ҚР Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова шығармашылық кешінде марқұм күйеуі, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың өлімі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Белгілі саясаткердің дүниеден озғанына – 19 жыл.

"Зәкеңнің өліміне қатысты шындықты күтіп келе жатырмыз. Біресе "анау өлтірді", біресе "мынау өлтірді" деп айтып жатыр. Ең соңыңда әйтеуір "Мақпал өлтірді" деп айтпаса болды. Туған-туыстары мен балалары "Мақпал өлтіру мүмкін" деп, сондай әңгіме таратып жатқан көрінеді. Оны да естіп жатырмыз, құрметті ағайын! Алла бар ғой төбеде, қолымыз қан болса, бүйтіп жүрмес едік. Зәкең де ондай азамат емес қой, "Мақпал, бері келіп, мені үш рет ата сал" дейтіндей емес. Сондықтан да, "Сол күні қайда болдыңыз?", "Неге ол қайда болғанын айтпайды?" деп жатқан көрінеді. Құрметті Қайрат Нұрқаділов, Зәкең қайтыс болған күні мен үйде болдым! Мен сізге халықтың алдында жауап берейін. Оны Зәкеңнің шопыры да, бәрі біледі. Бірақ ол кісіні екінші үйде атып кеткен", – деп әнші көрермен алдында жан сырын ақтарды. 

  • Алматы облысында Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш қойылады

  • "Өзін-өзі атты дегенге қол қойған – туысқандары": Мақпал Жүнісова жары Заманбек Нұрқаділовті еске алды

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі шындықты айтқаны дұрыс десе, енді бірі сахнада айтатын әңгіме емес деп әншіні кінәлады. 

“Есті еркекті есерсоқ әйел жолдан тайдырады деген сөз бар. Айтқыш болса, Мақпал сол кезде айтпай ма?!”, “Балаларына тиісіп айта береді. Ұрыс іздеп жүретін адам”, “Ащы шындық ішіне сыймай бара жатқасын, халықпен бөлісті”, “Әнші күйеуінің өлімін әзілге айналдырды”, “Мақпалдың көрген күнін ешкімнің басына бермесін”, “Балаларын да түсінуге болады, әкелерін қызғанады” деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 
    Еске салайық, Мақпал Жүнісованың оператор жігіттермен әзілдескені елді күлдірткен еді. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от 🇰🇿 және Шоу бизнес жаңалықтары (@news.qaz)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.