Қуандық Ералин педагогика ғылымдарының докторы



жүктеу 93.96 Kb.
Дата08.05.2018
өлшемі93.96 Kb.
түріИсследование

Қуандық Ералин

педагогика ғылымдарының докторы,

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ -түрік

университеті, бейнелеу өнері кафедрасының

профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері.
СУРЕТШІ ПЕДАГОГ ӘБДІКӘРІМ ҚАМАҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Аннотация: В статье раскрывается научно-педагогическая деятельность художника-педагога Камак Абдикарим Орысбекулы. Анализируется теоретические, практические значимости исследование автора и результаты научных трудов художника - педагога. Определяется содержание учебно-методических литератур ученого-педагога. Конкретизируется методы использования новой техники и технологии в процессе художественного образования и эстетического воспитания школьников средствами казахского народного прикладного искусства.Указывается значимость его трудов а развития этнопедагогических исследования в Казахстане.

Ключевые слова: этнопедогогическая деятельность, педагогическая деятельность, методическая деятельность, художественно-практическая деятельность, художник-педагог, ученый-этнопедагог.

Қазақстанда көркемдік білім беру, эстетикалық тәрбие беру, бейнелеу өнері мұғалімдерін даярлау және ұлттық өнердің құндылықтарын зерттеу ісінің дамуы мен қалыптасуын сөз еткенде осы саланың бастауында тұрған, кәсіби маман, ғалым, суретші-педагог, педагогика ғылымдарының кандидаты, өнер профессоры Әбдікәрім Орысбекұлы Қамақты айтпай кете алмаймыз.

Қамақ Әбдікәрім Орысбекұлы 1947 жылы 10-қазанда дүниеге келген. 1966 жылы мектепті үздік бітіріп, сол жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түседі. Институтты 1970 жылы аяқтап, Семей, Алматы қалаларының орта мектептерінде алғашқы педагогикалық қызметін бастайды.

1973-78 ж.ж. өзі білім алған Абай атындағы ҚазПИ-дің көркемсурет-графика факультетінің «Бейнелеу өнері» кафедрасының оқытушысы болудан оның ғылыми -педагогикалық қызметі бастау алады.

Суретші педагог Ә. О. Қамақ 1978-81 жылдары СССР Педагогика ғылымы адемиясының Көркемдік білім мен тәрбие беру ғылыми зерттеу институтының «Бейнелеу өнері» лабораториясының аспирантурасына оқуға түсуі оның ғалымдық жолының ашылуына оң ықпал етті. Ол 1982 жылы, қазақ мектептеріндегі бейнелеу өнері пәні арқылы жас ұрпаққа ұлттық қолөнердегі қазақ халқының рухани-мәдени мұраларын игертуге негіздеп қайта құру проблемаларын, өнер пәні арқылы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру мазмұнынын ұлттық құндылықтармен ізгілендіру проблемаларын шешуге байланысты 13.00.01 мамандығы бойынша: «Эстетическое воспитание учащихся 4-6 классов средствами народного декоративно-прикладного искусства (на материале казахского народного искусства)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Ол жас ұрпаққа өнер пәндері бойынша көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру саласының Қазақстандағы тұңғыш ғылым кандидаты.

А.О. Камак 1982-1996 жылдар аралығында Жамбыл педагогикалық институтының «Сурет-кескіндеме», «Бейнелеу өнері» кафедраларының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Осы жылдары «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша мектеп мұғалімдерін даярлау сферасын кеңейту проблемаларымен айналысып, мамандықтың оқу үрдісін ұйымдастырудың жүйелік мазмұнына байланысты оқыту құжаттарын жасауға күш жұмсады. Сонымен катар «Сурет-сызу» кафедрасын - «Кескіндеме (сыршырай)», «Сурет», «Сызу және еңбек» кафедраларын ашып кеңейту арқылы, кафедраларды кәсіби мамандармен толықтыруды қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Осы кафедралардың деңгейін көтеру мен қатар құрамында сырттай оқу бөлімі бар - «Көркемсурет-графика» факультеті деңгейіне көтерге ерекше үлес қосты.

1996-2001 жылдары Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі, профессоры, 2001-2008 оқу жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасының профессоры, 2008-2010 оқу жылы Тараз Гуманитарлық-инновациялық университетінің «Гуманитарлық және жаратылыстану білімдері» кафедрасының меңгерушісі, «Педагогика» кафедрасының профессоры қызметін атқарады. Ол 2010-11 оқу жылында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры қызметін атқарды. 2012-13 оқу жылынан бастап қазірге дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Кәсіби білім» кафедрасының профессоры қызметін атқаруда.

Қамақ Ә.О. бейнелеу өнері (сыршырай, сурет, мүсін, өнер теориясы мен тарихы, бейнелеу өнеріне оқыту әдістемесі, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер) «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы білімгерлеріне және педагогика, этнопедагогика пәндерінің барлық салаларынан педагогиклық мамандықтар білімгерлері мен магистранттарына дәріс оқыған пәндері арқылы, білімгерлерге көркемдік білім, кәсіби педагогикалық қабілеттілік пен дағдыларды меңгертумен қоса, олардың ұлттық көркемөнердегі, халықтық тәлім-тәрбие мазмұнындағы рухани-мәдениет құндылықтарын терең меңгеруіне, ол құндылықтарды мектептік оқу-тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбие мазмұнын ізгілендіруде пайдаланудың жолдарын шығармашылықпен ізденуге баулуға баса көңіл бөледі.

1983-1987 жылдары ұстаздық қызметіммен қоса «Бейнелеу өнеріне оқыту үрдісінде халықтың көркемдік дәстүрлерін игерту мәселелері» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеумен айналысады. «Педагогические проблемы освоения школьниками народной традиции в искусстве» (1985-88 жж. СССР ПҒА Көркемдік тәрбие ҒЗИ лабораториясымен бірге);

А.Қамақ 1987-1988 жылдары «Бейнелеу өнеріне оқыту үрдісінде халықтық көркемдік дәстүрлерін игерту мәселелері» тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Осы жылдардағы Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, қазақ мектептеріне арналған «Бейнелеу өнері» (Алматы: Мектеп, 1987) пәнінің ұлттық мазмұндағы төл оқу бағдарламасын дайындап, қазақ мектептерінің оқу үрдісіне енгізді. Ол 1990 жылы Оқу министрлігінің тапсырмасымен, әдебиет, музыка пәндері мамандарымен бірлестікте «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде имандылық-эстетикалық тәрбие берудің республикалық кешенді бағдарламасы», «Қазақстан мектептеріндегі көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің тұжырымдамасы» атты педагогикалық құжаттарды дайындаған авторлардың бірі болып табылады.

1990-1995 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы ПҒҒЗИ-да ұйымдастырылған «Уақытша ғылыми-зерттеу (ВНИК)» комиссиясының мүшесі ретінде «Халық педагогикасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу» проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарына қатысып, педагогикалық оқу орындарында этнопедагогика пәнінің енгізілуіне үлес қостым және көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие мазмұнын ұлттық мазмұнда қайта құруға бағытталған зерттеу тәжірибелерін жүргіздім. Зерттеу нәтижелерінен, авторлық бірлестікте 10-11 сыныптарға арналған «Қазақтың тәлім-тәрбие тарихынан» атты оқу бағдарламасы мен оқу құралын (14 б.т.), «Бейнелеу өнері» пәнінің 1-4, 5-7 сыныптарға арналған ұлттық мазмұндағы әрі әдістемелік нұсқаулы жаңа оқу бағдарламаларым республика мектептеріне енгізілді (1992). Ғылыми комиссияның ұсынысымен, 1991-2002 жж Тараз қаласының Смаханұлы атындағы №44 қазақ орта мектебінде «Ұлттық мектептегі имандылық-эстетикалық тәрбие жүйесін» жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу тәжірибесін ұйымдастыру мен жүзеге асыруға ғылыми-жетекшісі болдым. Тәжірибе қорытындысынан, авторлық бірлестікте «Ұлттық мектеп оқушыларын имандылық-эстетикалық бағытта тәрбиелеу жүйесі» (2002) атты оқу құралын баспадан шығарды.



Мектептік бейнелеу өнері пәнін оқыту, эстетикалық тәрбие мазмұнын қайта құру мәселелеріне бағытталған «Көркемдiк мәдениет пен халық дәстүрлерi оқушыларға имандылық-эстетикалық тәрбие беру жүйесiнде» (2003-2007);. «Рухани-мәдениет құндылықтары негізінде эстетикалық тәрбие мазмұнын ізгілендірудің педагогикалық негізі» (2008-2011 жылдары) тақырыптарында, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындадым. Зерттеу нәтижелері бойынша 50 аса Халықаралық, республикалық және алыс, жақын шетелдік ғылыми-конференцияларда баяндамалар жасап және «12 жылдық оқыту негізінде болашақ көркемдік білім мамандарын кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы ғылыми жобамен ҚР БҒМ 2017-2019 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуда.

