Туристі міндетті сақтандыру ережелері жалпы ережелер



жүктеу 0.53 Mb.
бет1/4
Дата22.04.2019
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4


ТУРИСТІ

МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

ЕРЕЖЕЛЕРІ


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1. Осы Туристі міндетті сақтандыру Ережелерінің (бұдан әрі – Ережелер), сонымен қатар Қазақстан Републикасының 31 желтоқсан 2003 жылғы № 513-II «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Заңының (бұдан әрі – «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Заң) шарттарында «Номад Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Сақтандырушы) туристі міндетті сақтандыру шарттарын (бұдан әрі – Туристі сақтандыру шарттары) жасайды.

    2. Туристі міндетті сақтандыру «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) сәйкес Сақтандырылған тұлғаның пайдасына сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады.

    3. Ережелерде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

  1. Ассистанс – ассистанс компанияныңСақтандырылған тұлғағасақтандыру жағдайының басталуы салдарынан техникалық, медициналық және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыруы;

  2. Ассистанс компания – туристі міндетті сақтандыру шартының аясында сақтандырушымен шетелге баратын туристке (Сақтандырылған тұлғаға) ассистанс ұсыну туралы шарт жасасқан заңды тұлға;

  3. Сақтандыру омбудсманы – Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына сәйкес сақтандыру нарығының қатысушылары арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;

  4. Сақтандырушы – «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ;

  5. Турбелгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;

  6. Турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;

  7. Туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;

  8. Туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрі - турагент) туроператор қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;

  9. Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi қалыптастыру, оны туристiк агенттер мен туристерге ұсыну және өткiзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес қалыптастырған туристік өнімді ұсыну мен өткізу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi (бұдан әрі – туроператор);

  10. Сақтанушы – Сақтандырушымен Сақтандырылған тұлғаның пайдасына туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан шығу туризмі саласындағы туроператор.

  11. Пайда алушы – Сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.

  12. Сақтандырылған тұлға шетелге шығатын турист.

  13. Сақтандыру төлемісақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру сомасы шектерінде сақтандырушыныңСақтандырылған тұлғаға(пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы.

  14. Сақтандыру жағдайы – басталуымен туристі міндетті сақтандыру шартыСақтандырылған тұлғаға(пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруды қарастыратын оқиға.

  15. Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы.

  16. Сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысының туристі міндетті сақтандыру шартымен анықталған мөлшерде сақтандырыушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін төлеуі тиі ақша сомасы.

  17. Туристі міндетті сақтандыру – Сақтандырылған тұлғаның осы Ережелерде көрсетілген оқиғалардың салдарынан күтпеген шығындардың туындау тәуекелімен байланысты мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешені.

  18. Сақтандыру сертификаты –Сақтандырылған тұлғаға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екендігін растайтын және жасалынған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау ретінде сақтандырушымен ресімделген сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру өтелімінің шарттары туралы ақпаратты мазмұндайтын құжат.

  19. Туристі міндетті сақтандыру шартының әрекет ету аумағы (сақтандыру аумағы) - туристік қызметтер көрсету аумағы.

    1. Сақтандыру шарттары бұдан әрі Сақтанушылар деп аталатын шығу туризмі саласындағы туроператорлармен жасалады. Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері сақтанушылар болуы мүмкін.

    2. Сақтанушы бұдан әрі Сақтандырылған тұлға деп аталатын туристпен сақтандыру сертификатын жасасады.

    3. Сақтандыру шартындағы сақтанушының немесе оның өкілінің қолтаңбасы оның Ережелермен толық келісімінің растамасы болып табылады.




  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1.Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңның талаптарын ескере отырып жасалған сақтандыру шартының негiзiнде, туристiң моральдық зиянды және ала алмаған пайданың өтемiне байланысты талаптарын қоспағанда, пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттенедi.



  1. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ

    1. Осы Ережелерде көрсетілген сақтандыру жағдайларының басталуы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген Сақтандырылған тұлғаның мүліктік мүддесі туристі міндетті сақтандыру объектісі болып табылады.




  1. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ

    1. Ережелерге сәйкес, туристі міндетті сақтандыру шарты күшіне енгеннен кейін басталған келесі оқиғалар сақтандыру жағдайы болып танылады:

1) сақтандыру аумағында орын алған, Сақтандырылған тұлғаның қайтыс болуына немесе оның денсаулығына зиян келуіне алып келген жазатайым оқиға.

Жазатайым оқиға ретіндеСақтандырылған тұлғағақатысты кездейсоқ, күтпеген, байқаусыз, сыртқы оқиға немесе әсер түсініледі;

2) күтпеген жерден асқынған ауру, денсаулық жағдайының кенеттен нашарлауы және (немесе) денсаулыққа елеулі зиянның алдын-алу немесе өмірге қауіпті жою үшінСақтандырылған тұлғағажедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін созылмалы аурудың асқынуы.

    1. Сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандырушымен осы шығындарды растайтын, Сақтандырылған тұлғамен немесе ассистанс компаниямен ұсынылған құжаттардың негізінде Сақтандырылған тұлғаның іс жүзіндегі шығындарынан шыға отырып анықталады.



  1. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫНАН АЛЫП ТАСТАУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУДЫ ШЕКТЕУ

    1. Сақтандырушыны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың жалпы негіздерінен басқа, Сақтандырушы жауапкершілік көтермейді жәнеСақтандырылған тұлғағасақтандыру төлемін төлеуден толығымен немесе ішінара бас тартуға құқылы, егер сақтандыру жағдайы төмендегілердің салдарынан орын алатын болса:

      1. соғыстар; басып кіру; шетелдік мемлекеттің жаулық әрекеті; әскери немесе соларға ұқсас операциялар (соғыс жарияланған ба немесе жоқ па, тәуелсіз) немесе азаматтық соғыстар;

      2. бүлік; ереуілдер; локауттар; халық көтерілісінің мөлшеріне иеленетін немесе халық көтерілісіне дейін жететін азаматтық тәртіпсіздіктер; бүлікшілік; азаматтық толқулар; әскери бүлік; төңкерістер; әскери басып алу немесе билік узурпациясы; тәркілеу; мүлік реквизициялары немесе мемлекет меншігіне алу; терроризм актілері1;

      3. радиобелсенді сәулелену немесе радиобелсенді отынмен немесе атомдық отынды жағудан шыққан радиобелсенді қалдықтармен ластану;

      4. табиғи апаттар – жер сілкінісі, найзағай соғуы, су басу, сел, дауыл, құйын, опырылу, көшкін, қар көшкіні;

      5. Сақтанушының немесе Сақтандырылған тұлғаның қасақана әрекеттері;

      6. Сақтанушының/Сақтандырылған тұлғаның сақтандыру жағдайының пайда болуына бағытталған немесе оның басталуына көмектесетін әрекеттері (қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерді қоспағанда);

      7. Сақтанушының/Сақтандырылған тұлғаның заңнамалық тәртіпте сақтандыру жағдайымен себептік байланысы бар қасақана қылмыстар немесе әкімшілік құқықбұзушылықтар деп танылған әрекеттері;

      8. Тойтарылмайтын күш оқиғалары.

    2. Сақтандыру төлемі жүзеге асырылмайды:

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сақтандырылған тұлғаның жауапкершілігін болдырмайтын жағдайларда;

      2. Сақтанушының немесе (және) Сақтандырылған тұлғаның Сақтандыру шартының/сақтандыру сертификатының ережелерін орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау жағдайында.

    3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін келесілер үшін жүзеге асырмайды:

      1. Үшінші тұлғаның (жәбірленушінің) жанама коммерциялық шығындары, жәбірленушінің тауарларды жеткізу немесе жұмыстарды өндіру (қызмет көрсету) мерзімдерін бұзуына байланысты шығындар (айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы және т.б.), шарттар бойынша өзге міндеттемелер, үшінші тұлғалардың жоғалтылған табысы;

      2. Моральдық зиян;

      3. Сот шығыстары;

      4. Үшінші тұлғалардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян;

      5. Сақтанушының, Сақтандырылған тұлғаның және (немесе) Пайда алушының Сақтандыру шартының ережелерін орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау жағдайында.

    4. Туристі міндетті сақтандыру шартымен сақтандырудына алып тастаудың өзге тізімі немесе сақтандырудың өзге де шектеулер мен сақтандыру жағдайларынан алып тастаудың өзге тізімі қарастырылуы мүмкін.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет