Универ студент 2009 №4



жүктеу 10.42 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі10.42 Kb.

Универ студент 2009 №4

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жігіттің сұлтаны - 2009» байқауы өтті. Жігіттің сұлтаны атануға университеттің 9 студенті үміткер болды. Алғашқы аталымда ұлттық киім үлгілері мен сахнаға шығу мәнері бағаланды. Екіншісінде өзін-өзі таныстыру сайысы болды. «Өнерпаз болсаң, арқалан» додасында қатысушылар бойларындағы шығармашылық таланттарын ортаға салды, яғни ән айтып, би билеп, мәнерлеп өлеңдер оқыды. «Таң қалдырам, ғажайып өнеріммен» байқауында жігіттер сиқыр көрсету, аузынан от шашу, кеудесіне кірпіш сындырту, шыны сынықтары мен шегенің үстіне жату, кір тасын тіспен көтеру секілді өнерлерін де паш етті. «Талаптың мініп тұлпарын» аталымында ұлттық салт-дәстүрге қатысты жасырын сұрақтарға жауап берсе, «Салауатты өмір - салтымыз» сайысында 16 киләлік екі кір тасын қарсыластарынан неғұрлым көп көтеру қажет болды. Сондай-ақ жігіттер қол күресінен де күш сынасты.



Тартысты өткен доданың нәтижесінде қазылар алқасы техникалық факультеттің 1-курс студенті Дәстүр Асылханды «Жігіттің сұлтаны» деп танып, оған 25 мың теңге көлемінде сыйақы табыс етті. Екінші және үшінші орындарды техникалық факультеттің 1-курс студенті Қибат Абдірасұл мен жерге орналастыру факультет студенті Жансерік Өтебаев сәйкесінше иеленіп, сондай-ақ ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар жоғары және арнайы оқу орындары арасында өтетін қалалық «Жігіттің сұлтаны» байқауына жолдама алды. Астанада «Жігіттің сұлтаны - 2009» байқауы өтті.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет