Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, марқұмдарды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкімдік таратқан ақпаратта Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтқаны айтылады.

"Құтқару қызметі Медеу ауданындағы қираған  үйде тұрған  отбасы мүшелерін іздеуді аяқтады. Қайғылы оқиға 4 адамның өмірін қиды. Мен  қаза болғандардың туыстары  мен жақындарының қайғысына ортақпын.  Оларға шын жүректен  қатты қайғырып, көңіл айтамын", — деген Досаев.

  • "Бұл мәселені әкімдік жақсы біледі": Куәгерлер Алматыда төрт адамның өмірін жалмаған лай көшкіні туралы айтып берді
  • "Жаңа жоспар бойынша мұнда үй салуға болмайды": Әкім Алматыдағы лай көшкінінің себептеріне тоқталды

Ақпаратқа қарағанда, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша отбасының барлық мүшелерін жерлеуді ұйымдастыру үшін көмек көрсетіледі.

“Студент болып табылатын және қазіргі уақытта елден тыс жерде оқитын  қаза болған отбасының үлкен ұлына білім алуға және  елімізге келген соң өмір сүруіне материалдық қолдау көрсетілетін болады”, – деп қосты әкімдік.

Еске салайық, Алматыдағы Медеу ауданында 8 ақпанға қараған түні сел жүріп, екі үй зақымдалған еді. Оқиға орнына келген құтқарушылар үйде болған 4 адамды іздестірген. 

ТЖД құбырдың жарылуы селдің алдын ала себебі болуы мүмкін екенін айтқан. 

Бұған дейін лай көшкіні салдарынан қираған үй астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімдердің денелері табылған еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.