Уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу қағидалары



жүктеу 22.47 Kb.
Дата14.02.2018
өлшемі22.47 Kb.

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнің

201 жылғы « »

№ қаулысына

қосымша 2


Уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Байланыс туралы», «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген және байланыстың әмбебап қызметтерiн көрсету құқығына әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі байланыс операторларына қойылатын міндеттер жүктеу тәртібін белгілейді.

2. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері тізбесінің ішінен байланыстың әмбебап қызметтерін көрсетуді әмбебап қызмет көрсететін операторлар жүзеге асырады.

3. Пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) әмбебап қызмет көрсету операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;

2) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері – телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;

3) байланыс операторы – Қазақстан Республикасында тіркелген, байланыс қызметтерiн көрсететін заңды тұлға;

4) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндеттерді жүктеу тәртібі  
4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер болмаған немесе жеңiмпазды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда байланыстың әмбебап қызметтерi тізбесіндегі жекелеген байланыс қызметтерін көрсетудi байланыс саласындағы уәкілетті орган осы аумақтағы аталмыш қызмет түрлері бойынша нарықтың ең үлкен үлесін алатын байланыс операторына жүктейдi. Байланыс операторы бұл жерде әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөнінде өзіне жүктелген міндеттемелерден бас тартуға құқылы емес.

5. Уәкілетті орган осы аумақтағы атамлыш қызмет түрлері бойынша нарықтың ең үлкен үлесін алатын байланыс операторымен жекелеген әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасады.



6. Уәкілетті орган мен әмбебап байланыс операторы арасында жасалған шарттардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет