Тєуелсіздіктіњ тањы-жарќын



жүктеу 67.44 Kb.
Дата21.08.2018
өлшемі67.44 Kb.



Куптлеуова Акжанай Мамаевна

Тарих пән мұғалімі

Қызылорда облысы

Арал қаласы

64 орта мектеп



«Тәуелсіздікті ту еткен бабалар!»
1.Кіріспе: «Мың бала» тарихы туралы түсінік беру.

2.Негізгі бөлім: «Сартай батыр туралы» мағұлмат беру.

«Сартай батыр өнегесі» атты әдеби қойылым.

3.Қорытынды: Мұғалімдерге сөз беріп; кешті қоытындылау.


1-жүргізуші: Армысыздар мұғалімдер мен оқушылар! Аудан әкімінің 2011 жылғы 17-қаңтардағы №17 өкімімен Ауданда биылғы жыл «Мың бала» жылы болып жарияланды. Ондағы мақсат бүгінгідей Тәуелсіздік мемлекет құруға ат салысқан Арал ауданынан 15-20 жастағы өрімдей жас балалардан жасақталған 1000 баланың ерлігін кейінгі ұрпаққа паш ету болды. Осы игілікті істі басшылыққа ала отырып бүгінгі шараның елжандылық, Отан сүйгіштік рухты асқақтатып, өз халқына, Отанына адал қызмет жасауға шақыру арқылы патриоттық тәрбие беру болып отыр. Олай болса «Тәуелсіздікті ту еткен бабалар!» атты кешімізге қощ келіпсіздер.
2-жүргізуші: Осыдан үш ғасыр бұрын 17 жастағы Сартай мен 13 жастағы Жылқаман мың баладан топ ұйымдастырып, жоңғарларға қарсы соғысқа аттанады. Жас балалар басқыншыларға қарсы жан аямай күрескен қазақ сарбаздарына үлкен көмек көрсетеді. Олардың соғысқа міндетін аттарын баптайды, қару-жарақтарын қайрайды. Әскери тапсырмаларды орындап, барлау жұмыстарын жүргізеді. Бес жылдан кейін елге оралған Жылқайдар, Жылқаман, Толыбай, Төркінбай атақты батырлар санатына қосылды. Жоңғарлармен айқаста, Бұлантыда әйгілі Әскербасы Әбілхайыр ханның қол астында мың бала ұрандап, майданға кірісіп кетеді. Алғашқы қақтығыста – ақ мың баланың бес жүзі шейіт болды. Белгілі шайыр, ақын Нұрмағанбет Өрімтал елі үшін жанын қиған,

Жаратқан өздеріне берсін иман – деп жазған, еді.


Би: «Көркем» биі.

1-жүргізуші: Өз заманында қатарларынан асып туған небір батырлар, билер өткен. Солардың бірі емес, бірігейі болған әкелі-балалы Байжан мен Сартай билер. Бұл есімдер 300-жылдан кейін де ұмытылған емес. Қандай бір кезеңдерде де бұл билердің халқына жасаған қызметі, елдің елдігіне сатауға белсене араласқан игілікті істерін халық жадынан шығара алмады, - дейді зерттеуші ғалым Тынышбек Дайрабаев.


2-жүргізуші: Сартай батыр Әлімнің Жақайым руынан, атақты Байжан бидің баласы. Жоңғар-қазақ соғысы кезінде 15-16 жасар 1000-нан астам жасөспірімнен жасақ құрып, Әбілқайыр бастаған қазақ әскерлеріне қосылып, Шідерті өзенінің бойында қалмақтарға тойтарыс беруге қатысқан. Кейін би болған. Бейіті Арал ауданында. Сартай батыр туралы оның ерлігі туралы, көптеген дастан жырлар болған.

Ән: Тоғаева Толғанай «Қазақтың қара баласы».


1-жүргізуші: Сартай батыр туралы дастан жазған Нұрмағанбет Қосжанов халық жауы атанып, атылып кеткен. Ол кісінің бірақ кейінгі ұрпағына қалдырған «Сартай батыр» кітабы мұра болып қалды. Ол дастанда елжандылық, қазақ халқын бірлікке, татулыққа шақыру жағы басым. Сексен жастағы қарт батыр Бүкіректен бастап, он екі жастағы Жылқаманға дейін жауға аттанудың өзінде елді сүю, асқан патриотизм жатыр.

2-жүргізуші: «Батаменен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дегендей, Байжан би баласына былай деп бата берген екен:

- Қолынды жай жан балам!

Дұғаға толсын уысың

Дәулет беріп жасаған,

Мол болсын бағың, ырысың.

Бағың өрлеп биікке,

Тарасын елге дыбысың.

Жау ішіне кіргенде,

Көрінсін көпке ұрысын.

Ел ішіне келгенде,

Көрінсін көпке ұрысын.

Ел ішіне келгенде,

Әділдікпееен әдетпен,

Жұртыңа жақсын жүрісің,

Орайы келіп тез бітсін,

Қолыңа алған ием жар болып,

Аллаһу әкпар!Дұғамның

Қазағың көрсін ырысын.
1-жүргізуші: Енді «Сартай батырдың зары» атты әдеби қойылымды тамашалаңыздар.

Сартай балаларды жинап, оларды жоңғарлармен қарсы күреске шақырады.



Сартай: «Балалар ел басына күн туды!»

1-бала: «Ия, ел шетіне жау келді.»

Сартай: «Атаңа нәлет жоңғардан аман қалған қайсыңдар.»

2-бала: «Менің асқар таудай әкемді өлтірді.»

3-бала: «Менің де 18 жасар ағамды далада өлтіріп кетті.»

4-бала: «Жаудан қорлық көрмеген кемде-кем»

Сартай: «Жау қолында кеткен әпкелерімізбен қарындастарымыз қаншама! Ата-бабамыз осыншама басып қорғап келген атамекенімізді жауға бастырып қоямыз ба?»

1-бала: «Не істеу керек? Қандай шара қолданамыз?»

Сартай: «Ұландар сөз былай болсын: Атамекенімізді, Отанымызды бізде қолымызға қару алып қорғасақ деймін.»

4-бала: «Шамамыз келер ме екен?»

Сартай: «Келгенде қандай! Батыр ағаларымыз Қаракерей Қабанбай, Бөгенбайлар ат жауын тартып мінген жауға қарсы күресіп жүрген жоқ па?!» Ендеше біздің де қолымыздан келеді.

2-бала: «Дұрыс айтасың, Сартай мен оны қолдаймын.»

Сартай: «Барлық жерге, түкпір-түкпірге хабар жеткізіңдер, ұландар жиналысын! Отанымызға септігіміз тигізер мезгіл жетті! Жүріндер! Аттанайық»

Балалар: «Аттанайық! Аттанайық! Еліміз үшін! Атамекен үшін!»

Сартай: О,болашақ жас ұрпақтар!

Тыңда бізді сөйлеп тұрған,

Демеймін еш сендер даттар,

Аталарың ербоп туған

Жау бұза алмас қорған құрдың

Достықпенен махаббаттан.

Ажалға біз қарсы тұрдық

Серпін кейін оғын атқан



1-бала: Саулығы үшін бақытты өмір,

Қас батырдай белді будық

Ақан қанды елең қылмай

Ел шетінен жауды қудық



2-бала: Сендер үшін біздер төктік,

Ойланбастан қанымызды.

Сөйтіп өмір гүлін ектік,

Сақтап таза арамызды.



3-бала: Өз Отаның сүйіп өлген,

Кім өлшепті махаббаты

Өз жанынан артық көрген,

Адам деген деген зоратақты.



4-бала: Өлшей алмас ешкім оны,

Өлшей алмас еш таразы.

Махаббатқа ондай ұлы,

Жүрек қана болар қазы.



Сартай:Тәтті өмірдің сендер сүйген,

Арасынан байқайсындар,

Бізіді дағы бірге жүрген,

Ізедесеңдер, табасыңдар!



2-жүргізуші: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді

Асау аттай өз тізгінің бермеді,

Қазағымның алтын басын иілтіп

Талай дұшпаннан төрімізге төрледі.

Біз жәйжүзген «Қазақ» атты кеме едік,

Бірақ дұшпаннан басқа шықты-ау демедік

Тәңір салған тағдырына бас иіп

Неше ғасыр бодан болған ел едік,-деп келесі кезекте 9 б сынып оқушысы Сүлейменов Алмасбек өз шығармашылығымен.



1-жүргізуші: «Сартай батыр» зары тектілікті, батылдықты паш ететін бірден бір көрініс. Сартай батыр-қазақ тарихындағы белгілі тұлға. Мың баланың ерлік жортуылы дүбірі ел аузында сақталған көне жырлар мен аңыз желістерінде атой салғаны хақ.

1-оқушы: Жалған да жалған-ай,

Жалған – ай саған не дейін.

Міңіреу болып бар маңай,

Иесіз қалған елімнен,

Қалыппын-ау айрылып.

Жақпады біздің қай қылық,

Тұншықты-ау күмбір көмейім.

Жалған-ай, саған не дейін?

Оу, Қоянын қойдай өргізген.

Сағызбен көсік тергізген

Жазды-сая, қыс-пана

Қызыл да жыңғыл, боз дүзген. Қорғанова Нұрай өзінің ән шашуымен.



2-жүргізуші: Ел басына күн туған заманда, халықты дұрыс басқаруға жоңғарлармен шабуылға шайқасуда ел басшысын хан сайлау, оны дұрыс таңдау да халыққа оңай болған жоқ. Екі аптаға созылған күллі қазақ қолының басшысын сайлау, ақыры Әбілхайыр ханның жеңісімен аяқталды. Жұмылып жұдырықтай болып түйілген қалың әскер лек-лек болып жауға аттанды. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны басынан кешкен сал сүйегі сырқырап «Елім-ай»-ды тыңдаған әрбір қазақ:-жаным, арымның садақасы, не жер бетінде ұлт болып аман қалуға не туған жердің топырағын мәңгі жастанып қалуға, бел байлаған еді.

1-жүргізуші: Осы сайлауда ақ-қараны ажыратуға ел алдына шығып дұрыс таңдау жасауға жас бала Сартайға көпшілік риза болып Қазыбек би Сартайға Ақжелен аттатұлпар мінгізді.

2-оқушы: Ал, тыңдандар Әлеумет!

Аламан атқа міністі,

Біраз жатып бұл жерде

Майданға қарай жүрісті,

Сартай мінген Ақжелең

Жүрісті сұлу кірісті,

Ізіне ерген мың бала

Бетке алды шығысты,

Кілең тұлпар мінгені

Байлаған белге қылышты,

Жасаған өзі оңғарсын

Жорықтағы жастардың

Алдындағы жұмысты....

3-оқушы: Әбілхайыр сол сапар,

Ақ сұңқар құстай түлеген.

Кілен тұлпар мінгені,

Тор сауыт кигені

Ізіндегі батырлар

Үзінгіде шіренген,

Қазақтың қалың әскері

Бұланты деген бұлаққа

Осылай келіп тірелген

Алдында қылын жол тұрды

Қара бұлтай түнерген

Зеңбіректері зіркілдеп

Алысқа добын жіберген

Биі орыс биі

2-жүргізуші: Екі жас арпалысып, бір-біріне бата алмай андысып ұзақ тұрады.. Жау зеңбірікпен атып қазақтын қалың қолын біраз шығындайды. Осы сәтте қазақтың қалын қолының арасынан бір топ бөлініп шығып жаудың сапын қақ бөлді. Бұл топтың Сартай бастаған балалар екенін көрген қазақ батырлары жауға лап қояды. Балалардың ерлыгыне тәнті болған қазақ жағы жан аямай соғысып жауды жеңіп шығады. Сол ұрыста 12-16 арасындағы 500 ден астам қазақ баласы туған жерінің азақтығы үшін шәһит болады.

Өрімтал ел үшін жанын қиған



Жаратқан өздеріне берсін иман,-

Деген ақын Нұрмағанбет Қосжанұлының сөзімен кешімізді аяқтаймыз.
Каталог: uploads -> konspekt -> klass-chas
klass-chas -> Ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-аналаға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
klass-chas -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері
klass-chas -> Сайыс тақырыбы: «Көктем аруы»
klass-chas -> Жер судың аты, тарихтың хаты
klass-chas -> Ы. Алтынсарин атындағы жоббм “Қазақ халқының ерлік істері”
klass-chas -> Ұстазым, сізге арнаймын
klass-chas -> 19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтова Айгерім 19. 03. 2015 жыл Тәрбие сағаты
klass-chas -> «Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші!»
klass-chas -> Тип урока: Сообщение новых знаний
klass-chas -> «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет