Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Оспанов шаршы алаңға қашан оралатынын айтты. Бұл туралы спортшы арнайы Stan.kz ақпарат агенттігіне мәлімдеді.

Фото: PFL

Жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов Naiza мен AMC Fight Night тұжырымының бірлескен турнирінде жұдырықтасуы мүмкін.

“Жақында Камил Гаджиевтен Naiza-мен бірлескен турнирде өнер көрсету туралы ұсыныс түсті. Әрине, екі жылдық үзілістен кейін қайта оралу қиынға соғатыны анық. Бірақ қаржылай қызықтыратын жақсы ұсыныс болса, шаршы алаңда өнер көрсетуге дайынмын. Оларға қандай сомма екенін де айттық. Егерде екі жақты келісімге келсек, жекпе-жегімді күтіп жүрген жанкүйерлер үшін жарқын оралуға дайындаламыз. Шыны керек, шаршы алаңды сағынып жүрмін. Қазір бабымды жоғалтып алмау үшін күніне бір уақыт жаттығу жасаймын. Егер бәрі біз ойлағандай болса, ресейлік танымал спортшы Акоп Степанянмен жекпе-жек өткізуіміз мүмкін”– деді Арман Оспанов.

Айта кетейік, Арман Оспанов соңғы жекпе-жегін 2022 жылы Eagle FC 44 турнирінде өткізіп, жарақатына байланысты жеңілген еді.  


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.