Түнде Алматыда қуатты зілзала болды. Құрбандар жоқ болғанымен, 44 адам жарақат алды. Үрейленген тұрғындар үйлерін тастап қашты. Бірақ олардың арасында дүрмекке ермей, сабыр сақтап жағдайды ойын-күлкіге айналдырғандар да табылды. Stan.kz тілшісі әбігерге салған түннің қызықты естеліктерін назарыңызға ұсынады.
Алматы тұрғыны Мұхан Қарасай бүкіл зат шайқалып, ыдыстар құлап, сынып жатқан видеоны әлеуметтік желіге жариялап, "Пәтер сатамын, қымбат емес. 7-қабат, өзіңіз алып кетесіз" деп мысқылдады.
@muhankarassay #землятресение #квартира #дешево #рек ♬ оригинальный звук — Muhan
Бейнероликті 68 мыңнан астам адам көріп, екі мыңнан астам лүпіл, 200 пікір жинаған. Адамдар пәтерді емес, иесінің сабырын сатып алар едік деп пікір жазды.
Көңілімізді көтерген тағы бір бейнеролик эвакуациялану үшін ата-анасы оятқан оқушы туралы болды. Түнде жер сілкінген кезде ата-анасы үйден эвакуациялану үшін баласын оятқан. Бірақ ол мектепке баратын уақыт болды деп ойлап, асықпай киініп, сөмкесін алып шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бала ата-анасының не үшін күліп жатқанын түсінбей көзін сүртіп тұр.
Сондай-ақ жер сілкінісі кезінде төбесінде аспашам қозғалып жатса да бей-жай отырған қазақстандықтың видеосы тарады.
@gani_offi #рек #землетрясение ♬ оригинальный звук — ⚡️🦅GANS🦅⚡️
Алматы тұрғындарына зілзала туралы мүлде хабарланбағаны көпшіліктің ашуына тиді. "Керек кезде неге үндемейсің?", "Төтенше жағдайлар министрлігі күн сайын көктайғақ, тұман туралы ескертеді. Ал зілзала болып жатқанын әжетханада отырып білдім", деп жауап жазды олар.
Үрейленген тұрғындар үйінен жылы күртешесімен, кейбірі тіпті аяқ киімсіз жүгіріп шыққан. Себебі олар жер сілкінісінен мүлдем хабарсыз еді.
Әсіресе көпқабатты үй тұрғындары қорқып қалды. Кейбірі жоғары қабаттағы пәтерін арзанға сатуға дайын екенін жазып жатыр. Себебі Алматыдағы сейсмикалық жағдайды ескерсек, бесінші қабаттан жоғары ешкім пәтер сатып алмайтын тәрізді. Біреулер енді жер үй қымбаттауы мүмкін деп болжады.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.