Олжас Бектенов елімізде қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту мәселесі сол күйі толық шешімін таппағанына көңілі толмайды. Көптеген өңірлерде әлі күнге дейін коммуналдық қалдықтарды ұтымды жинау мен шығаруға және оларды сұрыптап, қайта өңдеуге жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Үкімет

Премьер-министрдің сөзінше, оңды-солды рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болып, оларды жою мәселелері уақтылы шешілмей келеді.

“Бұл өңірлердегі экологиялық жағдайға айтарлықтай нұқсан келтіреді. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдер тұрмыстық қалдықтарды қайтадан өңдеп, барынша кәдеге жаратады. Ал, бізде қарапайым сөзбен айтқанда, жиналған қоқысты жерге көме салу, тіпті болмаса таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды”, – дейді премьер. 

Бұл елдімекендердің көркін бұзғанымен қоса, ешқандай санитариялық, экологиялық нормаларға сай келмейді.

“Сонымен қатар тамақ қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта өңдеу мәселелері де шешімін таппай отыр. Олардың қаупіне жете мән берілмейді. Аталған проблемаларды шешу үшін қалдықтарды жинаудан бастап, қайта өңдеуге дейін кәдеге жаратудың тиісті механизмдерін әзірлеу қажет. Министрлік пен өңірлер бұл жұмысты созбалаңға салып жіберді”, – .
деп ашуланды Бектенов. 

Оның сөзінше, кәсіпорындардың көпшілігі қайталама шикізатты жинаумен, оны буып-түйіп, шетелге сатумен ғана айналысады. Ал, қалдықтарды қайта өңдеп, түпкілікті өнім шығарып отырғандар аз. 

“Бүкіл әлемде қоқысты қайта өңдеу табысты бизнеске айналған. Біз де бұл бағытта замана көшінен қалмауға тиіспіз”, – деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Бұған дейін премьер-министр азық-түлік бағасын көтермей ұстап тұруды тапсырған еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.