Тєуелсіз ел тірегі – білімді ±рпаќ



жүктеу 306.75 Kb.
Дата26.06.2018
өлшемі306.75 Kb.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ


Тақырыбы: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ»
Түрі: Танымдық сайыс
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру.
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отанды сүюге байлығымызды қорғауға болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.


Дамытушылығы:Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Тірек сөздер, слайдтар, көрнекіліктер, оқушы шығармашылықтары т. б.
Әдісі: Сұрақ – жауап
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер
Қатынасушылар: 3-сынып оқушылары

Жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі


ІІ. Негізгі бөлім.
1. Таныстыру
2. «Бәйге»бөлімі
3. «Қасиетті жетілік»бөлімі
4. «Кім тапқыр?»бөлімі
5. Шығармашылық тапсырма. «Отаным менің - Қазақстан»
6. «Көкпар»бөлімі
ІІІ. Қорытынды

Сәлеметсіздер ме ұстаздар, оқушылар!


Бүгінгі 3 сыныптың оқушылары арасында өткелі отырған «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер! Алдымен мен сыныптың оқушыларымен сұхбат жүргізейін.
Қымбатты оқушылар! Сіздер 3-ші сынып оқушыларының арасынан келіп отырған білімді, мықты, талапты, ойшыл оқушыларсыздар . Әр сыныптан 3 оқушыдан төрт топқа бөлініп отырсыздар.
Сіздер топтарыңыздың атын, төс белгісін кезектесіп таныстырып кетіңіздер. (оқушылар танысады)

І- Бөлім:Таныстыру


- Оқушылар: Адам өмірінің 90% жақсылықтан, 10% жаман нәрселерден тұрады екен. Сондықтан бір – бірімізге жақсылық тілеп, мейірім төксек біздің жанымыздан үш жақсы нәрсе табылады екен.
«Ой шақыру» жүргізу.
Оқушылар: Бұл күнде біздің Республикамыз - өз алдына тәуелсіз мемлекет.
Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ екенін атап көрсетті. Сондықтанда ұстаздардың міндеті елін, жерін сүйетін, отанын қорғайтын, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу болса, шәкірттердің алдында жақсы оқып, тәрбиелі саналы ұрпақ болу міндеті тұр.
Сонымен: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп білімді сарапқа салар сәтті
бастайық.
Біздер алдымызда білім сайысына түскелі отырған 8,9-10-сыныптың зерек те, білгір, тапқыр, ойшыл оқушыларынан құралған команда.
Сыныптағы 4-5 оқушы сайыстың жүйріктері, ал қалған оқушылар жанкүйерлер мен сырт көздің қызметін атқарушылар. Арамызда сарапшы ұстаздарымыз да бар. Алдымен сайыстың ережесін түсіндіріп жіберейін. 1-ші сұрақ оқылады, тыңдап алып жауап беріледі. Әр сұрақтың жауабы 1 ұпайға есептеледі. Дәл толық жауап берген оқушы қоржынына алтын жұлдыздарды жинайды. Яғни 1 ұпай – 1 жұлдызға саналады. 1-ші оқушы білмесе 2-ші оқушы қол көтеріп жауап береді. Сайыстың ережесін түсінсеңіздер, бастаймыз. Бәріңізге табыс тілейміз.

10 сұрақ топ басшыларына оқылады.


1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?(1991. 16. XII)
2. Тұңғыш рет қазақ тарихында кім және қашан ұшты?
(1991. 2 қазан. Тоқтар Әубәкіров)
3. Ел рәміздерін атаңыз? (ту, елтаңба, әнұран)
4. Жүз жасаған жыр алыбы. (Жамбыл)
5. Елтаңбаның негізгі бояуы қандай? (Алтын түстес)
6. Қазақ елінің астанасы? (Астана)
7. Әнұранның авторлары кімдер?(Әнін жазған:Ш. Қалдаяқов
Сөзін жазған:Н. НазарбаевЖ. Нәжімеденов)
8. Атырау облысының әкімі кім? (Бергей Рысқалиев)
9. Қазақ балаларына алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)
10. Тудың авторы? (Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков) өнер қайраткері
-3 «б» сынып оқушысы Ақбөбектің биін тамашалаймыз.

ІІІ. Бөлім: «Қасиетті жетілік»


1. Сезім мүшелерін ата? (көз, мұрын, құлақ, тері, тіл)
2. Заттың қимылын білдіретін сөздерге сұрақ?
(не істеді? не қылды? қайтті?)
3. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)
4. Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін айт?
5. Қазақтың ұлттық аспаптары? (Домбыра, қобыз, жетіген)
6. Жердің қоршап тұрған ауа қабаты? (Атмосфера)
7. Н. Ә. Назарбаев қай жылы тұңғыш рет елбасы атанды?
(1991 жылы 1желтоқсан)

ҮІ. Бөлім:Кім тапқыр?


(қызықты сауал, қызықты жауап)
1. Атырау жері несімен бағалы?(қара алтынымен - мұнай, қызыл балығымен)
2. Қазақстан туында қандай құс бейнеленген? (бүркіт)
3. Ауылымызда биыл қандай қуаныш болып жатыр? (газ жүргізілуде)
4. Бірдей 9 ыдыста 27кг май бар, осындай 2 ыдысқа қанша май сияды. (9кг)
5. Әнұранның қайырмасын айтып бер.
6. Апай 20 оқулықты 5 сыныпқа тең бөліп берді, әр сынып неше оқулықтан алды? (4)
7. 24-тің жартысы неге тең? (12)

V. Бөлім: Шығармашылық тапсырма


«Отаным менің - Қазақстан»
«Мақтан тұтып Отанымның өткенін,
Тіл қайнардан қанығуға талпынған.
Қазақстан іргелі елге жеткенін,
Көргім келіп арман – оймен алқынған» – дей келе қымбатты оқушылар енді сіздер 3-4 сөйлеммен тұратын «Отаным менің - Қазақстан» тақырыбында өз ойларың мен арман тілектеріңді ақ қағазға түсіре қойыңдар. Қысқа да нұсқа. Аты – жөндеріңді жазасыздар. (Эссе жазу) Ал бір оқушы сол тақырыпта сурет салады.
- Бұл тапсырмалар орындалғанша біздер 3 «в» сынып оқушысы Назеркенің биін тамашалаймыз.

VІ. Бөлім:Көкпар


Мен сіздерге мақал – мәтел айтамын, сіздер мақалдың қалған жалғасын табасыздар.
1. Оқу – білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
2. Ақыл – тозбайтын тон
Білім – таусылмайтын кен.
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
5. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
- 3 «а» сынып оқушысы Рысгүлдің биін тамашалаймыз.

- Саралау, әр топтың жұлдызшаларын санау арқылы ұпай сандарын анықтау.


- Осымен зерек, озық ойлы оқушыларға арналған тапсырмаларымыз аяқталды.
- Сарапшы ұстаздардан шығарған бағасын сұраймыз.
Сарапшылар есептегенше мен жұмысты сырт көзбен жанкүйерлерден сұраймын.
1. Алдыңғы орыннан қай топ көріне білді?
2. Қазақстан қандай ел?
3. Қазақстанның тұғыры биік болуы үшін не істеуіміз қажет?

Сонымен оқушылар бүгінгі «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті.


Ертеңгі елдің тірегі,
Бүгінгі жас ұландар.
Күндей аппақ жүрегі,
Келеді өсіп қырандар – деп мен байқауға қатысушыларды ортаға шақырамын.
- Сайыскерлеріміз біздің бүгінгі танымдық сайысымызға шашуларын алып келген екен, тамашалайық.
1. Алғыс хат, марапаттау.
- Талапкерлерге сұрақ беріп, жауап алу.
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Мен жастарға сенемін.
Тәуелсіз еліміздің білімді жастары көбейе берсін! Білім берер ұстаздарымыз аман болсын. !
Әнұран орындалды

Кері қайту

Тәуелсіздік тірегі - білімді ұрпақ


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ел тарихын, салт - дәстүрді қаншалықты білетіндіктерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке, ел тарихы мен мәдениетін, салт - дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, сұрақтар, қима қағаздар, түрлі - түсті конверттер, шағын екі киіз үй, ұлттық нақыштағы оюлы себет.


Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын - сайыс
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы мен халықтық педогогика

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі.
- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай сыныптағы оқушылар арасында ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік жолында
Талай – талай тер төккен.
Билігім өз қолымда
Еркіндігім Елтаңбам.
Көк байрақтың бетінде
Қырай құстың бейнесі
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты, - дегендей, сіздерді бүгінгі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.
Сайыстың талаптары: сайысқа әр қатардан 2 - 3 оқушыдан қатысады.
Сайыстың кезеңдері:
1. «Сәлем – сөздің анасы»
2. «Жеті қазына»
3. «Мақал – сөздің мәйегі»
4. «Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын»
Сайысымызда төрелік айтатын қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда,− дегендей, бүгінгі сайысымызға қатысушыларды таныстырып өтейін:
Олай болса, «Сәлем − сөздің анасы» деп аталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз. Әр оқушы кезек−кезегімен өз - өзін таныстырады.
Сайысымыздың ІІ кезеңі «Жеті қазына» деп аталады. Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар ел тарихы мен салт - дәстүрге және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сұрақтарды ұлттық нақыштағы оюлы себеттен таңдап алып, сұрақтарға жауап береді.

1. Ел билеудегі ең лауазымды тұлға (президент)


2. Үш арсыз (ұйқы, тамақ, күлкі)
3. Төрт маусым (қыс, жаз, күз, көктем)
4. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (қырық екі)
5. Сын есімнің сұрақтары (қандай? Қай?)

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)


2. Бес асыл іс (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
3. Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
4. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар? (он екі)
5. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (тоғыз)

1. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)


2. Бес қару (садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
3. Ұлттық музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы, дауылпаз, адырна, керней, шертер)
4. Жалқы есімдер қалай жазылады? (бас әріппен)
5. Күрделі сөздер нешеге бөлінеді? (төртке – қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер)

1. Мемлекеттік тудың авторы (Шәкен Ниязбеков)


2. Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, қорадағы бес саулық)
3. Төрт мұрат (дау мұраты – біту, саудагер мұраты – ұту, жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету )
4. Зат есімнің сұрақтары (кім? Не?)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)

1. Мемлекеттік Әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)


2. Ұлттық ойындар (Ханталапай, қыз қуу, бәйге, аламан, күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, дойбы, асық)
3. Үш дана (Абай, Шоқан, Ыбырай)
4. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады? (сұрақ белгісі)
5. «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыстың жеті жасар баласы (Жәдігер)

1. Шығыстың қос шынары (Әлия мен Мәншүк)


2. Жеті жоқ (Жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ)
3. Киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық, ши, т. б.)
4. Сан есімнің мағыналық түрлері(алтау)
5. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?(жұрнақ)

1. Ұлыстың ұлы күні қашан тойланады? (22 наурыз)


2. Үш қуаныш (алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)
3. Төрт түлік (жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі)
4. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
5. «Батыр» сөзіне қарсы мәндес сөзді ата (қорқақ, ез)
Сайысымыздың ІІІ кезеңі «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталады. Сайысымызға қатысушылар киіз үйлердің ішінде жасырылған мақалдардың жалғасын табуға тиісті.

1. Ел ағасыз болмайды,...


(Тон жағасыз болмайды)
2. Адам көркі шүберек,...
(Ағаш көркі жапырақ)
3. Қоянды қамыс өлтіреді,...
(Ерді намыс өлтіреді)

1. Елу жылда ел жаңа,...


(Жүз жылда қазан)
2. Тау тауға қосылмайды,...
(Адам адамға қосылады)
3. Талапты ерге...
(нұр жауар)

1. Ел іші...


(алтын бесік)
2. Жаңылмас жақ болмас,...
(Сүрінбес тұяқ болмас)
3. Ит тойған жерін іздейді,...
(Ер туған жерін іздейді)

1. Елдестірмек – елшіден,...


(Жауластырмақ - жаушыдан)
2. Айтулы достың малы бір,...
(Кемедегінің жаны бір)
3. Жаңбырмен жер көгереді,...
(Батамен ел көгереді)

1. Басқа елде сұлтан болғанша,...


(Өз еліңде ұлтан бол)
2. Кісідегінің кілті...
(аспанда)
3. Баста ақыл жоқ болса,...
(екі аяққа күш түсер)

1. Сөз сүйектен өтеді,...


(Таяқ еттен өтеді)
2. Бірлік болмай,...
(тірлік болмас)
3. Тісі шыққан балаға...
(шайнап берген ас болмас)

1. Жылайын деген баланың...


(үш күн бұрын көзі қышиды)
2. Інісі бардың тынысы бар,...
(Ағасы бардың жағасы бар)
3. «Көрдім» деген көп сөз,
(«көрмедім» деген бір сөз)
– Бар байлығым – өлең‐жырым қолда бар,
Өн бойымда құпия жоқ таңқалар.
Көріп жүрген көп адамның бірімін,
Көңілімде қиял да бар, ән де бар, – деп жерлес ақын Мәлік Аяпов жырлағандай, келесі кезекті ән‐шашуға береміз.

– Білсең дағы біле бер, тағы тіле:


Мақсатыңа жетерсің біле‐біле! – деп дана, ойшыл Жүсіп Баласағұн айтып кеткендей, білімді, ізденімпаз оқырмандарымызбен әрі қарай сайысымызды жалғастырайық.
Сайысымыздың төртінші кезеңінде сайысқа қатысушылар «Мен тәуелсіз ел ұрпағымын» тақырыбында эссе жазады.

Бойларыңда от бар екен байқадым,


Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтай бер әрдайым.
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз оқушыларды анықтау үшін сөз кезегі әділ - қазылар алқасына беріледі.

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,


Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Келгін жан дос, ізденейік қосыла.
Құрметті бүгінгі «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» байқауына қатысушылар!
Сіздерге шығармашылық табыс тілей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше, аман‐сау болып тұрыңыздар.


«Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ»

Атырау облысы Индер ауданы


М.Сиранов атындағы орта мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бексұлтанова Жанар Бексұлтанқызы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ»


Түрі: зияткерлік сайыс
Көрнекілігі: презентация
Мақсаты:
Білімділігі: Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.
Тәрбиелігі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру.

Жүргізуші:


-Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ» атты интеллектуалды-танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенінін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады.
Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.
Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды-танымдық ойыны да осыны меңзейді. Жоғарыда аталған қасиеттер сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сіздер екені анық. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы оқушыларымызды шақырайық.
Алдымен, әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары- Жеңісгүл Сапарбайқызы және мектеп психологтары - Асылай Сағидоллақызы, Гүлбариса Нағимқызы.

Жүру барысы: І тур. Өзін-өзі таныстыру.


ІІ тур. «Бәрін білгім келеді»
1-бөлім. Жалпы сұрақтар (тест сұрақтары)
2-бөлім. Көкпар (пән сұрақтары)
3-бөлім. Бәйге (ұяшықтағы сұрақтар)
ІІІ тур. «Білімді мыңды жығар» (сұрақ-жауап)
ІV тур. «Мен елімнің болашағымын» (жеңімпаз тілегі)

І тур. Өзін-өзі таныстыру. Оқушыларымыз өздерін таныстырып өтсін.

ІІ тур. «Бәрін білгім келеді»
1-бөлім. Жалпы сұрақтар (тест сұрақтары)
Оқушылар, алдарыңызға жауап парақтары берілген. 15 сұрақ қойылады. 1-5 сұрағына жауап берілсе-2 ұпай, 6-10 сұрағына жауап берілсе-5 ұпай, 11-15 сұраққа жауап берілсе-10 ұпай ала аласыздар. Мониторға назар аударайық.
Жауап парақтарын комиссия мүшелеріне тапсыруларыңыз сұралады.

Сұраққа дұрыс жауап бере алмай, аз ұпай жинаған 2 оқушымызбен қоштасамыз. Көп рахмет.

2-бөлім. Көкпар (пән сұрақтары)

Қазақстан тарихы.


1. Шыңғысханның Орта Азияға жіберген 450 адамы бар керуені Отырарда қырғынға ұшырағаны белгілі. Бұның соңы қай оқиғаға апарып соқтырды? («Отырар опаты»)
2. Геральдика ғылымы нені зерттейді? (Елтаңбаларды)
3. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім? (Р.Қошқарбаев)
4. «Дарабоз» атанған батыр. (Қабанбай)
5. Қазақ елінің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев қашан дүниеге келді? (1940 ж 6 шілде)

Математика


1. Жасы 100-ге келген бір қария болыпты. Ол өзінің туған күнін өмірінде тек 25 рет қана тойлаған екен. Бұл мүмкін бе? (Иә, егер ол 29-шы ақпанда дүниеге келсе)
2. Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым қалай аталады? (Аксиома)
3. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынтығы қалай аталады? (Шеңбер)
4. Ешқандай амал қолданбай 666 санын жарты есе арттырғанда қандай сан шығады? (999)
5. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минутта)

Биология
1. «Биология» сөзіне анықтама беріңіз. («Биос»-тіршілік, «логос»-ғылым)


2. Құстың негізгі мекені. (Ұя)
3. Жасушаның сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы болатын бөлігі қалай аталады? (Цитоплазма)
4. Алғаш рет 1665 жылы өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған ағылшын ғалымы кім? (Роберт Гук)
5. Өсімдік тамырлары қандай екі түрге бөлінеді? (Кіндік тамыр, шашақ тамыр)

Қазақ тілі


1. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (Ашық, қысаң)
2. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер жиынтығы қалай аталады? (Диалект сөздер)
3. Жазылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер қалай аталады? (Омоним сөздер)
4. Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (Синтаксис)
5. «Қазақ» газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформаторы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

География


1. Қазақстанда ең биік тау шыңы қалай аталады? (Хан тәңірі)
2. Қашқарияға экспедициялық сапармен барған қазақтың тұңғыш географы. (Ш.Уәлиханов)
3. Әлемдегі ең үлкен арал қалай аталады? (Гренландия)
4. Амудария мен Сырдария аралығындағы шөл? (Қызылқұм)
5. АҚШ-тың солтүстік штаты? (Аляска)

Қазақ әдебиеті


1. «Ер Төстік» ертегісіндегі басты кейіпкердің тұлпарының аты . (Шалқұйрық)
2. «Көшпенділер» тарихи трилогиясының авторы кім? (І.Есенберлин)
3. Қазақ халқының ұлы жыршысы, ақыны. Қазіргі Тараз қаласы – кеңестік дәуірде осы кісінің есімімен аталған. (Жамбыл Жабаев)
4. «Мен қазақпын» поэмасының авторы кім? (Ж.Молдағалиев)
5. Көп жылдар бойы «Балдырған» журналын басқарған, балалар ақыны. (М.Әлімбаев)

3-бөлім. Бәйге (ұяшықтағы сұрақтар)

«Ғылым»
1-сұрақ. (10 ұпай) Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (Медицина)
2-сұрақ. (20 ұпай) Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биология ғылымының саласы. (Экология)
3-сұрақ. (30 ұпай) Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (Космонавтика)
4-сұрақ. (40 ұпай) Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (Археология)

«Тұлға»
1-сұрақ. (10 ұпай) Парсы патшасы Кирді жеңген сақ патшайымы. (Томирис)


2-сұрақ. (20 ұпай) Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР-ның Халық Қаһарманы. (Т.Әубәкіров)
3-сұрақ. (30 ұпай) Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, ғалым. (Қ.И.Сәтбаев)
4-сұрақ. (40 ұпай) Әйгілі шығыстанушы ғалым, Ш.Уәлихановтың досы. (Г.Н.Потанин)

«Спорт»
1-сұрақ. (10 ұпай) Спорт саласында “пентакампеон” сөзі қандай мағына береді? (Бес дүркін чемпион)


2-сұрақ. (20 ұпай) 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальды жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б.Артаев)
3-сұрақ. (30 ұпай) 2011 жылы Алматы-Астана қалаларында қандай спорт ойындары өтті? (Қысқы Азия ойындары)
4-сұрақ. (40 ұпай) 2000 жылы Сидней олимпиадасынан жеңіспен оралып, көп ұзамай қайғылы қазаға ұшыраған қазақ боксшысы. (Б.Саттарханов)

ІІІ тур. «Білімді мыңды жығар» (сұрақ-жауап)

Екі ойыншыға мемлекеттік рәміздерге және Ата Заңға байланысты 13 сұрақтан қоямын. Кім сұраққа көбірек дұрыс жауап береді, сол жеңімпаз атанады.

І оқушы


1. Елтаңба авторлары? (Жандарбек Мәлібеков, Шота-Аман Уәлиханов)
2. Әнұранның авторлары? (Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмеденов.)
3. Қ Р-ның Конституциясы неше бөлім, неше баптан тұрады? (9 бөлім 98 бап)
4. Ұлттық валютамыз? (Теңге)
5. ҚР-сы неше мемлекетпен көршілес? Қай мемлекеттермен?
(5 : Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан)
6. Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)
7. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің нешеуі Қазақстан жерінде кездеседі?
(99 элементі)
8. Қ Р-ның Ата Заңы – Конституция қашан қабылданды?
(Алғаш – 1993 ж 28 қаңтар, кейін – 1995 ж 30 тамыз)
9. Қ Р-ның ұлттық ақшасы пайдалануға қашан енгізілді? (1993 ж қарашада)
10. Қ Р-ның мемлекеттік және ресми тілі? (қазақ тілі және орыс тілі)
11. Еліміздің негізгі заңы? (Конституция)
12. Құқығы бар ел тұрғыны кім? (Азамат)
13. Мемлекет басшысы? (Президент)

ІІ оқушы


1. Тудың авторы? (Шәкен Ниязбеков)
2. Мемлекеттік жаңа рәміздер қашан қабылданды? (1992 жылы 4маусым)
3. Қ Р-ның астанасы? (Астана)
4. Мемлекет басшысы? (Президент)
5. Елімізде қанша ұлт өкілдері тұрады? (135 ұлт өкілдері)
6. Ел президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
7. Қ Р-ның Конституциялық заңы қашан жарияланды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
8. Қ Р-ның Жоғарғы Кеңесінің сессиясы қай жылы Елтаңбаны, мемлекеттік Туды, мемлекеттік Әнұранды бекітті? (1992 жылы)
9. Қ Р-нда қанша қала бар? (85 қала)
10. Н.Назарбаев қашан Қ Р-ның президенті болып сайланды? (1999 жылы)
11. Қ Р-сы қандай мемлекет? (Зайырлы, көпұлтты, унитарлы)
12. Негізгі саяси қоғамдық ұйым? (Мемлекет)
13. Заң шығаратын орган? (Парламент)

ІV тур. «Мен елімнің болашағымын» (жеңімпаз тілегі)

Әділқазылар алқасынан жеңімпазды білейік, олай болса «Мен елімнің болашағымын» деп бүгінгі сайысымыздың жеңімпазына сөз кезегін береміз. Өзіңнің ой-пікірің, тілегің. Барлық сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін.
Барыс текті жастар, сендер, білемін,
Жалыңдатып биік шыңда жүрерін – дей отырып,
бүгінгі білім додасын аяқтамас бұрын, әділқазы алқасына сөз берейік.

Осымен бүгінгі білім додасы аяқталды, қашанда Тәуелсіздігіміз қуатты, күніміз шуақты, жастарымыз намысты болсын, ағайын!



Білімді ұрпақ-ел тірегі.


Сайыстың мақсаты: Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов.

Көрнекіліктері: слайдтар, кинофильм, күй дискілері.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка.

Сайыстың жүру барысы:

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білім нәрін игерген оқушылар!

            ТәуелсіздікалыпкелгеноңөзгерістердебілімсаласындағыТәуелсіздіктіңеңбастыжетістігі – еркіндікөмірдегібарлықтабыстартәуелсіздіктіңнәтижесі.

            23жылтолыпотырғаншақтамектебіміздің7–6 сыныпоқушыларыарасынанұйымдастырылған « Білімдіұрпақ-елтірегі »

атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!

            Санғасырлартарихынанкешегі,

            Туғанжердіңшежіресіөседі.

            Меніңелім – Қазақстан, Отаным,

            Болашағыбізбенбіргеөседі, -

дей келе,  XXI ғасырдың таланты, дарынды жастары ойыншыларымызды шақырамыз (командалар залға келеді).

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал әділдікті шеше біл.

өнер,білім, өнеге тұнған дарын,

өнерліге өз басым таң қаламын.

өнерді әділдікпен бағалайтын,

таныстырайын әділқазы алқаларын .

 1/Құрмангожина А.С

2/Итжанова С.Е

Тәуелсіздік -11 әріптен құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа  боп  арман.

Талай дара, даналардың көз жасы

           Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

1 кезең        Таныстыру  

 Тәуелсіздік-елімнің шамшырағы,

Тәуелсіздік-халқымның бәйге пырағы.

Тұрақты болсын,қуатты болсын әрқашан

Шырағы мен пырағының тұрағы.

2 кезең Топтастыру

Қазақстан қандай мемлекет? сын есіммен  айтып сипатта / көрікті, әдемі, кең, бай, көпұлтты//

Қай топ  Біздің мемлекетімізге байланысты біріккен сөздер, қысқарған сөздер, қос сөздер көп жазады /күрделі сөздер/

 ар-ождан, әнұран, елорда , ақорда , елтаңба, елтану  , елбасы, елұран, ұрансөз, бәйтерек, БҰҰ,ТМД,

3/ мемлекетімізді сан есіммен  айтып сипатта/



 

 

                         демократиялы                                       зайырлы                                          



 

 

                        құқықты                                                    көпұлтты

 

 

                         әлеуметті                                           біртұтас

 

ән : 6 а сыныбы



   3 кезең « Жүзден жүйрік»

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі.-дей келесі айналым « Жүзден жүйрік»

1/Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады? /1991 ж, 1/ХІІ/

 2/Ол өзіне таяу деген құрылыстардан 300 метр жерде биіктігі 6 метр жасанды жотаның үстінде оқшау тұр.Оның мұшар бигінде жер шары мүсінделген, одан жоғарыда қанатын жайып жіберген қыран. Бұл қандай ғимарат?(Ақорда)

 3/Елтаңбаның авторлары кімдер?



Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков

4/Биіктігі 97 метр.3буынан тұрады. /Бәйтерек /

5/Астанамыз 10 жасқа қашан толды? /2008 жыл, 10 маусым

6/Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қашан қабылданды? 1991жыл.

7/Еліміздің рәміздері қашан қабылданды? 1992 жыл 4 маусымда.

8/. Қазақ  тілін  қолдау  жылы. (2007)

 Көреремендерге  жұмбақ жасыру

1.Келген емес жайдан-жай,

Жеңдік барлақ езгіні.

Тәуелсіздік алған ай,

Жылдың қай мезгілі?        (Желтоқсан,қыс)

2.Тәуелсіздік жолында,

Тапқан жолдың шешімін.

Президенті қазақтың,

Айтшы, қане, есімін?        (Нұрсұлтан Назарбаев)

3.Туымыздан күн қарап,

Күлімдейді әлемге.

Күн астында қандай құс,

Қанат қаққан бар елге?         (Қыран)

4.Көк аспанның түсі бар,

Ортасында күні бар.

Қыран ұшқан қалықтап,

Кімнің туы біліп ал!        (Қазақстан)

5.Тәуелсіздік біз алдық,

Жеңіп шығып азапты.

Айға алғаш аттанған,

Атап бергін қазақты.      (Тоқтар Әубәкіров)

8.Айды барып айналып,

Ғылым іздеп қайтқан кім?

Абай әнін ғарыштан,

Жер жүзіне айтқан кім?  ( Талғат Мұсабаев)



 4  кезең   «Өлең сөздің-патшасы »

Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан аяма-дей келе 4  кезең  оқушылардың әдеби шығармаларын мәнерлеп оқуларына берейік

«Өлең сөздің-патшасы »

 

 5  кезең  «жекпе жек»



 Топ басшыларын  ортаға шақырамыз

7-сынып «тәуелсіздік»,

6-сынып  «желтоқсан»

 

Біз кімбіз ? (таңбалау) / көрермендермен жұмыс/

 

Тәуелсіз  елдің  жастары



  • Ел  қорғаушы

  • Өз  Отанымыздың  патриоты

  • Заңдарын  қорғайтын  ұландар

  • Өз жолын анықтай  алатын  азамат

  • Адамның  қадір – қасиетін  құрметтеушіміз

  • Әлемдік  өркениетттердің   тоғысқан  жерінде  өмір  сүрген әулеттердің  ұрпақтарымыз

  • Ертеңгі күні ел үшін әр салада  еңбек ететін еңбекқор жастармыз

  • Біз бақытты, Интернет жүйесіне    қол жеткізген білімге құштар жастармыз

6  кезең  “Сөз көркі мақал”

Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,

Өткен жолың жалғанда ұлы дастан.

Болашағыңа  қарасам көз жіберіп,

Аумайсың атылмақшы жас барыстан. -  келесі  кезең  “Сөз көркі мақал”

 

1/Ел ағасымен жарасады,                                                                                  Киім жағасымен жарасады.

2/ Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңе ұлтан бол.

3/Отансыз адам (, ормансыз бұлбұл)

4/Жігіттің құны – жүз жылқы,
Ары – мың жылқы.

5/Отан үшін күрес –
Ерге тиген үлес.

7 кезең « кім жылдам?»

1 минут ішінде желтоқсан құрбандарын тізіп жазындар.

«Қазақстан кеше,бүгін,ертең ...»



  (ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.)

Қазақстан-кеше...

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Қазақстан-бүгін...

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..

 

Қазақстан-ертең...

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан.

Батыс Қазақстан облысы


Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов мектеп- балабақша
Берікқалиева Лидия Қуанышбекқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Тақырыбы: Ел болашағы білімді ұрпақ қолында.

Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, өз еліне, өз тарихына деген сүйіспеншілігін ояту, келер ұрпаққа ана тіліміздің қадір- қасиетін дарыту, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі Айта алуға топ алдында еркін сөйлеуге баулу. Халқымыздың дәстүрлерін дәріптеу.

Түрі: Зияткерлік ойын үлгісінде

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, тарих,

Көрнекіліктер: түрлі түсті конверттер, нақыл сөздер.


Техникалық құралдар: компьютер6 графапроектор

Барысы:
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар- халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын , білімге қызығушылықтарын арттыратын «Ел болашағы білімді ұрпақ қолында» атты сайысымызды


бастаймыз. Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа, жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ,
Азаматын өзара күрестірген,- дей келе сахна төріне бүгінгі сайысқа шығатын білімді тұлпарларымызды шақырайық. Ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Ойынның барысына тоқталсақ, сайыс 5 бөлімнен тұрады.
І бөлім. «Жедел жауап»
ІІ бөлім «ҰБТ- дайынбыз ба?»
ІІІ бөлім «Менің таңдауым»
IV бөлім «Тапқырлық» сайысы
V бөлім «Сиқырлы дөңгелек»
Ендеше сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі сайысқа қатысушыларға өздерін таныстыруға рұқсат.
І бөлім «Жедел жауап»
Бұл бөлімде қатысатын оқушыларға қазақ тілі пәні бойынша сұрақтар қойылады.
Жауап нақты, түсінікті әрі тез болуы керек. (Бағалау: әр жауапқа 10 ұпай).
Сұрақтар:
1) Дауысты дыбыстардың саны нешеу. (12)
2) Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем (жалаң сөйлем)
3) «Биік» сөзінің синонимдерін ата. (зәулім, асқар, заңғар)
4) ҰБТ қандай сөз (Қысқарған сөз)
5) Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (12)
6) «Тоғызқұмалақ» ненің атауы? (Ойын атауы)
7) Қасиетті тағам (Нан)
8) Анамыздың туысы кім? (Нағашы)
9) Ақмола қандай сөз? (Біріккен сөз)
10) Тыныс белгілерінің ережелерін тексеретін бөлім (Пунктуация)
11) Көсемшенің жұрнақтарын ата. ( -а, -е, й, ып- іп, п, -қалы, — келі, -ғалы, -келі)
12) Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді? (4-ке)
13) Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді? (3)
14) Шіркін, әттең, алақай деген қандай сөздер? (Одағай сөздер)
15) Көне заттарды сақтайтын орын. (Мұражай)
16) Екі кісінің сөйлесуі (диалог)
Бұл бөлімде ойыннан аз ұпай жинаған 2 оқушы шығады.
ІІ бөлім «ҰБТ- ға дайынбыз ба?» Бұл бөлімде оқушылардың тест әдісі бойынша бақылау алынады. Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, пәндері бойынша сұрақ беріледі де, жинап алынып тексеріледі. Әр жауапқа 10 ұпай беріледі. Ойыннан ең аз ұпай жинаған екі оқушы шығады.
ІІІ бөлім «Менің таңдауым»
Бұл бөлімде Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Салт- дәстүр, Қазақстан тарихы, Спорт, Ауыл тақырыбы бойынша 10,20,30,40,50 ұпайы лайықталып дайындалған сұрақтарға оқушылар жауап береді де, аталған ұпайды иеленеді. Егер жауап бере алмаса, ұпай есептелмейді, келесі оқушыға мүмкіндік беріледі.

Қазақ тілі


10 ұпай. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар және оларды атап бер.
20 ұпай. Буын дегеніміз не? Оның неше түрі бар? Мысал келтір.
30 ұпай. Деректі және дерексіз зат есім деген не? Мысал келтір.
40 ұпай. Тұрақты тіркестер дегеніміз не? Мысал келтір.
50 ұпай. Құрмалас сөйлем деген не? Ол нешеге бөлінеді?

Қазақ әдебиеті.


10 ұпай. Сәкен Сейфуллиннің азан шақырып қойған есімі кім?
20 ұпай. 42 қарасөз жазып қалдырған ақынның есімін ата.
30 ұпай. «Маса» өлеңдер жинағының авторы кім?
40 ұпай. «Батыр Баян» поэмасы не туралы?
50 ұпай.Жүсіпбек Аймауытовтың романын ата.

Салт- дәстүр


10 ұпай. Қазақ қыздарының ұлттық бас киімдері қалай аталады?
20 ұпай Сәби қаз тұрғаннан кейін жасалатын ырым.
30 ұпай. Шілдехана қай уақытта жасалады?
40 ұпай. Беташар қай кезде айтылады.
50 ұпай. Айтыстың ең көне түрі қалай аталады?
Ауыл
10 ұпай. Жақсыбай аулының әкімі кім?
20 ұпай. Мектеп басшысы кім?
30 ұпай. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерін ата.
40 ұпай. Мектебімізге кімнің есімі берілген?
50 ұпай. Ауылымыздың Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман- есен оралған ардагерлерді ата.
Спорт
10 ұпай. Қытай астанасы Бейжіңдегі жазғы Олимпиада жалауы тамыздың нешесі күні көтерілді? (8 тамыз,2008 жылы)
20 ұпай Жақсыбай аулында спорттың қай түрі жоғары дамыған? (Волейбол)
30 ұпай 23 жасар зілтемірші күміс медельдың иесі кім? (Алла Важенина)
40 ұпай Бейжіңде өткен Олимпиадаға Қазақстаннан неше спортшы қатысты? (132)
50 ұпай Бейжің Олимпиадасында Қзақстанға алғаш алтын медельды сыйға тартқан спортшы кім? ( Илья Ильин)
Қазақстан тарихы
10 ұпай 1979 жылы Целиноград оқиғасының себебі неде? (неміс автономиясын құруға қарсылық)
20 ұпай Кеңес әскері Ауғаныстаннан қашан шығарылды? (1989 жылы)
30 ұпай Қазақстан өзінің егемендігі туралы декларациясын қашан жариялады? (1990 жылы. Қазан айында)
40 ұпай Қазақстан БҰҰ қашан мүше болды? (1992 жылы, наурызда)
50 ұпай Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші қашан ашылды?( 2006 жылы)
Ойыннан ұпай саны аз 1 оқушы шығады.

IV бөлім. «Тапқырлық» сайысы. 30 секундтың ішінде сендер берілген сұрақ қандай мамандық туралы айтылғандығы жайлы жауап берулерің керек.


1. Қазіргі таңда «Қасқыр және 7 лақ» ертегісіндегі қасқыр кім болып істер еді? (Пародист)
2.«Простоквашино» мультфильміндегі мысық кім болар еді? (комерсант, фермер)
3. Қызыл телпек? (әлеуметтік қызметкер)
4. Мамандығы былай қарағанда жеңіл көрінеді, бірақ оған білдей бір ұжым тәуелді. Бұл мамандық әр уақытта қимылды қажет етеді және жүйке мықты болуы қажет.
Сонымен бірге оның көбіне түрін көрмейді, себебі ол адам әркез тек артымен ғана тұрады. (Дирижер)
5. Қай патша 14 түрлі маман иесі болған. Атын ата және ол игерген 5-6 мамандықты ата. (петр-І балташы, кеме құрылысшысы, ұста, шебер, сылақшы, қару ұстасы.т.б.)
6. Мына қораптың ішінде музыкант, дәрігер, мыс қорытатын жұмыскер қолданатын зат бар ол оларға не үшін қажет? (ол- қасық, музыкант қасық аспабында ойнайды, дәрігер аурудың тамағын қарайды, мыс қорытушы сынама жасайды)
7. Өзінің бар білгенін үйретуге тырысатын кейде екінші әке- шешесі деген атқа ие болатын кейде еңбегінің еш кететінін білседе үйретуден жалықпайтын, еңбегі бағаланбайтын рахметі жоқ маман иесі. (мұғалім)
8. Ақ- қараны ажыратып бар күшін салып тек айғақпен ғана дәлелдейтін бірде жеңіп бірде жеңілетін куәгер іздейтін маман. (қорғаушы- адвокат)
9. Әнші- күйші т.б. атағын шығаратын соларға демеуші іздейтін және олардың барлық жағынан дайындайтын маман. (продюссер)
Бағалау: 20 ұпай. Ұпайы аз оқушыға сайыстан шығарылады.

V бөлім. «Сиқырлы дөңгелек».


Бұл бөлімде екі оқушы сиқырлы дөңгелекке жазылған алты әріптен сөздер құрайды. Сөздер белгілі бір сұрақтарға жауап беретін мағыналы болуы керек.

Сөздер. ұл, тұлға, аға, тал, ат, ұлағат, ұт, тұл, таға, ал, ала, ата, ағат, ұлт.


Осы бөлім қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушы анықталып марапатталады.


XXI ғасыр көшбасшысы. “Егемен елге-білімді ұрпақ”. (Жасақ басшыларына арналған зияткерлік сайысы)


Газизова Лаура Серікқызы Атырау об. Индер ауд. Есбол с. Кулагино орт. мект. физика пәні мұғалімі, «Атамекен» ордасының тәлімгері

Мақсаты: Егемен еліміздің 20 жылдық мерейтойын кең көлемде насихаттау. Мектебіміздің білімді де жан-жақты оқушысын анықтау.

Сыныптан тыс шараның  өте шеберлдікпен жасалған презентациясын көшіріп алыңыз. XXI ғасыр көшбасшысы. “Егемен елге-білімді ұрпақ”. (Жасақ басшыларына арналған зияткерлік сайысы)


Жүру барысы:
І тур. Өзін-өзі таныстыру
ІІ тур. «Бәрін білгім келеді»

1.Жалпы сұрақтар


2. Көкпар
3. Бәйге

ІІІ. “Мен елімнің болашағымын”

1.Жалпы сұрақтар
1 сұрақ. Шешендік өнері туралы ғылым қалай аталады?
А) этимология В) риторика С) геральдика

2 сұрақ. Қызылорда облысынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы


А) Б. Саттарханов В) Б. Жұмаділов С) Ж. Үшкемпіров

3 сұрақ. Грек тілінен аударғанда “халық билігі” деген мағына беретін сөз


А) плутократия В) автократия С) демократия

4 сұрақ. Қазақтан шыққан тұңғыш грек-рим (француз) күресінің шебері, әлем чемпионы


А) Балуан Шолақ     В) Қажымұқан  С) Д. Тұрлықанов

5 сұрақ. Қазақ елінің дарынды күйшісі, “Кісенашқан”, “Көбікшашқан”, “Кішкентай” күйлерінің авторы


А) Дәулеткерей В) Ықылас С) Құрманғазы

6 сұрақ. “Мыңжылдық Адамы” атағы берілген ұлы қолбасшы, жиһангер, империя әміршісін атаңыздар


А) Әмір Темір В) Бату хан С) Шыңғыс хан

7 сұрақ. Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі қашан тойланады?


А) 25 қараша В) 28 қазан С) 22 қыркүйек

8 сұрақ. “Бақытсыз Жамал” романының авторы кім?


А) М.Дулатов В) І.Жансүгіров С) Ж.Аймауытов

9 сұрақ. “Хижра” сөзі араб тілінен аударғанда қандай мағына береді?


А) Жыл санау В) Уақыт өлшеу С) Қоныс аудару

10 сұрақ. Металл ақшалардың айналымын, тарихын зерттейтін ғылым саласы


А) бонистика В) нумизматика С) пегуния

11 сұрақ. 2010-шы жылы жүз жылдығы тойланған қазақ батырын, жазушысын атаңыздар.


А) Т. Бигельдинов В) Б. Момышұлы С) Т. Тоқтаров

12 сұрақ. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақтың ұшқыш қызы


А) М. Мәметова В) Ә. Молдағұлова С) Х. Доспанова

13 сұрақ. Алаш партиясының көсемі, ұлт зиялысы, қоғам қайраткері


А) А. Байтұрсынов В) М. Дулатов С) Ә. Бөкейханов

14 сұрақ. “Адамдық борышың” өлеңінің авторын ата?


А) А.Құнанбаев В) С.Мәуленов С) Ш.Құдайбердиев

15 сұрақ. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы қашан қабылданды?


А) 16 желтоқсан 1991 жыл В) 27 шілде 2007 жыл С) 20желтоқсан 1986 жыл

II тур “Көкпар”
Қазақстан тарихы

1. Шыңғысханның Орта Азияға жіберген 450 адамы бар керуені Отырарда қырғынға ұшырағаны белгілі. Бұның соңы қай оқиғаға апарып соқтырды? (“Отырар опаты”)

2. Геральдика ғылымы нені зерттейді? елтаңбаларды

3. Суретте бейнеленген жәдігер қай жерде орналасқан? (Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде )

4. “Дарабоз” атанған батыр? Қабанбай

5. Қазақ елінің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев қашан дүниеге келді?

(1940 жылы шілде айының 6-шы жұлдызында)

Математика

1. Жасы жүзге келген бір қария болыпты. Ол өзінің туған күнін өмірінде тек 25 рет қана тойлаған екен. Бұл мүмкін бе? ( иә, егер ол 29-шы ақпанда дүниеге келсе )

2. Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым қалай аталады? аксиома

3. “Ақын жанды болмасаңыз, математик те бола алмайсыз” деп айтқан орыстың әйел математигі (С. Ковалевская )

4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынтығы қалай аталады  (шеңбер)

5. Ешқандай амал қолданбай 666 санын жарты есе арттырғанда қандай сан шығады 999



Биология

1. Биология сөзіне анықтама беріңіз? (“Биос” – тіршілік, “логос” – ғылым )

2. Тұңғыш рет ана тілімізде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу құралдарын жазған ғалым. Ол кісінің “Жануарлар” кітабы 1922 жылы Ташкентте басылып шықты? (Халел Досмұхаммедов )

3. Жасушаның сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы болатын бөлігі қалай аталады? (Цитоплазма )

4. Алғаш рет 1665 жылы өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған ағылшын ғалымы кім? (Роберт Гук )

5. Өсімдік тамырлары қандай екі түрге бөлінеді? (Кіндік тамыр және шашақ тамыр )



Қазақ тілі

1. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (Ашық және қысаң )

2. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер жиынтығы қалай аталады? (Диалект сөздер )

3. Жазылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер қалай аталады? (Омоним сөздер)

4. Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (СИНТАКСИС )

5. “Қазақ” газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформаторы кім? (Ахмет Байтұрсынов)



География

1. Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады? ( Хан Тәңірі )

2. Австралия аборигендерінің имек ағаш түріндегі қаруы қалай аталады? (бумеранг )

3. Қашқарияға экспедициялық сапармен барған қазақтың тұңғыш географы? (Ш. Уәлиханов)

4. Әлемдегі ең үлкен арал қалай аталады? (Гренландия)

5. “Тұманды Альбион ” атауы қай елге қатысты айтылады? (Ұлыбритания )



Қазақ әдебиеті

1. “Ер Төстік” ертегісіндегі бас кейіпкердің тұлпарының аты қандай? (Шалқұйрық )

2. “Көшпенділер” тарихи трилогиясының авторы (І. Есенберлин )

3. Қазақ халқының ұлы жыршысы, ақыны. Қазіргі Тараз қаласы кеңестік дәуірде осы кісінің есімімен аталған? ( Жамбыл Жабаев)

4. “Мен қазақпын” поэмасының авторы кім? (Ж. Молдағалиев )

5. Көп жылдар бойы “Балдырған” журналын басқарған жерлесіміз, балалар ақын (М. Әлімбаев )



ІІІ тур “Бәйге”

Ғылым 10 20 30 40

Тұлға 10 20 30 40

Спорт 10 20 30 40



“Ғылым”

10. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )

20. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биология ғылымының саласы. (экология)

30. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика )

40. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (археология )

“Тұлға”

10. Парсы патшасы Кирді жеңген сақ патшайымы. (Томирис )

20. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР-ның Халық Қаһарманы

(Т. О. Әубәкіров )

30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, жерлес ғалым. (Қ. И. Сәтбаев )

40. Әйгілі шығыстанушы ғалым, Ш. Уәлихановтың досы. (Г. Н. Потанин)



“Спорт”

10. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді? (Бес дүркін чемпион)

20. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев )

30. 2011 жылы Алматы-Астана қалаларында қандай спорт ойындары өтті? (қысқы Азия ойындары)



40. 2000-шы жылы Сидней олимпиадасынан жеңіспен оралып, көп ұзамай қайғылы қазаға ұшыраған қазақ боксшысы. ( Б. Саттарханов )

ІV тур “Мен елімнің болашағымын” (өз ойын қорытып айту)
Каталог: uploads -> doc -> 0f9a
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0f9a -> Пєні: Ќазаќстан тарихы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет