Тєуелсіз ќазаќстан мен германия арасындаѓы ынтымаќтастыќ динамикасы



жүктеу 66.47 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі66.47 Kb.


ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН МЕН ГЕРМАНИЯ АРАСЫНДАҒЫ  ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  ДИНАМИКАСЫ
Налибаева У.Б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз


Біз жаһандық экономикалық үрдістерге сай дамып келе жаткан елміз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық техналогияларды  өз елімізде жасалғанын және жасалуында аса үлкен қарқынмен ат салысудамыз. Еліміз Егемендік алған  жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған, кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды [1].

Қазақстанда болып жатқан ірі әлеуметтік-саяси және экономикалық түрленуді ескере отырып, Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатының ұзақ мерзімдік мақсаты ретінде ел ішінде реформаны табысты өткізудің, Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының қолайлы жағдайларын қалыптастыру мен қолдауын анықтады. Мұндай белгілеу, оның сыртқы прагматизміне қарамастан, дипломатиялық жұмыс саласының изоляционизміне немесе тарылуына шақыруын білдірмейтіндігі аян. Керісінше, ішкі реформаларды табысты жүргізудің шұғыл жағдайы ретінде Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа, барлық мүдделі елдермен екі жақты ынтымақтастықты және халықаралық ұйымдардағы белсенді жұмыстарын дамыту жолымен лайықты ену міндеті қойылды [2].

Қазақстан өзінің геосаяси жағдайының ерекшеліктеріне қарай көп векторлық саясатын, еуропалық, сондай-ақ азия елдерімен тепе-теңдік қатынастардың даму бағытын жүзеге асыра отырып, даму бағытын алға қарай айқындайды. Егемендік алғаннан бері Қазақстан президенті ГФР- ге біраз сапар жасады. 2010 жылдың шілде айында ГФР-дің Федералдық Канцлері Ангела Меркель де Қазақстанға тұңғыш ресми сапарын жасады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екіжақты келіссөздер жүргізді. Ал желтоқсан айында А.Меркель Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитіне қатысу үшін екінші рет келді. Осы шараның аясында Н.Назарбаев А.Меркельді қабылдап, кездесу өткізді. Осы кездесу барысында қазақ елінің қонақжайлығы және осынау саммитті ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді. Саммит тұңғыш рет Орталық Азияда өтіп жатыр, бұл бізді осы аймаққа басқаша көзбен қарауға итермелейді. Соңғы рет саммит осыдан 11 жыл бұрын өтті, одан бері тұтас дүние, оның ішінде Ванкуверден Владивостокқа дейінгі аралық адам танығысыз өзгерді. Сондықтан, ЕҚЫҰ-ы алдында сол өзгерістерге ілесу деген үлкен міндет тұр деп, жылы достық қарым- қатынаспен қоштасты [3].

ГФР- Еуроаймақтың негізгі экономикалық локомативі болып отырған ел. Осы аймақтағы барлық ІЖӨ- нің 28 пайызы осы елдің үлесінде. Міне Қазақстан осындай елмен қарқынды достық қарым-қатынаста дамып келе жатыр. 2010 қорытындысына қарағанда ГФР Қазақстанның дүние жүзі елдері арасында алтыншы орындағы сауда әріптесі болды. Сауда айналымы дүниежүзілік қаржы дағдарысына қарамай 3, 58 млрд. долларды құрады. Ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 3, 69 млрд. долларға жетті. Соның ішінде экспорт 1, 6 млрд. Доллар ал импорт 2, 08 млрд. долларды құрады. Германиядан импорталатын өнімдер қатарында мәшинелер мен жабдықтар, электр тауарлары және автомабильдер алдынғы орында.  2011 жылы Германия автомабиль өндірісінде рекордты көрсеткішке жетіп 5, 9 млн. Дана мәшине шығарды. Ал Қазақстаннан Германияға негізінен ферроқоспалар барлық экспортың 52, 1 пайызын мұнай мен газ және күміс құрайды [3].

ГФР Қазақстанға тікелей инвестиция әкелуші аса ірі инвесторлар қатарына жатады. 1993 жылдан 2011 жылдың соңына дейін Германия Қазақстан экономикасына 1 млрд. доллардан астам инвестиция құйған. 2012 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке қарағанда, Қазақстанда Германия капиталының қатысуымен 1200 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Сондай-ақ Қазақстанда Германияның «Freudenberg», «Pazdera AG», «Frontier Capital Partners» және т.б. атақты компанияларының филиалдары ашылды. Аймақаралық және сала аралық байланыстардың дами түсуі де екі елдің арасындағы өзара тиімді шаралардың көптеп ұйымдастырылуының арқасында болып отыр. Мәселен, 2011 жылы Қазақстанға Төменгі Саксония жерінің экономика министрі  Й.Боде бастаған делегация келіп кетті. Экономиканың әртүрлі саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтар қатарына немістің «Thyssen Krupp» және «Sillicium Kazakstan» компанияларының Қарағанды облысында металлургиялық кремний өндіретін зауыт салып жатқанын айтуға болады. Бұл зауыт жылына 25 мың тонна кремний шығармақ. Ал инвестициялық жобаның жалпы құны 75млн.     

Германия капиталының арқасында іске қосылатын өнеркәсіп саласындағы тағы бір ірі жоба – «Сарыарқа» ЕЭА аумағында салынып жатқан ферросиликалюминий шығаратын зауыт. «Сименс» компаниясымен бірлесе отырып Атырауда мұнай-газ саласына арналған газтурбиналық агрегаттар шығару ісінің қолға алынғанын да атап өтуге болады.  Ауыл шаруашылық саласының даму қарқыны 2011 жылдың қыркүйек айында Ақмола облысында « Даладағы неміс күні » атты шара ұйымдастырылып, Қазақстанда тұңғыш рет Германияның аграрлық орталығы ашылды [4] .

Ал мәдени – гуманитарлық саладағы ынтымақтастық көлемі де артып келеді. 2011 жылы Германияның Гумбольдт атындағы университетінде «Қазақстан және қазақ тілі» атты лекторат ашылды. Осы жылдың 1-2 желтоқсанында Гиссенн университетінде қазақ тілінің мәселелеріне арналған халықаралық симпозиум болып өтті. Қазір Қазақстан аумағында 180 мың адамға жуық неміс этносы тұрады. Ал Германияға қоныс аударған 900 мың неміс пен 1 мыңдай қазақ өздерінің бұрынғы отандарымен байланысын толық үзген жоқ. Екі елдің гуманитарлық саладағы байланысының жандануына осы фактор да айтарлықтай оң әсер етіп отыр. Жалпы, Қазақстанда неміс халқы өкілдерінің 18 этномәдени бірлестігі жұмыс істейді, сондай-ақ арнайы телебағдарламасы бар, газет шығып тұрады [4].

Бүгінгі таңда екі ел арасында денсаулық салаындада әріптес болып жүрміз оған мысал: Денсаулық сақтау  министрі  Салидат Қайырбекова  Қазақстан Республикасының Бавария мен  Тюрингиядағы құрметті елшісі Райнхольд Крэммелмен денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кездесу болып өтті  кездесу барысында министр Салидат Қайырбекова  қонақты  республикадағы денсаулық сақтауды дамытудағы  «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі  бағыттармен  таныстырды. Бұдан басқа, С.Қайырбекова аталған саладағы ынтымақтастықты жандандыру  бойынша бірқатар бағыттарды ұсынды, оның ішінде  германдық серіктестерді  мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде медициналық нысандарды салуға тарту  да бар [5].

Кездесу кезінде тараптар жүрек- қантамырлары, онкология және басқа да ауру түрлерін емдеуге алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу және  екі елдің ғылыми медициналық ұйымдарының арасындағы байланысты дамыту, сондай-ақ отандық мамандарды оқыту және германдық дәрігерлерді Қазақстанның клиникаларына мастер-класстар өткізге шақыру туралы  сұрақтарды талқылады [5].

Қазіргі кезде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты мен Мюнхен техникалық университетінің медицина факультеті арасындағы бірлескен ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламасы бойынша серіктестік жалғасын табуда. Медицина кадрларын даярлауда алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу  мен білім беру стандарттарын жетілдіру үшін АМДБЖИ  базасында  Мюнхен техникалық университетінің медицина факультетінің  орталығы ашылған. «Қазіргі кезде отандық фармацевтикалық нарықта Германияда шығарылған 700-ден астам позициядағы дәрі-дәрмектік құралдар мен 1000 шамалы медициналық мақсаттағы  заттар  және медтехникалыр тіркелген», - делінген министрлік ақпаратында.  Сонымен қатар, дәрігерлдердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі Германияның тәжірибесін үйрену мәселесі де сөз болды [6].

2012 жылы 8 ақпан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ГФР-ге жасап отырған жетінші сапары. Соңғы ресми сапарын Елбасы 2009 жылдың ақпан айында жасаған еді. Сол жолы Германияның  сол кездегі Федералдық президенті Хорст Келермен және Канцлер Ангела Меркельмен кездесіп, келіссөздер жүргізген. Осы кездесулер Қазақстан мен Германия арасындағы кейінгі байланыстардың тығыз дами түсуіне айрықша серпін берді. Қазір Германияда 82, 5 млн. адам тұрады, яғни Еуропада халық саны жөнінен бірінші орында тұр. Ал жер көлемі – 357 мың шаршы шақырым. Ел астанасы Берлин қаласының 3, 5 млн.-дай тұрғыны бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға сапары Федералдық сыртқы істер министрі Гвидо Вестервеллемен кездесуден басталды. Тараптар екіжақты және көпжақты мәселелер бойынша пікір алмасып, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Қазақстан жағынан кездесуге Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов, Президенттің көмекшісі Нұрлан Ермекбаев және Қазақстанның ГФР-дегі елшісі Нұрлан Онжанов қатысты. Осыдан кейін Президент Н.Назарбаевтың кортежі Германияның сыртқы істер жөніндегі саясаты атты ғылыми-зерттеу институтына бет алды. Мұнда Н.Назарбаевты институттың директоры Ж.Шнайдер және т.б. адамдар қарсы алды. Осында Елбасы Н.Назарбаев ГФР-дің бұрынғы вице-канцлері және сыртқы істер министрі болған Г.-Д.Геншермен кездесті. Біраз уақытқа созылған пікір алмасудан кейін Президент Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды. Жақын уақыттарда Қазақстан 50 млрд. доллардан асатын 200-ден астам жобаларды іске асыратын болады. Саяси жүйені де реформалау жұмыстары  жүргізілуде [6].

Одан әрі Н.Назарбаев 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан, Ресей, Беларусь арасындағы БЭК-тің артықшылықтарын атап өтті. Осы интеграциялық құрылым арқылы біз төрт жылда Еуропаның қырық жылда қол жеткізген табысына жететін боламыз деп үміттенеміз, деді Елбасы. Бүгінгі күні БЭК пен Еуроодақтың экономикалық әлеуетін бірлестіруге жағдай туып отыр. Бұл барлық Еуразия құрлығының экономикалық тұрғыдан дамуы мен әлеуметтік тұрғыдан жаңа жетістіктерге жетуіне мүмкіндік тудырады [7].



Қазіргі таңда екі ел арасындағы байланыс қарқынды үрдіспен дамуда бул салаларды денсаулық, ауыл шаруашылық т.б да салалар толықтыруда.
Әдебиет


  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан республикасының егемен мемлекет ретінде тұрақтануы және даму стратегиясы». Алматы.- 1992.

  2.   2. Назарбаев Н.Ә. «ХХI ғасыр табалдырығында». Алматы 1996.

  3.   3. Самрат  Ж. Әдемі әдіптелген әріптестік. [мәтін] // Егемен Қазақстан. – 2012. – 8 ақпан, 1, 4 б. Қазақстан президенті Н. Назарбаевтің ГФР- ге сапары.

  4. Самрат  Ж.  Өзара ынтымақтастыққа өріс кең. [мәтін] // Егемен Қазақстан. – 2012. – 9 ақпан, 1, 2 б.  Қазақстан президенті Н. Назарбаевтің ГФР- ге сапары.

  5. Намазбеков М. Н. «Экономика Германии: современное состояние и перспективы» // Analytic – 1/ 2003ж. - 36 б.

  6. Әліпбаев А. Р. Қазақстан мен Германия қарым – қатынасындағы 2009 ж. нәтижелер мен мәселелері. Алматы. - 2011. – 146 – 152 б.

  7. Төрежан Қ. Қазынаның тамыры қазақ жерінде [мәтін] // Айқын. -  2012. – 26 маусым – 1б.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет