Түсіндірме жазба р/с



жүктеу 60.61 Kb.
Дата28.05.2018
өлшемі60.61 Kb.


«Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдары кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 23 қарашадағы № 1235 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Р/с



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігі


2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық

ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық

және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі


  Қазіргі уақытта қолданыстағы Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарды жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) тек әуе, т/ж, су, теңіз көлік құралдарын жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ғана ҚҚС салудан босату көзделген.

Көрсетілген Тізбені өздігінен қозғалатын суасты снарядтарын (торпедаларын) және суасты және суүсті корабльдері үшін кемелік гидравлика жабдықтарын (бұйымдарын) жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметтермен толықтыру ұсынылады.



3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, соның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеліп соқтырмайды.

Республикалық бюджет комиссиясы отырысының 2016 жылғы


23 желтоқсандағы № 31 хаттамасынан үзінді-көшірме  



4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік/экономикалық және/немесе құқықтық салдар


Жоба отандық көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді ҚҚС салудан босатуға мүмкіндік береді, бұл отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытуға мүмкіндік береді.  

5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі


Жобаның мақсаты ҚҚС салудан босату жолымен осы көрсетілетін қызметтердің жалғыз жеткізушілері болып табылатын қорғаныс өнеркәсібі кешенінің отандық кәсіпорындарын дамытуға және қолдауға мүмкіндік беру, сондай-ақ 2016 жылғы
1 мамырдан бастап Кеден одағының резиденттеріне/бейрезидентеріне ҚҚС салудың әртүрлілігінің алдын алу болып табылады.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер

«Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдары кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1235 қаулысы.


7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтірудің қажеттілігі (басқа да нормативтік құқықтық актілер қабылдаудың немесе қолданыстағы актіге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не болмаса ондай қажеттіліктің болмауы

  Қажеттілігі жоқ.

8.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Қажеттілігі жоқ.

9.

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялайтын халықаралық жобаға және қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымның шешімдеріне сәйкестігі

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялайтын халықаралық жобаға және қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымның шешімдеріне қайшы келмейді.


10.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

  1. «Салалық кәсіби машина жасау одағы» қоғамдық бірлестігінің
    2017 жылғы 5 қаңтардағы № 01/17-01 сараптамалық қорытындысы;

  2. «Қазақстан машина жасаушылар» ЗТБ-ның 2017 жылғы
    12 қаңтардағы № 12-1/2017 сараптамалық қорытындысы;

  3. «Қазақстандық IT-компаниялардың қауымдастығы» ЗТБ 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 0011 сараптамалық қорытындысы;

  4. «Атамекен» ұлттық палатасының 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 91/19 қорытындысы

11. *

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің
2011 жылғы 20 мамырдағы
№ 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген " Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет

мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беру

мүмкіндігі


Рұқсат етіледі.

12.**

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің www.mdai.gov.kz. Веб-сайтында, сондай-ақ ашық құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (2017 жылғы 2 ақпан, байт саны - 204,1 КБ)



13.**

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті

мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады



Жоба тікелей немесе жанама түрде адамның және жалпы қоғамның мүдделерін қозғамайды.



14. ***

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

  Қажеттілігі жоқ.

 
Министр

оборонной и аэрокосмической

промышленности

Республики Казахстан Б. Атамкулов

«_____» __________ 2017 года



 




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет