Тукпиева Ансаған Ибраевна



жүктеу 34.81 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі34.81 Kb.

Тукпиева Ансаған Ибраевна

Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Байтоғас ауылы
Тақырыбы:« Ойын ойнап, ән салмай,өсер бала болар ма!»

Мақсаты:Оқушылардың әуен тыңдау арқылы әуеннің көңіл-күйін,екпінін ажыратуын жетілдіру.Үннің дауыс ырғағын ажыратуда оқушының шығармашылық белсенділігін ,берілген бейне арқылы өз ойын анық,еркін жеткізуде оқушының сөйлеу қабілетін дамыту.Үнтаспада ойналған әуенді жақын сезіну,соған сәйкес іс-әрекет жасауда оқушының арман-қиялын ұштау. Оқушының музыкалық қабілетін жан-жақты дамыта отырып,сахна мәдениетін бойына сіңіруде,оның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

Түрі:ойын

Әдіс- тәсілдері: шолу, сұрақ-жауап,тыңдау,үйрену

Көрнекіліктер:слайд,музыкалық аспаптар, т.б.

Жүру барысы:

Жүргізуші : Өнер десем ойыма жыр келеді,

Ашылып ақ көңілдің кірлегені.

Өнер десем көмекейім ән салады,

Орындалып жүректің аңсағаны.

Өнер деген ұлылық ұялаған,

Қарапайым кәдімгі дарынды адам.

Өнер деген шіркін-ай,бір-бір арман,

Өнер деген әнші ғой сыңғырлаған.

Сәлем достар! Бүгінгі « Ойын ойнап, ән салмай ,өсер бала болар ма!» атты музыкалық сайысына қош келдіңіздер!

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Сіздер үшін осы сайыс ашылады,

Сіздер үшін екі топ сайысады.

Сайыс кезеңдері:

1. «Ойнайық та, ойлайық!»

2.«Суретіңе қарап тамсанам»

3. «Әніміз бар тамаша»

4. «Біз көңілдіміз»

5. «Ойлан тап»

Жүргізуші : Бүгінгі сайысымызға қатысушыларды ортаға шақырайық.

/әр сыныптан 2 оқушы /

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!

1.

2.



3.

Жүргізуші : Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз

  1. «Ойнайық та, ойлайық!»

Ережесі : Бұл сайыста әндердің кез-келген өлең жолдары беріледі,осы өлең жолдары арқылы әннің тақырыбын табу. Бұл жерде әннің атын айтса -1 ұпай,әуенімен айтса- 2 ұпай беріледі.

1.Құстары сөйлейді,бұлттары билейді /Ертегілер әлемі/

2.Таласқа түссе жан мен ту /Көк тудың желбірегені/

3.Туып өскен жеріме жеткіз мені /Тұлпарым /

4.Былдыр-былдыр сөйлейсің, /Балапан/

5.Жазда тағы келер деп /Қошақан/

6.Қой десе де қоймаңдар /Қара жорға/

2.«Суретіңе қарап тамсанам»

Ережесі : Бұл сайыста экранда берілген суреттерге қарап композиторлардың әндерін табуымыз қажет. Сөйлеу мәдениеттеріңіз,жылдамдықтарыңыз сарапқа салынады.



  1. Жау-жау жаңбыр

  2. Ақ көгершін

  3. Әнұран

  4. Салт-дәстүр әндері

  5. Балапан ,Әнші балапан

  6. Тарбағатай таулары,Атамекен



3.«Әніміз бар тамаша» /сүйікті әндер/

Ережесі : Көрермендер ді ортаға шақырып құлаққаппен әнді тыңдап сайыскелерге айтып береді әуенімен қосылып.Жылдамдықтарыңыз,ұйымшылдықтарыңыз бағаланады.

1.Құралай

2. Өз елім

3.Беу, айдай

4. Алға Қазақстан

5. Носа-носа

6.Келемін саған

7.Жылайды жапырақ

4. «Біз көңілдіміз»

Ережесі : Біздің халық өнерге мол,бай тегі,

Әнші деп те,күйші деп те айт оны.

Әнге сенің қанша икемің бар екен,

Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді? /әнді тыңдап ары қарай жалғастыру/


  1. Носа –носа

  2. Менің елім

  3. Құттықтаймын мама,туған күніңмен!

  4. Ел қорғауға әзірміз

  5. Айгөлек

  6. Ақ көгершін

  7. Сыңғырлаған күлкіңнен

5. «Ойлан тап»

Ережесі :Бұл сайысымызда орындары ауысқан өлең жолдары беріледі, сөздерді орындарына жайғастыру.



  1. Шыққан биімен аты

  2. Келеді сайын көшкен бір бос тайлақ

  3. Мұстафасы алып Шорманның атымды

  4. Жаны сай терең ауылдың

  5. Аспан бір төбемізде

Күнде жиын болмас дәл осындай,

Күн сайын өркендейміз,өзгереміз.

Сайысымызды әділ шешкен,

Алдымызда отырған әділқазыға сөз береміз.

/әділқазылар қортындысын шығарып,жеңімпаздарды марапаттау/
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет