Универсальные стандарты управления социальным воздействием



жүктеу 495.68 Kb.
бет1/3
Дата19.04.2018
өлшемі495.68 Kb.
  1   2   3

Әлеуметтік әсер етіп басқарудың әмбебап стандарттары
РГСВ Әлеуметтік әсер етіп басқарудың әмбебап стандарттарына кіріспе
РГСВ Әлеуметтік әсер етіп басқарудың әмбебап стандарттары дегеніміз не?

РГСВ әлеуметтік әсер етіп басқарудың әмбебап стандарттары (“Стандарттар”) сала аясындағы ауқымды кеңестердің нәтижелері болды, олар екі мақсатты алға қойған микроқаржылық ұйымдар үшін басқару нормативтерінің жиынтығы болып саналады. Стандартқа сәйкес келуді қамтамасыз ету дегеніміз, ұйымда әлеуметтік әсер етіп басқару (ӘӘБ) тиісті деңгейде дегенді білдіреді. Мына факторлар ұйымның стандарттарға сәйкестігі қамтамасыз етілгендігін куәландырады:

1. Мақсатты клиенттер мен әлеуметтік мақсаттардың анықтамасы және мониторингі;

2. Басқарманың, басшылықтың және қызметкерлердің әлеуметтік идеяларға берілгендігі;

3. Клиенттерге жауапты қарым-қатынас;

4. Өнімдердің, қызметтердің, модельдер мен қызмет көрсету каналдарының клиенттердің сұраныстары мен қалауына сәйкестігін қамтамасыз ету;

5. Қызметкерлерге жауапты қарым-қатынас; және

6. Әлеуметтік және қаржылық нәтижелердің балансы



Неге осы алты категориялар?
РГСВ ұйым екі мақсатқа қол жеткізу үшін мыналарды жасауы тиіс деген тұжырымнан басталған:

Стратегия әзірлеу. Ұйым оны кімге бейімдейтінін, оның мақсаттары неде, және осы мақсаттарға жету үшін қандай өнімдер мен қызметтер ықпал ететін білуі тиіс. Ұйым сонымен қатар әлеуметтік әсер етудің қаржылық нәтижелеріне қол жеткізуге ұмтылысты қалай теңестіретінін түсінуі керек. Осы аспектілерге келісімге қол жеткізу мен оларды сақтау ұйымға өз қызметі мен дамуы үдерісінде өз мақсатына берілгендігін сақтауға мүмкіндік береді.

Қызметкерлердің берілгендігін қамтамасыз ету. Қызметкерлер ұйымның стратегиясын, және олардың әлеуметтік және қаржылық мақсаттарды жүзеге асыруға қандай үлес қоса алатындықтарын түсінулері тиіс. Сондай-ақ қызметкерлерге еңбек ету оларды шабыттандыратындай және уәж болатындай жағдай туғызып жақсы қарау керек.

Бірінші кезекте клиенттің мүддесі ескерілуі керек. Ұйым клиенттерді қорғауы керек және өз қызметінің әрбір саласында, жоспарлар мен міндеттер қойғанда, клиенттермен қарым-қатынас жасағанда оларға пайда әкелу керек, ұсынылатын өнімдер мен қызметтерге дейін үйрету керек. Клиенттердің мүддесіне бейімделу ұйымдастырушылық мәдениеттің элементі болуы керек және күнделікті қызметте көрініп тұруы тиіс.

Барлығы жиналғанда стандарттардың алты категориясы барлық деңгейде және ұйымның барлық бөлімшелерінде стратегияны әзірлеумен, қызметкерлердің берілуін қамтамасыз етумен және клиенттердің мүддесін ескерумен байланысты басқарудың әрекет ететін тәсілдерін білдіреді.
Неге ұйым Стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге ұмтылуы керек?

Стандарттардың ақырғы мақсаты – клиенттердің жағдайы. Ұйым екі мақсатпен тек қаржылық өзін өзі өтеуге, сонымен қатар бір немесе бірнеше әлеуметтік мақсаттарға жетуге ұмтылады. Алайда ұйымдардың әр қайсында өздерінің бірегей әлеуметтік мақсаттары бола тұра, екі мақсаттағы барлық ұйымдар қаржылық жағдайды кеңейту және олардың осалдығын төмендетуден басталатын, клиенттер үшін жағдай жасаумен байланысты ауқымды мақсатқа қол жеткізуге ұмтылулары тиіс. Оған қоса барлық ұйымдар мақсаттарға жетуге ұмтылулары және сонымен бірдей клиенттерге зияндық келмеуін қадағалаулары тиіс. Стандарттарға сәйкес ұйым, клиенттердің мүддесіне бейімделуді қамтамасыз ету үшін фундамент салады және осымен өздерінің әлеуметтік мақсаттарына қол жеткізу үшін жақсы мүмкіндікке ие болады.



Стандарттарды жасау неге керек болды?
Жұмыс тобының мүшелері РГСВ-ға жоғарғы деңгейде ӘӘБ-ны қамтамасыз ету үшін нақты стадарттар әзірлеу туралы өтініш білдірген. Бұл құжат ӘӘҚ жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеміз деп ойлайтын барлық ұйымдарға бағдар болады. Стандарттарда «негізгі» және «көрнекті» тәсілдер келтіріледі, және ол екі мақсатты барлық ұйымдарда қолданыла беріледі деп айтуға мүмкіндік береді.

Стандарттар сондай-ақ, ұйымдардың өз клиенттерінің мүддесін бағдарлауды жоғалтты деген барлық сала бойынша өсіп келе жатқан пайымдауларға назар аударуға мүмкіндік береді. Көптеген ұйымдар клиенттердің жағдайын көтеріп жатырмыз деп сенімді түрде айтады, алайда, соңғы екі онжылдықта олар, клиенттердің сұранысына емес, өздерінің қаржылық өзін-өзі өтеулеріне көп мән берді. Көптеген ұйымдарда бірінші орында қаржылық көрсеткіштер, себебі тек қаржылық нәтижелерді ғана басқарады. Әлеуметтік бағыттағы ұйымдар сонымен бірге өздерінің әлеуметтік әсер етуімен де басқаруға міндетті. Стандарттар жоғарғы деңгейдегі ӘӘБ деген не екенін анықтауға, және ол бірінші кезекте ұйымдарға клиенттердің мүддесін бағдарлауды қайтадан қолға алуға мүмкіндік береді.

Оған қоса, Стандарттар РГСВ мүшелерінің мүддесіне жауап және ӘӘБ нығайту бойынша ұсыныстар болып табылады. Олар өздерінің ұйымдарындағы жағдайды бағалау үшін, сонымен қатар басқарудың жоғарғы сапасына қол жеткізу үшін тағы не жасауға болатынын білу үшін, осы құжатта сипатталған тәсілдерді пайдалана алады.
Неге Стандарттар әлеуметтік нәтижелер емес, басқару тәсілдеріне бағытталған?

Стандарттар екі себеп бойынша клиенттер қол жеткізетін нәтижелерге (мысалы, клиенттердің қаржы дағдарысына қарсы тұру мүмкіндігін кеңейту) емес, басқару тәсіліне бағытталған:

1) Егер ұйым бұрыштың басына клиенттердің сұраныстары мен қалауларын қоюларының арқасында қаржылық және әлеуметтік көрсеткіштерді бақылауда тепе-теңдікке қол жеткізуге назар аударса, әлеуметтік нәтижелер көп күткізбейтінін тәжірибе дәлелдеуде.

2) ӘӘБ сапалы тәсілдерін анықтау үшін жеткілікті деректер бар және жеткілікті тәжірибе жинақталса да, әлі клиенттер деңгейіндегі нәтижелерге қатысты стандарттарды анықтауға мүмкіндік беретін деректер жинақталмаған.

Қазіргі уақытта Стандарттар ұйымдардан клиенттердің тұтынушылығын қанағаттандыру және клиенттер деңгейінде мақсаттарға қол жеткізу үдерісіндегі үдерісті қадағалау мен бағалауға қол жеткізілетін клиенттер қол жеткізуі тиіс нәтижелерге қатысты нақты мақсаттар қоюды талап етуде. Болашақта сала осы Стандарттарға арқа сүйей алады және клиенттер деңгейіндегі нәтижелерге таралатын критерийлер мен стандарттарды әзірлей алады.

Стандарттарды қалай қолданады? Стандарттарды кім қолданады?
Барлық мүдделі тараптар үшін Стандарттар әлеуметтік әсер етумен басқару саласында жалпыға ортақ консенсусты білдіреді — микроқаржылық саланың тарихында алғаш рет ұйымдар Стандарттарды былай қолдана алады:


  • Әлеуметтік әсер етудің өз тәсілдерін өздері реттеулері үшін, және

  • Әлеуметтік әсер етумен басқаруды күшейту бойынша стратегия әзірлеулері үшін.

Стандарттардың, сондай-ақ, микроқаржылық саланы дамытуға мүдделі барлық тараптардың қызметі үшін де маңызы зор:



  • Инвесторлар мен донорлар Стандарттарды ұйымдарда ӘӘҚ тәсілдерін жалпы мойындалған алдыңғы қатарлы тәсілдермен салыстыруда жақсы ұғыну үшін қолданады. Ол инвесторлар мен донорлардың өз қаражаттарын ӘӘҚ жоғарғы деңгейде тұрған ұйымдарға инвестициялауға, және инвестиция алушылардың ӘӘБ саласында нені жетілдіру керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

  • Әлеуметтік рейтинг және аудит агенттігі бағалау үдерісінде көптеген стандарттарды қолданады, және, рейтингтік бағалау немесе аудит аясында барлық стандарттарға сәйкестігін бағалауды бастауы мүмкін.

  • Желілер мен ассоциациялар Стандарттарды ұйым-серіктестердің әлеуметтік әсер етуін бағалау құралы ретінде, сонымен қатар әлеуеттік даму бағдарламасы аясындағы маңызды шешімдерді қабылдағанда, серіктестік келісімдерге қол қойғанда және қаржыландыруды бөлгенде пайдалана алады.

Стандарттарға сәйкес келу міндетті ме?
Жоқ. РГСВ мүшелік критерий ретінде Стандартқа сәйкес келуді қамтамасыз етуді талап етпейді, ал құжат, өз бетінше, есептілік немесе рейтингтік бағалаудың құралы болып табылмайды. Қазіргі уақытта РГСВ бағалау/сертификацияны ұсынбайды, бірақ бұл болашақта әлеуметтік рейтинг пен аудит агенттіктерінің көмегімен мүмкін бола алады, олардың кейбіреуі өнімдерін Стандарттарға сәйкесттендіріп жатыр.

Осы Стандарттар іске асырыла ма?
Көптеген ұйымдар қазіргі уақытта Стандарттаарға сәйкес емес, сондықтан РГСВ олардың көпшілігі негізгі компоненттерді біртіндеп енгізеді деп сенім артады. Оған қоса, барлықтарының қандай бағытта қозғалулары керек екендігін білулері өте маңызды. Сонымен қатар, әлеуметтік әсер етумен басқаруда маңызды табыстарға қол жеткізген ұйымдардың тәжірибесі осы компоненттердің [құжатта Стандарттарды сипаттай отырып келтіріледі] тек іске асырылып қана қоймай, әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізу үшін бірінші кезекте болатынын көрсетіп отыр.

Стандарттар қалай Smart Campaign клиенттерді қорғау қағидаттарымен қарым-қатынаста болады?
Бұл құжатқа Smart Campaign клиенттерді қорғау саласындағы сертификация стандарттары кірген. Сертификация Стандарттары «клиенттерді қорғаудың тиісті тәсілдері» сияқты белгіленген және қолайлы болу үшін сұр фонда берілген. Клиенттерді қорғау әлеуметтік әсер етіп басқарудың негізі болып табылады. Әлеуметтік әсер етіп басқару үдерісінде ұйымдардың бірінші кезектегі міндеті – клиенттерге «залал тигізбеу». Басқа Стандарттар осы негізде базаланады және оның қосымшасы болып табылады, олар клиенттерге «қандай да бір жақсылықты» қалай жасау керектігін және оларға қалай пайда әкелу жағын анықтауға бағытталған.

Стандарттардың сипаттамасы бар құжат қалай құрастырылған?
Құжатта алты бөлім бар. Әр бөлім үштен алтыға дейін сандағы стандарттардан тұрады. Стандарттардың әр түрі бойынша тиісті негізгі компоненттер мен мынандай жолмен анықталатын қосымша алдыңғы қатарлы тәсілдер келтіріледі:

 Негізгі компоненттер: Ұйым белгілі стандартпен сәйкес сапалы әлеуметтік әсер етіп басқарумен қамтамасыз ету үшін осы компоненттерді ендіруге міндетті.

  Қосымша алдыңғы қатарлы тәсілдер: Біз осы тәсілді ендіруге ұсыныс айтар едік, алайда, олар негізгі (жоғарғы мәтінге қараңыз) емес, және әр түрлі контексте жұмыс істейтін ұйымдар үшін жарамды емес.
Стандарттар мен негізгі компоненттер негізгі құжатта келтіріледі. Қосымша алдыңғы қатарлы тәсілдер – қосымшаларда. Әр стандартқа өзінің бірегей коды беріледі, ол цифрлардан және әріптерден тұрады ( мысалы, 1А, 1В, 2А). Әрбір компонент және тәсіл, өз кезегінде, тиісті цифрлармен және әріптермен белгіленген (мысалы, 1a.1, 1a.2, 1b.1).

1 БӨЛІМ: Әлеуметтік мақсаттардың анықтамасы және мониторингі


Стандарт

1a

Ұйымда әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы қалыптастырылған.

Негізгі компоненттері




Ұйымның стратегиясында мынандай аспектілер көрсетілген:

1a.1 Әлеуметтік миссия: осал немесе шығарудан жапа шеккен мақсатты топтарға арналған қаржы қызметіне қол жетімділікті кеңейтудің неғұрлым ортақ мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін және осындай клиенттер үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін ұйымдардың әлеуметтік бағыттылығы.

1a.2 Мақсатты клиенттер: мақсатты клиенттердің нақты сипаттамасы (мысалы, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, бизнес-белсенділік, және т.б.), осындай клиенттер топтарына қызмет ету әлеуметтік ұстанымды орындауға қалай әсер етеді.

1a.3 Әлеуметтік мақсаттар: клиенттер деңгейіндегі нақты жұмсалатын күш (мысалы, фермерлерге арналған ауылшаруашылық несиелер) және ұйым жетемін деп күтетін нәтижелер (фермерлердің активтерді қалыптастыруы).

1a.4 Әлеуметтік индикаторлар: әлеуметтік мақсаттардың әр қайсысына жетудегі прогресті бағалау үшін пайдаланылатын (мысалы, несиені алған алғашқы айдағы және 18 айдан кейінгі фермерлердің активтері) индикатор.

1a.5 Әлеуметтік міндеттер: клиенттер деңгейіндегі жоспарланған жұмсалатын күштің бағалауға жатуы (мысалы барлық жаңа несиелердің 70% фермерлерге беріледі) және нәтижелер (мысалы, 80% 18 айдан кейін активтерінің өскенін хабарлады).


1a.6 Мақсаттарға қалай жету керек: осындай жұмсалатын күшті жүзеге асыру және нәтижелерге қол жеткізу үшін ұйым пайдаланатын өнімдер, қызметтер, модельдер мен іске асыру каналдары (4 БӨЛІМДЕ толығырақ беріледі).


Стандарт

1b

Ұйым клиенттер деңгейінде өзінің әлеуметтік мақсаттарына қатысы бар деректерді жинақтайды, осы деректерді есептері үшін пайдаланады және олардың дәлдігін қамтамасыз етеді.

Негізгі компоненттер




1b.1 Ұйым әрбір әлеуметтік мақсаттар үшін ең аз дегенде индикаторлардың біреуін пайдалана отырып деректер жинайды (1a тармағын қараңыз).
1b.2 Ұйымда мынандай аспектілер нақты анықталған: деректерді кім жинайды; деректер қайда сақталады; деректерді кім талдайды, олардың нақтылығын кім тексереді, есептер кімге беріледі және осындай есептердің дайындалуына кім жауап береді.
1b.3 Ұйымның деректерін басқарудың ішкі жүйелері (мысалы, ИСУ) клиенттерді гендерлік белгілері мен басқа да негізгі сипаттамаларымен сәйкес клиенттер деректерін бөлуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

1b.4 Ұйым жиналатын деректердің сапасын: 1) жиналған және жүйеге енгізілген деректердің нақтылығын тексеру, және 2) деректерді жинау және енгізу құралдарымен жұмыс істеуге қызметкерлерді үйрету есебінен жақсартады.



1b.5 Егер ұйым өзінің әлеуметтік мақсаттарының біреуін кедейшілікпен күрес деп жарияласа, ол кедейшілік деңгейін бағалау құралдарының біреуін пайдалана отырып клиенттердің кедейшілік деңгейіне мониторингті жүзеге асырады (мысалы, бір адамға есептелгендегі отбасы шығыны, азық-түлік қауіпсіздігі индексі, өмір сүрудің интербелсенді жіктегіші, кедейшілікті жеңу индексі, гендерлік аудит құралдары, және т.б.)
1b.6 Ұйым әлеуметтік әсер ету туралы деректерді жалпыға жариялайды, оның ішінде жалпының қолы жететін MIX1 форматында әлеуметтік әсер ету индикаторы (мысалы, жыл сайынғы есеп, MIX Market үшін есеп, ұлттық/аумақтық ассоциацияларға берілетін есеп).


1 http://www.themix.org/social-performance/Indicators
2 БӨЛІМ: Басқарманың, басшылықтың және қызметкерлердің әлеуметтік идеяларға шынайы берілуі


Стандарт__2b'>Стандарт

2a

Басқарма мүшелері ұйымның әлеуметтік пайымдауына берілген.

Негізгі компоненттер




2a.1 Басқарманың әрбір мүшесімен ұйымның әлеуметтік пайымдаулары мен мақсаттарымен және ұйымның әлеуметтік әсер етіп басқару саласында Басқарманың міндеттемелерімен танысу мақсатында бағдар беретін әңгіме жүргізіледі. Басқарманың әрбір мүшесі пайымдау мен мақстаттарды қолдайтынын растауы тиіс.
2a.2 Ұйым Басқарма мүшелерінен іскерлік этиканың (моральды кодекс) кодексін сақтауды талап етеді (негізгі компонент 2b.5 қараңыз).


Стандарт

2b

Басқарма мүшелері ұйымның әлеуметтік пайымдауына және әлеуметтік мақсаттарына берілгендігін бақылайды.

Негізгі компоненттер




2b.1 Басқарма мыналарды қарайды: пайымдаудың сәйкестігі, қызмет нәтижелері, кадр саясаты, әлеуметтік әсер етумен байланысты тәуекелдерді (мысалы, репутациялық тәуекел, клиенттердің шығып кетуі), клиенттерді қорғау тәсілдері, пайданың өсуі мен оны бөлу.
2b.2 Осы ақпараттың негізінде Басқарма әлеуметтік сияқты қаржылық мақсаттарды да (мысалы, өсудың жоспарланған қарқыныпайда табуға және мақсатты клиенттерге арналған қызметтің сапасына қалай әсер етеді) назарға ала отырып ұйымның стратегиясын бақылайды (толығырақ 1a тармағында).
2b.3 Басқарма ұйымның директоры/басшысын бағалау үдерісінде әлеуметтік әсер етіп басқару критерийлерін ескереді (мысалы, клиенттерді қамту, ұстау бойынша жоспарын орындау).
2b.4 Басқарма меншік құрылымы және/немесе ұйымдастырушылық-құқықтық нысан өзгергенде әлеуметтік миссияның сабақтастығын қамтамасыз етеді (мысалы, трансформация).
Клиенттерді қорғаудың тиісті тәсілі:

2b.5 Іскерлік этика кодексінде барлық деңгейдегі қызметкерлерге арналған кәсіби әдептің ұйымдастырушылық құндылықтары мен стандарттары анықталған. Моральды кодекс пен іскерлік этика кодексін Басқарма үнемі талдап отырады және ол бекітілуіге жатады. (Клиенттерді қорғау қағидаты 5)



Стандарт

2c

Жоғарғы топтың басшылығы ұйымның әлеуметтік мақсаттарға жетуі бойынша стратегияны анықтайды және осы стратегияға сәйкес болуын бақылайды.

Негізгі компоненттер




2c.1 Жоғарғы топтың басшылығы ұйымның әлеуметтік әсер ету мақсатын бизнесті жоспарлау, стратегиялық және жедел шешімдерді қабылдау үдерісінде әлеуметтік сияқты қаржылық оймен де интеграциялайды (мысалы, жаңа өнімдер немесе іске асыру каналдары, өсу жоспары).

2c.2 Жоғарғы топтың басшылығы әлеуметтік әсер ету деректерін талайды, оның ішінде клиенттер деңгейінде алынғандарды ұйымның нақты көрсеткіштерін ұйымның жариялаған әлеуметтік мақсаттарымен салыстыру мақсатында талдайды (1 БӨЛІМДІ қараңыз).

2c.3 Жоғарғы топтың басшылығы әлеуметтік әсер ету саласындағы тәуекелдерді мойындайды және оларды басқарады (мысалы, репутация үшін тәуекел, пайымдаудан ауытқу).

2c.4 Жоғарғы лауазымдық тұлға/ бас директор жоғарғы топ басшылығының ұйымның әлеуметтік мақсаттарына берілгендігін бақылайды (мысалы, клиенттерді қамту бойынша жоспарды орындау, клиенттерді қорғаудың механизмін табысты енгізу).



Клиентті қорғаудың тиісті тәсілі:

2c.5 Жоғарғы топтың басшылығы және Басқарма клиенттердің шамадан тыс борышымен байланысты тәуекелдерді мойындайды және үнемі бақылап отырады. (2 клиенттерді қорғау қағидаты)



Стандарт

2d

Қызметкерлер әлеуметтік сияқты қаржылық критерийлермен де сәйкес таңдап алынады, бағаланады және көтермеленеді.

Негізгі компоненттер




2d.1. Қызметкерлер құрамын таңдағанда ұйым үміткерлердің өзінің әлеуметтік мақсаттары мен олардың әлеуметтік әсер ету аясындағы өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау мүмкіндігін қарастырады.
2d.2. Ұйым қызметкерлерді олардың қаржылық саладағы сияқты әлеуметтік әсер ету саласындағы лауазымдық міндеттерін тиісті орындауына сәйкес бағалайды.
2d.3 Барлық қызметкерлер кәсіби этика стандарттарына сәйкес келуі тиіс, әсіресе, ол мерзімі өткен борыштарды өндірудің қабылданған және қабылданбаған тәсілдеріне қатысты.Бұл тәсілдер іскерлік этика кодексінде, кадр басшылығында және мерзімі өткен борышты жинау бойынша нұсқаулықта нақты айтылуы тиіс. (5 Клиенттерді қорғау қағидаты).
2d.4 Қызметкерлер іскерлік әдеп кодексімен сәйкес таңдап алынады және дайындықтан өтеді, атап айтқанда мерзімі өткен борышты жинауға жауапты қызметкерлер осындай борыштарды жинаудың қабылданған және қабылданбаған тәсілдеріне қатысты нұсқаулықтан өтеді. Ішкі және шақырылған коллекторлар бірдей рәсімдерді орындауға міндетті (5 Клиенттерді қорғау қағидаты).
2d.5 Қызметкерлердің өнімділігін бағалау жүйесінде және сыйлықақы беру жүйесінде қоржының сапасы минимум несиелер беру көлемі мен клиенттер санын өсіру сияқты басқа да факторлар деңгейінде бағаланады. Өсу тек қоржынның сапасы жоғары сапада болғанда ғана көтермеленеді. (5 Клиенттерді қорғау қағидаты).
2d.6 Басшылар әдеп этикасын, клиенттермен кәсіби қарым-қатынасты және қатынастың сапасын жұмыс нәтижесін бағалау үдерісінде талдайды. Сыйлықақы беру жүйесі несиелік қызметкерлерді мерзімі өткен борыштарды жинаған жағдайда «мүдде дауы» жағдайына қалдырмайды және этикалық әдепті ынталандырады. (5 Клиенттерді қорғау қағидаты).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет