Тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалардың алдында реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша «kegok» АҚ –ның қызметі туралы



жүктеу 108.43 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі108.43 Kb.

«KEGOK» АҚ-ның реттелетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі туралы тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың алдындағы

жыл сайынғы есебі
«Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) талаптарын орындау мақсатында бүгінгі таңда біздің Компания Сіздердің алдарыңызда 2016 жылғы реттелетін қызметтерді ұсыну жөніндегі өз қызметі туралы есеп беруде.

1. 2016 жылғы инвестициялық бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды, соның ішінде уәкілетті органның ведомствосы бекіткендерді орындауы туралы.

«KEGOK» АҚ түзетулері есепке алынған 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы ТМР және ТҚҚК мен ҚР ЭМ-нің бірлескен бұйрығымен бекітілді, оның ішінде 2016 жылға 41,284 млрд. теңге сомасында «KEGOK» АҚ меншік қаражаты есебінен күрделі қаржы салымдарын игеру жоспарланған.

Нақты 2016 жылы игеру сомасы 44,001 млрд. теңгені құрады (немесе бекітілген көрсеткіштің 106,6%).

2016 жылы игерілген қаражаттың негізгі сомасы, «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын 500кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитін салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған болатын.

«Ірі стратегиялық жобалар» бағыты бойынша 2016 жылы 41,398 млрд. теңге игерілді, соның ішінде мынадай жобалар бойынша:

500кВ Екібастұз-ШГЭС (Семей) - Өскемен ӘЖ-ні салу – 14,738 млрд. теңге. Аталған жоба шеңберінде 2016 жылы жобаның барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары ойдағыдай аяқталды. Жалпы ұзындығы 598,5км 500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) - Өскемен және жалпы ұзындығы 106 км 500 кВ «Семей» ҚС-ға кіретін 220кВ «Семей-Шүлбі-ГЭС» электр жеткізу желілері салынды. Сонымен қатар 500кВ «Семей» ҚС-да, 500 кВ «Өскемен» ҚС-да, 1150кВ «Екібастұз» ҚС мен 220кВ «Шүлбі ГЭС» ҚС-да құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

Салынған нысандар 2016 жылғы 6 желтоқсанда Елбасының қатысуымен «Индустрияландыру күні» шеңберінде жалпы ұлттық телекөпір кезінде іске қосылды.

Жоба Солтүстік-Шығыс қимасындағы желілердің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, Ресей БЭЖ желілері арқылыөтетін электр энергиясы транзитіне қарамастан Шығыс-Қазақстан облысының тапшылықтарын жабуды қамтамасыз етеді, Бұлақ ГЭС контрреттеушіні іске қосу кезінде Шүлбі ГЭС-тен толық қуат беруді қамтамасыз етеді.

Жобаны қаржыландыру «KEGOK» АҚ-ның меншік қаражаты есебінен жүзеге асырылады.



500кВ ШГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма ӘЖ-ні салу – 26,634 млрд.теңге. 2016 жылы нысанның барлық учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. жалпы ұзындығы 883км 500кВ желінің 164км салынды.

Жоба Солтүстік-Оңтүстік бағытында ҰЭТ транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, Шығыс аймақтың Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейтеді және ҚР шығыс және оңтүстік аймақтарының электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады.

Жобаны қаржыландыру «KEGOС» АҚ-ның өз қаражаты және БЖЗҚ ұсынған қаражаты есебінен, «KEGOС» АҚ облигацияларын сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту – 25,6 млн.теңге. 2016 жылы «Энергия» ҚазОЭЖҒЗЖІИ» АҚ 2016 жылғы 11 наурыздағы №25-Ш-196 шарт бойынша жобаның ТЭН сметалық бөлігін түзетіп, «Мемсараптама» РМК-ға бекітуге жіберді.

Объектілерді салу кезеңіне жер учаскелерінің меншік иелерінен және жерді пайдаланушылардан құрылыс үшін жер учаскелерін бөліп беру орындалды.

Жоба кернеуі 220 кВ Қазақстан БЭЖ-мен энергия торабының электр байланысын салу жолымен Павлодар энергия торабы жұмысының сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны қаржыландыру меншік қаражаты есебінен жүзеге асырылады.



Өндірістің ағымдағы деңгейін қолдауға жұмсалған шығындар меншік қаражаты есебінен 2,603 млрд. теңгені, жоспарлы көрсеткіштер кезінде 1,787 млрд. теңгені құрады.
2. «KEGOС» АҚ қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері
Келеңсіз сыртқы факторларға қарамастан 2016 жыл жақсы қаржылық көрсеткіштерімен аяқталды.

Қоғам қызметінің нәтижесі бойынша таза табыс 2016 жылы 27 159 млн. теңгені құрады және өткен жылдағы 8 087 млн.теңге көлеміндегі шығынмен салыстырғанда шамамен төрт есе өсті. Қоғамның қаржылық нәтижесі жалпы табыстың өсуіне, сонымен қатар 2015 жылы 35 738 млн. теңгені құраған бағамдық айырмашылықтың нетто-шығынының болмауына тікелей байланысты.

2016 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша, күмәнді қарыздар бойынша резервті ескере отырып, дебиторлық қарыз 17 557 млн.теңге көлемінде қалыптасып, жыл басымен салыстырғанда 11 271 млн. теңгеге немесе 60,9%-ға төмендеді. Бұл тұтынушылардың қарыздарын төлеуге және «Узбекэнерго» АҚ күмәнді берешектері бойынша резервті есептеуге байланысты болды.

2016 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша, кейінге қалдырылған салық міндеттемесін есепке алмағанда, кредиттік берешек 200 874 млн. теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда 6,9%-ға немесе 13 141 млн. теңгеге өсті. Бұл 52 620 млн. теңге көлеміндегі орналастырылған облигациялар бойынша берешекті мойындаумен және 49 913 млн. теңге сомасында сыйақыны ескерумен қарыз бөлігін төлеуге байланысты болды.


3. Реттелетін қызметтердің ұсынылған көлемі туралы.

2016 жыл қорытындысы бойынша электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтің нақты көлемі – 39 213,5 млн. кВт·сағ. құрады. 2015 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасына электр энергиясын экспорттауды жаңғыртуға байланысты 1 316,5 млн.кВт·сағ немесе 3,5%-ға өсті, 2016 жылы экспорт көлемі 1 991,7 млн. кВтсағ құрады, 2015 жылы электр энергиясы экспортталған жоқ.

2016 жылы «KEGOC» АҚ және «ФСК ЕЭС» ӨАҚ арасында Ресей Федерациясы – Қазақстан Республикасы - Ресей Федерациясы бағыты арқылы «KEGOC» АҚ желілері бойынша электр энергиясын беру (транзит) жүзеге асырылды. Аталған транзит бойынша «KEGOC» АҚ көрсеткен қызметте көлемі 3 630,6 млн.кВт сағ. құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 30,9 млн.кВтсағ кем.

Электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемі 2016 жылы 85 738,6 млн. кВт·сағ. құрады. Қызметтер көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2 929,7 млн. кВт·сағ. немесе 3,5%-ға артты, бұл өңірлік маңыздағы энергия өндіруші ұйымдардың, сондай-ақ өндірістік кешендердің электр станцияларының электр энергиясын өндіруінің артуымен байланысты.

Электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтердің нақты көлемі 2016 жылы – 161 616,0 млн.кВт·сағ. құрады. Қызметтердің көлемі 2015 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 4 577,9 млн. кВт сағ. немесе 2,9%-ға өсті, бұл Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру және тұтынуының жалпы өсуімен, сондай-ақ электр энергиясы экспортының жаңаруымен байланысты.
4. Реттелетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілген жұмыстар туралы.

2016 жылы көтерме сауда нарығы субъектілерінің өтініштеріне сәйкес қызметтер толық көлемде көрсетілді. Есептік кезең ішінде қызметтерді тұтынушылармен 2015 жылдан ауысқан 544 шарт пен қосымша келісімдер жасалды, соның ішінде:

- «KEGOC» АҚ желілері бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер – 222;

- электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтер – 83;

- Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер – 225;

- резервтегі электр қуатын жеткізу және жіберу жөніндегі қызметтер – 1;

- электр энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі қызметтер -13.

Тұтынушылар тарапынан көрсетілген қызметтерден бас тарту мәселелері бойынша ресми талаптар, негізсіз шектеулер (уақытылы төлем жүргізбегені үшін шектеулерден басқа) аталған есептік кезеңде болған жоқ.

Компания тұтынушылармен жасалған шарттар бойынша өз міндеттерін орындауы бойынша жұмыстарды үнемі жүргізіп отырады. Өткен кезеңдегі қаржылық көрсеткіштер, сондай-ақ негізгі қызмет бойынша Компания қызметтері үшін төлемдерді жинақтау көрсеткіштері тұтынушылармен жұмыстың тиімділік көрсеткіші болып есептеледі, бұл көрсеткіш 2016 жылы 100,44%-ды құрады.

2016 жылы корпоративтік басқаруды жетілдіру шеңберінде Компания ақпараттық айқындықты (жариялықты) арттыру процесі бойынша жұмысын жалғастырды.

Жүйелік оператор ретінде «KEGOC» АҚ жұмысының негізгі сапа көрсеткіші бұл Қазақстан БЭЖ-де жиілікті ұстап тұру болып табылады. Есептік жылда 2015 жылдағы сияқты Қазақстан БЭЖ-дағы жиілік тұрақты түрде 50  0,2 Гц нормативтік деңгейінде болды.

41 технологиялық бұзылыстар есепке алынды – II дәрежелі бұзылулар, I дәрежелі апаттар мен бұзылулар орын алған жоқ. 2015 жылы 47 технологиялық бұзылыстар есепке алынды – II дәрежелі бұзылулар, I дәрежелі апаттар мен бұзылулар орын алған жоқ.

Технологиялық бұзылыстардың жалпы саны 2015 жылмен салыстырғанда 12,8 %-ға төмендеді.

2016 жылы толымсыз жіберілген электр энергиясының жиынтық көлемі 2015 жылы 126 мың кВт сағ. салыстырғанда 55%-ға төмендеді және 56,7 мың кВтсағ құрады.

Қазақстан бойынша жылдық ең көп жүктеме 21 қараша күні 19 сағатта тіркелді және 13990 МВт құрады. 2015 жылмен салыстырғанда (26 қаңтар, 19 сағат) ең көп жүктеме 711 МВт немесе 5,4%-ға өсті.
5. Уәкілетті органның ведомствосы бекіткен 2016 жылғы реттелетін қызметтер бойынша тарифтік сметалардың баптар бойынша орындалуы туралы

«KEGOC» АҚ-да Заң негізінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен келісілген әдістемеге сәйкес табыстарға, шығындар мен іске қосылған активтерге бөлек есеп жүргізіледі. Бұл ретте қызмет түрлері бойынша шығындарды бөлу қызметтер арасында шығындар мен активтерді бөлу базасын қолдану нәтижесінде алынған бөлу коэффициенттері есепке алынған жалпы шығындарға сүйене отырып, жүзеге асырылады. Осыған байланысты қызмет түрлері бойынша шығыстар баптары бойынша ауытқу көбінесе ұқсас келеді, бұл жайында реттелетін қызметтер бойынша тарифтік сметалардың орындалуы туралы есепте толығырақ баяндалады.

Нақты деректер бойынша электр энергиясын жеткізу бойынша көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындар 2016 жылы 57,466 млрд. теңгені құрған, бұл тарифтік сметада көзделгеннен 7%-ға (3,717 млрд. теңге) артық.

Қызметтерді ұсынуға жұмсалған шығындар (өзіндік құн) 45,080 млрд. теңгені құрады, немесе бекітілген тарифтік сметадан 524 млн. теңгеге (1%) жоғары.

Материалдық шығындар бойынша шығыстардың өсуі 22% (122 млн. теңге) құрады. Материалдарға жұмсалған шығындардың нақты деңгейінің негізгі өсу себебі сатып алу бағасының өсуімен қатар, материалдарды авариялық жағдайларда қолдану болып табылады. Шығынның өсуі ақаулық актілері мен материалдар шығынының нормасын бекіту кезінде ТМРБҚК-мен төмендетілген ЭБЖ, ҚС жабдықтарына, ғимараттар мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсету кезіндегі материалдар шығынының нормаларына сәйкес орындалған жұмыс көлеміне, сондай-ақ, жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың тұтыну сипаттамасын қолдауға немесе қалпына келтіруге қажетті ақаулық актілері бойынша орындалған қосымша жұмыстарға байланысты.

Сыртқы ұйымдардың қызметтері 3 475,94 млн. теңгені құрады, ал тарифтік сметада 3 109,30 млн. теңге көзделген. 367 млн. теңгеге артуы «Энергоинформ» АҚ-мен жасалған шартқа сәйкес ҰЭТ жабдықтарының оперативті жүйелеріне, ҰЭТ телекоммуникациялық жабдықтарына, ҰЭТ жабдықтарының ақпараттық коммуникациялық жүйелеріне пайдалану бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызмет құнының өсуіне байланысты.

Электр желісі жабдықтарын жөндеу жұмыстарына жұмсалған шығыс ҰЭТ сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін «KEGOC» АҚ электр желілік объектілерін тұтыну барысында байқалған қосымша ақауларды түзету барысында ҚС, ӘЖ және арнайы техникаларды жөндеу бойынша қосымша жұмыстарды орындау есебінен бекітілген шығыннан 12%-ға (144 млн. теңге) артты.

Компания желілеріндегі электр энергиясының технологиялық шығынына жұмсалған сатымдық электр энергия бойынша шығыс 16 083 млн.теңгені құрады. Жоспардағымен салыстырғанда нақты шығын 1 456 млн.теңгеге (8%) азайған, бұл көлемнің 2 646 млн.кВтс-тан 2 509 млн.кВтс-қа немесе 137 млн.кВтс-қа (908,83 млн.теңгеге орындалмау) төмендеуіне, сонымен қатар электр энергиясын сатып алудың орташа бағасының 6,63 теңге/кВтс-тан 6,41 теңге/кВтс-қа (546,96 млн.теңгеге орындалмау) төмендеуіне байланысты.

Электр энергиясы ысырабының көлемі ауыспалы шама болып табылатынын және 39 213 млн.кВтс мөлшерінде немесе тарифтік сметада бекітілген KEGOC» АҚ желісі бойынша электр энергиясын беру көлемінен 549 млн.кВтс-қа (1%) төмен болған «KEGOC» АҚ желісі бойынша электр энергиясын беру көлеміне байланысты екенін атап өткен жөн, яғни бұл жағдай ысырап көлемінің 2 646 млн.кВтс-тан 2 509 млн.кВтс-қа немесе 137 млн.кВтс-қа (1 456 млн.теңгеге орындалмау) төмендеуінің себебі болып табылады. Сондықтан толық алынбаған табыс сомасы 1 141 млн.теңгені (549 млн.кВтс (кем алынған көлем) * 2,079 теңге/кВтс) құрады.

Жоғарыда баяндалғанды есепке ала отырып, компания желілеріндегі электр энергиясының технологиялық шығыны бойынша 1456 млн.теңгеге орындалмауы шығындар баптарының орындалмауына жатпайды, табиғи монополиялар субъектісінің кінәсінсіз, көрсетілетін реттелген қызмет көлемдерін (Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі қағиданың 7-тармағының 3) тармақшасы) тиісінше қысқарту есебінен алынған үнем болып табылады

Тарифтік сметада көзделген шығындармен салыстырғанда шығын кезеңіндегі шығыс бойынша 3 193 млн. теңгеге (35%) артты.

Бұл ретте арту мына баптар бойынша қалыптасты:

салықтар – 2016 жыл ішінде салық салынатын базаның түсуіне байланысты мүлік салығы есебінен 2 373 млн. теңгеге (73%);

шаруашылық шығыстар – «Энергоинформ» АҚ-мен жасалған шарт бойынша қызмет құнының өсуі есебінен 379 млн. теңгеге;

сыйақы төлеуге кеткен шығыстар – ұсынылған банктік кепілдіктер үшін комиссиия бойынша және шетелдік валюталар бағамының көтерілуіне байланысты қарыз қаражаттарға қызмет көрсету бойынша шығыстың өсуі есебінен 268 млн. теңгеге (7%);

2016 жылы технкалық диспетчерлендіру бойынша нақты шығындар 14 646 млн. теңгені құрады, бұл тарифтік сметада көзделгеннен 2 383 млн. теңгеге жоғары;

қызмет ұсыну шығындары (өзіндік құн) бекітілген тарифтік смета шығынынан 1 093 млн. теңгеге жоғары;

алдында баяндалғандарға ұқсас себептер бойынша материалдық шығындар 19 млн. теңгеге (11%);

авариялық-қалпына келтіру жұмыстары есебінен электр желісі жабдықтарын жөндеу жұмыстары 31 млн. теңгеге (22%);

сыртқы ұйымдар қызметі 513 млн. теңгеге (45%), артуы «Энергоинформ» АҚ-мен жасалған шартқа сәйкес ҰЭТ жабдықтарының оперативті жүйелеріне, ҰЭТ телекоммуникациялық жабдықтарына, ҰЭТ жабдықтарының ақпараттық коммуникациялық жүйелеріне пайдалану бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызмет құнының өсуіне байланысты.

Жалпы кезең шығыстары тарифтік сметада көзделген шығындардан 1 290 млн. теңгеге (32%) жоғары. Арту себептері - салықтар, шаруашылық шығыстары және сыйақы төлеуге кеткен шығыстар баптары бойынша.

Өндірісті теңгеруді ұйымдастыру бойынша нақты шығындар – 2016 жылы тұтыну 6 967 млн. теңгені құрады, бұл тарифтік сметада көзделгеннен 1 593 млн. теңгеге төмен.

Электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосының жоспардағыдан ауытқудың сағаттық ауытқу көлемін өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу шығыстарының орындалмауы нақты ауытқудың сағаттық көлемін сатып алу және сатудың қаржылық нәтижесі 2016 жылы 4 724,05 млн.теңгені құрағанына байланысты туындады, бұл жоспардағыдан 1 628,4 млн.теңгеге төмен. Шығыстардың (қаржылық нәтиженің) орындалмауы электр энергиясын сатып алу/сатудың нақты көлемі жоспарланған (тарифтік сметада ескерілген) көлемнен (жоспар бойынша 1 151,4 млн.кВтс болса, нақтысы 854,9 млн.кВтс) 296,5 млн.кВтс-қа төмендеуі есебінен қалыптасты.
6. Қызмет перспективасы (даму жоспарлары)

Алдағы уақытқа қойылатын міндеттер мына бағыттар бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды қарастырады:



Инвестициялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2018 жылы Компания «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына енген «500кВ Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма ӘЖ-ні салу» жобасын іске асыруды аяқтауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар 2017-2020 жылдары «Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту», «ҰЭТ-ты қалпына келтіру» жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.

2017-2018ж.ж. Бизнесті трансформациялау бағдарламасы жобаларын енгізу:

- техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, кадрлық әкімшілік ету мен жұмыс уақытын есепке алуды қоса алғанда персоналды, бизнес-бастамалар портфелін, сатып алуларды басқарудың жаңа модельдерін қамтитын компанияны корпоративтік басқару процестерін автоматтандыруға;

- 2018 жылы биллинг алдындағы шараларды – деректерді жинау, сақтау және өңдеу кешенін енгізу негізінде жүйелік қызмет көрсетудің технологиялық процестерін жетілдіруге және аударымдарды есептеудің биллингтік жүйесін ендіруге, орталықтандырылған ақпараттық есеп айырысу жүйесін құруға;



- деректерді беру үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану есебінен қосымша кіріс алуға бағытталған.

Біріктірілген менеджмент жүйесінің (БМЖ) нәтижелі қызмет етуін қамтамасыз ету жұмыстары шеңберінде 2016 жылы ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 27001 және ISO 55001 талаптарына сәйкестігіне қадағалау аудиті өткізілді, ол БМЖ-дің халықаралық стандарттардың талаптарына сай екенін дәлелдеді.

Табиғи монополиялар саласында тарифтік саясатты жетілдіруге қатысу

Компания «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңы жобасын әзірлеу, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарының жұмысына белсене қатысуда.
Каталог: sites -> default -> files -> content-manager
files -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
content-manager -> Мемлекет басшысы Н
content-manager -> «Электр Желілерін Басқару жөніндегі Қазақстан Компаниясы» АҚ
content-manager -> «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 ж. № хаттамасымен бекітілген
content-manager -> Положение1 об аудиторском комитете
content-manager -> Тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалардың алдында реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша «kegok» АҚ –ның қызметі туралы
content-manager -> МақҰлданды бекітілді «kegoc» АҚ Директорлар Басқармасының хаттамасы кеңесінің хаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет