Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Қазақстандықтар балаларына алпауыт мемлекеттердің тізгінін ұстап отырған президенттердің есімін берді. Олардың қатарында Ресей мен АҚШ-тың мемлекет басшылары да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 Фото: pixabay.com

Елімізде 1 балаға Путиннің, біреуіне Трамптың есімі берілсе, 8 баланың есімі Американың қазіргі президенті Джо Байданнің құрметіне қойылды. Сондай-ақ 12 балаға Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі беріліп, ел президенті аталмыш тізімде көш бастап тұр.

Қазақстандықтар жаңа туған сәбилерін саяси көшбасшылардың есімімен ғана емес, ел, қала аттарымен де атап жүр. Мысалы, елімізде Қазақстан, Астана, Алматы, Шымкент, тағы да басқа қалалардың аты берілген балалар тұрады. 

Бұған дейін Әділет министрлігі балаға қандай есім беруге болмайтынын айтқан еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.