Танымал актриса, кәсіпкер  Жұлдыз Әбдікәрімова қайын інісі Заңғар Нұртасты туған күнімен құттықтап, онымен алғаш танысқан кезін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Нұртас әулетінің сүт кенжесі Заңғар туған күнін жақындарымен атап өтті. 

“Заңғар, біз алғаш кездескенде сен бастауышта оқитын, кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді балақай едің. Өте бауырмал, жүрегі кең жансың. Бүгінде өзін дәлелдеген, ортаңа сыйлы азаматсың. Туған күніңмен құттықтаймын. Заңғардай биік бол! Сені жақсы көремін", – деп жазды актриса. 

  • Назарбаевтың інісі Самат Әбіш 8 жылға сотталды – Депутат

  • Қазақстанда қай ауылдар қала статусын алады: Тізімі шықты

Айта кетейік, жұлдызды актриса үнемі қайын інісі туралы жиі жазып, мақтап жүреді. 

“Сен менің қайным емес, бауырымдайсың. Себебі келін боп түскен сәттен бастап маған “жеңге” деп емес, “әпке” деп қарадың. Жалған өмірде жаныңа жақын жандар аз болса, сол аздың ішіндегі көпке татырлығы – өзіңсің. Қытайда оқып жүргенде балаларға сыйлықтарын жіберіп, үйдің тамағын сағынған болар деп мен қазы пісіріп, ет салып жіберетінмін. Осылай арамызда қаншама шақырым жатса да, сыйластығымыз, қамқорлығымыз тоқтамайтын", –  деген еді Жұлдыз.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.