«Утвержден»



жүктеу 315.04 Kb.
Дата05.05.2018
өлшемі315.04 Kb.

Емелтау ауылдық округі бойынша

жергілікті қоғамдық жиналысының

«20» наурыз 2018 жылғы

№ 3 хаттамалық шешімімен

«БЕКІТІЛДІ»




Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы,

Емелтау ауылдық округінің 2018-2020

жылдарға арналған

КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫ

2018 жыл, Емелтау ауылы







1.Кіріспе

Емелтау ауылдық округі аудан орталығынан 250 км, облыс орталығынан -600 км қашықтықта орналасқан. Ауыл тұрғындарының саны 515 адам, 100% қазактар тұрады.Былтырғы жылмен салыстырғанда адам саны тұрақты.

Жұмыс істеп тұрған мекемелер: Ауылдық округ әкімі аппараты ММ,орта білім беретін мектеп,1 шағын мектепке дейінгі балалар орталығы, ауылдық клуб, кітапхана, дәрігерлік медициналық пункт және 1 пошта бөлімшесі, 1 ВК.РЭК). 2 сауда орны,5 кәсіпкер, 15 шаруа қожалығы бар

Елді мекеннің негізгі бағыты- мал шаруашылығы, оның ішінде ірі қара, жылқы өсіру. Қой-ешкі өсіру және мал өнімдерін өндіру.



2.Талдау

2.1 Экономика және ауыл шаруашылығы

Ауыл экономикасының негізгі саласы-мал шаруашылығы.

Ауылдық округте 15 шаруа қожалығы бар.Жалпы ауылшаруашылығына арналған жер көлемі-441,244 га, жайылымдық-367931га, шабындық-11318 га.
Кесте 1. Мал өнімдерін өндіру, цн


Мал өнімдері

2015

2016

2017

2017/2015 %

Ет,тірі салмақ,цн

658,7

731,7

80014

121

Сүт,цн

1580

2550

27030

171

Жұмыртқа,цн

62,0

69,0

69700

112

Жүн,цн

40,0

40,0

58,6

146

Кесте 2. Мал басының өсуі



Мал түрлері

2015

2016

2017

2017/2015 %

Сиыр малы

1452

1452

1467

101

Жылқы малы

350

424

428

122

Қой малы

7502

3713

3713

49

Ешкі малы

1800

1800

1584

88

Кіші және орта бизнесті дамытуда ауылдық округ бойынша 5 жеке кәсіпкер тіркелген, халыққа 2 сауда нысаны қызмет көрсетеді. Сауда дүкендерінде күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар қамтылған.

Ауылдық округте мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға жағдайлар жасалған. «Даму» қорынан және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары арқылы түрлі көмектер көрсетіледі. Сондай-ақ ауылдық округте кәсіпкерлермен және шаруа қожалық басшыларымен кәсіптерін дамыту бойынша көмектер көрсетіліп, семинарлар өткізіліп тұрады.Жер жағдайы мал өсіруге қолайлы.

Емелтау ауылдық округінің экономикалық дамуының негізгі шектеулі факторлары :



  1. Мал өнімдері өндірісінің тиімсіздігі –ет өнімдерінің арзан болуы, базарларға жоғары бағамен өтпеуі т.б.

  2. Несие шектеулері /залог т.б/

  3. Ауыл шаруашылығына жұмысшы күшінің жетіспеуі- төмен жалақы, тұрмыстық әл ауқатының жайсыздықтары ауылдың аудан, облыс орталықтарынан кашықтығы кадр мәселесіндегі негізгі себеп.

  4. Жастардың ауылдық жерлердегі және мал шаруашылығындағы жұмыстарға барғысы келмеуі / төмен жалақы/


Ауыл экономикасының даму перспективасы;

  1. Мал өнімдерін өндейтін / ет,сүт, жүн/ өткізу орталықтарын ашу

  2. Мал өнімдерін өңдеу цехтарын ашу

  3. Өнім өндірушілердің бірлестіктерін/ ассоциация/ құру арқылы нарыққа шығу жолдарын қарастыру


SWOt- талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Ауылдық округте аулшаруашылық өнімдерінің сапасы

Өнім өткізетін /нарықтық жүйе/ орындардың болмауы


Жер жағдайының малға жайлылығы

Өнімдерді сатып алу, өткізу нарығының болмауы

Экологиялық таза өнім

Өнім өндірудің жоғары шығыны

Ірі қара малды, жылқыны және ұсақ малды өсіруге жайлы климат;


Кіші және орта бизнестің төмен дәрежедегі дамуы, /қызмет корсету саласы дамымаған/

Ауылшаруашылық өндірісінің баянды өсуі;

Ауыл шаруашылық техникаларының ескі болуы




Өнім өндірудің жоғары шығыны



Физикалық тұрғыдан ескірген ауылшаруашылық техника және жабдықтау;




Ауылшаруашылық өндірісінде қазіргі заманға сәйкес инфрақұрылымның жетілмеуі;




Несие шектеулері /залог т.б/

Мүмкіндіктер

Қатерлер

Үлкен жобаларды іске асыру үшін фермерлер қауымдастығын құру

Кадрлар тапшылығы

Мемлекеттік қолдау программалары арқылы ауылшаруашылық техникаларын жаңарту

Жастардың ауылдық жерлердегі және мал шаруашылығындағы жұмыстарға барғысы келмеуі / төмен жалақы/

Мемлекеттің ауылшаруашылығына көмектерінің болуы




Өнім өндірушілердің бірлестіктерін/ ассоциация/ құру арқылы нарыққа шығу жолдарын қарастыру






2.2. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет көрсету

Ауылдық округтің әлеуметтік инфроструктурасы мен қызмет көрсету жағдайы қалыпты,базалық қызмет көрсетеді. Ауылдық округтің демографиялық өсімі төмен, ауыл тұрғындарының саны 2015 жылмен салыстырғанда 101% яғни 2018 жылға -515 адам.


Білім саласы бойынша

2003 жылы бұрынғы совхоз кеңсесінің ғимараты орта мектеп ғимараты болып берілген 130 орындық жаңа типтегі мектеп қолданысқа берілген,класс кабинеттерінің саны – 14,

физика, асхана, спортзал, 1 бастауыш кабинеті барлық кабинеттер қажетті құралдармен толық жабдықталған.Оқушылар саны 92 бала, мектеп жасына дейінгі балаларға 25 орындықтық-1 мектеп алды шағын орталық жұмыс істейді, онда 25 бала қамтылған, білім беру орталығында 23 ұстаз 3 тәрбиеші дәріс береді. Мектепте ауыл балаларын дайындайтын күрес секциясы жұмыс істейді. Орта мектепте оқушыларды патриоттық тәрбиеге, ұлтжанды болуға тәрбиелеуде маңызды орын алатын ақын Т.Көбдіков атында, әлеуметтік аз қамтылған 4 отбасылардың балаларын бір уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз ететін асхана жұмыс істейді. Жыл сайын жаз уақытында аз қамтылған 20 отбасы балаларына лагер ұйымдастырылады. Мектепте физика маманы жетіспейді.Негізгі проблема: ауылдық огкругте бала санының туу төмендігі және жастардың қалаға бет алуы, мектептің окушылар санына әсер етеді. Мектепке жоғары жылдамдықтағы интернет желісі қажет.
Денсаулық сақтау

Амбулаториялық-емханалық көмекті ауыл халқына 1 Емелтау ауылдық медициналық пункт 3 медбике қызмет көрсетеді.2005 жылы жедел жәрдем машинасы алынып, халыққа қызмет етуде.

Ауылдық округте жоғары білімді дәрігер мамандар жеткіліксіз. Мемлекеттік бағдарламалар «Дипломмен ауылға» арқылы маман кадрларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Алайда,қиындық туғызатын жағдай, осы мамандарды тұрғын үй – жаймен қамту мәселесі. Дәрігерлік амбулаторияға ЭКГ аппараты қажет. Дәрігерлік амбулаторияның дәрігерлік жабдықтары заман талабына сай жетілдіруді қажет етеді. Сондай-ақ жоғары жылдамдықтағы интернет желісі қажет. Аптека жоқ.
Спорт және мәдениет саласы

Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының әр түрлі іс шаралары, мерекелік шаралар өткізіледі. Үлкен кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді, Спорттық инфроқұрылым халыққа мектеп базасында қызмет көрсетеді, онда ауыл жастарына спортпен айналысуға жағдай жасалған.

Ауылдық округте ауыл жастарының спортқа дайындайтын жеке спорт ғимараты, спорттық жабдықтар,тринажерлар қажет етеді.


Тұрғын үй

Ауылдық округтің тұрғын үй жағдайы ауылды жерге тән жағдайда, тұрғын үйлердің 100% жеке меншік, ескі үйлер, жаңадан үй салынбайды, пешпен жылытылады,


Жұмыспен қамтылу

Ауылдық округте жұмыссыздық төменгі деңгейде, арнайы жұмыссыз ретінде тіркелген -1 адам. Ауылдың ішінде жұмыс істейтіндер – 102 адам. Ауыл халқының 15% ауыл маңындағы кен орындарында жұмыс істейді. Ауылда өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар саны -338 адамды құрайды. Ауыл халқын жұмыспен қамту «Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарлама «Демеу қаржы» арқылы 7 адам шағын несие алып, шағын кәсіпкерлікпен /мал өсіру/ айналысуда, Сондай-ақ осы бағдарлама бойынша қайта мамандандыру жұмыстары жүргізілуде.

Ауылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2 маман тартылған.
Қызмет көрсету

Әкімшілікте 1 мемлекеттік қызмет түрі: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы» қызмет көрсетіледі және нотариалдық іс –әрекеттің 4 түрінен / өсиет хат, сенім хат, құжатты және құжаттағы қолда растау/ бойынша қызмет жасалады.



Сондай –ақ, «Он сегіз жасқа дейінгі балалар мемлекеттік жәрдемақысын тағайындау», «Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» бойынша жұмыстар жүргізеді. Негізгі мемлекеттік қызмет Аягөз қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы көрсетіледі. Ауылдық округте аз қамтылған 4 жанұя жәрдемақы алады.Округте – 11 мүгедек жан бар.
Әлеуметтік саладағы проблемалар:

  1. Жастардың ауылға тұрақтамауының негізгі себептері, бұл,тұрмыстық жағдайлар, жұмыстың болмауы, аз мөлшердегі еңбек ақы.

  2. Мәдени-спорт саласы бойынша материалдық-техникалық базаның нашар болуы

  3. Жастарға арналған мәдени ошақтардың болмауы

  4. Жұмыссыздық

  5. Төменгі еңбек ақы


Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту перспективалары:


  1. Жастардың ауылға тұрақтауына тұрмыстық жағдайлар жасау

  2. Мәдени-спорт саласы бойынша материалдық-техникалық базаны жаңарту

  3. Жастарға арналған мәдени ошақтар салу

  4. Жұмыс орындарын ашу, еңбек ақы мөлшерін көбейту

  5. Дәрігерлік амбулаторияны заман талаптарына сай құрылғылармен жабдықтау


SWOt-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Білім саласы

Жоғары санатты мұғалімдердің болуы

Тұрғындардың тұрақтамауы

Мектептің жаңа болуы, т.б мүмкіндіктері

Зейнеткерлік жасқа шығатын мұғалімдердің орнын басатын жас мұғалімдердің аздығы.

Мектептегі балалардың тамақтануы

Интернет жылдамдығының аздығы

Әр түрлі үйірмелердің (күрес,волейбол, секциясы) жұмыс істеуі




Балалардың патриоттық тәрбелеуде үлкен орын алатын музейдің болуы




Ауыл жастарының мектеп спорт залына еркін жаттыға алатыны




Денсаулық

Халыққа сапалы қызмет ететін жоғары санаттағы дәрігерлердің болуы

Дәрігерлік амбулатория жабдықтарының заман талабына сай жетілдіруді қажет етеді. ( ЭКГ аппараты қажет).




Лабороторияға, химикаттарға қосымша кабинеттер керек.




Сондай-ақ жоғары жылдамдықтағы интернет желісі қажет.




Аптека жоқ.

Мәдениет және спорт

Кітап қоры мол кітапхана

Өнерлі адамдар аз




Кітапханада балаларға арналған кітаптар аз.

Мәдениет үйі жақсы жағдайда

Акустикалық аспаптар, проекторлар керек

Ауылдың әлеуметтік салаларын дамытуға қажетті бюджет (КСН) қаражатының болуы




Тұрғын үй




жаңадан үй салынбайды




Ескі үйлер

Жұмыспен қамтылу

Ауыл халқын жұмыспен қамту мақсатында «Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы

Ауыл халқының 10% қалада жұмыс істеуі.

«Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайта мамандандыру

Ауылда өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар санының артуы.

Қызмет көрсету, демалыс уақыты

Әкімшілікте 1 мемлекеттік қызмет түрі: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы » қызмет көрсетіледі және

Нотариалдық іс –әрекеттің 4 түрінен / өсиет хат, сенім хат, құжатты және құжаттағы қолды растау/ бойынша қызмет жасалады.



Зейнеткерлер мен жастарға демалыс уақыттарын /досуг/ өткізетін орындардың болмауы

Мүмкіндіктер

Қатер /угрозы/

Әлеуметтік саланы әртүрлі мемлекетік бағдарламалар арқылы қолдау көрсету мүмкіндіктері

Әлемдік кризистерге байланысты әлеуметтік саланы қолдауды қаржыландырудың қысқаруы




Жастардың ауылдық жерге тұрақтамауы



2.3. Инженерлік инфрақұрылым және қолдау

Сумен қамтамасыз ету

1996 жылы су жүйесі тартылған, 2017 жылдың қараша айында су құбыры Аягөз қаласындағы «Ауыл сулары» мекемесінің теңгеріміне өткізілген. Бүгінгі күні 18 колонканың 14 колонкасы ғана жұмыс істеп тұр.


Электр энергиясымен қамтамасыздандыру

Аумақта «ШҚ РЭК» АҚ қарайтын торабтық телім жұмыс істеп тұр. Ауылдағы телімдердің техникалық күйі қанағаттандырлық. Ауыл үйлері 100% электр энергиясымен қамтылған.

Ауылдық округтің көшелерін жарықтандыру 50% орындалған. (50 опор).
Байланыс торабы және интернет

Ауылдық округте цифрлық телефон стансасы бар, оған 72 номер қосылған. Интернет Мегалайн қызметіне 1 абонент қосылған. Емелтау алдағы уақытта Актив, Ксеел ұялы байланыс базалық станциясын орнату көзделуде.Интернет байланысын жақсарту үшін волоконды-оптикалық желі жүргізу қажет


Ауыл жолдары

Емелтау ауылдық округі Республикалық маңызы бар Қарағанды – Боғас автокөлік трассасына 98 км қашықтықта орналасқан.

Қатынас түрі аудан орталығына автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады. Қоғамдық автокөліктер жүрмейді.

Ауылдың ішкі жолдарының жалпы ұзындығы 4,0 км құрайды. Қысқы кезде жол торабы «Аягоз жолдары» мекемесіне бекітілген.



Экология

Экологиялық қауіпті өндірістердің болмауынан ауылдық округтің экологиялық жағдайы қалыпты.Экологиялық тұрмыстық қатты қалдықтарды төгу полигоны ауылдың сыртында 1,5 шақырым жерде орналасқан. Полигон қоршалмаған.


Негізгі проблемалар:

1.Су құбыры жүйесінің ескіруі

2. Жоғары жылдамдықтағы интернеттің болмауы

3. Елді мекен жолдарының нашар болуы

4. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының ашық жатуы
Перспективалық даму бағыты:

1.Су құбыры жүйесін қалыпқа келтіріп, таза ,сапалы сумен қамтамасыз ету.

2. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізу

3. Елді мекен жолдарын жөндеу.

4. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын қоршау.

SWOt-талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Сумен қамтамасыз ету

Селолық округ тұрғындары су құбыры жүйесімен қамтамасыз етілген.

Су құбыры жүйесінің 90 пайызының ескіруі

Судың қажеттілікке сай беріліп тұруы

Су бағасының жоғары болуы

Электр жүйесі

Аумақта «ШҚ РЭК» АҚ қарайтын торабтық телім жұмыс істеп тұр.




Ауылдық округтің көшелерін жарықтандыру 50 пайызға орындалған

50 пайыз жарықтандырылмаған

Байланыс торабы

Ауылдық округте цифрлық телефон стансасының болуы

Актив, Ксеел ұялы байланыс базалық станциясының жоқтығы.Жоғары жылдамдықтағы интернет желісінің болмауы

Ауыл жолдары

Емелтау ауылдық округі Республикалық маңызы бар Қарағанды – Боғас автокөлік трассасына 98 км қашықтықта орналасқан.

Ауыл жолдарының жағдайы – қанағаттанғысыз.

Қоғамдық автокөліктер жүрмейді.




Экология

Қалыпты экология жағдайы




Мүмкіндіктер

Қатер

Инженерлік инфроқұрылымды әртүрлі мемлекетік бағдарламалар арқылы жаңғырту мүмкіндіктері




Емелтау ауылдық округінің жалпы swot-тұжырымы /Анализ/



Күшті жақтары

Әлсіз жақтары




Ауылдық округте ауылшаруашылық өнімдерінің сапалылығы

Өнім өткізетін орындардың болмауы


Жер жағдайының малға жайлылығы




Экологиялық таза өнім







Өнім өндірудің жоғары шығыны

Ірі-қара малды, жылқыны және ұсақ малды өсіруге жайлы климат;


Кіші және орта бизнес төмен дәрежедегі дамуы, не живерсифирован /қызмет корсету сферасы дамымаған/

Ауылшаруашылық өндірістін тұрақты өсуі;

Ауыл шаруашылық техникаларының ескі болуы

Ауылшаруашылық мақсатындағы құнарлы жерлердің бар болуы.

Физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген ауылшаруашылық техника және жабдықтау;




Ауылшаруашылық өндірісінде қазіргі заманға сәйкес инфрақұрылымның жетілмеуі;




Ауылдық жерлерде өмір сүрудің төмен деңгейі мен сапасына байланысты білікті кадрлардың жетіспеуі.

Жоғары санатты мұғалімдердің болуы

Тұрғындардың тұрақтамауы

Потенциал школ

Зейнеткерлік жасқа шығатын мұғалімдердің орнын басатын жас мұғалімдердің аздығы.

Мектептегі балалардың тамақтануы

Интернет жылдамдығының аздығы

Әр түрлі кружоктардың(домбыра кружогы, күрес секциясы) жұмыс істеуі




Балалардың патриоттық тәрбелеуде үлкен орын алатын музейдің болуы




Ауыл жастарының мектеп спорт залына еркін жаттыға алатыны







Лабороторияға, химикаттарға қосымша кабинеттер керек.




Сондай-ақ жоғары жылдамдықтағы интернет желісі қажет.




Аптека жоқ.

Кітап қоры мол библеотека

Өнерлі /творческий) адамдар аз




Библеотекада балаларға арналған кітаптар аз.

Мәдениет үйі жақсы жағдайда

Акустикалық аспаптар, проекторлар керек

Ауылдың әлеуметтік салаларын дамытуға қажетті бюджет (КСН) қаражатының болуы




Әлеуметтік саладағы білікті маман кадрлардың болуы

Зейнеткерлер мен жастарға демалыс уақыттарын өткізетін орындардың болмауы

Селолық округ тұрғындары су құбыры жүйесімен қамтамасыз етілген.

Су құбыры жүйесінің 90 пайызының ескіруі

Судың қажеттілікке сай беріліп тұруы

Су бағасының жоғары болуы

Аумақта «ШҚ РЭК» АҚ қарайтын торабтық телім жұмыс істеп тұр.




Ауылдық округтің көшелерін жарықтандыру 50 пайызға орындалған

50 пайыз жарықтандырылмаған

Ауылдық округте цифрлық телефон стансасының болуы

Актив, Ксеел ұялы байланыс базалық станциясының жоқтығы

Емелтау ауылдық округі Республикалық маңызы бар Қарағанды – Боғас автокөлік трассасына 98 км қашықтықта орналасқан.

Ауыл жолдарының жолдарының жағдайы – қанағаттанғысыз.

Қоғамдық автокөліктер жүрмейді.




Қалыпты экология жағдайы




Мүмкіндіктер

Қатерлер

Мемлекеттік қолдау программалары арқылы ауылшаруашылық техникаларын жаңарту

Кадрлар тапшылығы




Мемлекеттің ауылшаруашылығына көмектерінің болуы




«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша несие қаражаты есебінен мал басын

Мал шаруашылығын дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру нәтижесінде мал басының өсуі күтілуде:






Нәтижелерге қол жеткізу:

1. Ауылдын тұрғындарын 100% негізгі азық-түліктер мен қамтамасыз етілуі, ет, сүт сияқты;






Әлеуметтік саланы әртүрлі мемлекетік бағдарламалар арқылы қолдау көрсету мүмкіндіктері

Әлемдік кризистерге байланысты әлеуметтік саланы қолдауды қаржыландырудың қысқаруы

Жастардың ауылдық жерге тұрақтамауы

Инженерлік инфроқұрылымды әртүрлі мемлекетік бағдарламалар арқылы жаңғырту мүмкіндіктері





3.2. Басым бағыттар.

3.2.1. Экономика және ауыл шаруашылығы

Стратагиялық мақсат 1: Емелтау ауылдық округінің алдағы уақыттағы дамуы ауыл шаруашлығын өркендету, мал өнімдерін өндеуді жақсарту, кіші және орта бизнесті дамытуда ішкі резервтер мен инвестицияны пайдалану.

Стратегиялық максат 1 ауыл шаруашылығын өркендету, кіші және орта бизнесті дамыта отырып, халықты жұмысқа көбірек тарту арқылы жүзеге асады.

Ауыл шаруашылығын өркендетуге арналған қортынды / анализ/ көрсеткеніндей ауыл шаруашылығының дамуына жетерліктей мүмкіндіктер бар. Алайда дамудын тиімділігін одан әрі дамуына кедергілер жоқ емес: мал өнімдерін / ет,сүт, жүн т.б/ жоғары бағада өткізе алмау, бағанын төмен болуы т.б.

Осыған байланысты ауыл шаруашылығы экономикасын дамыту үшін мал өнімдерін өңдейтін ет комбинаттарын салу керек.

Орта және кіші бизнестін одан әрі дамуына жан жақты көмек көрсету арқылы кәсіпкерлерді және жанадан ісін бастап отырған кәсіпкерлерді, бухгалтерлік есепке, бизнеске окыту керек
Мақсат және басым бағыттар 1. Ауыл шарушылығын дамыту
-инветициялық жобаларды іске асыру арқылы мал шаруашылығын, мал өнімдерін өндіруді дамыту

- казіргі уақыттағы ауыл шаруашылық және алдағы укытта салынатын мал өнімдерін өндейтін шаруашылықтарға жан жақты көмек көрсету

- Жана технологиялармен заман талабына сай қондырғылар, жоғары өнімді техникалармен жабдықтау

- малдәрігерлік жұмыстарды және мал ауруларының алдын алу жұмыстарын жандандыру

Көрсеткіштерге қол жеткізу:


  • Мал өнімдерін өсіру -

  • Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту -

  • Сүт өнімін өсіру-

Басым бағыттар 2. кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту және ауыл халқының белсенділігін көтеру

Міндеттер:

- Кәсіпкерлерді және орта бизнесті колдау

-қызмет көрсетудің түрлерін жетілдіру: техникалық көмек көрсету орталықтары,тамақтану,сауда орындары

- шағын бизнес өнімдерін өндіруге ықпал ету

- жанадан және бұрынғы кәсіпкерлерді окыту


Басым бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері:

  • Кызмет алатын адамдардың артуы

  • Кіші және орта бизнестін дамуы және оған тартылатын адамдардың санынын артуы


Басым бағыттар 3.

3.2.2. Әлеуметтік инфроқұрыылым және қызмет көрсету.Ауылдық округтің әлеуметтік саласын дамыту арқылы халықтың әлеуметтік қажеттілігін өтеу.

Стратегиялық мақсат 2. қол жеткізу - білім саласын жақсарту, денсаулық саласының жұмысының сапасын көтеру және халыққа мәдениет (досуг) спорт саласын күшейту арқылы жүзеге асады.

Ауылдың әлеуметтік жағдайына жасалған анализ бойынша, негізгі проблемалар ауылдық жердегі халықтың тұрмыстық жағдайы,халықтың қалаға көшуі, спорт және мәдениет саласындағы материалды-техникалық базаның төменгі дәрежеде болуы, мамандардың жетіспеуі.

Бұл ретте әлеуметтік саланы жетілдіру үшін халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға көңіл бөлу қажет.

Білім саласында аса үлкен проблемалар жоқ болсада, білім стандарттарына сай білім сапасын, материалдық-техникалық базасын дамыта отырып кажетті жобаларды қолдау арқылы жас мамандарды тарту қажет.

Денсаулық сақтау саласы бойынша- материалдық техникалық базасын жақсарту, осы саланы қаржыландыру жөнінде жобаларды мемлекет тарапынан және ауылдық округтің өз қолда бар құралдарымен / средств/ қолдау керек.

Мәдениет, спорт саласы бойынша материалдық-техникалық базасын жақсартуға мемлекеттік қолдаумен қатар меценаттардың көмегін қалыптастыру қажет.

Ауыл жастарын, әйел адамдарды, зейнеткерлерді әлеуметтік жағынан қолдау.


Міндеттер:

  • Білім саласын заман талабына сай жандандыру

  • Білім саласының материалдық- техникалық базасын нығайту

  • Мамандар жетіспеушілігінің алдын алу

  • Білім сапасын көтеру


Басым бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері:

  • Білім сапасын көтеру арқылы жоғары сапалы білімді оқушыларды дайындап шығару

  • Білім беру сапасын жақсарту

Басым бағыттар 2.

Ауыл халқының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ұстанатын жағдайлар жасау.


Міндеттер:

  • Халыққа сапалы медициналық көмек көрсету

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру

  • Сыртқы қауіптерден қорғау

  • Дәрігер мамандардың білім сапасын көтеру

  • Халықты дәрі дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

  • Профилактикалық жұмыстар жүргізу

  • Міндетті медициналық сақтандыруды ұйымдастыру жұмыстары


Басым бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері:

  • Былтырғы жылмен салыстырғанды ауыл халқының ауру салдарларын азайту

  • Өлу көрсеткішін азайту және созылмалы аурулардың былтырғы жылмен салыстырғанда өсуін тежеу.

  • Халықтың ЭКГ аппаратына қажеттілігін қанағаттандыру


Басым бағыттар . Мәдениет және спортты дамыту

міндеттер:

  • Ауыл халқының демалыс уақытын тиімді пайдалануға жағдайлар жасау

  • Кітапхана жұмысын жандандыру

  • Ауыл халқының денешынықтыру және спортпен айналысуына жағдай жасау

  • Жастармен жұмыс жасаудың әдістерін жандандыру/




  • Басым бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері:

  • Кітапханадағы кітап қорын көбейту

  • Мәдени іс шараларға былтырғы жылмен салыстырғанда ауыл халқының қамтылуын көбейту


Басым бағыт . Әлеуметтік қызметті жандандыру

Міндеттер:

  • Былтырғы жылмен салыстырғанда әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасын арттыру


Басым бағыттарға қол жеткізу 4:

  • Ауылдық округтің зейнеткерлері, жастарын бос уақыттарын тиімді өткізуге қамту.




  • 3.2.3 Инженер-көліктік инфроқұрылым

Үшінші стратегиалық мақсат.

Ауыл халқының өмір сүру сапасын жаксарту және коомерциялық бағыты

Ауыл халқының қазіргі уақыттағы инженерлік- транспорттық инфроқұрылым жағдайы орташа деңгейде.

Стратегиялық мақсатты дамыту ауылдық округ халқының сапалы ауыз сумен яғни, су құбыры жұмыстарының жаксы жағдайда болуына, автожолдардың жөнделуіне, елді мекен халқының тұрмыстық жағдайларының дұрысталуына байланысты. Бұл жұмыстар кәсіпкерлер, қожалық басшылары жергілікті басқарушы органдардың, халықтың белсенді топтарының қатысуымен орындалады.

Әкімшілік өз тарапынан және мемлекеттік қолдаулар арқылы көмектер жасайтын болады. Бұл бағытта ауылды жарықтандыру, су құбырынын жұмысын реттеу, жоғары жылдамдықтағы интернет желісін орнату, жол көлік қатынасын дұрыстау мәселесі тұр.

болуына,автожолдардың рытық инфроқұрылым жағдайы орташа деңгейде.



Басым бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері 3. Халықты байланыс торабының жұмысымен қамтамасыз ету.

Міндеттер:

  • Телефон байланыс құралдарын жетілдіру

  • Жоғары жылдамдықтағы интернет желісін орнату

  • Халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту жұмысы

Басым бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері 3:

  • Былтырғы жылмен салыстырғанда халықтың интернет желісін пайдалануы пайызын арттыру


Басым бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері 4.Көлік инфроқұрылымын қолдау жэне жандандыру

Міндеттер:

  • Ауылдық округтің ішкі жолдарын жөндеу

Басым бағыттар 4:

  • Жергілікті жердегі автожолдардың сапасын жақсарту

  • Жолаушылардың жол қатынасы кезінде жолдың сапасын көтеру арқылы қауіпсіздігін нығайту

Басым бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері 5.Тұрмыстық қатты қалдықтарды жою

Міндеттер:

  • Ауылдық округтің тұрмыстық қатты қалдықтарын жинату

  • Қатты қалдықтар полигонын қоршау

Қол жеткізу 5:

  • Елді мекеннің экологиялық жағдайын жақсарту

Басым бағыттарға қол жеткізу 6. ауылдық округті абаттандыру

Міндеттер:


  • Ауыл халқына тұрмыстық жағдайларын жақсарту, тұрғын үй жайларын күтіп ұстау, ремонттар жасауын міндеттеу

  • Көшелерге көше аттарын, үй,пәтер номерлерін коюды ұйымдастыру

  • Ауыл аумағын көгалдандыру

  • Ауылдың жарықтанбаған көшелерін жарықтандыру

  • Тазалық айларын ұйымдастырып, сенбіліктер өткізіп отыру

Кол жеткізу көрсеткіштері :

  • Жарықтандырылған көшелердің мөлшері

  • Көгалдандырылған көшелер саны


Басым бағыттарға қол жеткізу 7. Экология

Міндеттер:

  • Ауыл халқының арасында экологияны сақтау, энергия көздерін, суды пайдалануды үнемдеу туралы жұмыстар жүргізу


Қол жеткізу көрсеткіштері 7:

  • Қатты қалдықтар мөлшерін азайту.


Іс-шаралар жоспары
Стратегиялық мақсат: 1. Емелтау ауылдық округіндегі кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту арқылы экономика мен ауыл шаруашылық өндірісін өркендету



Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Қажыландыру көзі

Орындалуына жауаптылар

Өнім көрсеткіші

Нәтижелі көрсеткіш

Жұмыс орындарының саны




1. Ауыл шаруашылығын дамыту бағыты

1

Мал бордақылау алаңын ашу

2018-2019

Өз қаржысынан

Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты

Жеке кәсіпкер



Мал басының санына байланысты

Ет сапасын арттыру

2

2

700 бас ҰМІҚ малына қора салу

2018-2019

Өз қаржысынан

Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты

Жеке кәсіпкер



Мал басының санына байланысты

Ет сапасын арттыру

6

3

Ауыл шаруашы-

лық техникасын жаңарту



2019-2020

АҚ «Казагро

финанс»


Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты

Жеке кәсіпкер



Жаңартылған ауыл шаруашылық техникасы, 2 бірлік

Ауыл шаруашылық техникасының жаңартылу үлесі







2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындардың іскерлік белсенділігін арттыру

1

Шағын кәсіпкер-

лікті оқыту



2018-2020

«Атамекен» қоры

Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты

Аягөз аудандық әкімшілік



Кәсіпкерлікті оқығандар саны








Стратегиялық мақсат: 2. Ауылдық округтегі әлеуметтік құрылымдарды дамыту



Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Қажыландыру көзі

Орындалуға жауаптылар

Өнім көрсеткіші

Нәтижелі көрсеткіш

Жұмыс орындарының саны




1. Ауылдық округ бойынша білім беру жүйесін дамыту

1

Жас мамандарды жұмысқа тарту

2018-2019

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты


Жас мамандардың санын арттыру

Білім сапа-сын сақтап, бәсекелестік-ті арттыру







2. Дәрігерлік амбулаторияны заман талаптарына сай жабдықтап тұрғындардың денсаулығын нығайту

1

Санитарлық ағарту жұмыста-рын жүргізу

2018-2020

Демеушілер арқылы

Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты





Аурудың алдын алу




2

Заман талабына сай құрал жабдықтар

(ЭКГ аппараты)



2018-2020

Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасы

ШҚО облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты
















3. Мәдениет және спортты дамыту бағыты

1

Ауылдық клуб үйіне ішкі төбесін,есіктерін ауыстыру және көрермен-дер залын жарық-тандыру, еденін ауыстыру, бөлме-лерді ағымдағы жөндеуден өткізу

2018-2019

Аудандық бюджет

Аягөз аудандық мәдениет бөлімі

Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты




Жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету

Мәдени ағарту ісін 40%-ға жақсарту




2

Балаларға арналған кітап қорын толықтыру

2018-2019

Демеушілер арқылы

Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты


Кітап қорын көбейту

Кітап қорын 50%-ға жаңарту




3

Қоғамдағы мәдени және спорттық іс-шараларды дамыту

2018-2020

Демеушілер арқылы

Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты


Жылына 12 іс-шарадан кем емес

Өткен жылдармен салыстырғанда іс-шара сапасын жақсарту





Стратегиялық мақсат 3. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет көрсету саласы



Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Қажыландыру көзі

Орындалуға жауаптылар

Өнім көрсеткіші

Нәтижелі көрсеткіш

Жұмыс орындарының саны




1. Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

1

Су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізу

2018-2020

Өңірлерді дамыту 2020 МКК «Су»

Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты

Аягөз аудандық әкімшілік






Сапалы сумен қамтамасыз ету







3. Тұрғындарды қолжетімді байланыс қызметімен қамтамасыз ету

1.

Интернет байла-нысын жақсарту үшін волоконды-оптикалық желіні тарту

2018-2019

АҚ «Қазақте-леком»

Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты













4. Көлік инфрақұрылымын жетілдіру

1.

Ауылға ішіндегі 4 көшеге көтерме жол салу.

2018-2020

Аудандық бюджет

Өңірлерді дамыту 2020



Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты

Аягөз аудандық әкімшілік



Жөнделетін жол-дың ұзындығы 4км










5. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау

1.

Ауылдық округ-тегі тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын қоршау

2018-2020

Аудандық бюджет

Өңірлерді дамыту 2020



Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты

Аягөз аудандық әкімшілік
















6. Ауылдық елді-мекенді абаттандыру

1.

Ауылдық округ-тің көшелерін жарықтандыру

2018-2019

Өңірлерді дамыту 2020

Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты

Жарықтанған көшелер саны







2.

Елді-мекенді көгалдандыру

2018-2019

Өңірлерді дамыту 2020

Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты













7. Экология

1.

Ауыл тұрғындарының арасында «Таза көше» байқауын жариялау

2018-2019

Демеушілер арқылы

Емелтау ауылдық округі әкімінің аппараты












Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет