Италияның Бусто-арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде үш бірдей боксшымыз жарыс жолынан шығып, олимпиадаға жолдама иелене алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комиеті

Бокстан Қазақстан құрамасының үш боксшысы Италиядағы әлемдік лицензиялық турнирді жарты жолдан аяқтады. Ерлер арасында 63,5 келіде сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы болгариялық Радослав Росеновқа тартысты жекпе-жекте есе жіберді. Отандасымыздың үшінші раундта қабағы жарылып, төрешілер жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеді. Осылайша Мұхамедсабыр Еуропа чемпионына есе жіберіп, лицензиялық турнирдегі жолын аяқтады. Ал әйелдер арасында 54 келідегі Жайна Шекербекова алғашқы айналымда-ақ нигериялық Шукура Каримге есе жіберсе, лицензия алуға бір қадам жақын болған Римма Волосенко төрешілердің құрбаны болды. Отандасымыз словакиялық Мирослова Жединаковадан бір бас жоғары болғанымен, төрешілердің “бармақ басты, көз қысты” әрекетінің құрбанына айналды. 

Айта кетейік, боксшылар олимпиадаға жолдама алу үшін тек жартылай финалға шықса жеткілікті.   


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.