Умра және Қажылық



жүктеу 263.19 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі263.19 Kb.

Умра және Қажылық

(www.toislam.com сайтының редакциясы дайындаған)
Қажылық парызға айналатын шарттар


  1. Ислам.

Яғни адам мұсылман болуы керек.

  1. Еркіндік.

Яғни адам құл болмауы тиіс.

  1. Балиғат жасына толу және ақыл-парасат (таклиф).

Алайда егер бала қажылық жасаса, онда оның қажылығы есептеледі, бірақ ол оның мойнынан Исламның (парыз) қажылығын түсірмейді. Балиғатқа толу ер адамдарда 3 белгінің, әйел адамдарда 4 белгінің біреуінің пайда болуымен жүзеге асады: 1-Поллюция, 2-жыныстық мүшелердегі түктер, 3- 15 жасқа толу. Әйелдерде де тура солай және тағы бір белгі – етеккір.

  1. Құдірет (Күш-қуат) (Қудра). Яғни қажылықты жасауға дене және материалдық мүмкіндігі бар адам

Бұл мәселенің 4 жағдайы бар:

1 – Дәулеті мен денсаулығы (қажылықты өтеуге) жеткілікті адам. Мұндай адам қажылықты өзі орындауға міндетті.

2 – Денсаулығы бар, бірақ қаражаты жоқ адам. Егер қажылықты ақшасыз орындау мүмкіншілігі болса, онда ол мұны істеуге міндетті.

3 – Дәулеті (қажылықты өтеуге) жеткілікті, бірақ дене тұрғыдан ауру адам. Ол өзінің орнына қажылық жасайтын адамға тиісті қаражатын беруге міндетті.

4 – Кедей (қажылық жасауға қаражаты жоқ) әрі ауру адам. Оның мойнынан қажылық міндеті алынады (түседі).

- Сондай-ақ материалдық мүмкіншілікке оның қажылық сапарға кетер кезінде өз отбасына қаражат (нәпақа) тастау керектігі де кіреді.

- Сондай-ақ адамға қажылық жасауы үшін зекет беруге де болады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қажылық – Аллаһтың жолынан», - деп айтқан.


  1. Әйелдер үшін махрамның болуы.

Махрамның болуы күш-қуат (құдірет) (қудра) мәселесіне қайта тіреледі. Және кімнің махрамы болмаса, сол материалдық немесе дене тұрғыдан мүмкіншіліктері жоқ адам секілді. Әйелдің махрамдарына мына туысқандары жатады: әкесі, әкесінің әкесі, ұлы, ұл немересі, туған бауыры, туған бауыры мен әпкесінің (сіңілісінің) ұл балалары, әкесі мен шешесінің бауырлары. Сондай-ақ махрамға омыраумен емізудің себебінен махрамға айналғандар да жатады. Яғни сүт әкесі, сүт атасы, сүт ұлы, сүт немересі (ұл бала), сүт бауыры (сүт ағасы немесе інісі), сүт бауыры мен әпкесінің (сіңілісінің) ұлдары.

Сондай-ақ махрамға күйеуінің әкесі мен атасы, күйеуінің ұлы мен ұл немересі, анасының күйеуі (егер онымен ерлі-зайыпты өмір сүруді бастаған болса), қызының күйеуі және ұлы кіреді.


Қажылық рәсімдерінің ұлы артықшылықтары туралы

Аллаһ Тағала былай деп айтқан:

الْحَجُّ أَشْهُرٌ مَّعْلُومَاتٌ فَمَن فَرَضَ فِيهِنَّ الْحَجَّ فَلاَ رَفَثَ وَلاَ فُسُوقَ وَلاَ جِدَالَ فِي الْحَجِّ وَمَا تَفْعَلُواْ مِنْ خَيْرٍ يَعْلَمْهُ اللّهُ وَتَزَوَّدُواْ فَإِنَّ خَيْرَ الزَّادِ التَّقْوَى وَاتَّقُونِ يَا أُوْلِي الأَلْبَابِ

«Қажылық (шәууал, зуль-қағда және зуль-хижжаның онына дейінгі) белгілі айларда орындалады. Кім ол айларда (ихрам байланып) міндеттенсе, қажылық кезінде әйелге жақындасу, күнә істеу және жанжал жоқ. Әй, ақыл иелері! Нендей қайыр істесеңдер де, Аллаһ бұл туралы біледі. Және азық алыңдар. Негізінде азықтың жақсысы тақуалық. Әй, ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар» (әл-Бақара 2: 197).

Абу Хурайрадан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Жаман сөз сөйлемей, күнәлі және орынсыз еш нәрсе жасамай, Аллаһқа қажылық жасаған адам анасы оны туған күнде қандай болса, солай оралады». Әл-Бухари 1521, Муслим 1350.

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Амр ибн әл-Ас жеткізген хадисте былай дейді: «Ислам оған дейін болған нәрсені өшіреді, қажылық оған дейін болған нәрсені өшіреді, хижра оған дейін болған нәрсені өшіреді». Муслим.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп айтатын: «Умрадан кейін умраны орындау олардың араларындағы күнәлардың өтеуі болады, мінсіз қажылыққа келер болсақ, ол үшін Жәннаттан өзге сый жоқ!». Әл-Бухари 1773, Муслим 1349.

Әрбір мұсылман Исламның бес парызының бірі болған осы ұлы рәсімді орындауға міндетті, әсіресе бұл Қажылықты орындау мүмкіншілігіне ие, алайда оны ешбір себепсіз кейінге қалдырып жүрген адамға қатысты. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Парыз қажылықты орындауға асығыңдар, өйткені расында сендерден ешкім оған не кедергі болып қалуы мүмкін екендігін білмейді!» Ахмад 1/314. Хадистің сенімділігін хафиз ’Абдул-Хаққ әл-Ишбили, әл-Әлбани және Шу’айб әл-Арнаут растаған.

Ал ‘Умар ибн әл-Хаттаб мына қорқынышты сөздерді айтып ескерткен: «Кімнің қажылықты орындау мүмкіндігі бола тұра оны орындамаған болса, онда оның қалай өлетінінде: христиан болып па, әлде иудей болып па – айырмашылығы жоқ!» әл-Исма’или, Ибн Абу Шайба, Са’ид ибн Мансур. Хафиз Ибн Касир иснадын сахих деді. Қз.: “«Тафсир» Ибн Касир” 2/97.

Бұдан қалса, бірауызды пікір (ижма’) бойынша, қажылықты орындау өмірде бір рет міндетті болып табылатындығына қарамастан, көптеген имамдар қажылықты әр бес жыл өтісімен орындауды дұрыс көрген. Мұнымен олар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі хадисіне сүйенген: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала айтады: “Егер Мен Өзімнің құлымның денесін сау етсем және оны кеңшілікке бөлесем, ал бес жыл өтісімен ол Мені зиярат етпесе, онда ол игіліктен құр қалғандардың қатарынан!» Ибн Хиббан 960, Абу Йа’лә 1/289, әт-Табарани 1/110. Хадистің сенімділігін имам Абу Зур’а, имам Ибн Хиббан, шейх Али әл-Қари, шейх әл-Әлбани, Абу Исхақ әл-Хууайни және Шу’айб әл-Арнаут растаған.

Ибн ‘Умар былай баяндайтын: «Біз Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мина өлкесіндегі мешітте отырғанымызда бізге біреуі ансарлардың қатарынан, ал басқасы Сақиф руынан екі адам келді де, сәлем беріп, содан соң отырды. Сосын олар: “Уа, Аллаһтың Елшісі, біз саған сұрақ қоюға келдік”, - деп айтты. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Егер қаласаңдар, мен сендерге сұрағыларың келген нәрселеріңді хабарлайын, ал егер қаласаңдар, сендер мұны өздерің айтыңдар”, - деді».



Олар: “Уа, Аллаһтың елшісі, хабарла», - деді. Сақафи ансарға: «Сұра», - деді». Алайда ол: «Хабарла маған, уа, Аллаһтың елшісі», - деп айтты. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен Қорықты мешітке бару үшін үйіңнен шыққаның үшін саған не (сый-сауап) болатынын сұрау үшін келдің. Тауаптан кейінгі екі ракағат туралы, (яғни) саған ол үшін не (сый-сауап) болатынын білу үшін. Сафа мен Маруаның арасын айналып жүру туралы білу үшін. Арафатта тұру туралы, бағаналарға тас лақтыру туралы, шашты қыру және Қағбаны айналу туралы, осылар үшін саған не (сый-сауап) болатыны туралы!». Әлгі кісі: «Сені ақиқатпен Жібергенмен ант етемін, мен дәл соны сұрауды қалап келгенмін», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, сен Қорықты мешітке қарай жол алып үйіңнен шықсаң, сенің мінген жануарың аяғын әр көтерген және түсірген сәтте, саған бір сый-сауап жазылады және бір күнәң кешіріледі.

Қағбаны (жеті рет) айналудан кейінгі екі ракағатқа қатысты айтар болсақ, онда бұл сенің Исмаил (пайғамбардың) ұрпақтарынан болған бір құлға азаттық бергеніңдей.

Сафа мен Маруа төбелерінің арасын айналып жүруге келер болсақ, бұл жетпіс құлды босатумен бірдей.

Сенің Арафатта тұруыңа қатысты айтар болсақ, онда Аллаһ Тағала төменгі аспанға түсіп, періштелердің алдында мақтанып, былай дейді: “Құлдарым Жәннатымды қалап, Маған әр жақтан шаштары ұйпалақтанған күйде келді! Егер олардың күнәлары майда тастардың, жаңбыр тамшыларының және теңіз көбігінің санындай (көп) болса да, Мен оларды кешірер едім! Әй, Менің құлдарым, сендерге кешірім сый етілді!»

Тас лақтыруға келер болсақ, әрбір тасталған тас үшін сенің кіші күнәң кешіріледі.

Құрбандығыңа келер болсақ, бұл үшін саған Раббыңның алдында ұлы сый әзірленген.

Басты қыруға қатысты айтар болсақ, әрбір талшық шаш үшін саған игі іс жазылады әрі күнәң кешіріледі.

Ал сенің осының барлығынан соң Қағбаны айналуың туралы айтар болсақ, онда сен күнәсіз болған күйде тауап жасайсың. Әрі осыдан соң періште келеді де, қолдарын сенің иығыңа қойып, былай дейді: «Болашақта саған жазылған нәрселерді орындай бер, өйткені бұрын болған нәрселердің барлығы саған кешірілді!”» әл-Баззар 2/182, Ибн Хиббан 963, ‘Абдур-Раззақ 8830. Хафиз әл-Мунзири және шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған. Қз.: “Сахих әт-тарғиб” 1112.
Умра мен Қажылықты орындаудың ережелері
Умра
1 - Изар мен рида1 киімдерін киіп, (қажылық өтеу) ниетімен2 ихрамға кіру, әрі осыдан бұрын толық жуыну (ғұсыл алу)3.4

2 – Денесіне хош иістерді ихрамға кіруден бұрын жағу керек (тек ер кісілер үшін).

3 – Ихрамға миқат5 деп аталатын арнайы орында кіру.6

4 – Умраны орындау ниетімен ихрамға кіру.7

7 – Ихрам халіне кіргенде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан тәлбийя8 сөздерін айту керек.

9- Тәлбийяны дауыстап айту керек.9

10 – Кейін Меккеге аттанамыз.

11 – Меккеге кіруден бұрын толық жуыну, егер осыған мүмкіндік болса.

12 - Әл-Харам мешітіне оң аяқпен, мешітке кірерде айтылатын зікірлерді айтып кіру.10

13 – Қағбаны тауап ету11.

14 – Қағбаны осы тауап етудің кезінде ер кісілердің оң иықтарын жалаңаштауы (әл-идтиба’)12.

15 – Қағбаны осы тауап жасауда етуде алғашқы үш айналымды жылдам қадамдармен жүріп өту (әр-рамль)13.

16 – Қағбаны (осы) тауап жасаудан соң Ибраһимнің орынының артында екі ракағат намаз орындау14.

Оның бірінші ракағатында («әл-Фатихадан» кейін) «әл-Кәфирун» сүресі (№109), ал екінші ракағатта - «әл-Ихлас» (№112) сүресі оқылады немесе керісінше.

17 – Бұл намазды Ибраһимнің (тұрған) орнының (макам Ибрахимнің) артында тұрып орындау.15

18 – Зәм-зәм (бұлағынан) су ішу және оны басқа құю.

19 – Қара тасты ұстау үшін оған қайта оралу.

20 - Әс-Сафа төбесіне белгілі аятты16 оқып бару.

21 - Әс-Сафа (төбесінде) Қыблаға бетті қаратып тұру.17

22 – Әс-Сафа мен әл-Маруаның арасында жеті рет әрі-бері жүріп өту, әрі осыны әл-Маруамен аяқтау.

23 - Әл-Маруада (Қыблаға бетті қаратып және) әс-Сафада орындаған амалдарды орындап тұру.

24 – Әс-Сафамен мен әл-Маруаның арасын әрбір айналып өтуде, құрғап қалған арнаға (уади) қадам басқанда рәсімдік жүгіруді (сай) орындау18.

25- Рәсімдік жүгіруді (сай) әл-Маруада аяқтау19.

26 – Қажының басты қыру арқылы емес, шашты алу арқылы ихрамнан шығуы.20


Қажылық
1 – Әт-таруия (8-зу-ль-хижжә) күні күн шыққаннан кейін ихрамға кіру21 және қажылық (өтеу ниетімен) тәлбийяны жариялау.

2 – Мина (алқабына) аттану және сонда түнеу.22

3 – Минада бесін (зухр) және қалған бес уақыт намазды қысқарта отырып, әр намазды өз уақытында орындау23.

4 – Арафатта тұру күні күн шыққаннан кейін Минадан Арафатқа қарай жүру24.

5 – Егер мүмкіншілік болса, Арафаттың жанындағы Намирада (тал) түстің алдында тоқтап өту.

6 – Урана уәдиіне жүру және бесін (зухр) мен екінті (аср) намаздарын қоса орындау. Сүннет намаздар орындалмайды.

7 – Арафатта тұру күні имамның намазға дейін құтпа айтуы.

8 – Арафатта дұға жасап, Аллаһты мадақтап, ораза ұстамай тұру.

9 – Арафатта тұру кезінде Аллаһқа дұға етіп жалбарынғанда екі қолды көтеріп, бетті Қыблаға бұру.

10- Арафатта тәлбийя сөздерін айту25.

11 – Арафаттан күн батқаннан кейін, тыныштық сақтап жылжу.

12 – Муздалифада ақшам (мағриб) және құптан (иша) намаздарын қосып оқу. Алдымен ақшам (мағриб) намазы, ал содан соң бірден құптан (иша) намазы орындалады. Осы екі намаздың әрқайсысының алдында иқама айтылады.26 Бұл екі намаздың арасында сүннет намаздарын оқудан бас тарту қажет.27

13 – Муздалифада түні бойы түнеп шығу28.

14 – Таңның алғашқы шапақтарының көрінісімен таң (фажр) намазын орындау29.

15 – Муздалифа аумағында орналасқан әл-Маш’ар әл-Харамда жүзді Қыблаға қаратып, Аллаһқа дұға етіп жалбарынып, Оны мадақтап (тахмид), Оны ұлықтап (такбир), «Лә иләһә иллә-Ллаһ» сөздерін айтып (тахлиль), күн шыққанға дейін тұру.

16 - Әл-Маш’ар әл-Харамнан күн шыққанға дейін жылжу.

17 - Әл-Мухассир алқабынан әдеттегіден сәл жылдамырақ жүріп өту.

18 - (Үлкен) бөренеге (тас лақтыру үшін) Арафатқа барған жолдан өзге жолмен бару.

19 – Құрбан айт күні күн шыққаннан бастап түске дейін әл-хазф мөлшеріндей жеті тасты уәдидің ішкі бөлігінен үлкен бөренеге (әл-джамрат әл-кубраға) лақтыру30.

20 – Егер қажеттілік болса, түстен түнге дейін лақтыруға рұқсат етілген.

21 – Әр тасты лақтырғанда тәкбір айту.

22 – Тас лақтырудың алдында тәлбийя сөздерін айтуды тоқтату.

23 - Тас лақтыру ихрамнан «кіші» яғни жартылай шығуды білдіреді31.

24 - Әт-таматту’ қажылығын орындаушы қажылар құрбан шалады. Кім құрбан шалуға мал таба алмаса, қажылық кезінде үш күн және үйіне қайтқан соң тағы жеті күн ораза ұстайды32.

25 – Түйе немесе сиыр жеті адамның атынан құрбандыққа шалынады, қой немесе ешкі – бір адамның атынан.

26 – Құрбан шалу Меккеде де, Минада да орындалады33.

27 – Шашты бастың оң жағынан бастап қырып тастау34.

28 – Меккеге Қағбаның негізгі тауабын (тауаф әс-садр/ тауаф әл-ифада) жасау үшін жөнелу.35

29 – Қағбаны негізгі тауап етіп болған соң Зәм-зәм (бұлағынан) су ішу.

30 – Қағбаны негізгі тауап етіп болғанннан кейінгі рәсімдік жүгіру (сай)36.

31 – Осы рәсімдердің барлығын орындап болған соң ихрам халінен толық және түгелімен шығу.

32 – Құрбан айт күні орындалатын рәсімдердің тәртібін сақтау37.

33 – Минаға қайта оралу және үш ташриқ күндерінде сонда болу.

34 – Әр ташриқ күнінде үш бағанаға тас лақтыру38.

35 - Қағбамен қоштасу тауабын (тауаф әл-уада’) Меккеден үйіне кетудің дәл қарсаңында жасау, әрі оны жасау кезінде алғашқы үш айналымда жылдам жүрмеу және оң иықты жалаңаштамау керек39.
Умра мен қажылықтың рәсімдерінің дәлелдерімен конспектінің www.toislam.com сайтындағы толық нұсқасынан танысуға болады.
Әрі соңында Аллаһқа мақтау-мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және олардың ізінен ілескендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!


1 Ихрам киіміне келер болсақ, Сүннетке сәйкес ихрамға изар (қажылық жасаушы адам денесінің белінен төменгі бөлігін орап алатын мата) және рида (қажылық жасаушы адам иығына тастап, денесінің жоғарғы бөлігін жабатын мата) кию арқылы кіреді. Имамдардың бірауызды пікірі бойынша, олар тігілген де, тігілмеген де болуы мүмкін. Көп адамдар осы мәселеде қателесіп, (ихрамдағы адамға) барлық тігілген нәрсе, яғни жіппен тігілген кез келген киімді: ол адамның қандай да бір дене мүшесін жапса да, жаппаса да - тыйым салынған деп септейді. Сөйтіп мүлде барлық тігілген нәрсеге тыйым салынған деген пікір дұрыс емес болып табылады. Іс жүзінде (ихрам халіндегі адам үшін) адам денесіне сәйкес пішіп тігілген, мысалы, көйлек, жейдеше, сырт киім, кеудеше, шалбар және адамның әлдебір дене мүшесінің пішімі бойынша тігілген барлық нәрсеге тыйым салынған. Ихрамдағы адамға дәл осы үлгідегі киімді киюге тыйым салынған, тіпті ол тоқылған болса да. Ал ридаға, егер ол қысқа немесе тар болса, бір нәрсені қоса тіге салуға, немесе егер ол жыртылып қалса, тігуге рұқсат етілген. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ихрамдағы адам көйлек, сәлде, сырт киім, шалбар, сары ағашпен (уарс) немесе запыранмен боялған кез келген киім және қайыс мәсі, тек егер ол сандали таба алмаса (өйткені мұндай жағдайда қайыс мәсі киюге болады), кимеуі керек», - деп айтқан. Ғалымдар былай деп айтады: «Қажылық жасаушы адамға қайыс мәсіні тобықтан төмен болу үшін оны кесудің қажеті жоқ, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдында оларды кесуді бұйырған болатын, ал кейінірек, Арафатта болған кезінде ол изар таппағандарға шалбар киюге, ал сандали таппағандарға мәсі киюге рұқсат етті. Ғалымдардың екі пікірінің ең дұрысырағы осындай». Бұл ерлерге қатысты.

Әйелге қатысты айтар болсақ, оның ихрамы екі нәрседен тұрады: ниқаб пен қолғап кимеу, бұған Сүннет: «Ихрамдағы әйел ниқаб және қолғап кимеуі керек», - деп нұсқайтынындай. Осы орайда, ихрамдағы әйелге бетін жаулық сияқты (хымар) немесе басынан бетіне түсетін жамылғы тәрізді әйел киімі (жильбаб) сияқты нәрсемен жабуға рұқсат етіледі, ғалымдардың ең дұрыс пікіріне сәйкес тіпті егер ол бетке тисе де, алайда әйел оны байлап кимеуі керек деген шартпен.



2 Шариғат бойынша ихрамға кірерде де, дәрет алудан бұрын да, намаздан бұрын да, оразадан бұрын да, басқа да кез келген ғибадат түрін орындаудан бұрын да ниетті ауызша айтуға (мысалы, «Уа, Аллаһ! Мен ........... орындауға ниет еттім» т.с.с.) жол берілмейді. Ал ниетті тілмен айтуға келер болсақ, бұл дінге енгізілген жаңалық болып табылады, ал «дінге енгізілген кез келген жаңалық (бидғат) адасушылық болып табылады, әрі әрбір адасушылық Отта».

3 Бұл құпталады, бірақ міндетті емес.

4 Ихрамға кіру үшін намаз орындауға келер болсақ, бұл бидғат.

5 Зуль-Хуләфа, Әл-Джухфа, Зату Ғирк, Яләмләм, Қарн.

6 Етеккірі немесе босанғаннан соң келетін қаны келген әйелдер ихрамға толық жуынғаннан (ғұсыл алғаннан) соң ғана кіруге міндетті.***

*** Әйелдердің еттеккіріне байланысты кейбір мәселелер:



  1. Егер әйел кісінің етеккірі немесе босанғаннан соң келетін қаны басталса, бұл әйел кісі үшін ихрамға кіріп күтуге кедергі болмайды. Әрі егер ол Меккеге келгенінше тазарса, онда қажылық жасаушы адам әдетте орындауға тиісті нәрсенің барлығын орындайды.

  2. Ал егер оның етеккірі аяқталмаса, онда оның екі жағдайы бар: не ол 8-зуль-хижжәға дейін бітеді, әрі осындай жағдайда ол етеккірі бітісімен бірден умра жасайды; не етеккірі бітпеген жағдайда, ол қажылық жасаушы адам орындайтынның барлығын орындай береді, Қағбаны тауап етуден басқа, яғни ифрад қажылығын жасайды.

  3. Ғалымдар етеккір келген кезде әйел кісіден қоштасу тауабын (тауаф уадағ) жасау міндеттілігі түсетініне бірауызды келіскен.

  4. Әйелге негізгі тауапты (тауаф ифада) орындамай қалдыруға тыйым салынған. Ендеше еттекірі келген әйел не істеуі керек? Егер ол күте алса, онда тазарғанын күтуге міндетті, әрі егер ол басқа қалаға кетсе де, ихрамда (шықпай) қала беріп, етеккірі аяқталған соң қайтып келуге міндетті. Ал егер оның күтуге деген мүмкіншілігі болмаса, мысалы ұшағы ұшып кетеді т.с.с., онда мұндай жағдайда, көп ғалымдар айтқанындай, оған тауап жасауға рұқсат етіледі. Тауап үшін дәрет уәжіп, бірақ оның жарамды болуының шарты және рүкіні болмағандықтан. Ал ол оны істей алатын адамға уәжіп болады.

7 Адам ихрамға кірісімен, ол үшін басын қыру харам болады. Бірақ егер оған қандай да бір себеппен басын қыруға тура келсе, онда ол құрбан шалуға міндетті. Сондай-ақ ихрамға кірген қажылық жасаушы адам денесіндегі түктер мен шаштарды алуға не қысқартуға, тырнақтарын алуға, бас киім киюге (қол шатыр пайдаланудың оқасы жоқ), денеге сәйкес пішіп тілген киімдер киюге, хош иістер пайдалануға, аңшылық жасауға (тышқан, шаян, қарға, сауысқан, қабаған иттен басқа), құда түсуге, некелесуге, жыныстық қатынас және оған алып келетін амалдар жасауға, бетін жабуға (келіспеушілік бар) тыйым салынады.

8 Ихрамға кірудің бір бөлігі (әл-ихләл) тәлбийяны көтеріңкі дауыспен айту болып табылады.

- Қажылық жасаушы адам бетін қыблаға бұрып және умра немесе қажылық жасау үшін тәлбийя айтып, былай дейді: «Аллаһуммә һазиһи хижжә, лә рийя уә лю сумғә (Уа, Аллаһ, осы қажылық, (онда) көзбояушылық пен даңққа ұмтылу жоқ!)».

Үш нәрсенің арасын ажырата білген жөн:

- ниет (ол үйден шыққан уақыттан бері болуы керек),

- ихрам киімі (оны миқатқа дейін киіп алуға болады), ихрам күйі (жағдайы).

- Ихрам жағдайына кіру.

Сондай-ақ тәлбийяның да екі түрін ажырата білу қажет:

(1) ихрам күйіне кірердегі (әл-ихляль) тәлбийясы, оны қажылық жасаушы адам миқатты өткізіп алудан қорыққан жағдайда оған жетпей жатып айтады (мысалы, әт-тамматуғ қажылығын жасаушы адам: «Аллаһуммә, ләббәйкә умратан! (Уа, Аллаһ, міне мен Сенің алдыңда умра (орындап) тұрмын!»), - деп айтады; ал кейін, зуль-хижжә айының 8-күні ол қайтадан ихрамға кіреді, әрі ол: «Аллаһуммә, ләббәйкә хажжән! («Уа, Аллаһ, міне мен Сенің алдыңда қажылық (орындап) тұрмын!»), - деп айтуға тиісті және

(2) ихрамға кіріп қойған қажы айтатын тәлбия: “Ләббәйк Аллааһуммә ләббәйкә! Ләббәйкә ләә шәриикә ләкә ләббәйкә! Иннәл хамдә уән ниъмәтә ләкә уәл мульк, ләә шәриикә ләкә!” («Міне мен Сенің алдыңдамын, уа, Аллах! Міне мен Сенің алдыңдамын! Міне мен Сенің алдыңдамын, әрі Сенің серігің жоқ! Міне мен Сенің алдыңдамын! Ақиқатында, Саған мақтау-мадақ тән, әрі нығметтер мен патшалық Сенікі! Сенің серігің жоқ!»)

Қажыға тәлбийяны айтқан кезінде дауысын көтеру бұйырылған. Сондай-ақ тәлбийяны үзіліссіз қайталай беру қажет. Әсіресе қажы тәлбийяны қандай да бір төбеге көтерілгенде немесе алқапқа түскен кезде айтуға тиісті. Тәлбийямен бірге тахлиль (яғни ««Лә иләһә иллә-Ллаһ») және тәкбір (яғни «Аллаһу әкбар») сөздерін де қосып айтуға болады. Қажы тәлбийя айтуды Меккенің үйлерін көрісімен аяқтайды, бұған сенімді (сахих) хадистер нұсқайтындай.



9 Ихрамдағы адамға шомылуға, басын қасуға, хижжама жасатуға, хош иістер иіскеуге, сынған тырнағын үзіп алуға, қол шатыр пайдалануға, шатырдың астында болуға, белдік, сағат, көзәйнек киюге, ихрамды ауыстыруға, шашын тарауға, сандали таппаған жағдайда қайыс аяқ киім (хуффайн) киюге, изар таппағанда шалбар киюге, бит, қарға, сауысқан, шаян, тышқан, қабаған ит өлтіруге, жауызға тойтарыс жасауға, ақиқатты жеткізу үшін айтысуға рұқсат етіледі.

10 Қажы Қағбаны көрген кезде екі қолын көтеруіне болады, өйткені бұл Ибн ‘Аббастан бекітілген. Сондай-ақ қажы Аллаһқа кез келген қалаған дұғасымен жалбарынуына болады. Ал егер ол ‘Умар айтқан «Аллаһуммә әнтә-с-Саләм уа минкә-с-саләм, фә-хаййинә Раббәнә би-с-саләм!» («Уа, Аллаһ, Сен – Бейбітшіліксің (әс-Саләм – Аллаһтың кемшілік пен мін атаулыдан азат (пәк) екендігіне нұсқайтын Оның Көркем Есімдерінің бірі), әрі Сенен - бейбітшілік (яғни Сен кез келген қайғы-қасіреттерден және бақытсыздықтардан арылтасың), Уа, Раббымыз, бейбітшілікпен бізді тірілте гөр (бұл жерде дұға етуші Аллаһтан сұрайтын есендік меңзелуде)» деген дұғамен жалбарынса, бұл жақсы болады.

11 Қағбаны тауап етуді Қара тас орналасқан бұрыштан бастау қажет. Егер мүмкіндік болса, онда оны сүю керек, ал егер сүю мүмкіншілігі болмаса, онда қол тигізу керек, ал егер бұған да мүмкіншілік болмаса, онда оған қолмен нұсқап: «Аллаһу әкбар!», - деп айту қажет. «Аллаһу әкбар» сөздері әр айналымның басында айтылады. Демек тауапты аяқтаған кезде: «Аллаһу әкбар!», - деп, Қара тасқа қолмен нұсқаудың қажеті жоқ.

Қағбаны айналу кезінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ Йемен бұрышына да қолын тигізген.

Алайда мұның ешқайсысын Қағбаның басқа бұрыштарына қатысты істеуге болмайды. Йемен бұрышына келер болсақ, оған тек қолмен тиіп өту ғана құпталады. Қағбаның екі Сирия бұрыштарына қол тигізбей өту керек, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесіне ілесіп.

Йемен бұрышы мен Қара тас аралығында жүріп бара жатып: «Раббәнә әтинә фид-дунья хасанә, уә филь-ахирати хасанә, уа қинә азабән-нәр («Раббымыз! Бізге осы дүниеде игілік сыйла, әрі Ақыретте де игілік сыйла, әрі От азабынан сақта!»), - деп айту қажет.

Қағбаны жеті рет айналу кезінде қабырғаның (әл-хижрдың) сыртынан өту қажет.

Йемен бұрышы мен Қара тас аралығында жүгірудің қажеті жоқ. Жүгіру тек тауаф әл қудумда, әрі тек алғашқы үш айналымда ғана.

Қажы (Қара тас орнатылған) Бұрыш пен Қағбаның есігінің арасындағы орынға (мультазам) денесімен: оған көкірегін, бетін, білектерін қойып жабысуына болады.


12 Әл-идтиба’ (яғни ер адамнан болған қажының Қағбаны тауап ету кезінде оң иығын жалаңаштауы) мынаны білдіреді: риданы (қажының үстіңгі жамылғысының) бір ұшын оң қолының қолтық астынан өткізіп, оны сол иыққа тастау, әрі осылайша оң иықты жалаңаштап, сол иықты жабу.

13 Бұл – желістеп шағын әрі жылдам қадамдармен жүру.

Қағбаны тауап жасауда Аллаһты зікір етудің қандай да бір белгіленген сөздері жоқ. Қажы Құраннан және Аллаһты еске алу сөзерінен қалаған нәрселерін оқуына болады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «(Аллаһтың) Үйін (Қағбаны) тауап ету намаз болып табылады, Аллаһ онда сөйлеуге рұқсат еткендігінен басқа. Ал кім (Қағбаны тауап ету кезінде) сөйлесе, тек игі сөз айтсын», - ал хадистің басқа бір нұсқасында: «…оның кезінде азырақ сөйлесін», - деп айтылады.

Әйел кісіге етеккірі келген кезінде Қағбаны тауап жасауына болмайды.

Ескерту: егер адам жасалған айналымдарының санына қатысты күмәнданса, өзі сенімді болған айналым санының азына оралуы қажет. Ал егер ол тауап біткеннен соң күмәндана бастаса, онда күдігіне назар бөлмеуі қажет. Егер иқама айтылса, онда намаз орындау үшін тоқтап, намазды орындау қажет, ал содан соң тауап жасауын тоқтаған жерінен жалғастырады. Сондай-ақ егер тауап кезінде адамның дәреті бұзылса, ол дәрет алып, кейін оны тоқтаған жерінен жалғастырады.



14 Бұл орынға бара жатқан кезде адам: «Уа-ттахизу ми-м-мақами Ибраһимә мусаллә («Ендеше Ибраһимнің (тұрған) орнын намаз орындайтын орын ет»)», - деп айтуға тиісті.

15 Бірақ ол жерден орын таппаса, онда бұл екі ракағатты басқа жерде орындаудың оқасы жоқ. Ешбір жағдайда намаз орындаушының алдын кесіп өтуге болмайды, сондай-ақ намаз орындап тұрған кезіңде ешкімге алдыңнан кесіп өтуге рұқсат етуге болмайды, бұған жалпы сипаттағы хадистерде тиісті тыйымның болуына, әрі Қорықты Мешітке де, жалпы Меккеге де қатысты күшке ие болатын ерекше бөлек жағдай орнатылмағандығына байланысты!

Егер адам қосымша (нәпіл) тауап жасағысы келсе, одан кейін ол екі ракағат намаз орындауы керек.



Меккеде тауап жасау мен нәпіл намазын орындау үшін құпталмайтын уақыт жоқ.

16 «Иннә әс-сафа уәл-маруата мин шааириЛләһ» - «Расында, әс-Сафа мен әл-Маруа – Аллаһтың рәсімдік белгілерінен», (содан соң ол былай деді): «Абда’у (хадистің басқа бір нұсқасында: «набда’у», - деп хабарланады) би-мә бәда’а-Ллаһу би-һи (Мен Аллаһ бастағаннан бастаймын (хадистістің басқа бір нұсқасында: «Біз ... бастаймыз», - деп келтірілген))». Ол әс-Сафадан бастап, (Аллаһтың) Үйін көрмегенінше оған көтеріле берді.

17 Аллаһты әс-Сафада еске алу; ол бірқұдайшылдық куәлігін (лә иләһә иллә Аллаһ) үш рет айтумен, Аллаһты үш рет («Аллаһу әкбар» деп) ұлықтаумен, Аллаһқа үш рет («Әлхамду лилләһ» деп) мақтау-мадақ айтумен, әрі солардан соң «Лә иләһә иллә Аллаһ, уахдаһу лә шәрикә ләһ. Ләһуль мульк, уә ләһуль хамд, юхьи уә юмит, уә һуа алә кули шәин қадир. Лә иләһә иллә Аллаһ, уахдаһу лә шарикә ләһ. Әнжәза уаъдаһу, уә нәсара абдаһу, уә хазамәл ахзабә уахдаһу» («Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, (Ол) серігі жоқ Жалғыз! Билік пен мақтау-мадақ оған тән, /Ол тірілтеді және өлтіреді/, әрі Ол барлық болмыс үстінен билікке ие! Серігі жоқ Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!») деген сөздерді айтады. Жоғарыда айтылғандардың барлығын үш рет қайталау керек, ал арасында (яғни бірінші және екінші рет айтқаннан кейін) Аллаһқа дұға етіп жалбарыну керек. Екі қолды тек дұға еткен кезде ғана көтеру қажет, зікір айтқанда екі қол көтерілмейді.

18 Яғни қажы оң және сол жақта орналасқан және біздің кезімізде жасыл түспен белгіленген нұсқау белгісіне дейін жүріп барады. Бірінші белгіге жеткен кезде ол келесі белгіге жеткенше жылдам жүгіреді. Әс-Сафа мен әл-Маруаның арасын мініс құралын пайдаланып өтуге де болады. Алайда Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл рәсімді жаяу орындау ұнайтын.

19 Тауаптан айырмашылығы - сағиде суннет (нәпіл) болмайды. Сағи жасауда айтылатын нақты белгіленген зікір түрі жетпеген.

20 Қажы әл-Маруадағы жетінші айналымын біткен кезде, шашын қысқартады да, осымен оның умрасы аяқталады. Енді оған ихрам кезінде тыйым салынған нәрселер рұқсат етіледі және ол ихрамсыз күйде әт-таруия күніне (яғни зу-ль-хижжә айының 8-іне) дейін қала береді.

21 Бұл умра кезінде істелінгендей, бірақ «Аллаһуммә, ләббәйкә умратан!» («Уа, Аллаһ, Міне мен Сенің алдыңда умра (орындап) тұрмын!») деген сөздердің орнына: «Аллаһуммә, ләббәйкә хажжән!» («Уа, Аллаһ, міне мен Сенің алдыңда қажылық (орындап) тұрмын!»), - деп айтамыз. Сондай-ақ қажы тәлбийяны үлкен бағанаға (жәмәрат әл-ақабаға) тас лақтырғанына дейін айтуын тоқтатпайды.

22 Минада түнеу және оның аумағынан күн шыққанға дейін шықпау Сүннетке жатады.

23 Кім осы екі ракағат намазды имаммен бірге орындай алмаса, оны тура солай етіп жалғыз өзі немесе қасындағы өзі сияқты адамдармен бірге орындайды.

24 Редактордың ескертпесі: яғни зуль-хижжә айының 9-күні.

25 Арафатта тахлильді (яғни «Лә иләһә иллә-Ллаһ» - «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ» сөздерін) жиі қайталау Сүннет болып табылады. Әрі бұл сөздер Арафат күніндегі ең жақсы дұға болып табылады, бұл туралы Сүннетте айтылатынындай. Кейде қажы тәлбийяға «إنما الخير خير الآخرة» - «Нағыз игілік – бұл Ақыреттің игілігі» деген сөздерді қосып айтуына болады. Қажы Аллаһты Арафатта зікір етуін, тәлбийя айтуын және қалаған дұғаларымен жалбарынуын тоқтатпайды, әрі Аллаһ Тағала оны Тозақ отынан құтқарылатындардың және Аллаһ періштелердің алдында олармен мақтанатын құлдарының қатарына қосатынына үміттенеді, бұл туралы сенімді (сахих) хадистерде айтылатынындай. Егер адам шаршаса және ұйықтап қалса, мұның оқасы жоқ, оның Арафатта тұруы бұдан бұзылмайды.

26 Егер адам құптанға дейін жетіп үлгерсе, онда құптанның (иша) уақытын күткен және екі намазды кұптанның (иша) уақыты кірген соң орындау жақсырақ болады. Егер адам Муздалифаға уақытылы, яғни түн ортасына дейін жетіп үлгермеуден қорықса, онда ол жергілікті орнында намазды орындай береді.

27 Егер қажы осы екі намазды қандай да бір себеппен бөлсе, бұл оған зиян тигізбейді, өйткені бұған Сүннет нұсқайды.

28 Көптеген қажылар Муздалифаға келген соң тас жинап істеуі Сүннетке қайшы келеді. Бұдан қалса тасты өзімен алып жүретін және алдағы күндерде лақтыратын тастарды алдын ала жинап қою ерсі (такяллюф, яғни жасалуы қиын әрі ешқандай пайдасы жоқ) іске жатады.

29 Барлық қажылар таң намазын Муздалифада орындауы керек, әйелдер мен әлсіз адамдардан басқа, ал оларға топырлаудан қорыққандықтан Муздалифадан түннің үштен екі бөлігі өткеннен, яғни ай көрінбей қалғаннан кейін шыға беруге рұқсат етіледі.

30 Күн шыққанға дейін тас лақтыруға тыйым салынады, тіпті Муздалифадан ертерек кетуге рұқсат етілген әйелдер мен кәрі кісілерге де.

Бағаналарға лақтырылатын тастарды кез-келген жерден жинап алуға болады, әрі қолданылған тастарды қайта алып, джамратқа лақтырудың ешқандай оқасы жоқ.

Егер адам лақтырған тастарының санында күмәнданса, онда ең аз болған санға қарай ауады.

Сондай-ақ маңызды жайттардың бірі - 10-шы зуль-хижжәда, жамрат әл-кубраға тас лақтырғанда ешқандай дұға жасалмайтыны, тек тас лақтырылып, содан соң қажылар әрі қарай кететіні. Дұға тек келесі күндері, әрі тек бірінші және екінші бөренеге тас лақтырғаннан кейін ғана жасалады.

Науқас және тас лақтыруға шамасы жетпейтін кісілерге, мұны басқа біреуге тапсыруына рұқсат етіледі. Ал егер адам тастарды өзі лақтыра алса, онда мұны басқаға тапсыруына тыйым салынады.


31 Яғни жыныстық қатынастардандан басқа: хош иістер себу, басты қыру, тырнақ алу және осыдан бұрын оған тыйым салынған барлық нәрсе, әйелінен басқа, рұқсат етіледі. Алайда қажы Қағбаның негізгі тауабын (тауаф әл-ифада) тура сол күні (яғни зу-ль-хижжәның 10-шы күні. – Аудармашының ескертпесі) жасауға міндетті, егер кеш батып, ал қажы Қағбаның негізгі тауабын әлі де орындамаған болса, ол рәсімдік тас лақтыруға дейінгі ихрам халіне қайта оралады. Сөйтіп ол өзінің әдеттегі киімін қайта шешіп, қайтадан ихрамға кіруге міндетті болады.

32 Яғни үш әт-ташриқ күндері, өйткені ‘Айша және Ибн ‘Умар, Аллаһ оларға разы болсын, былай дейтін: «Құрбандыққа шалу үшін мал таппағандардан өзге ешкімге әт-ташриқ күндері ораза ұстауға рұқсат етілмейтін. Әрі үйіне қайтқаннан кейін жеті (күн)».

33 Құрбандыққа шалынған малдың етінен жеу Сүннет болып табылады.

Құрбан шалуды өзге адамға тапсыруға рұқсат етіледі.

Міндетті құрбандық малынан бөлек, ал ол бір қой немесе түйе немесе сиырдың жетіден бір бөлігі, тағы да қосымша құрбандық шалу құпталатын сауапты іс.

Құрбан шалудың соңғы күні – үшінші ташриқ күні күн батқанға дейін.



34 Сүннетке сәйкес басты құрбан шалғаннан соң қыру қажет, ал құрбанды, өз кезегінде, үлкен бөренеге (жәмрат әл-ақабаға) тас лақтырып болған соң орындау қажет.

Басты тақыр етіп қырып тастаған жақсырақ. Өйткені басты қыру абзалырақ амал болып табылады.

Әйел кісі 2 см. ұзындығындай шашын қысқартады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әйелдерге басын қыру бұйырылмаған. Ақиқатында, оларға шаштарын қысқарту бұйырылған», - деп айтқан. Ол шаштарын алақанымен қысып алып, бармағының ұшындай мөлшерде (анмуля) оларды қырқуы керек. Осы орайда әйел адам шаштарын бөгде адамдарға көрсетуіне болмайды.


35 Умрада орындайтын нәрселерді орындап, алайда Қағбаны осы тауап етуде қажы оң иығын жалаңаштамайды және алғашқы үш айналымды жылдам жүріп өтпейді.

36 Бұл умрада жасалған үлгімен.

37 Алайда егер қажы қандай да бір рәсімді басқасынан ерте немесе кеш орындаса, бұл рұқсат етіледі, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оның күнәсі жоқ, оның күнәсі жоқ», - деп айтқан.

38 Әт-ташриқ күндерінде тас лақтыру түс ауғаннан соң бірден орындалады. Осы күндерде бағаналарға тас лақтыру кезінде реттілікті сақтау қажеттілігін білген жөн. Бұл дегеніміз, тастарды ең алдымен әл-Хайф мешітіне бәрінен жақындау орналасқан бірінші бағанаға, кейін ортаңғы бағанаға, содан соң ғана үлкен бағанаға (жамрат әл-ақабаға) лақтыру қажет. Бірінші бағанаға тас лақтырып болған соң одан әрірек тоқтап, бетті Қыблаға қаратып, ұзақ уақыт бойы Аллаһқа дұға етіп жалбарыну және Оны зікір ету қажет. Тура соны екінші бағанаға тас лақтырып болған соң да істеу керек. Алайда үшінші бағанаға тас лақтырып болған соң оның жанында тоқтап тұрудың қажеті жоқ. Жоғарыда аталған іс-әрекеттерді әт-ташриқтың әр күнінде істеу қажет. Жалпы лақтырылатын тастардың саны 70 болуға тиіс, ал асығып, яғни Минадан ташриқтың екінші күні кететін кісі үшін 49 тас.

Егер ол Минадан тас лақтырып болған соң, ташриқтың екінші күнінде, үшінші күні тас лақтыру үшін онда түнемей кетсе, бұл рұқсат етіледі, өйткені Аллаһ Тағала: «Санаулы күндерде Аллаһты зікір етіңдер! Кім асықса және рәсімді екі күнде аяқтаса, сол күнә жасамайды. Әрі кім ұсталып қалса, сол да күнә жасамайды. Бұл тақуаларға қатысты».

Алайда егер ол Минадан екінші күні күн батқанға дейін кетпесе, онда Минада келесі күнге дейін қалуға міндетті, бұл Ибн Умардан имам Маликтің «Мууаттасында» келтірілетініндей.

(Үшінші күні) тас лақтыру үшін қалып қалу жақсырақ, өйткені бұл Сүннет.



39 Қажы өзінің барлық істерін аяқтап болған соң үйіне қайтуды шешсе, оған Аллаһтың Үйімен қоштасу тауабын жасау қажет, өйткені Ибн ‘Аббас былай деп жеткізген: «Адамдар кете бастады, әрі сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Соңғы орындаған нәрсесі (Аллаһтың) Үйін тауап ету болмайынша ешкім кетпесін», - деді». Ал егер қажы қоштасу тауабын жасаған болса және қандай да бір істер туындап, ол Меккеде қалуға тура келген болса, ол кетуден алдын тағы да қоштасу тауабын жасауға міндетті. Етеккірі келген әйелге қоштасу тауабын жасау үшін алдымен күту бұйырылған еді, алайда кейінірек мұндай әйелге тазарғанын күтпей-ақ (Меккеден) кете беруге рұқсат етілді, бұл туралы да Ибн ‘Аббас (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) етеккірі келген әйелге, егер ол Қағбаның негізгі тауабын (тауаф әл-ифада) жасаған болса, Қағбаны қоштасып тауап жасаудан бұрын Меккеден кете беруіне рұқсат етті», - деп жеткізгеніндей.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет