Алматы әуежайы қалың қардың жаууына байланысты ішкі мен сыртқы рейстерді тоқтатқан болатын. Осы орайда біраз өнер жұлдыздары концерт пен түсірілімдеріне жете алмай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Өнер өкілдерінің жеке парақшасынан алынды
Батыс өңірінде гастрольдік сапармен жүрген Әли Оқапов Ақтаудан Алматыға әрең жеткен.
“Ақтау жібермей жатыр. Ұшақ 8 сағатқа кешікті. Бірақ Алматыда қауырт жұмыс күтіп тұр. 7 күнде 11 концерт қойдық. Ақтөбе мен Ақтауды аралап келе жатырмын. 3 сағат ұйықтап алып, жұмысқа кірісу керек”, – деп жазды өнер иесі.
Отандық музыкалық жобаның түсіріліміне барған өнерлі жұп Тоқтар мен Бейбіт те ұшақтың ішінде біраз уақыт отырған.
Фото: Өнер өкілдерінің жеке парақшасынан алынды
“3 сағаттан бері ұшақтан түскен жоқпыз. Аман-есен астанамызға жетіп алайық. Бүгін бізге арналған бірнеше түсірілімге қатысамыз”, – деп жазды жұлдызды жұп.
-
Ауа райына байланысты Алматы әуежайынан ұшатын барлық рейс тоқтатылды
-
Алматыда ауа райының қолайсыздығынан 7 көлікті ағаш басып қалды
Сонымен қатар “Егіз-лебіз” музыкалық жобасына қазылық етуге барған Мадина Сәдуақасова да Алматыға қайта алмай қалған.
“Астанадан ұша алмай жатырмын. Алматы ұшақтарды қабылдамай тұр екен. Уақытым 14.30-ға ауысты. Күтемін”, – деп сабырлық танытты эстрада жұлдызы.
Фото: Өнер өкілдерінің жеке парақшасынан алынды
Спорт пен өнерді қатар алып жүрген Еркебұлан Тоқтар да 5 сағаттан бері самолетте отырғанын айтты.
“Қардың салдарынан 5 сағат бойы ұшақта отырмыз. Жұрт бортсерік қыздарға ренжіп, ұрысып жатыр. Олар кінәлі емес. Мен отырмын. Жұмысымның бәрі тынған. Ешқайда асықпаймын. Қар жауды. Бәрі кешікті. Демек солай болуы керек”, – деді актер.
Еске салайық, наурыз айының ортасында бірнеше өңірде ауа райы күрт бұзылған еді.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.