Шымкентте фастфудпен пара алған әділет капитаны сотталып, шенінен айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотыынң мәліметінше, Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша пробация қызметінің аға инспекторы болып жұмыс істейтін әділет капитаны, сотталушы К. 2023 жылдың қазан айында "жазасын өтеп жатқан сотталушының мінез-құлқын қадағалауға жалпы қамқорлық жасағаны үшін" 12 668 теңге көлемінде азық-түлік (фаст-фуд) түрінде пара алған.

"Сотталушының кінәсі жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен дәлелденді. Прокурор сотталушыны екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы мен қорғаушысы сотталушыға жеңіл жаза беруді сұрады", – делінген сот хабарламасында. 

Соттың мәліметінше, сотталушы К.-ға жаза тағайындау кезінде сот жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуын, өз кінәсін толық мойындауын, соттылығының болмауын, жас баласының болуын және жүктілігін ескерді.

"Сот қабылданған кәсіби антын бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауын ауырлататын мән-жай деп танып, сот К. өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 316 700 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, сотталушы әділет капитаны арнаулы атағынан айырылды", — делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.