2003-2007 ж.ж. жылдары «Көркемдiк мәдениет пен халық дәстүрлерi оқушыларға имандылық-эстетикалық тәрбие беру жүйесiнде», 2008-2011 жж. «Рухани-мәдениет құндылықтары негізінде эстетикалық мазмұнын ізгілендірудің педагогикалық негізі» тақырыптарында, мектептік бейнелеу өнері пәнін оқыту мазмұнын қайта құру мәселелерін зерттеу жұмыстарын жүргіздім және республикалық ғылыми-зерттеу конкурстарына қатысты.

1999-2004 жылдары Тараз мемлекеттік университетінің 13.00.01 – педагогика мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғау ғылыми кеңесінің мүшесі, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының кандидаттық диссертацияларды сараптау ғылыми-әдістемелік кеңесінің мүшесі ретінде, көптеген аспиранттар мен ғылыми ізденушілердің диссертациялық жұмыстарын талдауға, рецензиялауға және ресми оппонент ретінде қорғатуға қатысты.

Ә.О. Қамақ өзінің 50 жылдық педагогикалық қызметі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында мыңдаған мектептік кәсіби маман мұғалімдер, 2 педагогика ғылымының кандидатын, «Педагогика» мамандығының 21 магистрін дайындаған. Көптеген білімгерлердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасап, олардың ішінен 5 білімгер республикалық «Білімгер-зерттеуші» атағын жеңіп алады.

Қазақ халқының өнердегі рухани-эстетикалық, мәдени құндылықтарын жас ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың маңызы туралы ғылыми-зерттеулерінің нәтижелерінен 50 астам халықаралық, республикалық ғылыми конференциялар, семинарлар мен симпозиумдарда баяндамалар жасап, осы бағытта жазылған 26 ғылыми мақаласы ҚР БҒМ бекіткен Комитет журналдарында (бұрынғы ЖАК) жарық көрді. Ғалым педагог ұлттық өнерді рухани құндылық ретінде бағалағын материалдары теле-радио хабарларында беріліп, газеттік мақалалары арқылы ол этнодизайн мен этнопедагогиканың мәнін үнемі насихаттап келеді.

Ә.О.Қамақтың баспадан жарық көрген ғылыми, әдістемелік мақалаларының, оқу-әдістемелік құралдары мен оқулық еңбектерінің саны 160 асады. Оның ғылыми зерттеу еңбектеріне 10 астам докторлық, кеңестік, ТМД елдерінің және отандық көптеген зерттеушілерінің кандидаттық диссертацияларында сілтеме жасалған.

Мектептік көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие мазмұнын жандандыру, болашақ педагог-мамандар даярлау жүйесін жақсартуға бағытталған ғылыми-педагогикалық жұмыстарының нәтижелері: республика мектептерінің оқу үрдісіне енгізілген «Бейнелеу өнері» пәнінің 1- 6 (1987) төл оқу бағдарламасының және аптасына 2 сағаттық 1-4, 5-7 сыныптарға арналған (Алматы: Рауан, 1992) ұлттық мазмұндағы әдістемелік нұсқаулы оқу бағдарламаларының мазмұндық құрылымында; «Бейнелеу өнерін оқыту үрдісінде сурет салуға баулудың педагогикалық негізі» (2002.Алматы: 145 б); «Ұлттық мектеп оқушыларын имандылық-эстетикалық бағытта тәрбиелеу жүйесі. Оқу-әдістемелік құрал» (2002. 146 б.); «Өнер құралдары негізінде оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру. Оқу-әдістемелік құрал» (авторлық бірлестікте, 2007, 127 бет); «Бейнелеу өнері жүйесінде кездесетін терминдер мен атаулардың сөздігі. Оқу құралы» (2009. 42 б.); «Сурет өнеріне оқытудың педагогикалық негізі. Оқу құралы» (2009. 164 б.) және «Бейнелеу өнеріне оқыту әдістемесі. Дәрістер. Практикалық білім бақылау материалдары. Оқу құралы» (Г.Қалдыбаевамен автор. бірлестікте. - Алматы: Орхон баспасы, 2014. – 186 бет); КР БҒМ-нің грифімен баспадан жарық көрген: «Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесі. Оқулық» (Алматы: Орхон баспасы, 2014. 280 б. суретті) сияқты оқулықтары мен оқу құралдарының, бейнелеу өнері мамандығына арналған 3 оқу-әдістемелік құралдары, ЖОО арналған 2 авторлық оқу бағдарламасы мазмұнында көрініс тапқан. «Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесі» оқулығы Алматыда өткен «Образование и Карьера» атты XV Халықаралық көрменің дипломын және Ресейде өткен Халықаралық білім Салонының дипломы мен Салонның алтын медалімен марапатталған және оқулықтың аннотациялық мәліметі Салонның каталогіне енгізілген.

Қамақ Әбдікәрім Орысбекұлының 14 мақаласы алыс (МХР, Түркия, Франция, Болгария, Германия, АҚШ, Индия т.б.) және ТМД (Қырғызстан, Ресей) елдері ғылыми журналдарында: өнерге баулудың педагогикалық-әдістемелік мәселелерімен бірге, қазақ халқының рухани, материалдық мәдени құндылықтарымен, көрнекті тұлғаларының ғылымдағы, өнердегі жетістіктерімен алыс шетел оқырмандарын таныстыруды көздеген ағылшын тіліндегі 9 мақаласы Халықаралық Скопус индекс базасына кіретін журналдарда жариаланған.

Ә.О. Қамақ 2 рет ҚР білім және ғылым министрлігінің (1986, 1997), Қазақстан Педагогика Қоғамының «Құрмет грамоталарымен» және «Ы.Алтынсарин» медалімен марапатталған. «Қаз ССР халық ағарту ісінің үздігі», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағына ие. 2014-15 жыл аралығында Европа ғылыми-өндірістік Консорциумы мен Европа Жаратылыстану академиясының «К.Ушинский», «Европалық сапа» медальдарымен, «Первый - среди равных» атты Орденімен және Халықаралық Жаратылыстану тарихы академиясының президиумы «Академияның Құрметті докторы» құрметті атағын берген. 2016 жылы Франция Халықаралық Конкорд академиясының «Пифагор» медалімен мараптталған. Ресей Жаратылыстану академиясының «Ғылым мен білім берудің еңбек сіңірген қызметкері»( 2014) және «Ғылым мен техника саласының еңбек сіңірген қайраткері» ғылыми атақтарының және «За новаторскую работу в области высшего образования» медалінің (2016), ҚР БҒМ «Жоғары оқу орынының үздігі 2013» грантының иегері. Оның ғылыми-педагогикалық қызметі туралы мәлімет «Қазақстан ғалымдары» энциклопедиясына (Алматы: Инновациялық технологиялар институты, 2015. 101-102 беттер) және Ресей ЖА «Ведущие ученые» атты энциклопедиясының 12 томына енгізілген (2016).

Ә.О. Қамақ 1982 жылдан педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі және 1987 жылдан Доцент (қауымдастырған профессор) ғылыми атағымен бірге, ұзақ жылғы ғылыми-педагогикалық еңбектерінің нәтижесінде: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының және Педагогикалық білім Халықаралық ғылым академиясының (МАНПО, Москва), Францияның Халықаралық Конкорд академиясының корреспондент-мүшесі. Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры (мүшесі), Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі (академияның толық мүшесі) атақтарына сайланған. ҚР суретшілер (Өнертану бойынша, 1994) және журналистер (2003) одақтарының мүшесі. Ресей білім академиясы жанындағы Халықарлық көркемдік білім беру қайраткерлері ассоциясының мүшесі (2016), Қазақстан ғалымдары қауымдастығының мүшесі (2014), От басылы. 2 ұлдың әкесі, 6 немеренің атасы.

Қорытындылай айтқанда, ғалым-этнопедагог А.Камақ шығармашылық жұмыстармен айналысатын, облыстық респубикалық, халықаралық көрмелерге қатысқан суретші - педагог, ұлттық өнердің білімдік тәрбиелік мүмкіндіктерін зерттеген ғалым, бейнелеу өнері, бастауыш мектеп және көркем еңбек мұғалімдерін елу жыл бойы даярлаған ұстаз, сонымен қатар ұлттық мәдени құндылықтарды зерттеуші және оны тәрбие ісінде қолданушы шебер.
Әдебиеттер:

1.«Қазақстан ғалымдары», Энциклопедия. Алматы: Инновациялық технологиялар институты, 2015. 101-102 б.



2.«Ведущие ученые», Энциклопедия. 12 том. Россейский АЕН, М.; 2016.- С.453
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет