Тойдың сәніне айналған “Сен барда” әнінің орындаушысы, белгілі жұлдызды жұптың мүшесі Қуаныш Құрманбаев жер сілкінісі кезінде жарақаттанып қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kuanysh_karlygash/

Өнер иесінің әйелі жеке парақшасында жазба жариялап, жедел жәрдем шақырғанын айтты. 

“Жер сілкінгенде кім қайда болды дегенде не деп айтамын. Күнде таңертең душқа түсетін әдетім еді. Балаларды бірінші ойлайтын әдетіміз ғой. Миым сан саққа жүгірді. Кім қайда?! Жүрегім 6-ға бөлінді. Балаларды жан-жақтан жинап, енді жер үйімізге кеттік. Қайта-қайта сілкініп, не белгі болды екен?!. Бұл жолы тіпті басқаша сілкінді. Енді анық көшеміз-ау. Жер сілкінісінен Қуаныш жарақаттанып қалды. Жәй ауыртып алған шығар десек, болмады. Аяғын шығарып алыпты.  Аяқ сүйегі жарылыпты, дәрігер Айболит болдық", – деп жазды өнер иесі. 

Фото: https://www.instagram.com/kuanysh_karlygash/

Еске салайық, 4 наурызда Алматы қаласында тағы да 5 балдық жер сілкінісі тіркелген еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.