Управление экономики и бюджетного планирования



жүктеу 414.71 Kb.
бет2/2
Дата21.01.2018
өлшемі414.71 Kb.
1   2

Бюджет кірістері. Салықтардың және өзге міндетті төлемдердің мемлекеттік бюджетке түсімі 1490,7 млн. теңгені немес былтырғы жылдың деңгейіне 130,3% құрады, салықтардың және өзге міндетті төлемдердің мемлекеттік бюджетке түсімі.

Республикалық бюджетке-258,4 млн.теңге, немес 154% 2009 жылға.

Облыстық бюджетке -287,3 млн.теңге немесе 104,6% 2009ж.

Жергілікті бюджетке -945 млн.теңге, немесе 134,6% 2009 жылға.

Алым 3,2 млн.тегеге азайды және 5 млн.теңгені құрады.

Бюджет шығындары. 2009 ж салыстырғанда аудан бюджетінің шығындары 627 млн.теңгеге артты (19,5%) және 3870,4 млн.теңгені құрады, кассалық орындалу 3847, 5 млн.теңгені құрады немесе 99,3%, игерілмеу 22,9 млн.теңгені құрады.



Республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер, 627 млн.теңге көлемінде немесе жоспарға 97,3% игерілді. Игерілмеу 17,4 млн.теңгені құрады:

5,8 млн.теңге- мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу «Эпизотияға қарсы шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша;

2,2 млн.теңге білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша- 03 млн.теңге, конкурс қортындылары бойынша үнемдеу оқулықтарды тасымалдау бойынша, 1,9 млн.теңге- игерілмеу жабдықтаушылармен шарттық міндеттерді орындамауға байланысты;

9,4 млн.теңге құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі- 2,4 млн.теңге- конкурс қорытындылары бойынша үнемделу, 9,4 млн.теңге- жасалған жұмыстар актілері бойынша үнемделу.

Облыстық бюджеттен бөлінген, мақсатты трансферттер 163,3 млн.теңге немесе жоспарға 100% игерілді.

Жергілікті бюджет шығындары бойынша орындалу 99,8% құрады немесе 3027,9 млн.теңге. Игерілмеу 5,6 млн.теңгені құрады, соның ішінде:

5 млн.теңге қаржы бөлімі бойынша, мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстың болмауына байланысты;

0,4 млн.теңге құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша- жоба-сметалық құжаттаманың әзірленуіне 12 пәтерлік жалдық тұрғын үйдің құрылысына, конкурс қорытындылары бойынша үнемдеу.

0,2 млн.теңге –аударудан кейінгі қалдықтар.


3. СФЕРАЛАР МЕН САЛАЛАР ҚИМАСЫНДА ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ
Ауданның 2011 жылға дамуының негізгі бағыттары міндеттерді шешуде анықталған, қол жетімділігі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарында, мемлекеттік бағдарламаларда, Бұқар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында, 2011-2015жж ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы Болжамында көзделеген.

Бірінші кезекті шаралары -экономиканы жаңарту мен бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға, өңірлік инновациялық жүйені іске қосуға, адам капиталын дамытуға, облыс дамуына қолғабыс ететін инфрақұрылымдық кешен мен институционалдық базаны нығайтуға бағытталатын болады.

– жалпы өңірлік өнім өткен жылға 18% артады, 2011 және 2015 ж 5,2% 2014 жылға;

Өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 2011 жылы 84%, 2015 жылы 83 % құрайды;

– бөлшек тауар айналымы 2011 жылы 3,5%, 2015 жылы 7,7% өседі;

– ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2011 жылы 3,5% дейін, 2015 ж 7,7%;

2011 ж ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің артуы 17 млрд. теңгеге дейін, 2015 жылы 18,4 млрд. теңгеге дейін;

2011ж ылғал сақтайтын ресурстардың көмегімен жасалған астық дақылдарының себуінің алаңын арту 2011 ж 50%-ға дейін , 2015 ж 80%-ға дейін.

ИСО стандарттарын енгізген кәсіпорындардың саны 2011 ж 16,2%, 2015 жылы 45%-ға дейін;

2011 жылы тұрғындардың күтілетін өмірінің ұзақтығы 67,5 жылды, 2015 жылы - 70 жылды құрайды;

- жалпы өлімнің төмендеуі 2011ж 7,1%-ға дейін, 2015 ж 6,7%-ға дейін;

- нәресте өлімінің төмендеуі 2011 ж 19 дейін 1000 тірі туғандарға, 2015 ж 13-ке дейін.

- 2011ж балаларды мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамту 81,2%, 2015ж-100% құрайды;

-2011ж жұмыссыздық деңгейі 5,1%, 2015 ж-4,9%;

-2011 ж мәдени-демалу шараларымен қамтылған тұрғындар үлесінің артуы 60%, 2015 ж 67%;

- 2011ж кітапханалардың электронды ресурстарымен тұтынушылардың санының артуы 5,5 мың.адам, 2015ж 9,5 мың.адам;

- Тұрғындардың орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігінің артуы 2011 ж 54%, 2015 ж 78%;

- 2011 ж 1 адамға есептегенде тұрғын үйді енгізу 0,68 ш. м, 2015 ж 0,9 ш.м жуық;



4. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ҮШІН ӨҢІРДЕГІ ТАРТЫМДЫ БАҒЫТТАР (СОНЫҢ ІШІНДЕ НЕГІЗГІ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ИНВЕСТОРЛАРҒА МҮМКІНДІКТЕРДІ КӨРСЕТУМЕН)
Бұқар жырау ауданы минералды-шикізат базасы мен аумағыныңы ауқымдылығына байланысты, инвесторлар үшін жақсы және тартымды аймақ болып саналады.

2010 ж Бұқар жырау ауданының 4 жобасы Қарағанды облысының индустриализациялау картасына енгізілген оның 2 2010ж іске қосылған, 2- жүзеге асырылуын жалғастыруда және 2011 ж іске қосылуды жоспарлайды.



2010ж іске қосылған жобалар:

«KAZTHERM» ЖШС – кәсіпорын 2010 ж маусымында іске қосылған, іске қосылу сәтінен бастап20119 дана санында 225 406 мың.теңге сомасына өнім шығарылған (болат панельді жылыту радиаторлары), олардан 172 188 мың.теңге сомасына 14729 дана сатылған. Қазіргі кезде кәсіпорынмен жұмыстар уақытша тоқтатылған, кәсіпорынмен ұсыну нарығын іздестіру және өнімді ұсынуға шартты бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Майқұдық ҚФ» ЖШС - Өндіріс 2010 жылдың желтоқсанында іске қосылды. Жобаны іске асыру, жұмыртқар өндірісі көлемдерін жылына 137 млн. данаға дейін арттыру мақсатында, құс өсіру жайларының қайта жаңартылуы мен қайта жарақтануын қарастырды. Бүгінгі күнде кәсіпорын жоспарланған өндірістік көрсеткіштердің көмегімен жұмыс істейді, ағымдағы мерзімде өнім өндіру нақты құны 325 215 мың.теңгені құрады, бұл табиғи түрде 26 млн.837 мың.дананы құрады.

2011 ж жүзеге асырылатын жобалар:

«К,Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС – жұмыртқа өндіру бағытындағы құс фабрикасының құрылысы.

Жобалық қуаттылығы 110,0 млн.дана жұмыртқа өндіру құс фабрикасының қайта жаңартылуы. Жобаның жалпы құны 1000,0 млн.теңге. Қазіргі кезде жұмыртқалағыш-тауықтар үшін 4 құс жайлары жұмыс істейді, оларда 102 000 бас құс бастары бар, жұмырқалағыштың орташа көрсеткіші 90-90% құрайды, бұл тәулігіне 91 200 дана жұмыртқа алуға көмегін тигізеді.

Бірінші жұмыртқа 2010 жылдың маусымында алынды.

Жеткілікті құс басын қамтамасыз ету үшін «Свердловский» ОАО ППЗ-на (Ресей), «Хайсекс Браун» АВСД (Hisex Brown) және «Хайсекс Уайт» (Hisex White) 2009 жылғы 9 желтоқсандағы және 2010 жылғы 17 мамырдағы кепіл-шарттарға сәйкес кросс гибридтті тәуліктік балапандар алынды.



Жобаны қаржыландыру компанияның, құрылтайшылардың өз қаражаттар есебінен жүргізіледі, 2010 ж жабдық сатып алу (500 млн.теңге) және айналымдағы қаржыларды толықтыру (250 млн.теңге) «АТФ Банк» АҚ жалпы 750 млн.теңге көлемде қаржыландыру алынды.

Іске қосу 2011 жылдың қарашасына жоспарланған. Жобалық қуаттылыққа шығу 2012ж.

2011-2012жж инкубаторлық жұмыртқаны өз өндірісімен, құс фабрикасының қуаттылығын жұмыртқалағыш-құстар 600 мың.басқа дейін арттыру жоспарланады, с.і аналық топты сатып алу жоспарланады. 2011 жылы бірінші тоқсанда, бар ғимаратта жаңа комбикормдық жабдықтың монтажы жоспарланады.

Жылына 5000 тонна ет өндіру қуаттылығындағы «Здоровые продукты» ЖШС ет бағытындағы құс фабрикасының құрылысы. Жоба құны- 1. 619 теңге. Жобаны қаржыландыру «КазАгроФинанс» АҚ қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. 1125,5 млн.теңге игерілді. 6 құстықтардың фундаменті орнатылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, технологиялық жабдықтардың сатып алымы жүргізілді.

2011ж Картаға аймақтың тағы да бір индустриалды жобасы енгізілді «ТехноИндустрия» ЖШС- куб түріндегі фракциалық қиыршық тасты шығару бойынша заыт құрылысы. Жобаны жүзеге асыру орыны Новоузенка селосы. Жүзеге асыру кезеңі 2010-2011жж. Жобаның жалпы құны 672 млн.теңге. 650 млн теңге игерілді. Эксплуатация кезеңінде 130 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Аралап-сорттау кешені желісінің құрылысы аяқталу кезеңінде. Аралау жабдығының 1-ші желісі іске қосылды. Жобалық қуаттылығы жылына 1 млн.тонна қиыршық тас. Эксплуатацияға енгізу- 2011 ылдың маусымы.

2011ж Үйлестіру Кеңесінде 12 жобаны қарастыру жоспарланады:

  1. «Орталық» СТК- Жүзеге асыру жоспары «Қарағанды Орталық»

СТК 2011-2018жж.

  1. «Ауыл шаруашылығы Май» ЖШС- Жылыжай шаруашылығын

ұйымдастыру, тамшылап суарудағы картоп өндіру және көкөніс сақтау қоймасы.»

  1. «Береке» ШҚ – Инженерлік инфрақұрылымның малдың

қыстауына әкелу

  1. «Марат» ШҚ – «Сою пунктінің құрылысы» жоба

  2. «Ақнар ҚФ» ЖШС – Құстықтың өнеркәсіптік ғимаратының

құрылысы.

  1. «Қазыбек би» ШҚ – «Астық сақтау және көкөніс сақтау

қоймасының құрылысы жоба. Ботақара кентінде сауда алаңын ұйымдастыру»

  1. «Гвоздичка» ЖШС – «Балалар лагерін қалпына келтіру» Жоба.

  2. «Сәулет-қалақұрылысы орталығы» ЖШС – Құрылыс

материалдары мен металлконструкция цехының құрылысы

  1. Айдын Ғабдұлсағатович Алимов ЖК. «Кірпіш даярлау бойынша

цех» жоба.

  1. «Қарағанды құс» ЖШС (көрсетуші презентация)- «Тауарлық

жұмыртқаны өндіру үшін құс фабрикасын қайта жаңарту»

  1. «ТехноИндустрия» ЖШС – «Құрлыс тасын өндіру бойынша

қиыршық тас зауыты мен карьердің іске қосылуы» жоба (көрсетуші презентация).

