Қазақстанның сыртқы қарызы 162 млрд долларға (73 триллион теңге) жетті. Айтуынша, Қазақстанның экономикасы ауыр халде. Мұны экономист Мақсат Халық Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айтуларынша, Қазақстанның қарызы бір жылда 1,3 миллиард долларға көбейген.

“Бұл қарыздардың қайда, не үшін кететінін нақтылып қараған жөн. Әрине, басқа орта Азия елдерінде мұнда қарыз жоқ. Алайда елге инвестициялардың да келіп жатқанын ұмытпауымыз қажет. 100 миллиард доллар инвестиция елдің дамытуға жұмсалады. Ол – дипломатияның арқасы. Алайда инвестицияның қандай салаға, қай өндіріске салынатынына мән берген жөн”, – деді экономист.

Айтуынша, қарыздың бәрі үкіметтікі емес. “Самұрық” квазимемлекеттік компанияларға да тиесілі болуы мүмкін дейді. Ол қарызды көптеп ала берудің салдарын атап, елде тапшылық басталып кеткенін мәлімдеді.

“Қазақстан қарызды халықаралық инстуттардан алады, олардың пайыздық мөлшері азайғанымен, қарызды доллармен беріп, доллармен қайтаратынын ұмытпаған жөн. 

“Доллармен қайтару барысында оның бағасының өзгеретінін ескерсек, Қазақстанның әл-ауқаты бұған қаншалықты жететінін ойлау керек. Себебі мұның соңы дефолттарға әкеледі. Оның ақыр соңы тәуелсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін”, – деді Халық.

Ол ұлттық қор резерві қарыз мөлшерімен пара-пар екенін де тілге тиек етті. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.