Утверждено



жүктеу 2.55 Mb.
бет13/13
Дата09.09.2017
өлшемі2.55 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

2-бағыт «Әлеуметтік даму»

Осы бағыт бойынша 7 мақсат, 16 мақсатты индикатор көздестірілген, оның 15 (93,7%) индикаторына қол жеткізілді, 1 (6,3%) индикатор бойынша статистикалық деректер жоқ; 36 нәтиже көрсеткіші көздестірілген, оның 32 (88,9%) көрсеткіші орындалды, 4 (11,1%) көрсеткіші орындалмады.

1 бөлім (мақсат) «Білім берудің сапасын, қолжетімділігін, тартымдылығын жақсарту және балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру» бойынша 3 мақсатты индикатор көздестірілген, оның 3-еуіне (100%) қол жеткізілді; 6 нәтиже көрсеткішінің 6-ауы (100%) да орындалды.

Облыста 2012 жылдың аяғында 3-6 жас аралығында 33342 бала болды, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 22667 бала немесе 67,9%-ы қамтылған (АДБ жоспары бойынша – 63,4%). ТжКБ жүйесінде 2012-2013 оқу жылының басында үлгілі жастағы (14-16 жас) 23364 адам оқыды немесе облыс бойынша олардың жалпы санындағы 21,2% (жоспар бойынша – 21,2%).

Білім беруге арналған шығыстар 2012 жылы 35,1 млрд. теңгені құрады (2011 жылға қарағанда 15,3% өсті). Білім беру объектілерін дамытуға 2012 жылы 6321,4 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4631,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1689,9 млн. теңге көздестірілген. 21 білім объектісін күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 1925,3 млн. теңге жұмсалды.

Облыста 2012 жылы жалпы жобалық қуаттылығы 2406 орын болатын 23 МБМ (МБМ жалпы санының 16,3%-ы), оның ішіндесалу және қайта құрылымдау есебінен жобалық қуаттылығы 1790 орындық 12 балабақша, жобалық қуаттылығы 441 орындық 9 шағын орталық ашылды, жобалық қуаттылығы 560 орындық 2 балабақша қайтарылды.

2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша 4883 мектеп түлегінің 3167 адамы ҰБТ-ге қатысты (64,85%). Орташа балл 65,71 құрады. 36 түлек – халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың қатысушылары ҰБТ-ден босатылды, олардың 30-на 125 балл, бесеуіне 120 балл және біреуіне 115 балл берілді. «Алтын белгіні» 26 түлек алды.

2 бөлім (мақсат) «Облыс халқының денсаулығын жақсарту» бойынша 3 мақсатты индикатор көздестірілген, 3 (100%) индикаторға қол жеткізілді; 12 нәтиже көрсеткішінің 11 (91,7%) көрсеткіші орындалды, 1 (8,3%) көрсеткіш орындалмады.

Мына индикаторларға қол жеткізілмеді: халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасының қанағаттандырылу деңгейі социологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша 72% құрады (жоспар - 72%), халықтың өмір сүру ұзақтығы – 70,46 жас (жоспар – 68,7 жас) немесе 2010 жылмен салыстырғанда 2,05 жасқа ұлғайды (68,41), жалпы өлім-жітім 1000 адамға шаққанда 1000 адамға шаққанда 5,0-ге дейін төмендеді (6-ға дейін жоспарланған, мейлінше аз болғаны жақсы).

Облыс бойынша бала өлімі 2012 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 14,9-ға дейін төмендеді (жоспар бойынша – 16,3). Ана өлімі 100 мың тірі туған балаға шаққандағы 5,9 құрады (жоспар бойынша – 33,7). Бала аөлімі (0-ден 5 жасқа дейінгі) белгіленген 1000 тұрғынға шаққанда 16,1 (жоспар – 20,7). Бұл көрсеткіштер теріс сипатқа ие (мейлінше аз болғаны жақсы).

2012 жылы 712 (жоспар – 297), оның ішінде ауылда – 225 (жоспар – 28) құраған «Дәрігер кадрлар тапшылығын төмендету» көрсеткішіне қол жеткізілмеуде. Білікті кадрлар жетіспеушілігінің проблемасы өткір күйінде қалуда.

3 бөлім (мақсат) «Маңғыстау облысы халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту» бойынша 3 мақсатты индикатор көздестірілген, 3 (100%) индикаторға қол жеткізілді; 7 нәтиже көрсеткішінің 6 (85,7%) орындалды, 1 (14,3%) көрсеткіші орындалмады.

«Жұмыссыздық деңгейі» мақсатты индикаторы іске асырылып, қол жеткізілді – төмендеу жоспары – 5,7%-ға дейін болғанда, 2012 жылдың 3 тоқсанында нақты орындалуы 5,6% құрады; «Облыс халының жалпы санындағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі» мақсатты индикаторы жоспарланған төмендеу деңгейі 8,6%-ға дейін болғанда, нақты 3,7%-ға қол жеткізілді. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санындағы) 100% құрады. Бұл индикаторға да қол жеткізілді.

«Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі» ТНК орындалды – жоспар 9,5% болғанда, 7,3% (мейлінше аз болғаны жақсы). Облыс бойынша 2012 жылы 22,2 мың жұмыс орны құрылды (жылдық жоспар – 12,6 мың орын).

Халықтың кесімді ақшалай табысының өсу қарқыны (мөлшері) 2012 жылдың қаңтар-қарашасында 120,6% құрады (жылдық жоспар - 116,6%).

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша өз ісін құру үшін халыққа 298,8 млн. теңге сомасында 146 шағын несие берілді. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен бөлінген 200 млн. теңге толық көлемде игерілді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 7890 аз қамтылған азамат алып, 18 жасқа дейінгі 4789 балаға балар жәрдемақысы төленді.

4 бөлім (мақсат) «Облыстағы мәдениет саласының инфрақұрылымын дамыту және одан әрі тарату, мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру» бойынша 2 мақсатты индикатор көздестіріліп, оған қол жеткізілді.

Облыс халқының мәдениет саласы қызметінің сапасына қанағаттану деңгейі 2012 жылдағы социологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша 69% құрады. Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 86,7%-ға жетті (жоспарланған 75%-дың орнына).

5 бөлім (мақсат) «Маңғыстау облысының бұқаралық спорт және дене шынықтыру - сауықтыру қозғалысы және туристік секторды дамыту» бойынша 2 мақсатты индикатор көздестірілген, оның 1 (50%) индикаторына қол жеткізілді, 1 (50%) индикаторы бойынша статистикалық деректер жоқ; 3 нәтиже көрсеткішінің 2 (66,7%) көрсеткіші орындалды, 1 (33,3%) көрсеткіші орындалмады.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халық 104216 адамды немесе 19% (жоспар - 17%), тегін спорт секцияларында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны 8989 баланы немесежалпы оқушылар санының 10,6% құрады (жоспар – 10,5%).

Осы бағытты іске асыру аясында, облыста «Кендірлі» халықаралық курортын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. «Кендірлі» курортты аймағының және халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымын салуға ТЭН-і мен ЖСҚ-ы әзірленді.

2012 жылдағы статистикалық деректердің болмауына байланысты (олар кешірек болмақ), «Туристік қызмет саласында қызмет ұсынатын ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту» индикаторына қол жеткізілгенін бағалау мүмкін емес. «Ішкі туризм келіп-кетушілерінің санын арттыру» ТНК орындалды – 199,2 мың келуші (жоспар бойынша – 113,6).

6 бөлім (мақсат) «Мемлекеттік жастар саясатын тиімділігін арттыру» бойынша 1 (100%) мақсатты индикатор көздестіріліп, қол жеткізілді; 4 нәтиже көрсеткішінің 4-еуі де (100%) орындалды.

«Азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасында қарым-қатынасты оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру» мақсатты индикаторына қол жеткізілді» - жоспар 54% болғанда, нақтысы 57% құрады («Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының зерттеу қорытындылары бойынша).

Конфессияаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі 83% құрады (жоспар - 83%). Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға 16 ҮЕҰ тартылды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 53,6 млн. теңге бөлінді.

«Жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа 14-тен 29 жасқа дейінгі тұрғындардың қанағаттану деңгейі»– 7 балл (жоспар – 7). «Конфессияаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі» - 82% (жоспар - 81%), «Этникааралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі» - 23% (жоспар - 23%) көрсеткіштері орындалды.

7 бөлім (мақсат) «Көшелер мен өзге де қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп орнату және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту» бойынша 2 (100%) көздестіріліп, оған қол жеткізілді; 4 нәтиже көрсеткшінің 3 (75%) көрсеткіші орындалып, 1 (25%) көрсеткіші орындалмады.

Жоспарланған «Халықтың полицияға сенімінің болжамды деңгейі» (жоспар және нақтысы - 53%), «Төтенше жағдайлардан болған адами және материалдық шығындар» (5%) индикаторларына қол жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғаларының санын (деңгейін) азайту (10 бірлік автокөлікке шаққанда)» (10 мың бірлік көлікке шаққандағы 26,6 оқиғаға дейін), «Айналымнан алынған есірткінің, оның ішінде героиннің саны» ( (жоспар 33/0,6 болғанда, 206,114/0,7), «Су тасқынына, нөсерге, селге, көшкінге, жер сілкінуге, өртке қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз ету деңгейі» (100%) ТНК орындалды.

Сонымен бірге, Президенттің тапсырмасы бойынша азаматтардың барлық өтінішін тіркеуге және тиісінше тіркелген қылмыстардың жалпы санының өсуіне байланысты «Қылмыстық іс қозғалып жатқан санаттағы қылмыс санындағы ашылған ауыр және өте ауыр қылмыстар үлесінің артуы» (жоспар 70% болғанда, 47,7%) көрсеткішіне қол жеткізілмеді.



3 бағыт «Инфрақұрылым»

Осы бағыт бойынша 4 мақсат, 9 мақсатты индикатор көздестірліген, оның ішінде 8 (88,9%) индикаторға қол жеткізіліп, 1 (11,1%) индикаторға қол жеткізілмеген; 14 нәтиже көрсеткішінің 13 (92,8%) көрсеткіші орындалып, 1 (7,1%) көрсеткіші орындалмады.

1 бөлім (мақсат) «Инновациялық экономика мен ақпараттық қоғамаға көшу мақсатымен инфокоммуникация саласын дамыту механизмдері мен жағдайларын жасау» бойынша 1 мақсатты индикатор көздестіріліп, оған қол жеткізілді; 3 (100%) нәтиже көрсеткіші де орындалды.

Байланыс және коммуникация саласының сапасына халықтың қаңағаттану деңгейі 2012 жылы жоспар 77,3% болғанда, 83% құрады. Мақсатты индикаторға қол жеткізілді. «Қазателеком» АҚ «LL CDMA сымсыз байланыс желісі технологиясын жаңғырту» және «Оптика-тіндік желі жүргізу» жобаларын іске асырды.

Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі жоспарланғандай 50%-ға дейін көтерілді. Жергілікті телефон байланысын цифрландыру 100 пайыз деңгейге жеткізілді. 1000 және одан да көп тұрғыны бар елді мекендерді ұялы байланыспен қамтамасыз ету 82% құрады (жоспа – 82%). Көрсетілген ТНК орындалды.

2 бөлім (мақсат) «Өңірдегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды және тұрғын үй құрылысын дамыту» 1 (100%) мақсатты индикатор көздестіріліп, оған қол жеткізілді; 1 (100%) нәтиже көрсеткіші орындалды.

«Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі» мақсатты индикаторына қол жеткізілмеді – 85,8% (жоспар 100,2% болғанда). Себеп – құрылыс-жинақтау жұмыстары көлемінің төмендеуі. Жалдамалы (муниципиалды) тұрғын үй құрылысына 2012 жылы республикалық бюджеттен 2609,9 млн. теңге бөлініп, оның 2575,6 млн. теңгесі игерілді.

«Аққу» шағын ауданында тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасуда (2 кезек) (несиелік тұрғын үй, трансферт «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ арықыл). Алайда, мердігердің шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты, осы мақсатқа республикалық бюджеттен бөлінген 5900 млн. теңгенің 2365,5 млн. теңгесі игерілді.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 2012 жылы республикалық бюджеттен 4455 млн. теңге бөлініп, игерілді.

3 бөлім (мақсат) «Маңғыстау облысының дамыған көлiк инфрақұрылымын қалыптастыру» бойынша 3 мақсатты индикатор көздестіріліп, 3 (100%) индикаторға қол жеткізілді; 3 нәтиже көрсеткішінің 2 (66,7%) көрсеткіші орындалып, 1 (33,3) көрсеткіші орындалмады.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі - 64% (жоспар - 64%), жүк айналымы көлемі – 7596,4 млн тонна/ км (жоспар – 4462,7), жолаушылар айналымы – 4022,3 млн/км (жоспар – 3514,2) құрады.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға және күрделі жөндеуге 2012 жылы жиыны 1770,3 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 900 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 870,3 млн. теңге бөлініп, игерілді. «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автожолдарының құрылысы, «Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автожолдарын күрделі жөндеу жүргізілуде.

4 бөлім (мақсат) «Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істеуінің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашлық қызметінің тиімділігін арттырудың сенімділігі» бойынша 4 мақсатты индикатор көздестіріліп, оның 4 (100%) индикаторына қол жеткізілді; 7 нәтиже көрсеткішінің 7 (100%) көрсеткіші орындалды.

Тұтынушылардың коммуналдық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі 45% құрап, Халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу деңгейі - 57%-ға, Жылумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етілу деңгейі - 58%-ға, халықтың су бұру қызметімен қамтамасыз етілу деңгейі – 54,7%-ға дейін артты.

Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2013 жылдың басына 9,7% құрайды (жоспар – 9,5%).

4 бағыт. Ауылдық аумақтарды дамыту, экология

Осы бағыт бойынша 2 мақсат, 3 мақсатты индикатор көздестірілген, оның ішінде 3 (100%) индикаторға қол жеткізілді; 6 нәтиже көрсеткішінің 5 (83,3%) көрсеткіші орындалды, 1 (16,7%) көрсеткіші орындалмады.



1 бөлім (мақсат) «Ауылдық аумақтардың тұрақты даму негіздерін құру, ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің мейлінше жоғары деңгейін қамтамасыз ету» бойынша 1 (100%) мақсатты индикатор көздестіріліп, оған қол жеткізілді; 2 нәтиже көрсеткішінің 1 (50%) көрсеткіші орындалып, 1 (50%) көрсеткіші орындалмады.

Даму әлеуеті жоғары АЕМ саны жоспарланғандай 5 бірлікті құрады. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында облыстың ауылдық елді мекендерін жайластыруға республикалық бюджеттен 34 млн. теңге бағытталды. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында 337,2 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер игеріліп, бұл ретте 337 жұмыс орны құрылды. Ауылдық елді мекендерге бюджеттік ұйымдарда жұмыс істеу үшін 367 білім беру маманы (жоспар – 225), 103 денсаулық сақтау маманы (жоспар – 122), 6 ветеринария маманы, 9 мәдениет маманы келді. Барлығы 485 маман келіп, оның барлығы белгіленген көтеріңкі жәрдемақы алды.



2 бөлім (мақсат) «Тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, табиғи кешеннiң ұдайы өндірістік әлеуетін сақтау және қоғамның тыныс-тіршілігі үшiн қолайлы қоршаған ортаның сапасын жақсарту» бойынша 2 (100%) мақсатты индикатор көздестіріліп, оған қол жеткізілді; 4 (100%) нәтиже көрсеткішінің барлығы орындалды.

Зиянды заттарды жалпы тастаудың төменедеуі 353 мың тоннаны (жоспар бойынша – 115,16 мың тонна, мейлінше аз болғаны жақсы), мемлекеттік орман қорының пайдаланылатын тоғайлық жерлерінің ауданы 122774 гектарды (жоспар бойынша – 122774 га) құрады.

Стационарлық көздерден атмосфераға ластаушы шығарылуы 80700 (жоспар 101916 болғанда), қайта өңдеуге жіберілген коммуналдық қалдықтар көлемі (жоспар 7500 тонна болғанда), ормандар мен орман өсірудің ұдайы өну ауданы (тұқымдар отырғызу) 300 гектарды (жоспар – 300) құрады. ТНК орындалды. Бюджеттік қаражат есебінен бірқатар табиғат қорғау іс-шаралары іске асырылды.

5 бағыт «Мемлекеттік қызметтер»

Осы сала бойынша 1 мақсат «Мемлекет саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жақсарту» көздестіріліп оған қол жеткізілді (100%); 1 (100%) нәтиже көрсеткіші көздестіріліп, орындалды.

Әлеуметтік маңызды қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттануы жоспарланғандай 60% құрады, электронды үлгіге ауыстырылған әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтер санының артуы – 58,3% (жоспар - 58%) құрады. 2012 жылдың аяғында жергілікті атқарушы органдар көрсететін 12 әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтің 7-еуі (58,3%) электронды үлгіге көшірілді, ал қалған 5-еуін 2013 жылы көшіру жоспарлануда. 2012 жылдың аяғында 75 (100%) регламенттің 68-і (91%) бектілді. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.


Жоспарға сәйкес, 2012 жылға барлық қаражат көздерінен 102041,3 млн. теңге көздестіріліп, іс жүзінде 102429,5 млн. теңге бөлінді (100,4%), оның есепті кезеңде 98379,2 млн. теңгесі игерілді (96%), оның ішінде:

  • республикалық бюджет есебінен 34618,4 млн. теңге көздестіріліп, іс жүзінде 34100 млн теңге (98,5%) бөлінді, оның 30284,5 млн. теңгесі игерілді (88,8%);

  • жергілікті бюджет есебінен 15251,07 млн. теңге көздестіріліп, іс жүзінде 16157,7 млн теңге (106%) бөлінді, оның 15922,9 млн. теңгесі игерілді (98,5%);

  • өзіндік қаражат және өзге де қаражат көздері есебінен 52171,8 млн. теңге көздестіріліп, іс жүзінде 52171,8 млн теңге (100%) бөлінді, оның 52171,8 млн. теңгесі игерілді (100%);

Төменгі игеру республикалық және жергілікті бюджеттердің нақтылау кезінде қаражаттың бір бөлігін бөлуге, кейбір жобалар бойынша ЖСҚ-ны оңтайландыруға, мердігерлердің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бірінші Орынбасарының 2012 жылғы 6 тамыздағы №20-20/004-504, 04-189 (13.15. тармақ) тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ҚР ЭДСМ-нің 2012 жылғы 31 шілдедегі №232 бұйрығымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдар үшін бірыңғай көрсеткіштер тізбесіне сәйкестікке келтірілді.

Өзгерістер облыс әкімдігінің 21.11.2012 жылғы №300 қаулысымен және облыстық мәслихаттың 7.12.2012 жылғы №7/90 шешімімен енгізілді.

Бұдан басқа, облыс әкімдігінің 11.02.2013 жылғы №42 қаулысымен Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына, облыс әкімдігінің 19.02.2013 жылғы №58 қаулысымен «Ағымдағы жағдайды талдау» атты 2 бөліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мониторинг жүргізілген сәтте бірқатар индикаторлар мен көрсеткіштер: мәселен, ЖӨӨ, экономика салаларындағы ЖҚҚ, инновацияларды дамыту, туризм және т.б. бойынша жылдық статистикалық деректер жоқ.

Тұтастай алғанда, облыс әкімдігі қазіргі кезде қабылдап жатқан шаралар жоспарланған іс-шараларды тиімді іске асыруды және қойылған міндеттерге жетуді қамтамасыз етеді. Бағдарламаны іске асыру нәтижесі Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етпек.

Сонымен бірге, 2012 жылдың нәтижелері бойынша 8 (9%) мақсатты индикаторға және 36 (7,5%) нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеді. Облыс әкімдігінің қызметіне тәуелді емес бірқатар объективті себептер бар. Мәселен, жоспарланған мына: «Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі», «ЖӨӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі», «Өңдеу өнеркәсібінің өнім шығаруының нақты көлем индексі», «металлургия өнеркәсібінің өнім өндіруінің НКИ» мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша.

Осы индикаторларға қол жеткізе алмауға әсер ететін негізгі себептер мұнай және газ өндірудің, тиісінше өнеркәсіптік өндіріс көлемдерінің төмендеуі, Қашағанның 2 фазасын іске асыру мерзімдерінің белгісіздігі, тиісінше өңдеу секторының кәсіпорындары үшін тапсырсы көлемдерінің төмендеуі, металл сынықтарын экспорттауды реттеу проблемалары болып табылады. Осы және өзге де мәселелер Үкімет және орталық мемлекеттік органдар деңгейінде шешуді қажет етеді.

Сонымен бірге, бірқатар көрсеткіштер бойынша нәтижелерге уақытылы және сапалы қол жеткізуге бағытталған жедел шаралар қабылдау қажет.

Осыған байланысты, Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін:

1) ЖӨӨ-нің, өнеркәсіптік өнім НКИ-нің тұрақты өсуін және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін арттыруды қамтамасыз етуге ықпал ететін проблемаларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдау;

2) нақты индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жұмысты күшейту, сондай-ақ жетіспеушіліктерді жою және тікелей орындаушылардың жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау;

3) мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және тауарлық балық өсіруді) дамыту болып табылатын бәсекелестік артықшылықтарды іске қосу;

4) Бағдарламаның тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмысын үйлестіруді күшейту қажет.



5. Қаржылық қаражаттарды игеру*



Қаражаттандыру көздері

Бағдарлама бойынша 2012 жылға арналған жоспар,

млн. теңге

2012 жылы нақты жұмсалған, млн. теңге

Игерілгені

1.01.2013г.,

млн. теңге

Қолданылмау себептері

1

2

3




4

Республикалық бюджет

36034,4

33041,4

28180,1

Қаржының бір бөлігің республикалық бюджеттін нақтылаған кезінде бөлуі, ЖСҚ-лардың оптимизациясы,

Жергілікті бюджет

15152,3

15482,7

15743,8




Қалғандары

52216,7

52171,8

52171,8




Қорытынды

103403,4

100695,9

96095,7




* - сандар нақтылануда
Маңғыстау облысының Экономика және

бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы ________________________ Ш. Ильмұханбетова



Каталог: media -> uploads
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9
uploads -> Серебряков Александр Владимирович, отставной профессор: Александр Филиппенко


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет