Туберкулёз у людей, живущих с вич



жүктеу 41.62 Kb.
Дата05.05.2018
өлшемі41.62 Kb.

АИТВ және туберкулез

АИТВ –мен өмір сүретін адамдардағы туберкулёз:

ЖИТС (а) -індетінің басталуы дүние жүзінде туберкулез оқиғасының өсуіне байланысты болып отыр, себебі АИТВ мен туберкулез бірімен бірі белсенді түрде өзара әрекеттеседі. Дәл сол және екінші инфекция ағзаның қарсы тұруын (иммунитетін) төмендетеді. Әсіресе иммундық мәртебесі төмендеген, АИТВ-сы бар адамдар, туберкулезге көбірек шалдығады.



АИТВ жұқтырған адамда туберкулездің өту ерекшеліктері:

АИТВ иммундық жүйеге әсер етуінен, оны әлсіретуінен, туберкулез АИТВ бар адамдарға жиі беріледі, сондай-ақ жұқтыруы көбінесе белсенді туберкулезге ауысады. Өз кезегінде белсенді туберкулез АИТВ вирустық жүктелімін арттырады, бұл – ЖИТС ауруының өршуіне әкелуі мүмкін. Иммундық мәртебесі өте төмен адамдар, өкпеден бөлінген бактерия басқа да органдарға таралған кезде «өкпеден тыс туберкулез» ауруына шалдығады. Туберкулёз мұндай жағдайда лимфа жүйесін, сүйек ұлпасын, оның ішінде омыртқа мен ірі буындарды, ас қорыту органдарын, бүйректі, ал ауыр жағдайында – омыртқа жұлыны мен бас миын зақымдауы мүмкін.



АИТВ –мен өмір сүретін адамдардағы туберкулез диагностикасы:

Туберкулёз симптомы баяу, кей кездерде айлап дамуы мүмкін. Көп жағдайда туберкулезді, тіпті ертерек сатысының өзінде тану дәрігерге де, сонымен бірге науқасқа да өте қиын. Туберкулёздің симптомы ЛЖВС –те кездесетін басқа да аурулардың симптомдарына ұқсас келеді. Міне сондықтан да диагноз қою үшін, көптеген талдамалардың деректері қажет етіледі. Стандартты талдамаға, көкірек жасушаларын рентгендік зерттеу, қоректену ортасындағы тер мен тер шығатын тұстарын зертханалық микроскопиялық зерттеу жатады. Кейбір жағдайда, туберкулезбен зақымданған (биопсия) ұлпалардың үлгісі алынады.



Рентгенді диагностика:

Иммунды жүйесі бұзылған АИТВ –оң адамдарда рентгендік түсірілімі көбінесе дәл болмайды.



Өкпеден тыс туберкулездің диагностикасы:

Өкпеден тыс туберкулезді диагностикалау өте қиын, бұл көбінесе жорамалмен туберкулезді қозғайтын, орган жасушаларының үлгісін алудың күрделі шараларын қажет етеді. Лимфаденті, омыртқалар мен буындарды және қақырынды- түкіріндіні рентгенді зерттеу, омыртқа жұлынының, буындарының және қақырық-түкірік сілемейлерінің және басқаларының талдамасы кезіндегі лимфа жүйесінің биопсиясы. Өкпеден тыс туберкулезді диагностикалау өте қиын.



Туберкулинді диагностикасы:

АИТВ-инфекциясы бар адамдарда Манту реакциясының нәтижесі барлық уақытта бірдей бір мәнді бола бермейді. Иммунды жүйесі әлсіреген адамдарда , туберкулинді сезу қарсылығы да әлсіз болады және оның теріс жауабы, барлық уақытта бірдей туберкулездің жоқ екендігінің растауы болып табылмайды.

Жақында белсенді туберкулезге не жұқтырғандарға мейлінше өзекті тестілеу әзірленді, ол МБТ екі бірегей белогының ДНК анықтайды. Бұл тест, барынша сенімді және нәтижесін келісі күннің өзінде алуға мүмкіндік береді. Иммунитет көрсеткішінің төмендеуі кезіндегі ТБ қосылуының тәуекелдігінің өсу фактісін ескерсек, белсенді ТБ қашан білінеді деп күтпестен, туберкулезге қарсы препараттармен профилактикалық емдеу жүргізу қажеттілігі пайда болады.



