Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Жақында Honor компаниясы өзінің ерекше әрі бірегей туындысы – Magic V2 жиналмалы флагмандық смартфонын нарыққа шығарды. Қытайға барып, смартфондардың қалай өндірілетінін көзбен көріп келген тілшіміз екі аптадан аса уақыт смартфонды ұстап, ерекшеліктерін бағалады.

Stan.kz

Бұл құрылғы жеңіл және жұқа жиналмалы телефондардың көшбасшысы ретінде ғана емес, сонымен қатар стиль мен функционалдылықтың тепе-теңдігін көрсетеді. Magic V2-ның пайда болуы жиналмалы құрылғылардың қуатына енді басқаша көзқараспен қарауға себеп болды. Неге екенін түсіндірейік. 

Былай қарағанда бұл жиналмалы смартфон дәстүрлі телефон мен планшеттің біріккен түрі. Онда екі экран бар, соған қарамастан ұстағанда жеп-жеңіл, әрі өте жұқа. Magic V2 иілгіш, бірақ сызат пайда болады, бір жері бүлінеді деп қорықпайсың. Honor V2 экрандарының екеуінде де жарықтың жылтылдау жиілігі 3840 Гц, яғни адам көзіне зиян емес.

Өнімділік және энергия тиімділігі: Honor Magic V2 негізгі артықшылығы

Stan.kz

Қазіргі смартфондардың көпшілігіне тән кемшілік — қуатты ұзақ ұстамау. Ал бүгінгі қарбалас өмірде смартфонның күнделікті болатын ситуацияларда, жұмыста, сабақта, шұғыл жағдайларда қолдаушың, көмекшің болғанын қалайсың. Сондықтан оның барлық қажеттіліктеріңді өтеп, қуатының барынша ұзақ сақталуын армандайсың. 
Осындай аккумулятор технологияларына қатысты мәселелер өнімділікті көтеру қажеттілігін тудырды. Honor компаниясы осы ретте кремний-көміртекті аккумуляторды жасап шығарды. Ол ықшамдылықты қамтамасыз ете отырып, энергия тығыздығын айтарлықтай жақсартты.

Демек Magic V2-ні басқалардан ерекшелейтін басты артықшылық — кремний-көміртекті материалдардың жаңа буынын пайдалану болды. Олар дәстүрлі графитпен салыстырғанда он есе көп энергияны сақтай алады. Бұл жаңалық батареяның тиімді жұмыс істеуіне әсер етіп, энергия тығыздығын арттыруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ Honor Magic V2 нарықтағы ең қуатты процессорлардың бірі — Snapdragon 8 Gen 2-мен жабдықталған. 1 ТБ дейін кеңейтілетін 16 ГБ жедел жады бар телефон кез келген ойындарды көтереді. Айта кететін маңызды нәрсе, Magic V2 көмегімен экранда бір уақытта үш қосымшаға дейін қолдана аласыз. 

Stan.kz

Сыйымдылық және жылдам қуат алу

Magic V2 5000 мАч батареямен жабдықталған және 66 Вт жылдам зарядтау технологиясы кіріктірілген. Бұл пайдаланушыға телефонды қосымша қуаттаусыз күні бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Зертханалық сынақтар оның қуатты тамаша сақтайтынын растайды. Әсіресе, смартфонды белсенді қолдану кезінде, видео көру, кітап оқыған уақытта мұны анық байқауға болады. 

Көп мүмкіндік беретін камера

Magic V2-ге түсірілген сурет

Смартфонның бірдей үш камерасы бар. Ультра кең бұрышты камера, негізгі камера және телефотокамера. Magic V2-мен түсірілген суреттер сапасы көңілімнен шықты. Әсіресе, түстерді қанық етіп шығарады. Кешкі уақытта түнгі режимі автоматты түрде қосылады.

Magic V2-ге түсірілген сурет

Сондай-ақ мұнда мультивидео деп аталатын функция бар. Мәселен, видеоны бірден екі камерамен түсіре аласыз — алдыңғы және негізгі. Бұл, әсіресе, біз сияқты журналистерге, оқиға орнынан хабар таратуға ыңғайлы екен. Кадр көрсетіліп жатады, сіз де сөйлеп, соған қатысты пікіріңізді де видеоға жаза бересіз. 

Stan.kz

Дизайн мен инновацияның синтезі

Honor компаниясының инновациясы мен дизайн шеберлігінің шыңы, Magic V2 жиналмалы телефондар санатына жаңа стандарт қалыптастырды. Осы модель арқылы Honor заманауи пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын әбден ойластырылған стиль ұсынды. Осылайша өнімділік пен сенімділікті біріктіре отырып, мобильді технологияның болашағына қатысты өз пікірін ортаға салды.

Ашылған кезде, Magic V2 корпусының қалыңдығы небәрі 4,7/4,8 мм-ге жетеді, ал жиналып тұрған кезде 9,9 мм болады. Айта кету керек, смартфон корпусының артқы жағының дизайны екі нұсқада шығады: әйнек және жасанды былғары. Ал телефонның салмағы  231 г, бұл — жиналмалы смартфондардың ішіндегі ең жеңілі.

Бірегей аккумулятор

Компания бірқатар параметрлер бойынша литий-ионды батареялардан айтарлықтай жоғары болатын кремний-көміртекті аккумуляторларды әзірледі. Қазіргі смартфондардағы литий-ионды аккумуляторлар электроникада кеңінен қолданылады, бірақ олардың дизайны мен жұмыс принципінде көп өзгеріс бола қойған жоқ. Олардың сыйымдылығы шектеулі  әрі қолданбаған кезде де батарея қуаты жылдам азаюға бейім.

Stan.kz

Жаңа аккумулятор артықшылықтары:

  • Энергияны сақтау тығыздығы артқан. Батареялар кішірейсе де, қуаттылығы жоғалмайды.  
  • Төмен кернеуде өнімділігі жоғары, қуаты азайғанда құрылғылардың ұзағырақ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
  • Құрылғыларды жылдам қуаттауды қамтамасыз ететін жақсартылған қуаттау жүйесі (66 Вт дейін).
  • Бұл батарея өте берік және 6 жылдан 8 жылға дейін қызмет ете алады, бұл кәдімгі литий-ионды батареялардан әлдеқайда ұзағырақ.
  • Батареясы қауіпсіз, себебі ол қызып кетуге бейім емес және мықтырақ технологиялар арқылы қуатталады.

Stan.kz

Жаңа аккумуляторлардың негізгі кемшілігі өндірілу процесінің күрделілігінде, сондықтан литий-ионды батареялармен салыстырғанда олардың бағасы қымбаттау. 

Батареялардың жаңа технологиясы смартфон нарығының болашағын қалыптастыруда. Осылайша қызмет ету мерзімі ұзағырақ, жұқа, жеңіл, қуатты смартфондардың пайда болу мүмкіндігіне жол ашады.

Honor Magic V2 – жай ғана жиналмалы смартфон емес. Бұл Honor компаниясының аккумулятор технологиясының алдыңғы қатарда келе жатқанының дәлелі. Компания мобильді құрылғылар нарығында жаңа прецедент болды, себебі енді бұл кейс сөзсіз мобильді технология саласына әсер етпей қоймайды. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.