Тура бір жыл бұрын 2023 жылы 6 ақпанда Түркияның оңтүстігінде 50 мыңнан астам адамның өмірін қиған жер сілкінісі орын алды. Осы кезде барлық құрылыс ережелері сақталса, тұрғындардың өмірін сақтап қалуға болатыны анық еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұргүл Гёксу және ұлы өз отбасымен

Ыстамбұл тұрғыны жақындары тұрған ғимараттың құлауына не себеп болғанын өздігінен анықтап, зерттеу жасады.

Нұргүл Гёксу Ыстамбұлдың шетінде тұрған, осы жағдай орнын алғанша үй шаруасында болды. Ал оның тұңғыш ұлы Ахмет Кан Забун әйелі мен баласымен елдің оңтүстік-шығысы, яғни Кахраманмарашта тұрған. Ахмет Кан мен оның әйелі заңгер болған, ал қызы небәрі алты айлық еді.

Жер сілкінісі кезінде қалада Ахмет Канның үйін қосқанда кемінде 7 мың ғимарат қирады. Сегіз күннен кейін Эзги ғимаратынан Ахмет Қанның, оның әйелі Несібенің және қызы Асуденің мәйіттері табылды. Кахраманмараштағы Эзги деп аталатын он қабатты тұрғын үй ғана қирады, аудандағы басқа үйлер негізінен зақымданбаған.

Түркияда көптеген ғимарат бір маңайда орналасса да, қабаттарының саны, жылы және архитектуралық стилі бірдей болғанымен, кейбір ғимараттар неге құлап, басқалары құлап кетпеді деген сұрақ Нұргүлді алаңдатты.

Эзги қирағанда, 35 адам қаза тапты. Тек екеуі ғана аман қалған. Нұргүл шындықтың түбіне жетіп, баласы тұрған ғимараттың неліктен опырылып, басқалары құламағанын анықтауды жөн көрді. Ол үшін дәлел жинапты.

Әйел жергілікті инженерлер мен құрылыс мамандарына хабарласып, желіде "бұрын" және "кейін" фотосуреттерді қалай табуға болатынын біліп, құрылыс нормалары мен қайта жоспарлауға рұқсат алу үшін қажетті процедураларды зерттеді.

"Мен ұлым қаза болған жерден мүмкіндігінше көбірек ақпарат жинауға тырыстым, бірақ теориялық тұрғыдан мұнымен мен айналыспауым керек. Бірақ мен мұны жасамағанымда, ештеңе білмес едік", – деді ол.

Нұргүл жер сілкінісінен зардап шеккен көптеген аймақтарда тергеулер дәлелдердің жоқтығынан жабылғанын білді.  Ол өз ісін жария ету үшін көптеген медиада сұхбат берді. Басқа құрбандардың отбасылары мен құрылыс мамандарынан ақпарат жинау үшін Эзгидің құлауына арналған Instagram аккаунт ашты.

Айтуынша, прокурорлар ашық дереккөздерден ғимараттың бастапқыда қалай салынғаны туралы айғақтарды жинай алар еді. Ол ғимараттың қирауына кінәлі барлық тараптардың жазаланғанына көз жеткізгісі келді, сондықтан ол қалпына келтіру келтіру жұмыстары қалай жүргізілгені туралы ақпарат жинауға назар аударды.

Прокуратура тергеуді бастап, 2023 жылдың шілдесінде Эзги ғимаратының қирауы туралы сараптама қорытындысын тағайындады. Оның негізін Нұргүлдің айғақтары құрады.

Баяндамада ғимаратқа енгізілген көптеген өзгерістер қолданыстағы құрылыс ережелерін бұзады және заңсыз деген қорытындыға келді. Ғимараттың негізгі құрылымдық элементтері бірінші кезекте дұрыс салынбаған немесе кейінірек өзгертілгені айтылған. Ресми зертханалық сынақтар да кейбір материалдар мен процестердің бекітілген стандарттарға сәйкес келмейтінін көрсетті.

Одан соң бірінші қабаттағы кафеге бұрын жүргізілген қайта жөндеуі қарастырылды. Олар үш бөлек бөлмені бір үлкен бөлмеге біріктіріпті. Сонымен қатар  еденнің бір бөлігін алу арқылы сервистік лифт орнатылып, желдету үшін қабырғаларда көптеген үлкен тесіктер жасалды.

2021 жылы Эзги тұрғындары жөндеу жұмыстары ғимараттың құрылымдық тұтастығына нұқсан келтіреді деп алаңдап, жергілікті билікке тексеру жүргізуді өтінген петицияға қол қойыпты. Алайда оларға бастапқы сәулеттік жобадан ауытқулар табылмағанын мәлімдеген.

Енді Нұргүл осы кезде немқұрайлы қарап, ғимаратты тіпті тексермегендеріне наразы. Өткен жазда есеп жарияланған соң прокурорлар қылмыстық іс қозғады.

Бірінші қабаттағы кафенің интерьер дизайнері мен ғимараттың құрылысына жауапты инженер 2023 жылдың қыркүйегінде қамауға алынып, сотты күтуде. Құрылыс мердігеріне де қамауға алу ордері шығарылды, бірақ жасына байланысты орындалмады. Алайда кафе қожайындары қамау санкциясы берілгеніне қарамастан, қашып, бостандықта жүр.

Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында ақаулы құрылымдар мен заңсыз қайта құруларға қатысты ондаған іс қозғалды. Түркияның әділет министрлігі бұл істер бойынша тергеу аясында 350-ден астам адамның қамауға алынғанын хабарлады.

Нұргүл өз зерттеулерін жүргізе отырып, құрылыс нормалары бойынша білімін, сондай-ақ ашық бастапқы ақпаратты жинау дағдыларын бөлісу арқылы басқаларға көмектесті. Ол ұлы мен оның жанұясы тұрған ғимараттың қирауына кінәлілерді тауып, болашақта мұндай қайталанбауына үлес қосқанын айтады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.