Жасырын туберкулезді емдеу:

Жасырын ( мүлгіген) деген ұғым – адам ТБ жұқтырған, алайда ауру емес дегенді білдіреді. Профилактикалық емдеуге арналған көрсеткіштерге, жұмыс орнында не үйінде МТБ берілу мүмкіндігі болған пациенттер жатады. Бұл ТБ –мен ауыратын адамдармен бірге тұрған, бас бостандығынан айыру орындарда болған адамдар болуы мүмкін. Емдеудің алуантүрлі режимі АИТВ бар адамдардың белсенді туберкулездің тәуекелдігін азайтуы мүмкін.



Белсенді туберкулезді емдеу:

Әдетте, алғаш рет анықталған ТБ емдеу, АИТВ-оң және АИТВ-теріс адамдар үшін бірдей. Оның үстіне, АИТВ бар адамдарға тән сипатынан айырмашылығы бар. ТБ емдеудің екі фазасы болады. Интенсивті – ағзаны инфекциядан арылтады, 2 айға созылады және күн сайын 4 негізгі препаратпен (изониазид, рифампицин, пиразинамид, этамбутол) емделеді. Медицина қызметкерінің қатысып отырған кезінде, дәрілердің дұрыс қабылдануына, сондай-ақ үзіліс болмауы үшін кепілдік береді. Екі айдан кейін, егер тердің талдамалары МБТ болуын көрсетпесе, яғни пациент басқа адамдарға инфекция жұқтырмайтын болса, бұрынғыдан ұзағырақ, қарқыны төмен қолдау көрсетудің екінші фазасы басталады.

Осы емдеу курсы аурудың түрлі санаттары үшін (ТБ таралуының ағзадағы өзгерісі ескеріледі) әрқилы болуы мүмкін. Бұл кезең 4-тен 6 айға дейін созылуы және 2 не 3 препаратпен күн сайын не аптасына 3-5 күнде емделеді. АИТВ инфеккциясы бар адамдарға емдеу мерзімі ұзартылады, В тобандағы витамин тағайындалады, осымен бір мезгілде котримазол, бактрим тағайындалуы мүмкін.

АИТВ-оң инфекциялы жүкті әйелдерді емдеу ерекшеліктері:

АИТВ мен ТБ болуы, жүкті әйелдерге екі инфекцияның да балаға берілу тәуекелдігін арттырады. Жасырын және белсенді туберкулезді емдеу, ананың да, сонымен қатар болашақтағы баланың да денсаулығы үшін айырықша маңызды. Белсенді туберкулезі бар әйелдер, ұрығына қауіпсіз изониазид пен рифампицинді қабылдауға тиіс. Пиразинамидтың жүктілікке тигізетін әсері аз зерттелген және қажетіне қарай ол емдеуге қолданылуы мүмкін. Этамбутол и стрептомицин ұсынылмайды, себебі ұрығына қауіп төндіруі мүмкін. Гормоналды контрацепцияны (ұрықтануға қарсы препаратты) қабылдайтын әйелдер, контрацептер мөлшерлемесін ұлғайтуы не басқа түріне (гормоналдық емес) ауысуы қажет, себебі рифампицин ішінара тітіркендіреді және гормоналды ұрықтануға қарсы препараттардың тиімділігін төмендетеді.




ТБ және АИТВ бар адамдарды антиретровирусты емдеу:

АИТВ және ТБ бірмезгілде емдеуге болады, дегенмен оның дәрілік күрделі тәуекелдігінің жоғарылығына, оның үстіне кейбір препараттардың бірімен бірі сәйкеспейтіндігіне байланысты болып отыр. Егер медициналық көрсеткіштер бойынша антиретровирусты емдеуді кейінге қалдыруға болмайтын болса, онда рифампицинмен бірлестіре қосу үшін, емдеу режимі таңдалуы мүмкін, әдетте бұл орайда ұсынылған АРВ мөлшерлемесі өзгереді.



Эпидемиолог дәрігердің көмекшісі Н.Ж. Оспанова
Каталог: pagefoto -> docfile
docfile -> Жыныстық жолмен және аитв арқылы берілетін жұқпалар
docfile -> Аутрич работа
docfile -> Внеочередное донесение о смерти вич-инфицированного больного Косый Сергей Анатольевича 1977гр
docfile -> Вич и Беременность
docfile -> «житс-21 ғасыр дерті»
docfile -> Туберкулёз у людей, живущих с вич
docfile -> Профилактика единственное доступное и достаточно эффективное средство, которое мы можем использовать в широких масштабах и которое может помочь населению противостоять этой болезни
docfile -> Вич-инфекция среди наркоманов
docfile -> Гомосексуализм және житс дәрігерлер осы ауруды бастапқыда «гомосексуалистердің иммун тапшылығы»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет