«turan-junior – 2018» XVI қалалық оқушылар арасындаҒЫ



жүктеу 71.72 Kb.
Дата01.03.2018
өлшемі71.72 Kb.

"Turan Junior" оқушыларының арасындағы ең үздік жоба

қалалық байқауының ережесіне қосымша

«TURAN-JUNIOR – 2018»

XVI қалалық оқушылар арасындаҒЫ

Ең үздік жоба байқауы
Ұран: Қоғамның игілігі үшін жасалатын менің бастамаларым
ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
Назар аударыңыз! Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды.




Мероприятие

Іс-шара

Мерзімдері

Ескертпе

1.

Бацқаудың бірінші кезеңі - мектепаралық

Өткізу тәртібі білім беру мекемесі директорының бұйрығымен айқындалады (байқаудың тапсырмасы мен секциялары - 1, 2-Қосымшалар)

2.

Жобаны және оған қоса берілетін құжаттарды қабылдау

1-12 наурыз

Конкурстың техникалық хатшысымен алдын-ала телефон арқылы келісу қажет: 260-40-17, кеңейтім нөмірі 763

3.

Байқаудың екініші кезеңінің бірінші айналымы.

Жұрт алдында қорғалатын жобаларды іріктеу.



15-20 наурыз


Екінші кезеңге өткен қатысушылардың тізімі университет сайтында 27 наурызда жарияланады.



4.


Қалалық байқау кезеңінің Екінші айналымы.

Жұрт алдында жобаны қорғау.

3–4 сәуір

Жобаны қорғау кестесі университет сайтында 30 наурызда жарияланады.



5.

Номинациялар бойынша қалалық конференциялар.

12–17 сәуір

Өткізу мерзімі мен қатысушылар тізімі университет сайтында 9 сәуірде жарияланады.

3 Қосымшаны қараңыз

6.

Қорытынды іс-шара.

Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау.



«Мектептегі кәсіпкерлік» атты І Қалалық конференция


Өткізу мерзімі қосымша хабарланатын болады

Қорытынды іс-шара «Тұран» университетінің Акт залында өткізіледі. Конференцияға қатысушылар мен олардың тәлімгерлері, білім беру ұйымдарының басшылары және басқа да мүдделі адамдар шақырылады.




1 Қосымша
Байқау тапсырмасы


  1. Сыныптастар, басқа да мектеп оқушылары мен ұстаздар арасынан пікірлестерді табыңыз (жобаны жеке орындауға да болады)

  2. Өзекті мәселеге сипатты: (мысалы: ауа сапасы, қоқыс пен қалдықтар, денсаулық/тамақтану, көлік қатынасын ұйымдастыру, мінез-құлық мәдениеті/адами қарым-қатынас, инклюзивті орта және т.б.) келесі пунктерге сәйкес беріңіз:

  • Мәселе неден құралады? Мәселе кімге/неге және қалай әсер тигізеді? Мәселені таңдау негіздемесі

  • Мәселенің Қазақстанда (қалада, ауданда, мектепте) орын алғанына қанша уақыт болды?

  • Сізге дейін бұл мәселені шешуде қандай әрекеттер орындалды? Қандай әрекеттер, кіммен, қашан және қандай нәтижемен орындалды?

  • Сіз ұсынған шешімдер Қазақстанда (қалада, ауданда, мектепте) орын алған жағдайдың жақсаруына қалай әсерін тигізеді?

  1. Жобаңыздың мақсатын айқындаңыз.

  • Жобаңыз арқылы қандай мақсаттарға қол жеткізгіңіз келеді?

  • Жобаңыздың жүзеге асырылуы орын алған жағдайдың шешіміне қандай әсерін тигізеді?

  1. Өзекті мәселені тиісті әдістермен тексеріңіз.

  • Мәселені зерттеу мен шешімінде қолданылған әдістерді атап өтіңіз және сипаттаңыз.

  • Қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз? Оның маңыздылығы неде?

  • Жұмысыңыздың сапасын арттыру мақсатында жобаны жүзеге асыру бизнес жоспарын құрастыңыз (көмек алу үшін ... мекен-жайы бойынша орналасқан біздің университетке хабарласуыңызға болады: ).

  1. Қолайсыз жағдайды өзгертуге немесе жақсартуға бағытталған нақты идеяларыңызды ұсынып, (қажет және мүмкіндік болса) іс-шаралар жүргіңіз.

  • Жағдайды жақсартуға бағытталған идеялардың маңыздылығы неде? Олардың әлеуеті мен өміршеңдігін дәлелдеңіз.

  • Жағдайды жақсартуға бағытталған қандай іс-шаралар ұйымдастырдыңыз және олардың нәтижесі?

  • Іс-шараларды қай жерде өткіздіңіз және кім оған қатысты?

  1. Қоғам алдында өз іс-шараңыз жайлы айтып беріңіз.

  • Кімге жобаңыздың нәтижелері жөнінде хабарластыңыз?

  • Сіздің жобаңыз жайлы қоғамдық пікірді сипаттаңыз және оған баға беріңіз.

  1. Жобаның орындалу барысын және оның нәтижелерін құжаттаңыз.

  1. Баяндаманы «Turan-junior»1 қалалық байкаудың ережесімен сәйкес рәсімдеңіз.

  • Баяндамалар мен қоса жүретін құжаттардағы қатысушылар мен олардың тәлімгерлерінің аты-жөндерінің дұрыс жазылуын мұқият тексерулеріңізді сұраймыз.

  • Сайтта жарияланған екінші кезеңге өткендер тізіміндегі қатысушылар мен олардың тәлімгерлерінің аты-жөндерін және баяндама тақырыптарының дұрыс жазылуын мұқият тексеріңіздер. Қате анықталған жағдайда Нұрғалиева Айдана Бахытқызына хабарласуларыңызды сұраймыз (260-40-17, кеңейтім нөмірі 763).


2 Қосымша
Секциялар


  1. Жеке бизнес (бизнес-стартап)

  2. Азаматтық бастама

  3. Қауіпсіз және салауатты өмір салты

  4. Жаңа мекендеу орны

  5. Еркін тақырып


Секцияларға түсіндірме

  1. Жеке бизнес (бизнес-стартап)

Бұл номинацияға әр түрлі тауарлар мен қызметтерді құру немесе көтермелеу арқылы пайда табу және қандай да бір мәселені шешуге бағытталған кәсіпкерлік жобаларды құрастырған оқушылар қатыса алады.

Жобаларды аумақ пен (немесе) мемлекет тұрғындарына қызмет көрсету саласындағы бірегей тәсіл ретінде және кең ауқымды мүдделі адамдардың арасында тәжірибені тарату мақсатында ұсынуға болады.

  1. Азаматтық бастама

Қатысушылармен құрастылып және жүзеге асырылған әлеуметтік жоба қоғам өмірін жақсарту мен жергілікті өзекті мәселелерді шешудегі оқушылардың мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, бизнес өкілдерімен ынтымақтастығын бекітуге бағытталады. Әлеуметтік жобалау объектісі болып келесілер саналады:

  • Әлеуметтік қатынастар (қарттарға, мүгедектерге, жастарға, балаларға; тұтынушыға, тапсырыс берушіге және т.б.);

  • Әлеуметтік институттар (билік пен басқару органдары, саяси партиялар, аурухана, мектеп, жоғары оқу орны, қоғамдық ұйымдар және т.б.);

  1. Қауіпсіз және салауатты өмір салты

Қатысушылардың құрастырып және жүзеге асырылған әлеуметтік жобасы келесі мәселелерді шешуге бағытталады:

  • Әлеуметтік жағымсыз құбылыстар (темекі шегу, нашақорлық, балағаттау, маскүнемдік және т.б.);

  • Қауіпсіз және салауатты өмір салтын жүргізетін адамдар мен топтардың қауымдастығын құру;

  • Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түрлі құрылғылар мен құрылыстарды құрастыру;

  • Қауіпсіз және салауатты өмір салтын насихаттайтын арнайы оқытулар жүргізу;

  • Салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, жастар арасында өмірлік бағыттар мен құндылықтарды өзгерту;

  • Қалада жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру, халық арасында көлік қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау, балалар, ата-аналар мен жүргізушілердің арасында жол-көлік апатының алдын алу шараларын өткізу;

  • Төтенше жағдайларда адамдардың мінез-құлқы;

  • Экологиялық қауіпсіздік, сонымен қатар энерготиімді технологияларды пайдалану туралы идеяларды тарату;

  • Тақырыпқа қатысты басқа да жобалар.

  1. Жаңа мекендеу орны

Қатысушылардың әлеуметтік жобасына келесі тақыптар ұсынылады:

  • Халықтың мәдени демалыс құндылықтарын насихаттайтын әлеуметтік-мәдени, креативті кеңістікті дамыту;

  • Оқушылардың интеллектуалды әлеуетін дамытуға бағытталған креативті білім беру кеңістігін дамыту;

  • Оқушының бір уақытта білім алып және жұмыс істей алу мүмкіндігі бар орындарды құру;

  • Инновациялық оқу әдістерін, соның ішінде онлайн-құралдарды дамыту (онлайн курстар, симуляторлар, тренажерлар, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын онлайн әлем ойындары);

  • Экологиялық таза ортаны құру және/немесе дамыту;

  • Әлеуметтік ортаны жақсарту (пандустар, аялдамалар, жарнама, демалыс орындары, иттерді серуендету, ойын алаңдары, ғимараттардың, тарихи объектілердің, стадиондардың сыртқы көрінісін әрлеу және т.б.);

  1. Еркін тақырып

Қатысушылардың жоғарыда аталған номинациялардан басқа тақырыптағы әлеуметтік жобалары құрастырылып жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жоба авторлық және өзекті мәселені шешуге бағытталған болу керек (рефераттық жұмыстар байқауға қабылданбайды).
3 Қосымша

Жоғары сынып оқушылар конференциясына түсіндірме

Конференция жобаны жұрт алдында қорғау қорытындысы негізінде өткізіледі. Конференцияға ең үздік жеті жоба ұсынылады, онда балалардан құрылған қазылар алқасы «Евровидение» жүйесі бойынша бағалайды.

Конференцияда жобасын ұсынған 25 10-11 сынып оқушылары қазылар алқасына тағайындалады. Балаларға өз сыныптастарынан басқа баяндамашаның аты-жөні мен баяндама тақырыбы көрсетілген бюллетендер үлестіріледі.

Егер оқушы жұрт алдында қорғау номинациясының жеңімпазы мен конференция қатысушысы болса, оған екі сыйақы тапсырылады.



Тәжірибе көрсеткендей, ересек қазылар алқасының (жұрт алдында қорғау бойынша) және балалар қазылар-алқасының (конференциядағы) бағалауы сәйкес келмеуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет