Тулепбергенова ардак усенгазиевна



жүктеу 1.32 Mb.
бет6/6
Дата02.11.2017
өлшемі1.32 Mb.
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6

Қорытынды
Халықтың ұлттық санасының оянып, рухани дамуының жандануы соңғы кездері жан-жақты сипат алып келеді. Адамдар қарым-қатынаста, тұрмыстық-салтта ұлттық қалыптасудың көптеген белгілері күннен күнге өріс алуда. Ұлттың болашағын ойлаған қазақ зиялылары мен ұстаздар қауымы жастарды халқымыздың ежелден келе жатқан үлгі-өнегесі бойынша тәрбиелеудің қажеттілігіне қатты назар аударуда.

Сан жылдар бойы жабулы келген тарихи тұлғалардың тағылымын тану, тереңіне үңіліп, аздаған жылдарда бітіре салатын оңай шаруа емес, ол үшін жылдар бойы жасалатын ізденістер мен қажырлы еңбектер талап етіледі.

Зерттеуіміздің мақсат-міндеттеріне, ғылыми болжамына негіздей отырып, жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында жинақталған теориялық-тәжірибелік мәліметтерді талдадық.

Олардың мазмұны: «М.Әлімбаевтың тәлім-тәрбиелік көзқарастарының қалыптасуы», «М.Әлімбаевтың этнопедагогикалық ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану» атты бөлімдерінде кеңінен қарастырып, оған ғылыми талдаулар мен тұжырымдар жасалынды. Зерттеу нәтижесінде төмендегідей міндеттер шешімін тапты.

Мұзафар Әлімбаев заманымыздың заңғар ақыны, жазушысы өзінің ұлттық тәлім-тәрбиелік идеяларын жалпы халықты дұрыс тәрбиелеуге бағыттайды. Әрине, оның ішінде қазақтың ұлттық діліне сәйкес тәрбиелеу, оның озығын ғана саралау басшылыққа алынады. Ақынның этнопедагогикалық идеяларына қосыла отырып, жас ұрпақты өткені мен алдағысын саралай білетін ұлттық ар-намысын сақтай, қадірлей алатындай етіп тәрбиелеу алға қойылған басты міндет болып табылады.

Зерттеу барысында Мұзафар Әлімбаевтың шығармаларының тәрбиелік мәні туралы сөз қозғап, оны жұртшылыққа кемеңгер ақын халық педагогикасының жаршысы ретінде ұлықтаған замандастары екендігі байқалады. Мұзафар Әлімбаевтың шығармаларына талдау жасалынды. Соның негізінде Мұзафар Әлімбаевтың этнопедагогикалық идеялары анықталды:



  • Мұзафар Әлімбаевтың педагогикалық идеясының бірі «Халық – ғажап тәлімгердегі» ойлары, ондағы ата-ана тәрбиесі, ана тілінің тәрбиелік мәні, жалпы азаматтың тәрбиесі, халық педагогикасы ұғымына түсінік, аңыз әңгімелер туралы пайымдаулары берілген;

  • Ақынның педагогикалық идеясында төл тарихпен сабақтасу принципі беріледі. Оның бүкіл шығармаларында өзекті мәселелер әрбір адамның болмысы, өзінің өткен тарихын, салт-дәстүрлерін қадірлеуіне байланысты. Себебі, төл тарихымызды білу тамырымыздың тереңдігін ұғынып, арқа тұтар айбынды ата-бабаларымыздың болғандығын сезіну ерекше адамның рухын көтереді;

  • Мұзафар Әлімбаев жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлқын, төл мәдениетін меңгеру негізінде қалыптастыруды ұлттық тәрбие деп атайды. Зерттеуде бұл қасиеттер туралы бірнеше сызбалар берілді. Ақын – бүгінгі таңдағы білім беру жағдайында ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін көрсетті;

  • Біз зерттеп отырған Мұзафар Әлімбаевтың этнопедагогикалық идеяларын жоғары оқу орнының педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің кәсіби дайындығының артуына ықпалын тигізеді. Өйткені, студенттер Мұзафар Әлімбаев шығармаларын оқып білгеннен кейін өмірге көзқарастары кеңейіп, іскерліктері мен дағдылары артады деп есептейміз

Мұзафар Әлімбаевтың баға жетпес нақыл сөздерін оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жұмыстарының нәтижелері, ұсынылған бағдарламаның тиімділігін дәлелдеді. Өйткені, студенттердің білімділік және тәрбиелік көрсеткіштерінен қолайлы және оңды өзгерістерді байқатты.