  1. «Алтай полиметаллы» (көрсетуші презентация)- «Зерттеу

(іздестіруші жұмыстар) Бұқар жырау ауданында Қызылшоқы- Көктал рудалық алаңын»
Ағымдағы мерзімге аудан бойынша Үйлестіру Кеңесінде жалпы 3 млрд 224 млн.теңге сомасына 7 жоба қарастырылды. «Марат» ШҚ, «Жалғас» ШҚ, «Агро-Алем» СТК, «Арғын» ШҚ, «Морская империя»ЖШС, «Бауыржан» ШҚ, «Нұр-Адиль» ШҚ. Осы жобалар тізбесі оларды индустриализациялау картасына әрі қарай енгізу үшін, Қарағанды облысының Үйлестіру Кеңесінің қарастыруына бағытталды. Жоғарыда айтылғандармен бірге, аудандық Үйлестіру Кеңесінің қарастыруына, жалпы 254,9 млн.теңге сомасына тағыда 5 жоба дайындалды: «Орталық» СТК- 2011-2018жж «Қарағанды-Орталық» СТК даму жоспары; «Береке» ШҚ – малдың қыстауына инженерлік инфрақұрылымды сәйкестендіру; «Сәулет-қалақұрылысы орталығы» ЖШС – құрылыс материалдары мен металлконструкцияларын өндіру бойынша цех құрылысы, «Ақнар ҚФ» ЖШС- құстықтың өнеркәсіптік ғимаратының құраласы», «Май» ауыл шаруашылығы ЖШС- жылыту жайларын, көкөніс сақтау қоймасын және тамшылап суарумен картоп өндіруді ұйымдастыру. Негізгі каптиалға инвестицияларды салу сондай ақ мемлекеттік мекмелермен де доспарланады.

Қарағанды облысының индустриализациялау картасына енгізілген, жобаларды жүзеге асыру жалғастырылуда- «Здоровые продукты» ЖШС, «К.Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС.

«Здоровые продукты» ЖШС – Бройлер балапандарын ұстауға клеткалық жабдықтың 4 кешені, аналық топты асырауға 4 жабдық кешені, сондай ақ инкубатор үшін жабдық сатып алынды, жемдеу цехы, сою цехы. Жобалық қуаттылыққа шығуы 2011 жылдың желтоқсан айы.

«К.Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС – 14 құс өсіру ғимараттарының құрылысы аяқталды, сондай ақ дайын өнім қоймасының. 4 құс жайларында жабдықтың монтажы аяқталды, 32 мың.бас құстар орналастырылды. 1 құстықта тауарлық жұмыртқаның өндірісі басталды. Жобалық қуаттылыққа шығуы 2011 жылдың шілде айы.
5. ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде аудан аумағында, Қарағанды облысының индустриализациялау картасына енгізілген жалпы 5,5 млрд теңге сомасына, 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Оның 2 2010 жылы эксплуатацияға енгізілді:

«KAZTERM» ЖШС - өндірістік қуаттылығы жылына 130 мың.дана жобалық қуаттылығындағы шойын жылыту радиаторларының өндірісі. Жобаның құны 950 млд. теңге. Жаңа құрылған жұмыс орындарының саны 50 адамды құрады. 2010 ж 20 мың.дана радиаторлар шығарылды. Қазіргі кезде облыс пен Астананың құрылыс фирмаларымен өнімді жүзеге асыруға шарттар бекітілді, радиаторларды Рессейге ұсыну бойынша келіссөздер жүргізілуде.

«Майқұдық ҚФ» ЖШС – қайта жаңарту жолымен құс фабрикасының қуаттылығын арттыру бойынша жоба, енгізеді: өнеркәсіптік топтағы құстықтар, балапандар және асыл тұқымды құстар үшін жабдық алу, жемдеу цехы және инкубатор үшін жабдық, арнайы техника алу. Өндірістік қуаттылығы жылына 190 млн.дана құс жұмыртқасын және 300 тонна тауық жұмыртқасын өндіру. Жоба құны 1 млрд 935 млн.теңге. 2011 жылдың 1 тоқсанында 27 млн.дана санында жұмыртқа өнімі өндіріліп саудаланды.

2011-2012жж эксплуатацияға енгізу мерзімдерімен:

«К.Маркс құс фабрикасы» ЖШС- 150 млн.дана жұмыртқа жобалық қуаттылғындағы құс фабрикасының қайта жаңартылуы. Жобаның құны 1 млрд теңге. Игерілген қаражаттар сомасы 817,6 млн.теңге. Жабдықтың сатып алынуы мен монтажы жүргізілді. 5 құстықтар мен 1 инкубатор эксплуатацияға енгізілді. Барлық жұмыстар белгіленген кестелерге сәйкес жүргізіледі.

«Здоровые продукты» ЖШС – ет өндірісі бағытындағы құс фабрикасының құрылысы, жылына 5000 тонна қуаттылығындағы. Жоба құны- 1 млрд. 619 теңге.1125,5 млн.теңге игерілді. 6 құстықтың фундаменті орнатылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі, технологиялық жабдықтың сатып алуы жүргізілді.

Бүгінгі күнде ауданда тау-кен өндіру саласының тағы да 2 инвестициялық жобасының жүзеге асырлуы жоспарлануда, оның біреуі биылғы жылы Қарағанды облысының Үйлестіру кеңесімен мақұлданып, индустриализациялау картасына енгізілді:

«ТехноИндустрия» ЖШС. Куб түріндегі фракциялық қиыршық тасты өндіру бойынша жоба, жобаны жүзеге асыру орны Новоузенка селосы. Жүзеге асыру кезеңі 2010-2011жж. Жобаның жалпы құны 672 млн.теңге. Игерілді 650 млн.теңге. Эксплуатация кезеңінде 130 жұмыс орындарын құру жоспарланады. Аралау-сұрыптау желісінің құрылысы аяқталу кезеңінде. Аралау жабдығының 1 желісі іске қосылды. Жобалық қуаттылығы жылына 1 млн.тонна қиыршық тас. Эксплуатацияға енгізу ағымдағы жылдың маусым айы.

Сондай ақ биылғы жылы «Қызылшоқы-Коктал рудалық алаңының зерттеуі (іздестіру жұмыстары) жоспарлануда, жобаның бастаушысы «Алтай полиметаллы» ЖШС. Жобаның жалпы құны 32 млн АҚШ доллары. Байландыру фабрикасының жобалық қуаттылығы 1 млн.тонна руда, 16 мың.тонна ұнтақ мед алумен. 3 тоқсанда геолог-зерттеу жұмыстарының басы.

Қазіргі кезде экономика дамуының әлеуетін дамыту мақсатында даму қорларының есебінен, кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен белгіленген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, ауданда индустриалды-инновациялық даму бойынша және қоғамдық маңызды жобаларды анықтау бойынша үйлестіру кеңесі құрылды. Үйлестіру кеңесімен қарастырылған инвестициялық жобалардан 9 жоба облыстық үйлестіру кеңесінің қарастыруына, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша қаржыландыру мүмкіндігі үшін және әрі қарай индустриализациялау картасына енгізу үшін.

«Марат» ШҚ Тоғызқұдық селосы. Ұзын интегрирленген агроөнеркәсіптік холдингті дамыту бойынша жоба. 100 бас ІҚМ дейін асыраумен жемдеу кешенін құру. Жоба құны -992 млн.теңге. 239млн.теңге игерілді. Жобаны жүзеге асыру 3 кезеңмен жүзеге асырылады. Қазіргі сәтте 4- мал өсіру базалары бар, 2000 тонналық астық қоймасы және 550 бас санында асыл тұқымды қара мал. Жобаның мерзімдерінен бас тарту жоқ. Жоба облыстың сараптық кеңесінде қарастырылды. Қосымша жер алаңдарын бөлу мәселесі шешілуде.

2. «Агро-Алем» СТК, Астаховка селосы. 800 бас асыл тұқымды ІҚМ асыраумен репродукторды құру бойынша жоба. Жоба құны- 700,0 млн.теңге. 80 млн.теңге игерілді (лизингке техника алу). Мал өсіру базалары дайындалды, жем-шөпті сақтайтын қоймалар бар, ауыл шаруашылығы тезникасы мен жабдық алынды. Екі мал өсіру базалары мен сою пунктінің құрылысы жоспарланады. ІҚМ әкелу бойынша ұсыну-шарттары жасалған.

3. «Жалғас» ШҚ Керней селосы. 1000 бас ІҚМ асырауға жемдеу кешенін құру бойынша жоба. Жоба құны -30,0 млн.теңге Игерілді 20,0 млн.теңге. Мал өсіру жайларының саны. Ақ бас тұқымды 100 бас ІҚМ сатып алынды.

4. «Saryarka Beef» ЖШС Қарақұдық селосы. 5000 бас ІҚМ жемдеу кешенін құрумен жоба, даму инфрақұрылымымен. Жоба құны -3 млрд 3000 млн.теңге. Қазіргі кезде жер құру құжаттарының рәсімделуі жүргізілуде. 2013 жылға дейін құрылыс жұмыстары үшін ЖСҚ әзірлену кезеңінде.

5. «Бауыржан» Ш/Қ, Жаңа қала селосы. 400-450 бас аттарды асыраумен өнімді жылқы өсіруді дамыту бойынша жобы. Жоба құны- 16,0 млн.теңге. 8,0 млн.теңге игерілді. Екі мал өсіру жайы, 2000 га жерлер және 150 бас биелер бар.

6. «Қарағанды-Құс» ЖШС, Заречно селосы. Жылына 58 784 000 дана жұмыртқа өндіру өндірістік қуаттылығымен, құс фабрикасын қайта жаңарту жобасы. Жоба құны -526 млн.теңге. 90 млн.теңге игерілді. Бес құс жайларында жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілуде (3 жұмыртқалағыш-құстар және 2 жас құстар үшін). Жасушалық жабдықтың жабдықтаушысы таңдалды (Германия). Өндіру нарығының маркетингі жасалды, көтерме-бөлшек сауда желісі құрылды. Жобаны іске қосу 2012 жылдың 1 тоқсаны.

7. «Арғын» ШҚ Тұзды селосы. Жылына 16 мың.тонна картоп және 20 мың.тонна көкөністер өсірумен ұзындығы 7 км магистральды каналының құрылысымен 600 га алаңында картоп және көкөністерді өндіру бойынша жоба. Жоба құны -97,0 млн.теңге. Қазіргі сәтте 496 га жерлер дайындалған, оларға 2011ж 200 га картоп және 5 га сәбіз отырғызылады.

8. «Нұр Адил» ШҚ Молодецкое селосы. Полимер құм бұйымдарын (черепица. Тротуарлық плитка және т.б). Жоба құны -173,8 млн.теңге. Игерілді 50 млн.теңге. Екі өндірістік ғимарат дайындалып, қажетті технологиялық жабдықтар Ресейден сатып алынды. Тәуліктік өндіру: Черепица 300-320 ш.м және тротуарлық плитка 150 ш.м. Жобаны биылғы жылы іске қосу жоспарланады.

9. «Морская империя» ШҚ, Новоузенка селосы. Мұздатылған балық пен теңіз өнімдері өндірісін жасау мақсатында, өндірістік және логистикалық қуаттылықтарды дамыту бойынша жоба. Өндірістік қуаттылығы – жылына 3 мың тонна балық және әр түрлі теңіз өнімдері. Жоба құны -70,0 млн.теңге. Өндірістік жайлар, арнайы жабдық және инфрақұрылым бар. Қазіргі кезде жоба жүзеге асырылуда.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы шеңберінде 2011 ж, жалпы 590

млн.теңге сомасына 194 жаңа жұмыс орандарын құрумен, шағын және орта

бизнес саласында, 46 жобаны ашу және жүзеге асыру жоспарланады. Жобаларды жүзеге асыру 19 экономикалық басымды қызметтердің түріне бөлінеді. Осы жобаларды жүзеге асыру, біздің ауданда басымды қызмет түрлерін кеңейтеді, салық салу базасын кеңейтіп жаңа жұмыс орындарын құрады. Барлық жобалар бойынша желілік кестелер әзірленген, олар бойынша



ағымдағы жағдайдың мониторингі жүргізілуде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет