Түркістан облысында су басқан көшелерді құрғату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Сайрам, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мен Жетісайда сегіз аула су астында қалды. Нөсер жаңбыр шымкенттік коммуналдық қызметкерлерді әуреге салды. 

Қатты жауған жаңбыр жолдарды, үй аулалары мен көпқабатты үйлердің аумақтарын басып қалды. Төтенше жағдай көлік жүргізуішлері мен жаяу жүргіншілерге де қолайсыздық туғызды. Коммуналдық қызметкерлер мен құтқарушылар жаңбыр суын сорып, жерді құрғатуға тырысты. Төтенше жағдай департаменті қаланың төрт ауданындағы бір үйді, 15 аула мен 10 көшені су басып қалғанын мәлімдеді. 

Қазір өңірдегі жағдай жақсарған. Алайда синоптиктердің болжауынша, еліміздің оңтүстігінде әзірге күн жылымайды. 

“Шымкентте толассыз жаңбыр жауды. 15 ауланы су басып, 3467 текше метр су сорылды. Арықтар мен каналдар тазартылды, проблемалық аймақтар құм салынған қаптармен бекітілді. Қазір қауіп сейілді”, – дейді Шымкент қаласы ТЖД ресми өкілі Асқар Шәріп.

Бұған дейін Павлодар облысында 65 елді мекенді су басу қаупі бар екенін жазған едік.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.