Зерттеліп отырған тақырып өте күрделі болғандықтан, оның барлық қыр-сырларын қамту мүмкін емес болды. Келешекте бұл мәселенің жалғасын теориялық және тәжірибелік ізденістерде өз орнын табады деп сенеміз.



М.Әлімбаевтың шығармаларындағы этнопедагогикалық идеяларын зерттей келе төмендегідей ұсыныстар беруді жөн көрдік:

  • М.Әлімбаевтың тәлім-тәрбиелік идеяларын оқытушылар арасында кеңінен насихаттау. Осы мақсатта қысқа мерзімдік курстарда оның педагогикалық көзқарасы жөнінде арнаулы курстар, тақырыптық лекциялар ұйымдастырылса;

  • Мұғалім даярлайтын жоғары оқу орындарында «Мұзафар Әлімбаевтың еңбектеріндегі этнопедагогикалық идеялар» атты тақырыпта арнайы курс ұйымдастырылса;

  • Ақынның еңбектеріндегі студенттерге эстетикалық тәрбие беру мәселелері арнаулы зерттеуді қажет етеді;

  • М.Әлімбаевтың өзі шығарған нақыл сөздерін отбасы тәрбиесінде пайдалану мәселесі де арнаулы зерттеуге тақырып бола алады деп есептейміз.


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989.-320б

  2. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. – 381б

  3. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 106б

  4. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1998. 560б

  5. Молдағалиев Т. Өлең үшін өмір сүрңп келеді ол // Қазақ әдебиеті, 1983. 28 қазан. – 6б

  6. Қашқынов Ж. Балажанды жыршы // Жас алаш. – 1993. 30қазан. – 4б

  7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. – Алматы, 1997ж

  8. Қалиев С. Педагогиканың ғылыми-зерттеу орталығы немен айналысады? – Қазақстан мұғалім, 2003. 1 қыркүйек. – 10б

  9. Әлімбаев М. Көңіл күнделігі. – Алматы, 1980. – 6б

  10. Әлімбаев М. Игілікке үйреткен опық жемейді // Қазақстан мұғалімі, 1967. 14 желтоқсан. – 21б

  11. Жәмішев Ә. Бала сезімінің бапкері // Лениншіл жас. - 1984. 22 тамыз. – 8б

  12. Әлімбаев М. Жан жомарттығына не жетсін // Лениншіл жас, 1967 ж. 11 шілде. – 3б

  13. М.Әлімбаев. Өмірім – өлеңім // Сөзстан: (Әдеби портрет, мақала). Алматы: «Жалын», 1983. (Жас қаламгерлер кітапханасы). 4-кітап. (Құрастырған. Қ.Ергібеков). – 201б

  14. Балта Ә. Мұзарт шыңдай Мұзаға: (Қазақстанның халық жазушысы, ақын М.Әлімбай 75 жаста) // Парасат. - 1998. 27 қазан. – 2б

  15. Әлімбаев М. Имандылық – ізгілік пен игілік // Ақиқат. – 1995 ж. №7. – 12б

  16. Әлімбай М. Айтары барды аузынан қақпас болар: (Жазушымен сұхбат. Әңг. Н.Жұмаханұлы) // Қазақ әдебиеті. – 2001. 23 наурыз. – 7б

  17. Әлімбаев М. 666 мақал-мәтел. – Алматы: ҚМКӘБ, 1963. – 104б

  18. Әлімбаев М. Халық – ғажап тәлімгер. – Алматы: Рауан, 1994. – 28, 56б

  19. Қазақстан Республикасы Президентінің жалпы ұлттық татулық пен саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы жарлығы. – Егемен Қазақстан, 1997. 3 желтоқсан. – 5б

  20. Әлімбаев М. Тәрбие туралы әңгімелер. – Алматы: Қазақстан, 1972. – 96б

  21. Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына. – Алматы: Қазақстан, 1967. – 108б

  22. Әлімбаев М. Халық – қапысыз тәрбиеші. – Алматы: Білім, 1977. – 71б

  23. Әлімбаев М. Халық қазынасы – қайнар бұлақ // Егемен Қазақстан, 2003. 28 маусым. – 3б

  24. Әлімбаев М. Атаның жүгі – атанның жүгі // Зерде. – 1996 ж. №7. – 10б

  25. Әлімбаев М. Ақ серек те көк серек.: Тақпақтар, дастандар, ән-өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – Алматы: Жалын, 1977. – 36б

  26. Әлімбаев М. Аспандағы әпке: Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – Алматы: Жалын, 1982. – 91б

  27. Әлімбаев М. Өскеніңді ел көрсін: Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – Алматы: Мектеп, 1989. – 168б

  28. Әлімбаев М. Балдәурен, шіркін балалық. – Алматы: Жазушы, 1973. – 376б

  29. Әлімбаев М. Маржан сөз. – Алматы: Жазушы, 1978. – 308б

  30. Әлімбаев М. Жүрек лүпілі: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: «Жазушы», 1967. – 95б

  31. Әлімбаев М. Өмір. Өнер. Өнерпаз. – Алматы: Өнер, 1990. – 210б

  32. Әлімбаев М. Мақалнама. – Алматы: Жазушы, 1970. – 158б

  33. Әлімбаев М. Нақылдың төркіннамасы. – Алматы: Қазақ соқырлар қоғамы, 1996. – 216б

  34. Әуезов М. Қайта туған халықтық әдебиет. – Т. 20. – 221б

  35. Халық даналығы – тәрбие негізі // Қазақ тілі мен әдебиеті. – Алматы, 1994. №2. – 7б

  36. Әлімбаев М. Нақылнама. – Алматы: Өнер, 2007. – 285б

  37. Әлімбаев М. Батаменен ер көгерер. – Алматы: Атамұра, 1996. – 37б

  38. Тәжібаева С.Г, Нұғманова Х.Е. Отбасы тәрбиесінде оқушының ұлттық келбетін қалыптастыру. - Алматы, 2004. - 152б

  39. Әлімбаев М. Ерлік – елдіктің туы // Халық кеңесі, 1993. 7 мамыр. – 4б

  40. Қалиев С. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. – Алматы: Мектеп, 1987. – 156б

  41. Алтынсарин Ы. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1990. – 223б

  42. Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. Естелік-эссе / Аударған Әбдірайымұлы С. Алматы: Санат, 1994. – 512б

  43. Әлімбаев М. Аяншақ ата-аналар мен әлжуаз балалар жайында // Қазақстан мұғалімі, 1967. 16 мамыр. – 19б

  44. Серғалиев М. Сөз асылы // Социалистік Қазақстан, 1974. 7 наурыз. – 7б

  45. Жыр шашу: Ақын Мұзафар Әлімбаев туралы // Ұлан. – 1993. 25 мамыр. – 4б

  46. Әбілов Д. Өлең сөз патшасының жауынгері // Қазақ әдебиеті. – 1993. 29 қазан. – 21б

  47. Қыдырбеков Ғ. Сарабдал сөз сардары. – Егемен Қазақстан. – 1993. 29 қазан. – 4б

  48. Әлімбаев М. Қонақтар мен балалар // Қазақстан мұғалімі, 1967. 26 қазан. – 14б

  49. Әлімбаев М. Қыз болашақ… // Қазақстан әйелдері. – 1985. №11. – 8б

  50. Әлімбаев М. Қыз бала. Жер. Ана // Өркен. – 1992. – 7б

  51. Әлімбаев М. Әңгіме «Әліппе» жайында // Халық кеңесі, 1992. 3 қараша. – 11б

  52. Әлімбаев М. Ерлік – елдіктің туы // Халық кеңесі, 1993. 7 мамыр. – 9б

  53. Әлімбаев М. Ер айнасы – еңбегі: еңбек туралы мақал, нақылдар. Алматы: Қайнар, 1968. – 152б

  54. Әлімбаев М. Денсаулығыңды ойласаң. – Алматы: Жазушы, 1970. – 146б

  55. Айтов Н. Аспаны биік ақындық // Қазақстан мектебі. – 1973. – 5б

  56. Бегалин С. Мүдірмей зырла, ақын інім // Қазақ әдебиеті. – 1973. 20 қазан. – 3б

  57. Қаниев А. Күн шуақ ақын Мұзаға // Қазақ әдебиеті. – 1999. 10 шілде. – 10б

  58. Марқасқа Мұзағаң: (Ақын М.Әлімбаев 70 жаста) // Алматы ақшамы. -1993. - 27 қазан. – 3б

  59. Негимов С. Алуан қырлы өнерпаз // Жас алаш. - 1993. - 30 қазан. – 4б

  60. Тәуірбай Қ. Сөз серкесі: (М.Әлімбай туралы) // Айгөлек. - 2002. - № 2. – 8б

  61. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Білім, 1998. – 203б

  62. Бисенбаева З. Талант таңдамалысы // Бастауыш мектеп. – 1994. №6. – 9б

  63. М.Әлімбаев., Тұрманжанов Ө. Өлеңдер, ертегілер. – Алматы: Жалын, 1989. – 182б

  64. Әлімбаев М. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1983. – Т.1: - 384б

  65. Әлімбаев М. Екі тақтай бір көпір. – Алматы: Балауса, 1992. – 191б






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет