Утверждено Ответственным



жүктеу 113.55 Kb.
Дата24.04.2019
өлшемі113.55 Kb.


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ветеринариялық бақылау және қадағалау

комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық

аумақтық инспекциясының басшысы

міндетін атқарушысының

2016 жылғы «___» ______________

№ ________бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің

Ұлан аудандық аумақтық инспекциясының ережесі


  1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық (қалалық) аумақтық инспекциясы туралы үлгілік ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясының ережесі әзірленген.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы ветеринариялық Ережемен жүктелген, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдері саласында (бұдан әрі – реттелетін сала) іске асырылатын және бақылау-қадағалау қызметтерін жүргізетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеттің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

3. Инспекция өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.



4. Инспекцияның құрылымы, штаттық саны Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің штаттық санының лимиті шегінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысымен (бұдан әрі-Жауапты хатшысы) бекітіледі.

5. Инспекция мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, сондай-ақ Инспекция қызметінің қолданысындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өзінің мемлекеттік тілде жазылған атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

6. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

Инспекция егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы жағынан түсуге құқығы бар.

7. Инспекцияның заңды мекенжайы: 071600, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, №1 үй.

8. Инспекцияның толық атауы: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.

9. Инспекцияның қызметін қаржыландыру Комитетпен республикалық бюджеттен облыстық аумақтық инспекциясын қаржыландыру жолымен жүзеге асырылады.

10. Инспекциямен кәсіпкерлік субъектілерімен Инспекцияның қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

11. Инспекцияның уәкілетті органы Комитет болып табылады. Қазақстан Республикасы атынан құрылтайшы ретінде Комитет саналады.

12. Осы Ереже Инспекцияның құрылтайшы құжаты болып табылады. Құрылтайшы құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.


2. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

13. Міндеттері:

1) жануарларды аурулардан қорғау бойынша бақылауды атқарады;

2) елді мекендердегі халық денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау;

3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінген жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуінен және таралуынан қорғау.

14. Функциялары:

1) экспорттау (импорттау) және транзиттау кезінде ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс - шаралар жоспарын келісуді жүргізеді;

3) өз құзыреті шегінде ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды іске асырады;

4) жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың азықтан улануының себептері мен шарттарын анықтайды және белгілейді;

5) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штамдардың пайдаланылуын, тасымалдануын (жеткізілуін), сақталуын және жойылуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

6) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінетін жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулардың енуі мен таралуынан қорғау мақсатында ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды іске асырады;

7) жануарларды бағып өсіру, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау(сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі өндірістік ұйымдарында, мекемелерінде, сонымен қатар ветеринариялық препараттарды, азық және азықтық қоспаларды сақтау, өткізу және дайындау ұйымдарында, мекемелерінде, өндірістік объектілерінде экспорттау (импорттау) және транзиттеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды іске асырады;

8) мемлекеттік ветеринариялық-санитарялық бақылауға және қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарының сақталуын талап ету бойынша, жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын, таралуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағына жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының басқа мемлекеттерден әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды іске асырады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізеді;

10) ветеринария саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік жазалар қолданады;

11) экспорттау (импорттау) және транзиттау кезiнде жеке және заңды тұлғалардың қызметiнде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

12) ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ұсынады;

13) өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыруға және жүргізуге, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасының жүргізілуіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

14) құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясын қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

15) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен берілген өкілеттіктер шегінде актiлер шығарады;

16) экспорттау (импорттау) және транзиттау кезінде ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) және айналымы процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.

15. Негізгі мақсатты іске асыру және өзінің қызметінің негізгі мәнін жүзеге асыру үшін Инспекция өзінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады:

1) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында заңнамалық тәртіпте анықталған ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз кіруге (қызмет куәлігін көрсету бойынша) және де ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметтері туралы ақпарат алуға;

2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінен сынамалар алуды, олардың диагностикасы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасын мүдделі тұлғаларға, оларға зерттеу жүргізу мерзімі туралы хабарлай отырып жүргізеді;

3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізеді;

4) ветеринариялық сертификаттарды ресімдеуді және беруді іске асырады;

5) жануарлар және адам денсаулығына қауіп төндіретін бақылаудағы объектілерді алуды және жоюды іске асырады;

6) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен ұсынылған өкілеттіктер шегінде актілер шығарады;

7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қолайсыз пункттерінде жануар және адам денсаулығына қауіп төндіру анықталған кезде, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте алады және жояды, зиянды өнімдерді залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) немесе қайта өңдеуді ұйымдастыруға қатысады және анықталған деректер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлайды;

8) соттың шешімінсіз жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың қызметтерін тоқтатуға немесе тыйым салуға, айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын уақытта міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арызын беруге;

9) реттелетін салада әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттелетін салада Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған жағдайда тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте сотқа талап арызбен жүгінеді және оларды қарауға қатысады;

11) реттелуші саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.


3. Инспекция қызметін ұйымдастыру
16. Инспекция өзінің негізгі мақсаты мен қызметтің негізгі мәнін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қажетті өкілеттіктері бар.

17. Инспекцияны облыстық аумақтық инспекция басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте, Инспекция басшысына «Ұлан аудандық Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы» арнайы атауы беріледі.



18. Инспекция басшысы Инспекцияның қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.

19. Инспекция басшысы Инспекцияның құрылымы және штаттық кестесі бойынша Комитеттің облыстық аумақтық инспекция басшысына ұсыныс енгізеді.



20. Бұл мақсатта басшы:

1) Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) белгіленген заңнамалық тәртіпте Инспекция қызметкерлерін, мадақтау және тәртіптік жазаға тарту жөнінде ұсыныс енгізеді;

3) заңнамада белгiленген тәртiпте іссапарға жіберу, демалыстар беру, мәселелеріне келісім береді;

4) заңнамаларда белгіленген тәртіпте Инспекция мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда білдіреді;

5) өз құзыреті шегінде Инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапкершілік артады.

6) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

21. Инспекция құзыретіне жататын мәселелер бойынша Инспекция атынан Комитеттің басқа аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларына жіберілетін құжаттарға Инспекция басшысы, ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын адам қол қояды.


4. Инспекция мүлкі
22. Инспекцияның жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі болады.

Инспекцияның мүлкі мемлекет оған берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және облыстық аумақтық инспекция активтерін құрайды, құны облыстық аумақтық инспекция балансында көрсетілетін басқа да мүліктен тұрады.

23. Инспекцияға бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

24. Инспекцияның оған бекітіліп берілген мүлікті өздігінен шеттетуге немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және жою
25. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

____________________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет