Усербаев муса усербаевич


Қылмыстық процесте сот сараптамасын тағайындау, жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу



жүктеу 1.22 Mb.
бет3/6
Дата29.08.2018
өлшемі1.22 Mb.
1   2   3   4   5   6

4 Қылмыстық процесте сот сараптамасын тағайындау, жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу

4.1 Сараптама тағайындаудың негіздері

4.2 Сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру

4.3 Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары

4.4 Сарапшылық зерттеу нәтижелерін ресімдеу
4.1 Сараптама тағайындаудың негіздері.

Заңға сәйкес сараптаманы анықтаушы, анықтау органы, тергеуші, прокурор, сот тағайындауы мүмкін. Тергеуші сараптаманы қылмыстық істі қозғау сатысында және алдын ала тергеу жүргізу кезінде тағайындайды. Анықтау органы, анықтаушы сараптаманы қылмыстық істі қозғау сатысында және алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес сол істер бойынша анықтау жүргізу кезінде, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін оның нәтижелері қажет болған жағдайда прокурор тағайындауға құқылы. Сараптама тағайындаудың негізі нақты және заңды деп бөлінеді.

Сараптама тағайындаудың нақты негізі іс бойынша іс жүргізу барысында, бір жағынан, қылмыстық процесті жүргізуші органның қарамағындағы бар іс бойынша ақпаратты, екінші жағынан, оның істің мән-жайларын арнаулы ғылыми білім негізінде анықтау қажеттілігін сипаттайтын проблемалық танымдық ситуациялардың туындауы болып табылады.

Сараптаманы тағайындаудың заңды негізі арнаулы ғылыми білімдерді пайдаланумен мәселелерді шешудің қажеттілігі расталатын іс материалдары болып табылады.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сараптама істі қозғау туралы шешім қабылданған кезде, сондай-ақ анықтау немесе алдын ала тергеу сатысында тағайындалады.

Комиссиялық сараптама бір мамандықтағы сарапшылардың күрделі сарапшылық зерттеу жүргізу қажеттілігі жағдайында тағайындалады.

Кешенді сараптама іс бойынша бір мән-жайды анықтау үшін әр түрлі сарапшылық мамандықтардың негізінде зерттеулер жүргізу қажет болғанда тағайындалады.

Қосымша сараптама қорытынды толық және жеткілікті түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты туындаған қосымша мәселелер туындаған жағдайда негізгі жүргізілгеннен кейін тағайындалады.

Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптама тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда дәл сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.
4.2 Сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру

Сот сараптамасы органының сот сараптамасын жүргізуі. Сот сараптамасы органы басшысының өкілеттігі.

Қазақстан Республикасында сот сараптамасын сот сараптама органдары немесе сот сараптама органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар жүргізе алады. Олардың толық тізбесі «Сот сараптамасы туралы» заңының 4-бабында көрсетілген:


  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;

  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медецинасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қылмыстық қудалау функциясы жүктелген мемлекеттік органдар бөлімшелерінен басқа, Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес функцияларына сот сараптамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелері жатады.

Сот сараптамасы органының басшысы дегеніміз - Сот сараптамасы орталығының директоры, Сот медецинасы орталығының директоры, олардың орынбасарлары мен Орталықтардың аймақтық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функциясына сот сараптамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелерінің басшылары болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы сараптаманы тағайындау туралы қаулы мен ұсынылған материалдарды, егер олар тиісінше ресімделмеген және бұл сараптама жүргізуге мүмкіндік бермесе, сондай-ақ егер сараптама жүргізу осы сот сараптамасы органдарымен көзделмеген немесе ол тиісті мамандар мен құрал-жабдықтары болмаса, себептерін көрсете отырып орындаусыз қайтаруға құқылы.

Сараптама тағайындау туралы қаулыны қабылдау кезінде сот сараптамасы органының басшысы:



    • сараптаманы жүргізуді сарапшыға немесе сарапшылар комиссиясына тапсырады;

    • сараптама жүргізудің мерзімін белгілейді, олардың сақталуына бақылау жасайды;

    • сарапшы тәуелсіздігінің принциптерін бұзбай, сарапшылық зерттеудің толықтығы мен сапасына, сараптама объектілерінің сақталуына бақылау жасайды;

    • сарапшыларға қажетті әдістемелік көмек көрсетеді және оларды құрал-жабдықтармен, аспаптармен, материалдармен қамтамасыз етеді.

Сараптама жүргізудің мерзімі алдағы зерттеулердің қиындық дәрежесіне қарай ведомстволық нормативтік актілер талаптарын ескере отырып белгіленеді.

Сарапшының қорытындысы екі данада жасалады. Бірінші данасы сараптама тағайындаған органға жіберіледі, екіншісі – сот сараптамасы органының мұрағатында сақталады. Сарапшының қорытындысына сот сараптамасы органының басшысы қол қойып сараптама тағайындаған органға жолданған ілеспехат қоса тіркеледі, онда сараптаманы шығару күні, оны жүргізудің құны, қорытынды мәтіні мен бейнелі материалдардың бет саны туралы мәліметтер болады.


4.3 Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары.

Сарапшылық зерттеу – сарапшының сараптамаға ұсынылған объектілерді зерттеу процесі. Ол жеке міндеттердің сипаты бойынша ажыратылатын, бір-бірін жүйелі түрде ауыстырып тұратын сатылардын тұрады:



    • дайындық (сарапшылық тексеруді қосқанда);

    • сот сараптамасының объектілерін бөлек зерттеу сатылары;

    • салыстырмалы зерттеу сатылары;

    • зерттеу нәтижелерін бағалау және сарапшының қорытындыларын тұжырымдау сатылары.

Сарапшылық зерттеудің дайындық сатысы – сот сараптамасын жүргізудің бірінші сатысы, оның мазмұны сараптама жүргізу үшін негіз болатын іс жүргізу шешімімен және сарапшылық міндеттерді шешудің технологиясын анықтау үшін сарапшыға ұсынылған материалдармен танысу, сондай-ақ сарапшылық болжамдар көтеру, зерттеу бағдарламасын жасау және қажетті техникалық, аспаптық, ақпараттық базаны дайындау болып табылады.

Бөлек сарапшылық зерттеу сот сараптамасы объектілірінің белгілерін бөлек оқып-зерттеуден тұрады. Осы сатысының барысында сот сараптамасының әрбір объектісін жекелендіретін ортақ, содан соң жеке белгілері анықталады. Мұнда дәлелдемелерді, содан кейін, қажет болғанда салыстырмалы материалдарды оқып зерттеу қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде әрбір объектіні жекелендіретін, оның мәнін, сапалық және сандық сипаттамасын, тиісті белгілерде көрінетін объекті қасиеттерінің пайда болуын анықтауға мүмкіндік беретін белгілер кешенін қалыптастыру жүзеге асырылады.

Салыстырмалы зерттеу объектілердің анықталған белгілерінің сәйкес келуі немесе айырмашылығы анықталатын саты болып табылады. Ол салыстырылатын объектілер белгілерінің сәйкес келуі мен айырмашылығын анықтаумен аяқталады. Салыстырмалы зерттеу екі кезеңнен құралады:

-объектілердің айырмашылығын немесе олардың бір топқа қатыстылығын анықтаумен аяқталатын объектілердің жалпы белгілерін салыстыру;

-объектілердің жеке белгілерін салыстыру.

Сарапшының зерттеу нәтижелерін бағалау және қорытындысын тұжырымдау сатысы болады, өйткені сарапшы зерттеуді объектілер белгілерінің сәйкес келу немесе айырмашылық фактілерін атап көрсетумен аяқтамауы керек. Ол алынған деректерге ғылыми бағалау жүргізуге міндетті. Осы сатыда сарапшы өзінің ішкі сенімі негізінде анықталған белгілерді бағалайды және қорытындыны тұжырымдайды. Сонымен бірге логикалық жинақтап-қорыту әдістері, ықтималды-статистикалық әдістер мен модельдеу кеңінен пайдаланылады. Саты сарапшылық зерттеу барысы мен нәтижелерін бейнелейтін іс жүргізу құжаты ретіндегі сарапшының қорытындысын техникалық рәсімдеумен аяқталады.


4.4 Сарапшылық зерртеу нәтижелерін ресімдеу.

Сарапшының қорытындысы – іс жүргізу құжаты, онда жүргізілген зерттеудің нәтижелері баяндалады, қойылған сұрақтардың біреуіне болса да жауап өз мәнісі бойынша беріледі немесе тұжырымның біреуі болса да сарапшының бастамасы бойынша жасалады. Сарапшы өз атынан жазбаша қорытынды жасап, оның өз қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындаған органға жібереді.

Сарапшының қорытындысы үш бөлімнен тұрады, олар: кіріспе, зерттеу және тұжырым.

Сарапшы қорытындысының кіріспе бөлімінде мыналар көрсетілуі тиіс: сараптама атауы, оның нөмірі, материалдар келіп түскен және қорытыны жасалған күні; сараптама тағайындаған адам; сараптама жүргізудің негізі; зерттеу объектілерінің тізбесі; жеткізу тәсілі, зерттеуге түскен объектілер орамасының түрі; сарпашының алдына қойылған мәселелер: сарапшы туралы мәліметтер – тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, ғылыми атағы, лауазымы; көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы өзінге ескертілгені туралы сарапшының қол қоюымен куәландырылған белгі.

Зерттеу бөлімінде сараптама объектілерінің жай-күйі, қабылданған зерттеу сұлбасы, пайдаланған зерттеу әдістері мен оларды қолданудың техникалық шарттары туралы, сарапшы жүргізген эксперимент нәтижелері туралы, зерттеу барысында пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер мен анықтамалық әдебиеттер туралы, жүргізілген зерттеудің нәтижелерін сарапшылық бағалау туралы мәліметтер көрсетіледі.

Тұжырымда қойылған сұрақтарға сарапшының жауаптары баяндалады, Әрбір сұраққа өз мәні бойынша тұжырым беріледі немесе себептерін көрсете отырып оны шешудің мүмкін еместігі көрсетіледі.


5 Қылмыстық іс бойынша сарапшы қорытындысын бағалаудың іс жүргізу аспектілері

5.1 Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сарапшы қорытындысы – жалпы сипаттамасы

5.2 Қылмыстық процесті жүргізу органның сарапшы қорытындысын бағалауы

5.3 Сарапшы тұжырымының мазмұны мен нысанына байланысты сарапшы қорытындысының дәлелдемелік маңызын бағалаудың ерекшеліктері

5.4 Қылмыстық процесті жүргізуші органның сарапшы қорытындысын бағалау салдарлары

5.5 Сарапшыдан жауап алу

5.6 Сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге және куәге сарапшы қорытындысын көрсету

1.


5.2 Қылмыстық процесті жургізуші органның сарапшы қорытындысын бағалауы

Сарапшының қорытындысын анықтаушы, анықтау органы, тергеуші, прокурор, судья дәлелдемелерді жан-жақты, толық және объективті қараудың жиынтығына негізделген өздерінің ішкі сенімі бойынша, заң мен ар ожданың басшылыққа алып, дәлелдемелерді бағалаудың жалпы ережелері бойынша бағалайды. Қылмыстық іс бойьшша дәлелдеме ретіндегі сарапшы корытыңдысын бағалауға іс бойынша оның қатыстылык, жол берушілік, сенімділік және дәледемелік маңызын анықтау кіреді.

Жол берушілік - ол оны нақты деректердің (мәліметтер, ақпараттар) заңды көздері тұрғысынан, соңдай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген тәртіпте, осыңдай көздерде болатын нақты деректерді алудын тәсідері мен бекіту нысандарын сипаттайтын дәлелдеме қасиеті.

Дәлелдеме ретіндегі жол берушілікке төрт критерий кіреді:

1) дәлелдемелерді алуға бағытталған іс жүргізу әрекеттерін жасауға кұкықты тиісті субъект;


  1. дәледдеме мазмұнынан құралған ... нақты деректердің тиісті көзі;

  2. дәледдемелерді алу үшін пайдаланылатын тиісті іс жүргізу әрекеті;

4) дәлелдемелерді алу үшін пайдаланған іс жүргізу әрекетін өткізудің тиісті тәртібі .

Сарапшы қорытындысының сенімділігін, яғни оның шындыққа сәйкестігін анықтау оны бағалаудың ең қиын кезеңі болып табылады, өйткені оның анық формальды критерийлері болмайды.

Сарапшы қорытындысының сенімділігін бағалау екі амалда жүргізіледі:

- сарапшы қорытыңдысының негізділігін бағалау, оның барысында ол басқа дәлелдемелерден бөлек алынып, жеке зерттеледі;

- сарапшы қорытындысының дұрыстығын, оны іс бойынша өзге дәлелдемелермен салыстыру және басқа дәлелдемелермен сәйкестігін анықтау арқылы бағалау.

Сарапшы қорытындысын бағалаудың соңғы кезеңі оның дәлелдемелік маңызын анықтау болып табылады. Сарапшы қорытындысының дәледдемелік маңызы сарапшының анықтаған мән-жайлары іс бойынша дәледдеу тақырыбына кіретіндігіне көп байланысты (КІЖК-нің 117-бабы). Тікелей дәлелдеме болып табылатын сарапшы қорытындысы, негізінде, іс бойынша аса маңызды болады. Мысал ретінде есірткілерге, суық және атыс қаруға жүргізілген сараптама нәтижелерін келтіруге болады.

Жанама дәлелдеме болып табылатын сарапшышар қорытын-дыларының дәлелдемелік маңызы бірқатар факторларға байла-нысты және іс бойынша нақты ситуациямен анықталады. Олар іс жүргізу шешімінің негізіне тек істің өзге мән-жайларымен, ондағы тізбектің бірі ретіңде жиынтықта қойылуы мүмкін.
5.3 Сарапшы тұжырымының мазмұны мен нысанына байланысты сарапшы қорытындысының дәлелдәмелік маңызын бағалаудьң ерекшеліктері

Сарапшылар қорытындысын бағалаудың ерекшеліктері көбінде жүргізілген сараптама түрлерімен, сарапшылық қорытыңдының мазмұнымен, сондай-ақ тұжырымдардың логикалық нысанымен анықталады, сондықтан да тектік (топтық) қатыстылық туралы тұжырымдардан, сондай-ақ ықтималды, шартты және баламалы нысандағы тұжырымдардан тұратын қосымша және қайталама сараптама жүргізудің нәтижелері бойынша қорытындыларды бағалаудың жағдайын қарастырған лайықты болады.

Қайталама сараптама жүргізудің нәтижелері бойынша қоры тындыны бағалау тек бастапқы сараптама қорытындысымен жиынтықта, ал қосымша сараптама жүргізудің нәтижелері бойынша қорытындьшы бағалау - негізгі қорытыңдымен жиынтықта жүргізіледі. Бұл жағдайда бағалау элементі қорытынды-ны салыстырмалы талдау болып табылады.

Бастапқы жөне қайталама сараптамаларда қайшылықтардың болуы кезінде сот бір қорытындының екіншіден артықшылығын дәлелдеу немесе қайшылықтарды жою үшін жаңа сарапта-ма тағайындауы керек.

Тектік (топтық) қатыстылық туралы тұжырымдарда бағалау кезінде олардың дәлелдемелік күші объекті жатқызылған кластың таралушылық дәрежесіне кері пропорционалды. Осы таралушылық туралы білу сарапшы қорытындысын дұрыс бағалаудың қажетті шарты болып табылады.

Сарапшының қорытыңдыда болжамды тұжырымдар келтіруі, негізінде, қылмыстық процесті жүргізуші органның (адамның) қарауына сарапшылық болжамдарды шешудің нұсқаларын ұсыну болып табылатындығына келіскен жөн. Осыған байланысты аталған тұжырымдар іс бойынша іс жүргізу шешімінің негізіне қойылмайды.

Алайда, сарапшы хабарлаған фактілер іс бойынша дәлелде-
мелердің жалпы жүйесіне қосылатындықтан, тергеушінің (соттың) ықтималды нысандағы тұжырымдары бар сарапшы қорытындысын дәлелдемелік мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі бар.

Актінің зерттеу бөліміңде баяндалған сарапшының анықтаған аралық фактілердің дәлелдемелік маңызын сарапшылық түсіндіру жөнінде сөз болып отыр. Бұл шешім сарапшылық зерттеудің ақпараттык және дәледемелік жақтарын айыруға мүмкіңдік береді. Фактінің мүмкіндігі туралы тұжырым тек ол расталмаған нысанда тұжырымдалғанда ғана, дәлелдемелік маңызы болады. Фактінің мүмкіндігі туралы тұжырым көбінде тек ақпараттық рөлді атқарады.

Сарапшы өзара бірін-бірі шығаратын екі не одан да көп нұсқаны келтіретін баламалы тұжырымды бағалаудың ерекшелігі, олардың жиынтығыңда дәлелдемені бағалай отырып, қылмыстық процесті жүргізуші адам тексерілетін нұсқалардың санын шектеп, біреуін тандап алуы мүмкін.

Шартты тұжырымдар сарапшы келтірген шарттың шынайылығы сарапшылық зерттеу шегінен басқа іс материаддарымен расталған кезде дәлелдеме ретінде пайдаланылуы мүмкін.


5.4 Қылмыстық процесті жүргізуші органның сарапшы қорытындысын бағалау салдарлары

Сарапшы корытындысъш бағалай отырып, оны тағайындаған орган оны дәлелсіз елемеуге, онын іс бойынша басқа материалдарға қатысты дәлелдемелік маңызын көтермелеп бағалауға, дәледеме ретінде сыни пайдаланбауға жол бермеуі керек. Сарапшы қорытындысын бағалау жиынтығы бойынша қылмыстық процесті жүргізуші орган мына төмендегі шешімдердің бірін қабылауы мүмкін:



  • қорытындыны толық және негізделген, ал ондағы нақты деректерді іс бойынша сенімді және манызы бар деп тануы;

  • қорытыңдыны жеткілікті анык және толық емес деп тануы;

  • қорытыңды негізделмеген немесе оның дұрыстығы күмән келтіреді деп тануы мүмкін.

Сарапшы қорытыңдысын бағалау нәтижелері, оның іс бойынша іс жүргізу барысында немесе іс бойынша түпкілікті шешім қабылдау сәтіңде берілгендігіне байланысты айыптау қорытындысында , іс бойынша қаулыда (істі тоқтату туралы, сарапшыдан жауап алу, қосымша (қайталама) сараптама тағайындау туралы) немесе үкімде көрініс табу керек. Сонымен қатар, іс жүргізу құжаттарында сарапшылық қорытындылардың мәнісін және олардың негізінде тиісті мән-жайлар туралы өз тұжырымын дәл қайта жаңғырту және дұрыс баяндау керек..

Айыптау қорытындысында немесе үкімде айыпталушының (сотталушының) кінәлі екендігі сарапшының қорытындысымен расталады деген сілтеме түріндегі қорытындыларды пайдалану практикасы дұрыс болып табылмайды.

Сарапшыньң қорытындысын бағалау нәтижесі оң болған кезде ол жаңа дәлелдемелерді алу және бар дәлелдемелерді тексеру үшін, сол бір дәлелденген мән-жайларды тану, қылмыстық іс бойынша әрі қарай іс жүргізу барысын анықтау үшін дәледдемеде пайдаланылуы мүмкін.

Сарапшы қорытындысымен келіспеу себептері айыптау қорытыңдысында, қаулыда, сот үкімінде баяндалады. Мұнда қылмыстық процесті жүргізуші орган қорытындыны толық немесе тұжырымның бір (бірнеше) бөлігін қабылдамайды..

Заң әдебиеттерінде қайталама сараптама жүргізу кезінде сарапшының бұрын берілген қорытындысына баға берудің мүмкіңдігі туралы мәселе тақыланьп жүр. Оған жауап беру кезінде тек сотпен жүзеге асырылатьш сарапшы қорытындысын іс жүргізуіне бағалау және арнаулы ғылыми білімдерді пайдалануға негізделген арнаулы бағалау айырмашылығьшан шығып отыру керек. Айтылғанды ескергенде, сот сараптамасын жүргізудің мәселелері жөніндегі ведомстволық нормативтік құкықтық актілерге бастапқы және кайталама сараптама қорытындысындағы айырмашылықтардың себептерін бағалау талабы кіреді. Сарапшының қай қорытындысына (бастапқы немесе кайталама сараптамалар нәтижелері бойынша) артықшылықты беру керектігі жайлы мәселе, отандық заңнамада қылмыстық процесті жүргізуші органға берілген. Мұнда бағалаудың басталу сәтінде қайталама сараптама қорытындыларының бастапқы сараптама қорытындысымен салыстырғанда, қандай да бір артықшылығы жоқ.
5.5 Сарапшыдан жауап алу

Қорытынды бергеңнен кейін, осы қорытындыньң мәні бойынша қылмыстық процесті жүргізуші органның сарапшыдан жауап алу күқығы КІЖК-нің 253,355-баптарында көзделген.ҚІЖК-нщ 253-бабына сәйкес егер сарапшының қорытындысы жеткілікті түрде .анық болмаса, қосымша зерттеулер жүргізу талап етілмейтіңдей олкылықтары болса немесе сарапшы қолданған әдістер мен терминдерді нактылау қажет болса, сарапшыдан аталған мән-жайлар бойынша жауап алынады.Сарапшыдан жауап алу хаттама толтыру арқылы ресімделеді.

Сарапшыдан жауап алу тек оның берген қорытындысының түсініктемесі, толықтыруы мен нақтылауы болғандықтан, са-рапшы қорытынды ұсынғанға дейін жауап алуға жол берілмейді.

Іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында немесе сот отырысында істі алдын ала тындау барысында шығарылған қаулы бойынша сараптама жүргізген сарапшыдан жауап алу-дың кейбір ерекшеліктері болады.

Сотта сарапшыдан жауап алуға байланысты сарапшыны шақырту және оның сотта болу тәртібін қараған жөн.

Сарапшыны шақыру туралы мәселе басты сот талкылауын тағайындау кезіңде немесе басты сотталқылауында тікелей соттың өз бастамасы бойынша не процеске қатысушылардың өтініші бойынша шешіледі. Аталғандардың негізі ҚІЖК-нің 302-бабы 2-бөлігі 4), 6) тармақтары болып табылады.

Сарапшыны сотқа шақыру тек қажетті жағдайларда ғана жүзеге асырылуы тиіс. Жалпы танылған пікір бойынша ондайлар мыналар болуы мүмкін:


  1. қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде сарапшы қорытыңдысының аса манызы;

  2. соттың сарапшы қорытыңдысымен немесе оның корытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламасымен келіспеуі, сондай-ақ сарапшы корытындысының дұрыстығына күмәні;

  3. сарапшы қорытыңдысының жеткілікті түрде анық немесе толық еместігі;

  4. сараптама жүргізу арқылы қосымша туындаған сұрақтарды шешу мүмкіндігі;

  5. бір сұрақтар бойынша сараптама жүргізген сарапшылар арасыңда келіспеушіліктің немесе комиссиялық (соның ішінде кешенді) сараптама жүргізген сарапшылар комиссиясы мүшелері арасындағы келіспеушіліктің болуы;

  6. аддын ала тергеуде жүргізілген сараптама қорытындыларымен айыпталушы немесе жәбірленушінің келіспеуі және олардьщ сотта сараптама жургізу туралы дәлелді өтініші.

Сарапшыдан жауап алу кезінде соттың реттеушілік рөлінің маңызы бар, өйткені жауап алу сарапшылық қорытындының объективтілігі мен негізділігін анықтауға ықпалын тигізе ме, жоқ әдде сарапшының жеке басы мен кәсіби дәрежесінің беделін түсіру актісіне айналама, соған байланысты болады.

Сарапшы қорытыңдысын зерттеу барысы сот отырысы хаттамасыңда көрсетіледі.


5.6 Сезіктіге, айьштадушыға, жәбірленушіге және куәга сарапшы қорытындысын көрсету

Сарапшының қорытындысын, оның қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламасын, сондай-ақ сарапшыдан жауап алу хаттамасын сараптама жасалған сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге, сондай-ақ куәға көрсету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың кепілі болып табылады.

Алдын ала тергеу аяқтағанға дейін сараптама материалдары мен танысу талабы сараптама жүргізілген жоғарыда санамаланған іске қатысушылардың өтініші бойынша дер кезінде іс жүргізу әрекеттерін өткізу қажеттілігімен байланысты.

КДЖК-нің 254-бабына сәйкес, сарапшының қорытындысымен және өзге де материалдармен танысқан сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, куә:

-сарапшыдан бас тартуға

-сарапшы қорытындысының мәні бойынша түсінік беруге;

-сарапшы қорытындысына дәлелді қарсылықтарын мәлімдеуге;

-жаңа, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау туралы өтініш беруге құқылы.

Мұндай өтінішті қанағаттандырған немесе қабылдамаған жағдайда тергеуші тиісті қаулы шығарады, оны өтініш біддірген адамнан қолхат алып хабарлайды.

ҚІЖК-нің 244-бабы 2-бөлігінің мазмұныңца аталған құқықтарға, сонымен қатар, егер оның психикалық жағдайы мүмкіндік берсе, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізіліп отырған адам да ие.

Сарапшы қорытындысы және одан жауап алу хаттамасымен жоғарыда аталған адамдарды таныстыру туралы хаттама жазылып, оңда олардың жасаған мәлімдемелері мен қарсылықтары көрсетіледі.

Егер сараптама адамды айыпталушы ретінде іске тартқанға немесе оны сезікті не жәбірленуші деп танығанға дейін жүргізілген жағдайда, сарашының қорытындысы ғана емес (қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама, сарапшыдан жауап алу хаттамасы), сонымен бірге сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсетіледі.


6 Қазақстан Республикасының азаматтық және әкімшілік ісіндегі арнаулы білім беру институты

6.1 Азаматтық процесске арнаулы білімдерді пайдалану

6.2 Азаматтық сот ісін жүргізудегі сот сараптамасы

6.3 Әкімшілік процесте арнаулы білімдерді пайдалану


6.1 Азаматтық процесске арнаулы білімдерді пайдалану

Азаматтық процесте арнаулы білімдерді пайдалану сот қызметі негіздерінің елеулі бөлігін құрайды. Арнаулы білімдерді пайдалануға негізделген әдістер, амалдар мен дәлелдемелермен жұмыс істеу құралдары, оларды шебер және дұрыс қолдану кезінде, дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау процесінде соттың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді, азаматтық сот ісін жүргізудегі дәлелдеудің сапасын көтеруге ықпалын тигізеді.

Азаматтық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді пайдалануды реттемелейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ғылыми негізделген жүйені және мызғымас іс жүргізу институтын құрайды.

Азаматтық сот ісін жүргізудегі арнаулы білім институты өзінің нақты мазмұнымен соттың дәлелдемелік қызметімен байланысқан, яғни арнаулы білімді проблемалар тұрғысынан, оларды азаматтық сот ісін жүргізудегі мақсаты және пайдалану нысандарымен байланысты оқып – зерттеу кезінде азаматтық іс жүргізу қызметінің негізгі мазмұнын құрайтын дәлелдеу құрылымындағы арнаулы білімнің орнымен байланыстыру керек. Тиісті мәселелер дәлелдеу теориясының элементі болады.

Азаматтық сот ісін жүргізудегі дәлелдеудің басты ерекшеліктерінің бірі оның міндеттерін тараптарға жүктеу болады, ол азаматтық жүргізу заңында өз көрінісін тапты.

Азаматтық процестегі дәлелдеу тақырыбы мән – жайлардың жиынтығы болады, оларды анықтау азаматтық істі дұрыс шешу үшін қажет. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән – жайлар іске қатысушы тараптардың, басқа адамдардың талаптары мен қарсылықтары негізінде, қолдануға жататын материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларын ескере отырып сот анықтайды. Бұл іс бойынша дәлелдеу тақырыбын сот анықтайды деген сөз.

Құқықтық аспектіде дәлелдеу – азаматтық істі шешу үшін маңызы бар мән – жайлар туралы шын білім алуға бағытталған, заңмен өкілеттік берілген субъектілердің белгіленген іс жүргізу нысанында жүріп жатқан қызметі. Азаматтық процестің негізгі мазмұнын құрай отырып, дәлелдеу қандай да бір көлемде ондағы қатысушы әрбір адамның қызметіне енеді.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңындағы бүтіндей арнаулы білім институтын сипаттай отырып, алдымен, ол заңының басты идеясы - өз іс - әрекеттерін жауапкершілікпен ұштастырумен құқықты сот қорғауы кезінде тараптардың еркіндегі мен белсенділігінің іске асыруға бағытталғанын айта кету керек.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет