Туберкулёз у людей, живущих с вич



жүктеу 48.02 Kb.
Дата05.05.2018
өлшемі48.02 Kb.

АИТВ және туберкулёз

АИТВ мен өмір сүретін адамдардағы туберкулёз :

ЖИТС (а) індетінің басталуы, дүние жүзінде осы жағдайдың өсуіне байланысты болды, себебі АИТВ мен туберкулез бірімен бірі өзара белсенді әрекеттеседі Нақ осы екі инфекция, ағзаның қарсылығын (иммунитет) азайтады. АИТВ бар, әсіресе иммуны төмен мәртебесі бар адамдар туберкулезге мейлінше шалдыққыш келеді.



АИТВ жұқтырылғандарда туберкулёз өтуінің ерекшелігі:

АИТВ бар адамдарға, АИТВ оны әлсіретіп иммунды жүйесіне әсер ететіндіктен, туберкулёз жиі беріледі, сондай -ақ жұқтырылуы көбінесе белсенді туберкулёзге ауысады. Өз кезегінде белсенді туберкулёз АИТВ- ның вирустық жүктелімін арттырады, бұл - ЖИТС ауруының өршуіне әкелуі мүмкін. Иммунды мәртебесі өте төмен адамдар, өкпеден бактерия басқа органдарға таралатын көбінесе «өкпеден тыс туберкулёзден» зардап шегуі мүмкін: Туберкулёз бұл жағдайда: жұлын жүйесін, сүйек ұлпасын, оның ішінде омыртқасы мен ірі буындарын, асқазан органдарын, бүйрегін, ал ауыр жағдайларда – омыртқа жұлыны мен бас миын зақымдауы мүмкін.



АИТВ мен өмір сүретін адамдарда туберкулез диагностикасы:

Туберкулёз симптомы баяу, кейде айлар бойына дамуы мүмкін. Көптеген жағдайларда туберкулёзді тіпті ерте сатысына қатысты танып анықтау, дәрігерге де, сонымен бірге науқасқа да өте қиын. Туберкулёз симптомы, ЛЖВС -те кездесетін басқа да аурулардың симптомдарына ұқсас келеді. Міне сондықтанда, диагноз қою үшін көптеген талдаманың деректері қажет етіледі. Стандартты талдамаға, көкірек қуысы органдарына рентгендік зерттеу ылғалын зертханалық микроскопиялық зерттеу және ылғалды қоректік ортаға себу жатады. Кейбір жағдайда туберкулёзге шалдыққан (биопсия) органдардан ұлпалар үлгілерін алады.



Рентгенді диагностика:

Иммунды жүйесі бұзылған АИТВ оң адамдарда, рентгендік түсірілімі көбінесе дәл болмайды.



Өкпеден тыс туберкулёздің диагностикасы:

Өкпеден тыс туберкулёзді диагностикалау өте қиын, бұл көбінесе алдын ала жорамалмен туберкулёз қозғаған органнан ұлпа үлгілерін алудың күрделі емшараларын жасауды қажет етеді. Лимфаденитті, омыртқа мен буындарды рентгенді зерттеу беломыртқа жұлындарын буындық және түкірік сұйықтарын және басқаларын талдама кезінде жұлын жүйесі шалдығады. Өкпеден тыс туберкулёзді диагностикалау өте қиын болады.

Туберкулин диагностикасы:

АИТВ инфекциясы бап адамдарда Манту реакциясының нәтижелері, барлық уақытта бірдей біршамада болмайды. Иммундық жүйесі нашарлаған адамдарда, туберкулинге жауап қататын реакциясы да әлсіз болады және оның теріс жауап қатуы барлық уақытта бірдей туберкулёздің жоқ екендігін растау болып табылмайды. Жақында белсенді туберкулёзге немесе жұқтырғанға мейлінше өзекті тестілер әзірленді , ол МБТ екі бірегей ақуызын ДНК анықтайды. Бұл тест сенімдірек және келесі күннің өзінде нәтижесін алуға мүмкіндік береді. Иммунитет көрсеткішінің төмендеуі кезінде ТБ- ға қосылу тәуекелдігі артатын фактісін ескерсек, белсенді ТБ белгісі қашан пайда болатындығын күтпестен, туберкулёзге қарсы препаратпен алдын алу емдеуді жүргізу қажеттілігі пайда болады.

Жасырын туберкулёзді емдеу:

Жасырын (мүлгіген) ұғымы, адам ТБ жұқтырған, алайда науқас емес екендігін білдіреді. Алдын ала емдеу үшін айқындамаға жұмыс орнында не үйінде МТБ берілу қаупі бар пациенттер жатады. Бұлар ТБ мен ауыратын адамдармен бірге тұратын, бас бостандығынан айыру орындарында тұрған адамдар болуы мүмкін. Емдеудің әр түрлі режимдері АИТВ бар адамдарда белсенді туберкулёздің даму қаупін азайтуы мүмкін.



Белсенді туберкулёзді емдеу:

Әдетте, ТБ алғаш анықталған АИТВ оң және АИТВ теріс адамдар үшін емдеу бірдей болады. Оның үстіне, АИТВ адамдарға тән айырмашылығы бар. ТБ емдеудің екі фазасы болады. Қарқынды – ағзаны инфекциядан арылтуға тиіс, 2 айға созылады және күн сайын 4 негізгі препаратпен емделеді (изониазид, рифампицин, пиразинамид, этамбутол). Оларды қабылдаудың дұрыстығына кепілдік беру үшін, сондай - ақ қабылдауда үзіліс болмауы үшін, препаратты медқызметкерлердің қатысып отыруымен қабылдау керек. Екі сайдан кейін, егер ылғалдың талдамасы МБТ бар болуын көрсетпесе, яғни пациенттен инфекция басқа адамдарға берілмейтін болса, оны қолдап қалыпты ұстайтын, алайда едәуір ұзаққа созылатын, қарқыны төмен екінші фазасы басталады. Осы емдеудің курстары, әр түрлі санаттағы науқастар үшін әр түрлі болуы мүмкін (ТБ таралуының ағзадағы өзгерісі ескеріледі). Бұл кезең 4-тен 6 айға дейін созылды және күн сайын 2 не 3 препаратпен не аптасына 3-5 күн емделеді. АИТВ инфекциясы бар адамдарға емдеу мерзімі ұзартылады, В дәрумен топтары тағайындалады, осымен бір мезгілде котримазол, бактрима тағайындалуы мүмкін).



АИТВ оң инфекциялы жүкті әйелдерді емдеу ерекшелігі:

АИТВ және ТБ бар жүкті әйелдер үшін екі инфекцияныңбалаға берілу қаупі артады. Жасырын және белсенді туберкулёзді емдеу, әсіресе ананың да және болашщақ баланың да денсаулығы үшін маңызды. Белсенді туберкулёзі бар жүкті әйелдер, ұрығы үшін қауіпсіз изониазидті және рифампицинді қабылдауға тиіс. Пиразинаминің жүктілікке әсері аз зерделенген және оны қажет болуына қарай, емдеуге қолданылуы мүмкін. Этамбутол мен стрептомицин ұсынылмайды, себебі ол ұрыққа қауіпті болуы мүмкін. Гормональды контрацепцияны қабылдайтын әйелдер (ұрықтануға қарсы препараттар) контрацептердің мөлшерлемесін көбейтуі не басқа түріне ауысуы (гормональды емес) керек, себебі рифампицин ішінара тітіркендіреді және гормональды ұрықтандыруға қарсы препараттардың тиімділігін төмендетеді.




ТБ және АИТВ бар адамдарға антиретровирусты терапия:

АИТВ мен ТБ - ны бірмезгілде емдеу мүмкін емес, себебі ол, дәрі-дәрмектен асқыну қаупін арттыруға байланысты болады, бұдан бөлек, кейбір препараттар біріне бірі сәйкес келмейді. Егер медициналық айқындама бойынша антиретровирусты терапияны бастауды кейінге қалдыру еш болмайтын болса, онда емдеу режимі рифампицинмен сәйкес келтіру үшін, таңдалуы мүмкін, әдетте бұл орайда АРВ ұсынылған мөлшерлемесі өзгертіледі.



дәрігер-эпидемиолог Ж. Б. Төлепова
Каталог: pagefoto -> docfile
docfile -> Жыныстық жолмен және аитв арқылы берілетін жұқпалар
docfile -> Аутрич работа
docfile -> Внеочередное донесение о смерти вич-инфицированного больного Косый Сергей Анатольевича 1977гр
docfile -> Вич и Беременность
docfile -> «житс-21 ғасыр дерті»
docfile -> Туберкулёз у людей, живущих с вич
docfile -> Профилактика единственное доступное и достаточно эффективное средство, которое мы можем использовать в широких масштабах и которое может помочь населению противостоять этой болезни
docfile -> Вич-инфекция среди наркоманов
docfile -> Гомосексуализм және житс дәрігерлер осы ауруды бастапқыда «гомосексуалистердің иммун тапшылығы»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет