Әлеуметтік желіде бейтаныс әйелдің такси жүргізушісіне "зорламақ болды" деп жала жапқан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/moldir_anarbaeva/ 

Қоғамдағы атышулы оқиғаға блогер Мөлдір Анарбаева үнсіз қалмай, такси жүргізушісін жақтап, жазба жариялады. 

“Ойпырмай, мынандай қатынмен өмір сүретін еркек болса обал ақ…
Әртістігінде шек жоқ! Осы таксист адам емес пе?! Оларды ит қылатын қатын көбейді ғой, масқара! Отбасын асыраймын деп жүрген жігіттерді құл көретін қақсақтарды да көріп жүрміз. Мына әртістің бір жері кем болса амал жоқ, сау болса оңбайды екен. Мен де жиі таксиге отырамын, өткенде бір кісінің көлігі газ сасып тұр. Аға газдың иісі шығады, денсаулығыңызыға зиян ғой, десем,
“ақшам болса осы көлікті айдаушы ма едім…” деп күрсінді. Айлығын түгел әйеліне беріп жол-пұл болсын деп жүрген еркектер қаншама… “Еркек тапсын!” деп езіп, құлақ-миын жеп, үй бетін көрсетпей жібергенді қойыңдаршы, әйелдер!
Өздеріңе сәл ие болыңдаршы! Адамда кие бар, обалын арқаламаңдаршы. Осы күні көптеген әйел әсірешіл. Еркектің бәрі тиран емес! Құл емес! Ойыншық емес!”, – деп ашынды блогер. 

  • "Одан кешірім сұрамаймын": Қостанайлық әйел "қол жүгіртті" деп айыптаған такси жүргізушісі үндеу жасады

  • Қостанайда такси жүргізушісін "өзіне қол жүгіртті" деп айыптаған жолаушының ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды

Желі қолданушылары блогердің сөзін жақтап, бейтаныс әйелді даттап жатыр. “Қостанай жақтың орыстары осындай”, “Таксистің басы істеп кетті, камерасын қосып”, “Ер-азаматты заңмен де қатынмен де езіп жіберді”, “Қазір қорқатын заман болды” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салсақ, әйелдің жазықсыз жүргізушіге жала жауып жатқаны әшкере болған. Ол құзырлы органға жалған мәлімет бергені үшін жауапқа тартылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл арқалады. Айыппұл сомасы – 110 760 теңге.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.