автопарк, моторесурс, тиістілік табелі, пайдалану нормасы, есептен шығару нормасы келтірілген.

Екінші тарауда көлік құралдарын пайдалану тәртібі, оны қалыптастыру, автокөліктердің шығуы, пайдалану және тұраққа қою тәртіптері ашып көрсетіледі. Сонымен қатар, ЖІҚ субъектісінің автокөліктеріне қосымша мемлекеттік тіркеу белгілерін, дыбыстық-дауысзорайтқыш құрылғысын және жүргізушімен «Барлық жерде жүруге рұқсат» арнайы талондарын пайдалануға рұқсат етіледі.

ЖІҚ субъектілері автокөлікті пайдалануда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ «Жол жүрісі туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережесін басшылыққа алады.



Үшінші ерекше бөлімде Ереже талаптарын орындаушыны нақтылау және анықтау жедел-іздестіру шаралары еркшеліктерін ескере, соның ішінде ЖІҚ субъектілерінің жасырын бөлімшелерінде және жасырын қызметкерлерімен пайдалану, ЖІҚ субъектісінің бірінші басшысының нормативтік құқықтық актісімен анықаталады.

Сондай-ақ 31 тармақпен ЖІҚ субъектілерінің Қарулы Күштері мен әскери құрылымдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғысының, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының, сонымен бірге ведомствалық нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алатындығы анықталған.

Жедел-іздестіру қызметін атқаратын органдардың көлік құралдарын пайдалану Ережесін қабылдау ЖІҚ субъектілерінде автокөлікті пайдалануды бір қалыпқа келтіруді теңдестіреді, сонымен қатар келеңсіз жағдайлар тудырмайды және қосымша қаржылық шығынды қажет етпейді.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

2017 жылғы тамыз




Каталог: sites -> default -> files -> user documents
user documents -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
user documents -> Регламент государственной услуги «Выдача пропуска на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства»
user documents -> Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің
user documents -> «болашақ» консалтингтік тобы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «бекітемін» «Болашақ» кт» жшс-нің директоры
user documents -> Соглашение
user documents -> Для служебного пользования
user documents -> Для служебного пользования
user documents -> Ақпарат саласындағы қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт
user documents -> Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет