Утвержден



жүктеу 1.15 Mb.
бет3/4
Дата03.12.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4
    Навигация по данной странице:
  • Өтініш

ӨТIНIШ


____________________________________________________________________
(қызметтің түрі көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.

қағаз жеткізгіште ___________________________________________

(егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса, Х белгісін қою керек)
Мекенжайы ___________________________________________________

___________________________________________________________________


(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі)
Электрондық почта ____________________________________________
Байланыс телефоны/факс _______________________________________
Банктік есепшоты _____________________________________________
                  (банктік есепшот нөмірі, атауы және орналасу орны)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайлары_____________________________

___________________________________________________________________

(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі)
Қоса беріледі _____________ парақ
Осы арқылы:

барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселесі бойынша


кез келген ақпаратты жіберуге болатынын;

өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға


сот тыйым салмағанын;

барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетінін


және нақты болып табылатынын растаймын.


____________________________________________

________________

(Т.А.Ә.)

(қолы)




М.О.

(болған жағдайда)



Өтінішті беру күні: 20 __ жылғы ___________

_________________________


«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес
тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Кімге ______________________________

(лицензиардың толық атауы)


кімнен ______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН не жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған кезде), ЖСН


Өтініш


____________________________________________________________________
(қызметтің түрі көрсетiлсiн)

қағаз жеткізгіште ___________________________________________

(егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса, Х белгісін қою керек)

1) жеке тұлғаның тегiнің, атының, әкесiнiң атының (болған кезде) өзгеруіне;

2) дара кәсiпкер қайта тiркелуіне, оның атауы мен мекенжайының өзгеруіне;

3) заңды тұлғаның бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылуына;

4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне;

5) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалуына, бүлiнуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу (телнұсқасын берудi) сұраймын (қажеті сызылсын).


Мекенжайы ___________________________________________________

___________________________________________________________________


(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі)
Электрондық почта ____________________________________________
Байланыс телефоны/факс _______________________________________
Банктік есепшоты _____________________________________________
                  (банктік есепшот нөмірі, атауы және орналасу орны)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайлары_____________________________

___________________________________________________________________

(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі)
Қоса беріледі _____________ парақ

      


Осы арқылы:

барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселесі бойынша


кез келген ақпаратты жіберуге болатынын;

өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға


сот тыйым салмағанын;

барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетінін


және нақты болып табылатынын растаймын.


____________________________________________

________________

(Т.А.Ә.)

(қолы)




М.О.

(болған жағдайда)



Өтінішті беру күні: 20 __ жылғы ___________

_____________________


«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес
тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
нысан

_______________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда (бұдан әрі – Т.А.Ә.) не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы )

_________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан

бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі ___________________________ «Жолаушыларды облысаралық қалааралық,


(мекенжайды көрсету) ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

жоқ құжаттардың атауы:

1. __________________________________________________________;

2. __________________________________________________________;

3. __________________________________________________________;

4. __________________________________________________________.

Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.

Т.А.Ә. ____________________ ____________

(ХҚО қызметкері)                          (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә._______________ Телефон: ________________

Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ жылғы «___» _________

_________________________







Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:

1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:

Министрліктің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары;

«электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал);

2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:

ХҚО;

Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары;

2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті берушілер арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушілерге және (немесе) ХҚО-ға өтінішті тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:



iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) қағаз немесе электронды түрде беру – 5 (бес) жұмыс күні ішінде, ал тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайларда 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру (қызмет берушіге күнтізбелік он бес күн ішінде алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты түскен кезден бастап) – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

2) өтінішті тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының жүрiп өтуіне арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) және оған бақылау талоны қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым (бұдан әрі – алым) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемелері бойынша республикалық бюджетке төленеді, ол:

1) автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) жалпы нақты массасының рұқсат берiлетiн жалпы салмақтан асып түскенi үшiн есепті қамтиды, ол 0,005 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерiндегi алым мөлшерлемесін асып түскен әрбiр (толық емесiн қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;

2) автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) нақты осьтік жүктемелерінің рұқсат берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін есепті қамтиды, ол әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген біліктер үшін есептеледі және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;

3) автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің рұқсат берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені үшін есепті қамтиды, ол автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша асып түскені үшін есептеледі және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымшада көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі.

Төлеу тәсілі: алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар немесе бақылау-өткізу пункттер не өзге де арнайы жабдықталған орындар арқылы белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен жүргізіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушілер:

Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi – сенбі аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары – www.е.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылған жұмыс кестесі бойынша еңбек заңнамасына сәйкес көрсетiледi.

Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады;

2) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды толтырады.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

1) ХҚО-ға – мыналар:

құжаттың нөмірі және қабылданған күні;

сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;

қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;

құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатын ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.

Алым сомасы бюджетке төленгендігінің растауы он бес күнтізбелік күн ішінде болмаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілмейді.



3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не мына мекенжайлар бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, (телефоны 8 (7172) 24-13-12) немесе Қаржы министрлігі басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11 (телефоны: 8 (7172) 71-77-64).

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктердің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алудың мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктердің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктердің басшысына жолданады.

ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.

ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылдағанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тартуы туралы жауап) жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және ХҚО арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

12. Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын тұлғалардың жеке өзі келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетілетін қызметті берушілердің – www.mtc.gov.kz және www.minfin.gov.kz («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде);

2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Отандық көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06, 70-99-32. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

_________________________



«Қазақстан Республикасының

аумағы арқылы ауыр салмақты
және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша



Автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ)

нақты осьтік жүктемелерінің рұқсат берілетін осьтік

жүктемелерден асып түскені үшін тарифтер



Р/с


Нақты осьтік жүктемелерден асып түсу, %-бен

Рұқсат берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін тариф (АЕК)

1

2

3

1.

5,0%-ға дейін қоса алғанда

0,011

2.

5,0%-тен 10,0%-ға дейін қоса алғанда

0,014

3.

10,0%-тен 20,0%-ға дейін қоса алғанда

0,190

4.

20,0%-тен 30,0%-ға дейін қоса алғанда

0,380

5.

30,0%-тен 50%-ға дейін қоса алғанда

0,500

6.

50%-дан жоғары

1,0

_________________________

«Қазақстан Республикасының

аумағы арқылы ауыр салмақты
және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша



Автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің

рұқсат берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені үшін тарифтер 



Р/с


Автокөлік құралдарының көлемдік өлшемдері, метрмен

Рұқсат берілетін көлемдік өлшемдерден асып түскені үшін тариф (АЕК)

1

2

3

1.

Биіктігі:




1.2.

4-тен жоғары 4,5-ке дейін қоса алғанда

0,009

1.3.

4,5-тен жоғары 5-ке дейін қоса алғанда

0,018

1.4.

5-тен жоғары

0,036

2.

Ені:




2.1.

2,55-тен (изометриялық қораптар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ке дейін қоса алғанда

0,009

2.2.

3-тен жоғары 3,75-ке дейін қоса алғанда

0,019

2.3.

3,75-тен жоғары

0,038

3.

Ұзындығы:




3.1.

жол берілетін ұзындықтан асып түсетін әрбір метр үшін (толық емесін қоса алғанда)

0,004

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––




«Қазақстан Республикасының

аумағы арқылы ауыр салмақты


және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

________ облысы (қаласы) бойынша

кедендік/көліктік бақылау органының

басшысына

Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік

құралының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты алу үшін

Өтініш

Тасымалдаушының атауы____________________________________________

ЖСН/БСН_________________________________________________________

Мекенжайы, телефоны_______________________________________________

Автомобильдің маркасы ________мем.нөмірi__________________________

Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы_______мем.нөмірi____________

Көлік құралының түрі

Изотермиялық шанақтың болуы

Әуе немесе оған балама аспаның болуы

Жүру бағыты_______________________________________________________

Бағыттың жалпы ұзақтығы, км____________________________________

оның ішінде қалалардың аумағы бойынша, км_______________________

Жүргізушінің Т.А.Ә._____________________________________________

Ілесуші адамның Т.А.Ә.______________________________________________

Ілесіп жүру түрi____________________________________________________

Жүктің атауы мен салмағы, т.__________________________________________

АКҚ жүк көтергіштігі _______________________________________________

Жүру күні мен уақыты___________________________________



Автокөлік құралының жүгін қоса есептегендегі

нақты салмақтық және көлемдік өлшемдері


Өлшемдерi

Нақты

Рұқсат етілген

Асқаны

Жол бетінен

биіктігі, м












Ені, м










Автокөлік құралының ұзындығы, м










Толық салмағы, т










Тіркеменің толық

салмағы, т












АКҚ-ның дөңгелектік формуласы

1-ось

2-ось

3-ось

4-ось

5-ось

6-ось

7-ось

8-ось

9-ось




























Еңістігі




























Осьтердің

ара қашықтығы, м






























Оське нақты

жүктеме, т.с.






























Оське рұқсат

етілген жүктеме,

т.с.





























Асқаны, %



























 

Автокөлік құралының ең кіші бұрылу радиусы___________________________


Қосымша деректер____________________________________________________ 

____________________________________________

________________

(тасымалдаушының лауазымы, Т.А.Ә.)

(М.О. қолы)

Өтініш беру күнi_____________

 

Келісуші органның шешімi_________________________________________



____________________________________________

________________

(лауазымы, Т.А.Ә.)

(М.О. қолы)

Келісуші органның шешімi__________________________________________



____________________________________________

________________

(лауазымы, Т.А.Ә.)

(М.О. қолы)

_________________________





Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен



Каталог: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және өзара іс-қимыл қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару» кәсіби стандарты Жалпы ережелер
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Идентификация опасных производственных объектов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет