Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының басшысы Олжас Сәтиев қазақстандықтар әртүрлі ұтыс кезінде өздерінің жеке ақпараттарын жария ететінін, осылайша ақпараттары тарап кететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сәтиевтің сөзінше, мұндай жағдайлар тегін телефон, көлік ұтыстары кезінде жиі қайталанады.

“Қазіргі уақытта хаккерлік шабуылға ұшыраған сияқты өмір сүру керек сияқты. Тіпті ұйым ретіне біз клиентімізге сізді шабуылдарда қорғаймыз деп нақты айта алмаймыз. “Сіздің ақпаратыңыз тарап кетті деп қабылдап, күресу жолдарын іздейік” деп айтамыз. Адам қанша жаста болса да менің ақпараттарым толық қорғалған, мен ешқандай хаккерлік сайтқа ақпараттарымды енгізбедім деп сеніммен айта алмайды”, – деді Олжас Сатиев.

Ақпараттарыңыз ағып кетпеуі үшін кибергигиена сақтау қажет екенін айтты ол. Сатиев сайттарға құпия сөзді сақтамау қажеттігін алға тартты.

"Шын мәнінде, 99% жағдайда ақпараттың ағып кетуіне азаматтардың өздері кінәлі. Өкінішке орай, біз тегін нәрселерді жақсы көреміз. Әлеуметтік желілерде Toyota Camry 40 немесе iPhone ұтыс ойыны ойналғанда, адамдар өздерінің деректерін оңай енгізе салады. Сосын банк кінәлі ақпараттарымды таратып жіберді деп ренжиміз", – деп қосты Олжас Сәтиев.

Еске салсақ, бұған дейін Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде “пәк” қыздардың тізімі тарап кеткені туралы жазған едік. Кейін студенттердің жеке деректерін таратқан адам медициналық қызмет көрсететін мекеменің қызметкері екені анықталды. Алматы қалалық прокуратурасы жеке деректерді тарату бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.