Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Темірбек Нұртазин қалада құс тұмауының таралуына жол бермеу үшін тұрғындардан Қаракөл көліне келмеуді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, қазір көл құс тұмауының ошағына айналған.

“Барлығыңызды құстардың өлімі алаңдатып отырғанын білемін. Алайда көл маңына келмеулеріңізді сұраймын. Құстардың өлексесі де вирусқа толы. Көл жағасында құстардың нәжістері де бар. Осылайша вирус тарайды.Торғайлар мен көгершіндер жұқтырып алса, өздері өлмей, вирусты тарата береді. Қалада құс тұмауының өршуіне жол бермейік", – деді Темірбек Нұртазин.

Осыған байланысты ол құс етіне вирус жұқпауы үшін тұрғындардан көлге барудан бас тартуды сұрады.

“Көл індеттің ошағы болып табылады. Індет ошағына келіп,  вирустың таралуына ықпал етпесеңіздер", – деп қосты Темірбек Нұртазин.

Бұған дейін сарапшы орнитолог Виктория Ковшар Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылуының себебін құс тұмауы деп түсіндірген еді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.