Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден Грузия астанасы Тбилисиде өткен әлем кубогі кезеңінде Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Грузия астанасы Тбилисиде өткен әлем кубогі кезеңінде әлемнің 60 елінен жиналған спортшылар рейтингілік ұпай мен Париж олимпиадасының жолдамасы үшін тартысқа түсті. Бұл бәсекедегі Қазақстанның басты қарсыласы болған Оңтүстік Корея 1/8 финалда Чехия құрамасынан ұтылып, Қазақстан командасынан 26 ұпайға қалып қойды. Осылайша, семсерлесуден Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет командалық сында олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. 

Айта кетейік, Тбилисидегі шешуші сында Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай мен Вадим Шарлаимов төрттігі Олимпиадаға лицензия иеленді.

 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.