Усербаев муса усербаевич



жүктеу 1.22 Mb.
бет1/6
Дата29.08.2018
өлшемі1.22 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

К.ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
«ЗАҢТАНУ»КАФЕДРАСЫ

ҚР СОТ САРАПТАМАСЫ

Пәнінен ДӘРІСТЕР

Аға оқутышы

УСЕРБАЕВ МУСА УСЕРБАЕВИЧ

СЕМЕЙ, 2013ж

Ж алпы бөлім
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СОТ САРАПТАМАЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ МЕН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамалары

1.1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамасы

1.2 Сот сараптамасының тақырыбы мен міндеттері

1.3 Сот сараптамасының обьектілері

1.4 Сарапшылық зерттеуге арналған үлгілер
2 Сот сарапшылық зерттеу әдістері және жіктеу

2.1 Сот-сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерінің түсінігі, оларды қалыптастыру

2.2 Сот-сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерін жіктеу

2.3 Сот-срапшылық технология түсінігі.Комьютерлік технология құралдарын сот сарапшылық зерттеулерде пайдалану

2.4 Зерттеу тақырыбы бойынша сараптамаларды жіктеу

2.5 Сот сараптамасының даму бағыты

2.6 Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу
3 Сот сарапшысы

3.1 Сот сарапшысы түсінігі. Қазақстан Республикасында сот сраптамасын жүргізу тапсырылуы мүмкін адамдар

3.2 Сот сарапшысына қарсылық білдіру

3.3 Сот сарапшысының іс жүргізу функциялары, құқықтары мен міндеттері


4 Қылмыстық процесте сот сараптамасын тағайындау, жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу

4.1 Сараптама тағайындаудың негіздері

4.2 Сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру

4.3 Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары

4.4 Сарапшылық зерттеу нәтижелерін ресімдеу
5 Қылмыстық іс бойынша сарапшы қорытындысын бағалаудың іс жүргізу аспектілері

5.1 Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сарапшы қорытындысы – жалпы сипаттамасы

5.2 Қылмыстық процесті жүргізу органның сарапшы қорытындысын бағалауы

5.3 Сарапшы тұжырымының мазмұны мен нысанына байланысты сарапшы қорытындысының дәлелдемелік маңызын бағалаудың ерекшеліктері

5.4 Қылмыстық процесті жүргізуші органның сарапшы қорытындысын бағалау салдарлары

5.5 Сарапшыдан жауап алу

5.6 Сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге және куәге сарапшы қорытындысын көрсету
6 Қазақстан Республикасының азаматтық және әкімшілік ісіндегі арнаулы білім беру институты

6.1 Азаматтық процесске арнаулы білімдерді пайдалану

6.2 Азаматтық сот ісін жүргізудегі сот сараптамасы

6.3 Әкімшілік процесте арнаулы білімдерді пайдалану


7 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін ұйымдастыру

7.1 Сот сараптамасының мәселелері

7.2 Сот сараптамасының принциптері

7.3 Сот-сараптама қызметінің ұйымдастырушылық нысандары

7.4 Сот-сраптама қызметін кадрлық қамтамассыз ету

7.5 Сот-сараптама қызметін ғылыми, әдістемелік, ақпараттық, материалдық-тезхникалық және қаржылық қамтамассыз ету

7.6 Сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Ерекше бөлім

СОТ САРАПТАМАЛАРЫНЫҢ КЕЙ БІР ТҮРЛЕРІ


8 Сараптама түрлері: құжаттар, портреттік, бейнефонографиялық, фототехникалық сараптамалар

8.1 Құжаттардың сот сараптамасы

8.2 Сот портреттік сараптама

8.3 Сот бейнефонографиялық сараптама

8.4 Сот фототехникалық сараптама
9 Трассологиялық, баллистикалық сараптама жасаудың аспектілері

9.1 Сот трассологиялық сараптама

9.2 Сот баллистикалық сараптама
10 Заттар мен материалдардың сот сараптамасы

10.1 Лакты бояу материалдары мен жабындарды және полимер материалдарын сот сарапшылық зерттеу

10.2 Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сарапшылық зерттеу

10.3 Металдар мен қорытпаларды сот сарапшылық зерттеу

10.4 Топырақты сот сарапшылық зерттеу

10.5 Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

10.6 Спиртқұрамдас сұйықтықтарды сот-сарапшылық зерттеу
11 Жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдарының сот сараптамасы

11.1 Жол-көлік оқиғасы жағдайаттарын сот сарапшылық зерттеу

11.2 Сот сарапшылық көлік-трассолдогиялық зерттеу

11.3 Көлік құралдарын сот-сарапшылық зерттеу


12 Сот экономикалық, тауартану, құрылыс сараптамалары

12.1 Сот экономикалық сараптама

12.2 Сот тауартану сараптамасы

12.3 Сот құрылыс сараптамасы

12.4 Сот жарылыс-техникалық сараптама
13 Сот технологиялық және өрт-техникалық, жарылыс техникалық сараптама жасау

13.1 Сот технологиялық сараптама

13.2 Сот өрт-техникалық сараптама

13.3 Сот жарылыс техникалық сараптама


14 Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың және биологиялық сот сараптамасы

14.1 Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы

14.2 Сот сарапшылық биологиялық сараптамасы
15 Адамның психикалық күйі мен психофизиологиялық процестердің сот сараптамасы

15.1 Сот сарапшылық молекулярдық-генетикалық зерттеу

15.2 Сот-сарапшылық психоолгиялық-криминалистік зерттеу

15.3 Сот-сарапшылық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу

15.4 Сот психологиялық-физиологиялық зерттеу
1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамалары

1.1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамасы

1.2 Сот сараптамасының тақырыбы мен міндеттері

1.3 Сот сараптамасының обьектілері

1.4 Сарапшылық зерттеуге арналған үлгілер

1.1 Сот сараптамасы түсінігі және негізгі сипаттамасы

«Сараптама» деген сөз латынның «expertus» сөзімен байланысты, бұл «тәжірибелі», «хабардар» дегенді білдіреді. Сараптама жөнінде жалпы айтсақ, қандай да бір арнаулы саладағы білімідітартуды қажет ететін сұрақтарды шешу үшін хабардар адамның (сарапшының) жүгізетін зерттеуін айтамыз.

Сот сараптамасы – жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәні мән-жайларды шешу үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми білім-білік негзінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеу болып табылады. Дәл осылайша «сот сараптамасы» ұғымы ҚР «Сот сараптамасы туралы» Заңының 1- бабында белгіленген.

Сот сараптамасы қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді пайдаланудың ең білікті нысаны болып табылады. Ол іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында және оның сот қарауында барлық ғылыми танымның құралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын ала тергеу органдарының танымдық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.

Сараптаманың негізгі сипаттарын анықтай отырып, сараптама арнаулы ғылыми білімдерді тартуды қажет ететін қылмыстық істі тергеу немесе сот қаулысы барысында иуындайтын проблемалық танымдық ситуациясын жеңу нысаны болып табылатындығын білу керек.

Мұндай шешім кезінде сараптаманың сипаттамасы ретінде оны тағайындау мен жүршізудің мақсаты мен шарттарын бөліп алуға болады.

Мақсаты сарапшы қорытындысының жаңа дәлелдерін алу, қылмыстық істің жаңа мән-жайларын анықтау юолып табылады.

Шарттарынмыналар жатады:



  1. Арнаулы ғылыми білім негізінде зерттеу жүргізу. Сараптамаға қатысты «арнаулы ғылыми білім» терминін пайдалануға баса назар аудару керек;

  2. Сараптаманы арнайы іс жүргізудің тұлғасы, қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардан оны айрықшалайтын құқықтары мен міндеттерінің жеке жиынтықтары бар сарапшының жүргізуі;

  3. Заңмен реттелген сот сараптамасының іс жүргізу нысаны, оған оны тағайындау, жүргізу, зерттеу нәтижелерін ресімдеу және оларды бағалау, сондай-ақ сараптамаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері жатады. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін белгілеудің іс жүргізу нысаны іс бойынша дәлелдеме болып табылатын сарапшының қорытындысы болады;

  4. Зерттеудің белгілі бір теориялық принциптері мен тәжірибесіне сүйенетін бағалау мен фактілерді түсіндіру негізінде тұжырымды зерттеу нітижесіндегі қалыптастыру. Сарапшылық зерттеудің нәтижесі фактілерді анықтау, табу емес, ол оның өмір сүруі туралы тұжырым, ой қорытындысы. Соңғысы сарапшының өзінің арнаулы ғылыми білімдері негізінде жүргізген объектілерде анықталған белгілер мен байланысты жиынтықты бағалау жолымен белгіленеді. Сарапшының тұжырымы фактілерді өзгеше түсіндірудің, дауласудың принципті мүмкіндіктеріне жол бере отырып, сол арқылы пікір ретінде қалыптасады.

Аталған мақсат пен шарттар сараптаманы қылмыстық процестегі арнаулы білімдерді пайдаланудың өзге нысандарынан айырады.
1.2 Сот сараптамсының тақырыбы мен міндеттері
Әдебиеттерде сот сараптамасының тақырыбын анықтаудың әр тұүрлі жолдары бар. Әр авторлар сарптаманың тақырыбын анықтауға жататын мән-жайлар, сарпшылық міндеттер, сараптама объектілері ретінде анықталады.

Әдебиеттерде нақты сараптама тақырыбы мен тектік (түр) тақырыбы түсінігі ажыратылады.

Сараптаманың тектік (түр) тақырыбы белгілі бір мамандықтағы сарапшының құзыреті, осы тектік сараптаманың мүмкіндіктерін анықтайды. Қылмыстық іс бойынша тағайындалатын нақты сараптаманың тақырыбы сарапшының алдына қойылған сұрақтардың ауқымымен анықталады. Ол сараптаманы тағайындау кезінде қажетті ғылыми құзыреттілікке сәйкес сарапшының таңдауымен себептеледі.

Сарапшылық білім саласының сипаттамасы ретіндегі сот сараптамасы тақырыбының ұғымы тиісті сарапшылық міндеттерді анқтау мен жүргізу үшін негіз болып табылады.

Сарапшылық міндет – сарапшының алдына қойылған сұрақтағы тапсырманы сарапшының қабылдауы. Гносеологиялық тұрғыдан қарағанда ол оның түпкі мақсаты (ізделінетін факт) мен оған жетудің шарттарын, яғни сараптаманы тағайындау кезінде сарапшыға ұсынылған алғашқы мәліметтерді сипаттайды.

Сараптаманың міндеттері ұғымы көбіне сарапшыға қойылған сұрақ ұғымына ұқсас. Белгілі мағынада міндет ол белгілі бір үлгідегі сұрақтардың мағынасын ғылыми қорытып түсіндіру деген сөз.

Сараптама міндеті дегеніміз тергеу-сот практикасының қажеттігіне және сот сараптамаларының жетістіктері мен әдістемелеріне сәйкес сот сараптама тақырыбы мазмұнын қорытындылап тарататын нақты деректерді анықтаудың мүмкіндіктері.

А.И. Винберг пен Н.Т. Малаховский ұсынған диагностикалық, жіктеушілік, теңдестірушілік, ситуациялық деңгейлер міндеттерінен бөліп шығаруға әкелетін сарапшылық міндеттерді жіктеудің «деңгейлік»амалы кең түрде танымал болды.

Диагнистикалық сарапшылық зерттеудің мақсаты объектілерді танып-білу болып табылады. Олар объектінің табиғатын, оның қасиеттері мен күйін, белгілі бір сипаттан ауытқуын, осы өзгертулердің себептерін және олардың қылмыстық оқиғамен байланысын анықтауға бағытталған.

Жіктеушілік сарапшылық зерттеудің мақсаты объектілердің белгілі бір кластарға, соның ішінде стандартталғандарға қатыстылығын анықтау болып табылады. Осы міндеттердің мысалдары ретінде биологиялық текті объектілердің, лактыбояу материалдарының, есірткілердің жіктелушілік қатыстылығын анықтауды айтуға болады.

Теңдестірушілік сарапшылық зерттеудің мақсаты жекелей-белгілі оюъектілердің тепе-теңдігін немесе материалдық белгілену көріністері бойынша олардың шығу көздерін анықтау болып табылады. Теңдестірушілік міндеттерді шешу екі кезеңде жүзеге асырылады: 1-теңдестірілген және теңдестіруші объектілерді жалпы (топтық) белгілердің сәйкес келуін анықтау, 2-дараланатын объектілердің сәйкес келетін жеке белгілерінің жиынтығы бойынша жекелей-белгілі объектілрдің тепе-теңдігін анықтау.

Ситуалогиялық (ситуациялық) зерттеудің мақсаты жеке оқиғаларды анықтау болып табылады, олардың негізінде қылмыстық іс ауқымындағы жалпы оқиға механизміне қайта құру жүргізіледі. Ситуалогиялық міндеттерге, мысалы, нақты жағдайларда мылтықтың өздігінен атылып кету мүмкіндігін анықтау, суық қарумен зақымдар салу шарттарын анықтау жатады.

Бүтіндей, деңгейлік амалды мойындай отырып, көптеген авторлар жіктеу деңгейлері мен негіздері тізбесінің өз нұсқаларын ұсынады. Бұл тәсіл сарапшылық таным деңгейі туралы көзқарас пен сарапшылық технологияға бағдарланған.

Н.Т. Малаховская диагностикалық, жіктеушілік, теңдестірушілік жіһәне ситуалогиялық деңгейлер туралы айта отырып, «бұл – сарапшылық зерттеудің негізгі әдістерінің деңгейлері... олардың негізінде жеке әдістер және нақты сараптамаларды зерттеудің әдістемелері әзірленеді, басқаша болса, олар методологиялық деңгейлер болып табылады» деп шынайы көрсеткен.


1.3 Сот сараптамасының объектісі
Заң мазмұнынан шықсақ, сараптаманың объектілері қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген ақпараттың заттандырылған көздері – қылмыстық іс материалдары болып табылады. Әдебиеттеде сот сараптамасының объектілері, көбінде, сарапшылық зерттеуді қажет ететін іс мін-жайының материалдық жеткізгіштері ретінде, я болмаса, арнаулы білімдерді пайдалану арқылы алынатын фактілер мен уақиғалар, фактілік деректердің көздері туралы ақпараттың жеткізгіштері ретінде белгіленеді.

Сарапшылық зерттеуге тек нақты заттар ғана емес, егер олар жөнінде ақпараи заттандырылған көрініс тапса, онда, сонымен бірге әр түрлі процестер (оқиғалар, құбылыстар, әрекеттер) жатқызылуы мүмкін.

Сараптама объектісінің жалпы ұғымымен бірге заттық, нақты және тікелей объектілер ұғымы деп ажыратылады.

Заттық объект – сараптаманың белгілі бір класы, тегі, түр аясында зерттелетін қасиетерінің ортақтылығымен бірлескен ақпараттың материалдық жеткізгіштерінің жиынтығы. Заттық объекті ұғымы сараптамалардың жеке кластарын, тектерін, түрлерін ажыратқан кезде елеулі рөл атқарады.

Сараптаманың нақты объектісі нақты сарапшылық зерттеудің өзіндік ерекшелігін көрсететін дара және қайталанбас объекті деп аталады.

Зерттеудің тікелей объектісі, ол ақпаратиың сол бір материалдық жеткізгіші сараптаманың әр түрлерінің объектілері болуы мүмкіндігіинг ерекшеленеді. Сондықтан да, объектіні зерттеуге ұшырайтын сол жақтарын, қасиеттерін анықтаған орынды болмақ. Мысалы, нақты құжатты зерттеу кезінде тікелей объектілер ретінде құжаттағы қолжазбаны орындаған жазк (сот жазутану сараптамасының объектіс) және мөр бедері (құжаттардың сот-техникалық сараптамасы) болуы мүмкін.

Объектілер іс жүргізу нысаны бойынша дифференциаланады (ҚІЖК-нің 248-бабы 1-б.). Осы белгілер бойынша олар былайша бөлінеді: заттай дәлелдемелер; құжаттар; көзі тірі адамдар (бұл жағдайда адамның денесімен қатар, психикалық, психологиялық, физиолоогиялық және басқа да процестері зерттелуі мүмкін); сарапшылық зерттеу үшін үлгілер; қылмыстық іс материалдарында көрінген сараптама затына жататынмәліметтер; белгілі бір іс жүргізу мәртебесі жоқ объектілер (яғни, қылмыстық істі заттай дәлелдемелер ретінде немесе моральдық-этикалық түсініктер (мәйіттер) бойынша, я болмаса, оларға заттай дәлелдемелер режимін (ғимараттар, үй-жайлар) қолданудың нақты мүмкін еместігі бойынша.

Сарапшы оның қарамағына ұсынылатын материалдарды зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды беретіндіктен, қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде сарапшылық зерттеу мен сарапшы қорытындысының сапасы, көбінде, сараптама тағайындаған органның объектілерімен болатын іс-әрекет ережелерін дәл және ұқыпты орындауымен анықталады. Тиісті талаптар заңда баяндалған.

Атап айтқанда, процесті жүршізуші аталған орган сарапшылық зерттеу объектілерінің сенімділігі мен оларға жол беретіндігіне кепілдік береді (ҚІЖК-нің 248-бабы 2-б.).

Сарапшылық зерттеуге арналған іс материалдарының сенімділік кепілін, сондай-ақ оларды зақымдауды немесе олардың қасиеттерін өзгертуді болдырмауды қамтамасыз ету үшін сарапшылық зерттеу объектілері, егер олардың көлемң мен қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшығы буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде беріледі. Басқа жағдайларда сараптаманы тағайындаған адам сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға бөгетсіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті шараларды қамтамасыз етуге тиіс (ҚІЖК-нің 248-бабы 3-б.).

Сарапшылық объектілерін басқаша пайдалану ҚІЖК-де және ҚР Әділет министрлігінің 1998 жылы 12қаңтардағы №121, ҚР Бас прокуратурасының 1998 жылғы 1жедтоқсандағы №1043, ҚР ҰҚК-нің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №598, ҚР ІІМ-нің 1998 жылғы 2желтоқсандағы №429, ҚР Мемлекеттік табыс министрлігінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы №111 бекітілген бұйрығымен бекітілген «Соттардың, прокуратура, алды ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алудың, есепке алудың, сақтаудың, жіберу мен жоюдың тәртібі туралы» Нұсқаулықта көзделген өаттай дәлелдемелерді алудың, іске қоса тіркеудің, сақтау ме жоюдың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.


    1. Сарапшылық зерттеуге арналған үлгі

Сот сараптымы объектілерінің ішінде сарапшылық зерттеу үшін үлгілер үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алудың іс жүргізу реттемелеуі ҚІЖК-нің жеке тарауында көрсетілген.

Үлгілерге жататындар: 1) заттай дәлелдемелердің көшірмелері; 2) ұқсас заттар (заттай ділелдемелердің орнын ауыстырғаштар), соңғылармен жалпы тектік белнілері болады; 3) салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер. Заң әдебиеттерінде, негізінен, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер жөнінде айтылады. Бұл дәл осындай объектілердің сарапшылық зерттеулерде көбірек кездесетінімен түсіндіріледі.

ҚІЖК-нің 256-бабы 2-бөлігінде үлгілер ретінде, атап айтқанда:



  1. қан, ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененің сыртқы бетінің микроскопиялық қорытындылары;

  2. сілекей, тер және басқа бөлініп шығатындар;

  3. тері бетінің ізі, тістің қалыбы;

  4. қолжазба мәтін, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтін басқа материалдар;

  5. дауыс фонограммасы;

  6. материалдардың, заттардың, шикізаттың, дайын өнімнің сынамалары;

  7. гильзалардың, оқтардың, қару мен тетік іздерінің үлгілері алынады.

Үлгілер бірқатар негіздер бойынша жіктелуі мүмкін.

Мысалы, оқиға сипатына байланысты, оның нәтижесінде үлгілер пада болуы және заттай дәлел – түрнұсқаның пайда болу механизмін көшіреді, үлгілердің үш түрі болуы мүмкін:



  • экспериментті, онда уақиға жасанды түрде жасалады (атылған оқтар, гильзалар);

  • еркін үлгілер, тергеліп жатқан уақиғадан тыс байланысты пайда болуы (жазу, дауыс фонограммасы);

  • шартты-еркін үлгілер, іс бойынша өндіріске байланысты орындалған, бірқатар арнайы сараптама үшін орындалмаған;

  • табиғи үлгілер, физиологиялық өнім ретінде пайда болғандар (қан, шаш үлгілері).

Олар іс жүргізу тәсілі менүлгілерді алу субъектісіне байланысты, сот-тергеу немесе сарапшылық болуы мүмкін.

Үлгілерді алу негізінде нақтылы және заңды үлгілер болып бөлінеді.

Біріншілер жөнінде айтсақ, қылмыстық процесті жүргізуші орган көзі тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің, егер олардың кейінде сарапшылық зерттеуі іс үшін мәні болса, қасиеттерін бейнелейтін үлгілерді алуға құқылы.

Үлгілерді алу үшін заңды негіз – ол уәждемеленген қаулы болады, онда, атап айтқанда, мыналар көрсетілуі керек: үлгілерді кім алды; үлгілерді алуы тиісті адам; қандай үлгілер және қашан алу керек; үлгілерді алу үшін кім және қанша көлемде алуы керек; үлгілерді алу үшін кімге және қашан алу керек; үлгілер алынған соң, оларды кімге жіне қашан ұсыну керек.

Қылмыстық процесті жүргізуші органның үлгілер алуының тәртібі мынадай:

Қылмыстық процесті жүргізушы орган адамды өзіне шақырып немесе ол тұрған жерге келіп, сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу туралы қаулы мен қолхат ала отырып таныстырылады, оған және аталған тергеу іс-әрекетіне қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, қажетті іс-әрекеттерді жеке өзі немесе маманның қатысуымен жүргізеді, үлгілерді алады, оларды буып-түйіп, мөрмен бекітеді.

Егер үлгілерді алу үшін дәрігерді немесе басқа маманды тартудың қажеттілігі бар болса, онда процесті жүргізуші орган сарапшылақ зерттеу үшін үлгілер алуға тиісті адамды, сондай-ақ тиісті тапсырмасы бар қаулыны дәрігерге не басқа маманға жібереді. Қаулыда аталған тергеу іс-әрекетерінің басқа қатысушыларының құқықтары мен міндеттері көрсетілуге тиіс.

Егер зерттеу үшін үлгілерді жануарлардан алу қажеттігі туған кезде, процесті жүргізуші орган дәрігер-ветеринарға немесе басқа маманға тиісті қаулыны жібереді.

Зертту жүргізгеннен кейін сарапшы үлгілерді буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде өзінің қорытындысына қоса тігіледі. Процесті жүргізуші орган сарапшының ұсынған үлгілерін қарап, содан кейін оларды заттай дәлелдемелер ретінде қылмыстық іске қоса тігіледі.

Сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу кезінде жеке адамның құқықтарын қорғаудың мәні зор. Осыған орай, сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алудың әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары аламның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болуға тиіс. Жанға қатты батыра жасалатын күрделі медициналық рәсімдерді немесе әдістерді қолдануға бұған үлгілер алынуға тиісті адам, ал егер ол адам кәмелетке толмаған болса немесе психикалық ауру болса – оныі заңды өкілінің, қамқоршыларының немесе қорғаншыларының келісімімен ғана жол беріледі.



2 Сот сарапшылық зерттеу әдістері және жіктеу

2.1 Сот-сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерінің түсінігі, оларды қалыптастыру

2.2 Сот-сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерін жіктеу

2.3 Сот-срапшылық технология түсінігі.Комьютерлік технология құралдарын сот сарапшылық зерттеулерде пайдалану

2.4 Зерттеу тақырыбы бойынша сараптамаларды жіктеу

2.5 Сот сараптамасының даму бағыты

2.6 Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу
2.1 Сот – сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерінің түсінігі, оларды қалыптастыру.

Срапшылық зерттеу – күрделі шығармашылық процесс, онда ғылым мен техника жетістіктерін білу, қазіргі тиімді зерттеу әдістемелерін меңгеру, срапшының білік – дағдысы іске асырылады.

Сот сараптамасының әрбір тегі мен түрлеріне тән белгілер зерттеу әдістерінен тұратын сарапшылық зерттеудің тиісті әдістемесі болып табылады.

Сот – срапшылық зерттеу әдісі – бұл срапшының алдына қойылған сұрақты шешу үшін деректерді алудың логикалық және аспапты операциялар (тәсілдер, амалдар) жүйесі.

Сот – сарапшылық зерттеу әдістемесі – сраптамалардың белгілі бір тегі, түрі тақырыбына жататын нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы обьектілерін оқып – зерттеу кезінде қолданылатын әдістемелер (амалдар, техникалық құралдар) жүйесі.

Сот – сарапшылық зерттеудің әдістемесі сарапшылық міндеттерді шешуге бағдарланған болғандықтан, оның өзіндік ерекшелігі сраптаманың тақырыбы мен обьектілерінің ерекшеліктерімен есептеледі.

Сот сараптамасында пайдаланылатын әдістер, көбінде, жаратылыс және техникалық ғылымдардан алынған және сраптаманың міндеттерімен обьетілерінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес түрлендірілген.Олар іске асыру нысандары – амалдар, техникалық жабдықтар бойынша жалпы ғылыми әдістерінен елеулі айырмашылығы болады.

Срапшылық зерттеу дәлелдеудің элементі болғандықтан, тиісті әдістер ҚІЖК – нің 129- бабы 3-бөлігінде көзделген сипаттамаларға сәйкес, олар:



  1. заңмен тікелей көзделген немесе оның нормалары мен принциптеріне қарама – қайшы келмейтін;

  2. ғылыми орныққан;

  3. қылмыстық іс бойынша жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін;

  4. қауіпсіз болуы керек.

Сот – сарапшылық зерттеу әдістерін қолданудың нәтижелері барлық процеске қатысушылар үшін анық және көрнекті болуы керек.

Сараптама тағайындау процесінде сраптамалардың әр түрлі кластарын, тектері мен түрлерінің әдістерін әзірлеу деңгейлерін ескерген маңызды, ол үшін сарапшылық зерттеу мүмкіндіктері жөнінде алдын ала кеңестер өткізу керек.

Сот сараптамасының жаңа әдістермен баюы бірнеше нұсқаны көздейді. Заттай дәлелдемелерді зерттеу кезінде сот ісін жүргізуден тыс басқа ғылымдарда ұқсастығы бар проблемалық жағдайлар жиі пайда болғандықтан, сарапшылық практикаға өзге ғылыми міндеттерді шешу үшін әзірленген әдісре кеңінен енгізіледі.

Шешілетін міндеттің өзіндік ерекшеліктері басқа ғылымдарда қолданыстағы әдістерді тек түрін өзгерте және оларды толықтыра пайдалануға мүмкіндік беретін болса, сарапшылық практикаға жаңа әдістерді енгізудің екінші жолы да қолданыс табады. Мұнда әдістің модификациясы құрылады. Мысал ретінде биологиялық обьектілердің термикалық сипаттамаларын зерттеу әдісі негізінде жасалған сұйық кристалл индикаторларын пайдалану әдісін әзірлеуді келтіруге болады.

Аталған екі әдістен басқа, заттай дәлелдемелерді криминалистік зерттеуге әдейі арналған әдістердің әзірлеме нұсқалары бар.Криминалистік сраптама әдістерін медицинада, антропология мен өзге де ғылыми білім салаларында пайдалану мысалдары бар.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет