Туризм дамуындағы көлік инфрақҰрылымының Әлеуеті бегімсалова Әсел Талантқызы



жүктеу 58.87 Kb.
Дата05.10.2017
өлшемі58.87 Kb.

ТУРИЗМ ДАМУЫНДАҒЫ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ
Бегімсалова Әсел Талантқызы

asel_begimsal@mail.ru

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ің студенті, Астана қ., Қазақстан

Ғылыми жетекшісі – Сыздықбаева Б.Ұ.


Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономиканың қарқынды дамуы елдегі тасымал көлемінің біршама өсуіне, сәйкесінше жолаушылар тасымалы, жүк тасымалы, соның ішінде ішкі және халықаралық транзит көлемінің артуына әкелетіні сөзсіз.  Егер республиканың қалыптасу жылдарында көлік жүйесін дамыту мен қолдау туралы айтылған болса, қазіргі жағдайларда көлік жүйесінің инфрақұрылымы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді перспективаға арналған катализаторына айналып, ел ішіндегі аймақаралық байланысты және ел экономикасының әлемдік жүйеге ықпалдасуын қамтамасыз етуі, қазіргі заман, сапа мен қауіпсіздік өлшемдеріне сай келуі тиіс. Ел ішіндегі көлік жүйесін дамытпайынша, жаһандану жағдайларында Қазақстан экономикасын әлемдік жүйеге сәтті ықпалдастыру мүмкін емес. Жаһандану жағдайында Қазақстанның аумағының кеңдігі, экономиканың және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі көбіне көлік-коммуникация кешенінің тиімді қызметіне байланысты болады. Мемлекеттік көлік және транзиттік саясатқа сәйкес келетін жоғары технологиялы көлік инфрақұрылымы отандық тауарлардың, қызмет көрсетулердің және тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің кепілдігі болып табылады [1]. . Мысалы өнеркәсіп өндірісінің 1 % -ға өсуі тасымал көлемінің 1,5-1,7 %- ға дейін өсуін көрсетеді. Алайда, көлік және логистика инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы елдің көлік кешені қызметінің нәтижесінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Бұл Бүкіләлемдік банктің логистика дамуы көрсеткіші бойынша LPI(Logistics Performance Index) рейтінгімен ұсынылған 2012 жылдың қорытынды мәліметі болып табылады. Рейтинг бойынша Қазақстан әлемнің 155 мемлекетінің ішінде 86-орында [2]. Мұндағы көрсеткіштің төмен болуы еліміздегі көлік-логистика инфрақұрылымы даму деңгейінің төмен екендігімен түсіндіріледі.

Сол себепті де көлік инфрақұрылымын дамыту ел экономикасын көтеруде маңызды фактор болып саналды. Бұл ел Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатында ерекше нысанға алынып, Солтүстік-Оңтүстік және Батыс-Шығыс бағыттарында континентальды және трансконтинентальды транзитті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы магистральдар желісін құру, еліміздің әуе кеңістігі арқылы транзиттік бағдарлар желісін қалыптастыру, дүниежүзілік байланыс орнататын қуатты көлік тораптарын “хабтар” жасауға айырықша басымдық берілген болатын.

Қазіргі уақытта елімізде көлік кешендерін қайта жөндеуден өткізу және республикалық көлік-логистикалық жүйені қалыстартыру барысында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сыртқы және ішкі тұтынушылық сұранысты кеңейту факторларының ықпалы ішкі жалпы өнімнің (бұдан әрі – ІЖӨ) өткен жылмен салыстырғанда 5 %-ға нақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді

1-кесте


Теміржол көлігінің көрсеткіштері, 2014 ж.

Атауы

Өлшем бірл.




Тарифтік жүк айналымы

Млн.ткм

216 524

Жолаушылар айналымы

Млн. жкм

16 438

Қазақстан аумағы арқылы өтетін теміржол көлігі транзитінің өсу көлемі

%

14,6

Өсудің оң серпіні көлік секторында да көрініс тапты, мұнда 2012 жылдың қорытындылары бойынша көсетілетін көлік қызметтері жүк айналымын ұлғайту есебінен 2013 жылмен салыстырғанда 7,2 %-ға, ал 2012 жылмен салыстырғанда 22,0 %-ға өсті [3].

2-кесте


Автомобиль көлігінің көрсеткіштері, 2014 ж.

Атауы

Көлемі

Өсім,%

Тасымалданған жүк, млрд. тн

3,1

4,9

Жүк айналымы, млрд. ткм

155,1

6,8

Тасымалданған,жолаушылар,млрд.адам

21,2

6,4

Жолаушылар айналымы, млрд. жкм

215,2

5,8

Экспортталған жүк, млн. тн

1,8

4,0

Импортталған жүк , млн. тн

2,0

1,0

Транзит, млн. тн

1,6

1,3

Жоғарыда, 1-2 кестелерде көрсетілген мәліметтер негізінде еліміздегі көлік инфрақұрылымының даму деңгейі біршама өсу көрсеткішіне ие екендігі байқалады.

Осы орайда, Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесін дамытудың негізгі үш бағыты айқындалады:


  • Транзиттік әлеуетті жоғарылатуды жүзеге асыру бойынша міндеттер;

  • Жолаушылар тасымалын дамыту бойынша міндеттер;

  • Эконмиканың ішкі қажеттіліктері мен экспортты дамыту бойынша міндеттер;

Аталған міндеттерді жүзеге асыру барысында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол » жаңа экономикалық саясатының негізінде еліміздің автомобиль көлігі саласында 12 жоба (Батыс Еуропа –Батыс Қытай, Орталық – Оңтүстік, Орталық – Шығыс, Орталық – Батыс, Алматы – Өскемен, Астана – Петропавл, Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды, Жезқазған – Петропавл, Орал – Каменка, Үшарал – Достық, Жетібай – Жаңаөзен, Астананың оңтүстік-батыс айналмасы), теміржол көлігі саласында 2 жоба (Боржақты - Ерсай , Алматы – Шу) , су көлігі саласында 2 жоба ( Құқық порты аумағында паром кешенін тұрғызу, «Хоргос – Шығыс қақпасы » АЭА), әуе көлігі саласында 1 жоба (Астана қаласы әуежайында жаңа терминал салу және әуежай кешенін қайта жаңарту) жүзеге асырылуда [1].

Жолаушылар тасымалын дамыту бойынша көлік дамуының негізгі көрсеткіші 3 кестеде көрсетілген [4].

3- кесте

Тасымалданған жолаушылар саны мың адам



 

2011 ж.

2012 ж. б

2013 ж.

2014 ж.

Барлығы

13186,5

16647,2

18484,6

20004,3

соның ішінде:

 

 

 

 

темір жолмен

19,6

20,5

24,4

28,6

автобуспен*

10594,4

13259,2

14687,5

15757,4

әуемен

3,4

4,1

4,5

5,0

Көліктің барлық түрінің жұмыс жасауы, көліктік-логистикалық орталықтар жүйесінің жасалуы, қөлік жүйесінің тиімділігін арттыру оны қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілетті элементіне айналдыру болашақта Қазақстандық көлік кешенінің әлемдік көлік жүйесінің бір бөлігі болуына толықтай мүмкіндік беретіні айғақ.

Жоғарыда мазмұндағандай, қазіргі уақытта экономика мен халықтық көлік қызметтеріне деген сұраныс өте жоғары. Сол себепті де тиімді және тұрақты көлік жүйесі құру ҚР индустриялық даму негізі болып қана қоймай, сонымен қатар, өңірлік экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және Қазақстанның әлемдік экономикаға одан әрі интеграциялануына негіз құрайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы //ҚР Президентінің 2013 жылғы 13 қаңтардағы №725 бұйрығы, 2013 ж.

2. Уркимбаев А. Эксперты от 15.01.2014 г. [Электронды қор]. – Кіру тәртібі: kapital.kz/expert/25573/za-schet-logistiki-v-stranah-chlenah-ts-formiruetsya-10-12-vvp.htm

3.Искалиев Е. Развитие транспортно-логистической системы Республики Казахстан // [Электронный ресурс]. - Режим доступа: www//«kazlogistics»



4. Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің сайты [Электронды қор]. – Кіру тәртібі: stat.gov.kz

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет