Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев  депутаттың Астанаға көшіп келушілер санын шектеп, кіреберістерге бақылау-өткізу бекеттерін орнату керек деген ұсынысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: 2ГИС

Комитет төрағасының сөзінше, блок-бекеттерге қатысты мәселе ішкі істер министрлігінің құзыретіне кіреді. Ал, Астанаға келушілер арнайы квота арқылы қадағаланатынын айтты. 

“Квотаны жергілікті атқарушы органдар бекітеді. Квотаны жоспарлаған кезде еңбек нарығындағы ахуалды қарастырады. Яғни, жұмыссыздар саны, мамандық бойынша оқуын тәмәмдаған түлектер саны қанша екенін және басқасына қарайды. Бұл жерде адамдар бақыланбай, жаппай қалаға көшіп келіп жатыр деген мәселе жоқ. Квота соңғы 5 жылда төмендеді. Жыл өткен сайын біз қалаға көшіп келетіндерді квота бойынша азайтамыз. Бұл ішкі нарықты қорғау үшін жасалады. Сондықтан Астанаға қосымша шектеулер енгізетін қажеттілік көріп тұрған жоқпын. Қазақстандықтар қалаға жұмыс істеуге, басқа да шаруалармен келе алады", — деді комитет төрағасы Асқарбек Ертаев.

Еске салайық, бұған дейін, Астана мәслихатының депутаты Азамат Айтқожин ретсіз көші-қонды тоқтату үшін елорада маңына бақылау-өткізу бекеттерін орнатуды ұсынған еді. Депутат Астанаға кез келген адам келгеніне деп алаңдап, тезірек бақылау-өткізу бекеттерін орнатуды талап етуде.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.