Ақмола облысында мал қырылып жатыр. Аш қалған жылқылар жайылым жерде жүріп өліп кетеді. Малшылар даланы қалың қар басқандықтан табынды үйге айдап келе алмай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: видеодан скриншот

Жылқылар қар құрсауында қалды. Боран жайылым жердегі жылқыларды әлсіретіп жіберді. Даладағы қардың қалыңдығы сонша, жануарлар оның астынан азығын іздеп таба алмай отыр. 

Жайылым жерлердің ауылдан алыс болғаны да жағдайды ушықтырып отыр. Себебі бақташылар аш малды үйге айдап жеткізе алмайды. Жылқылардың жетуге шамасы жоқ. 

Жергілікті тұрғындар көмек сұрап отыр. Олардың сөзінше, аман қалған малды жолды тазалап, дереу шөп жеткізетін ауыр техника ғана құтқарады. 

“Жылқылар қырылып жатыр. Жағдай өте ауыр. Ешқандай көмек жоқ. Бұл – барлық жылқышылардың мәселесі. Көмектесулеріңізді сұраймыз”, – дейді бақташы  Темірбек Ғалымов. 

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.