Танымал әнші, хит әндердің орындаушысы Ayree жеке өмірі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жарқын жүздесу” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Әнші жалғыз өзі Әлімхан есімді ұлды тәрбиелеп отыр. 

“Жүрегімнің жартысын тапқан жоқпын. Бірақ қазіргі жүрегім – Әлімхан. Қазір үйде. Сондықтан маған әзірше басқа адам мен махаббат қажет емес. Махаббат, жылулық, қолдауды маған ұлым береді. Қазір қарым-қатынаста емеспін, бірақ жігіт дайын болса, қыз дайын. Менің ойымша, бәрі өз уақытымен. Менің теңімнің бір жерде жүргенін сеземін", – деп жан сырын ақтарды әнші. 

  • "Іздемегенің жөн": Тәуекел Мүсілімнің әйелі күйеуіне қызығатын аруларға жауап берді

  • "29 апта, 1,5 келі, 49 см": Төреғали Төреәлінің әйелі денсаулығында кінәраты бар тұңғышы туралы айтты

Сонымен қатар өнер иесі болашақ жарының қандай болатынын сипаттап, қандай талап қоятынын да жасырмады. 

“Негізі ақша мен қалтаға қарамаймын. Сенің адамың сен үшін үй болуы керек. Адамгершілігі мол, ата-анамды құрметтей білсе, мені және Әлімханды қабылдаса, бақытты етем десе, құшақ жая қарсы аламын", – деп ағынан жарылды эстрада жұлдызы.

Еске салайық, әншіге өнердегі әріптесі Меруерт Түсіпбаеваның ренжігенін жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.